Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет99/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg
33552 960345 14
8.1 Мутациялық өзгергіштік
Мутация
 дегеніміз – ағза генотипінің, яғни хромосомалар 
мен олардың құрамды бөліктері – гендердің өзгеруіне байла-
нысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. 
Мутацияның пайда болуы – 
мутагенез,
 ал оның нəтижесінде пайда 
болған ағза – 
мутант
 деп аталады.
Дарвин тұқым қуалайтын өзгергіштікті табиғи жəне қолдан 
сұрыптаудың алғышарты деп есептеді. Бірақ Дарвиннің тұсында 


164
тұқым қуалаушылық туралы тəжірибе жүзінде алынған деректер 
жəне оның ұрпаққа берілу заңдылықтары белгісіз еді. Сондықтан 
əртүрлі формадағы өзгергіштіктерді тұқым қуалау тұрғысынан айы-
ру мүмкін болмады. Өзгергіштіктің түрлері туралы мəселе XIX 
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде ғана ғылыми тұрғыдан 
дəлелденді. «Мутация» деген терминді ең алғаш 1901 жылы Гол-
ландия ғалымы Г. де Фриз өзінің «Мутациялық теория» деп атала-
тын еңбегінде қолданды. Ол есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір 
белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын жəне олардың тұқым 
қуалайтындығын байқады. Осы зерттеулерінің негізінде 1901 жылы 
өзінің «Мутациялық теория» деп аталатын еңбегін жариялады. 
Мутациялық теорияның негізгі ережелері мынадай:
– Мутациялар белгілердің дискретті өзгерісі ретінде кенеттен 
пайда болады.
– Пайда болған жаңа формалар тұрақты.
– Тұқым қуаламайтын өзгергіштікке қарағанда мутациялар 
белгілі бір ортақ типтің айналасында топтаспайды. Сапалы өзгеріс 
болып табылады.
– Мутациялар əртүрлі болып: пайдалы жəне зиянды болып келуі 
мүмкін.
– Мутацияны кездестіру ықтималдығы зерттелген дарабастар са-
нына байланысты.
– Ұқсас мутациялар бірнеше рет пайда болуы мүмкін.
Бірақ Г. Де Фриздің қателескен жақтары да жоқ емес. Ол 
табиғи сұрыптау мен мутацияны бір-біріне қарсы қойды. Яғни, 
ол мутациядан кейін бірден жаңа түр пайда болады деп есептеді. 
Шын мəнінде мутация тұқым қуалайтын өзгергіштіктің негізі бо-
лып есептеді, ал жаңа түр ұзақ уақыт сұрыпталудың нəтижесінде 
пайда болады. Мутациялар əртүрлі бағытта жүзеге асады. Олардың 
көпшілігі ағзаның тіршілік қабілетін кемітіп жібереді. Кейде 
өлімге душар етеді, оны леталді мутация деп атайды. Мутация 
эволюциялық үрдістің алғашқы материалдық негізі. Жеке мутаци-
ялар түрді өзгерте алмайды. Мутация жыныс жасушаларындағы 
жəне хромосома аппаратындағы өзгерістеріне байланысты бірнеше 
типке бөлінеді. 
Мутация барлық тірі ағзаларға микроағзалар, өсімдіктер 
мен жануарларға тəн қасиет. Ол пайдалы да, зиянды да болуы 
мүмкін. Бірақ көбінесе, жануарлар мен адам үшін зиянды болып 
келеді. Себебі эволюциялық даму барысында  ағзада қалыптасқан 
үйлесімділік бұзылады. Мутациялардың пайда болуына əсер ететін 


165
сыртқы орта факторларын 
мутагендер
 деп атайды. Мутагендердің 
үш түрі кездеседі: физикалық, химиялық жəне биологиялық. 
Физикалық мутагендерге
 негізінен 
радиациялық мутагендер
 
жатады. Мутагендердің бұл класына негізінен иондаушы жəне уль-
тракүлгін сəулелер жатады. Иондаушы сəулелерге рентген, γ жəне 
α-сəулелер, протондар, жылдам электрондар жəне нейтрондар жатады.  
Иондаушы сəулелер 
өздерінің əсер ету сипатына байланысты 
аталады: кез келген заттың электрондарын ұшырып, оларды иондай-
ды. Мұның салдарынан гендік жəне құрылымдық мутациялар пайда 
болады. 
Жердегі радиацияның фонның қазіргі кездегі деңгейі аса қауіпті 
емес. Алайда, иондаушы радиацияның жалпы фонының көтерілуі 
доминантты мутация санын жəне осыған байланысты генетикалық 
аурулар мен кемістері бар нəрестелердің туу жиілігін көтеріп қана 
қоймайды, сонымен қатар əртүрлі генетикалық ауруларды дамы-
татын рецессивті мутациялардың шоғырлануын біршама деңгейге 
көтереді. Табиғи жəне жасанды радиоактивтілігі жоғары аймақтарда 
мутация жиілігінің жоғары деңгейі байқалады. 
Мутагенді иондаушы сəулелер қатарына атом бомбасы жарылу-
ында түсетін радиоактивті шөгінділер жатады. Хиросима мен Нагаса-
киде атомдық жарылысты басынан өткізген адамдарда құрылымдық 
мутацияның əртүрлі типтері жоғары жиілікпен кездеседі, олар-
да лейкемия, өкпенің, сүт жəне қалақанша бездің жəне асқорыту 
жүйесінің рак аурулары жиі кездеседі. Ядролық қаруды ауада, суда 
жəне құрылықта сынау салдарынан радиоактивті шөгінді түсуі 
байқалды. Сонымен қатар атом электр станциялары ерекше проблема 
туғызуда. 1986 ж. Чернобыль атом электростанциясындағы апаттан 
кейін сыртқы ортаға радиоактивті заттардың едəуір мөлшері бөлінді. 
Атомдық жарылыс сыналған аймақтарда жəне кейбір жағдайларда 
атом электр станцияларының маңында қатерлі ісік ауруларының жиі 
байқалатыны дəлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет