225
Тар жерлерде ғимараттарды салу, қала ішінде құрамалы
темірбетондарды қолдану кеңінен қолданылып тұрған уақытта
тұғырды салу өте қиын жəне ыңғайсыз. Сондықтан ғимарат
осьтерін тұғыр үстінде емес, қазылып жатқан қазаншұңқыр
сыртына бекітілген ағаш қазық
немесе металл қазықшаларды
пайдаланады.
Тұғыр үстінде осьтерді қадалау
. Жоғарыда айтылғандай,
тұғыр үстінде негізгі жəне қосалқы осьтерді құру үшін, бастап-
қы берілімдер болып саналатындар: ғимарат фундаментінің
жəне технологиялық жабдықтарды орнату планы, бүтін жəне
діңгек тəріздес фундаменттердің тік қималары. Осы жобалық
құжаттардың негізінде,
арнаулы қадалау сызбасы
жасалады.
Қадалау сызбасына осьтер
арасындағы барлық қашық
тық
тар-
ды бір-біріне қосып ғимараттың жалпы өлшемімен жəне де жер
бетінде бекітілген негізгі осьтердің координаталар айырма-
шылықтарымен салыстырады.
Тұғырға алдымен ғимарат контурын беретін негізгі осьтерді
салады. Ол үшін теодолитті ретімен
I, II, III
жəне
IV
(122-суретке
қараңыз) нүктелер үстіне орнатып, оны осьтер бағытымен
бағдарлайды да, тұғыр үстінде негізгі ұзынабойлық осьтердің
m
2
, n
2
жəне
m
1
, n
1
көлденең негізгі осьтердің
a
2
, d
2
жəне
a
1
,
d
1
нүктелерін белгілейді.
Негізгі осьтерді тұғыр үстіне салып болған соң,
тұғырға
қағылған тақтайдың жоғарғы қырынан бастап сызықтық өл-
шемдер жүргізеді. Өлшеу компараторда тексерілген өлшегіш
таспамен немесе арнаулы инварлы таспамен, 1:10 000-1:25 000
қатынасындай шамадан аспайтын, орташа квадраттық салыс-
тырмалы қатемен жүргізіледі. Өлшеу нəтижесіне ауа қы
зуына
жəне компараторда тексеру түзетулерін енгізеді. Егер айтыл-
ған қателердің қосындысы өлшеу таспасын бір салғандағы
ұзындығынан 0,5
мм
артық болса,
онда сол салынған ұзындыққа
бірден енгізген дұрыс, ал егер түзету шамасы 0,5
мм
аз болса, онда
өлшегіш таспаны бірнеше салғаннан кейін түзетуді енгізу керек.
Қосалқы осьтерді бірінен кейін бірін тізбектеп тұғыр үстіне
салғанда соңғы негізгі ось, теодолитпен салынған негізгі осьпен
дəл келмейді. Егер алшақтық аз болатын болса, бір ұзынабойлық,
бір көлденең осьтерді қатаң, өзгермейтін осьтер деп алып, қалған
осьтерге тең етіп бөліп жібереді. 122-суретте
А - А
ұзынабойлық,
15–589
226
1 - 1
көлденең
осьтері қатаң, өзгермейтін осьтер ретінде қабыл-
данған. Тұғыр үстіндегі өлшеулер жазық жазықтықта ком-
па
раторда тексерілген (көтере созып, тексеру емес) өлшегіш
жабдықтармен атқарылады.
Тұғыр үстіне барлық осьтерді белгілеген соң, олардың орнын
шегемен бекітеді. Анық көрінуі, пайдалануға, өлшеу жүргізуге
ыңғайлы болуы үшін əр шегенің қарсысына ашық бояумен тік
сызық жүргізіп, атын ірі əріппен жазып қояды.
Шегелер арасына мүмкіндігінше күшпен созып, сым
тартып қояды да, осьтердің қиылысқан тұсына тіктеуіш
Р
іледі
(125-сурет). Сым бойымен жылжыған тіктеуіш арқылы құры-
лыстың басқа элементтерін қадалайды (табалдырықты, терезе
қуысын, сани тарлық-техникалық жабдықтарды, т.т.).
Тұғырды қадалау дəлдігіне қойылатын негізгі талаптар:
1. Тұғырдың қабырғалары ғимараттың ұзынабойлық жəне
көл
денең осьтеріне параллель орнатылуы керек. Бұл талапты
орындамау, тұғыр бойынша сызықтық өлшеулерде жүйелі қате-
ліктерге ұрындырады. Тұғыр арқылы өлшеуде 1:50 000 қаты-
насындай салыстырмалы қатені қамтамасыз ету үшін, тұғыр
қабырғаларының ғимараттың параллель осьтерінен алшақтығы
22
/
аспауы керек. Іс жүзінде мұндай талаптарды орындау қиын-
дық туғызбайды.
2.
Тұғырды салуда, оның түзу сызықты болуын қадағалайды.
Ол үшін өлшегіш жабдықты түзу сызықтың үстімен салу керек.
1:50 000 қатынасындай салыстырмалы қатені қамтамасыз етуде,
түзу сызық бойымен 20 метрлік өлшегіш таспаның ауытқуы ±6,3
см
аспауы керек. Яғни, тұғыр діңгектерін теодолитті пайдала
-
нып орнатады.
3. Тұғыр жазық жазықтықта жатуы керек, себебі ұзындық
өлшемдеріне көлбеулік түзетуін енгізуге тура келеді, ал тұғырдың
жоғары жиегі уақытша репер ретінде (геодезиялық істермен
қамтамасыз етуде) пайдаланылады.
1:50 000 қатынасындай салыстырмалы қатені қамтамасыз
етуде, тұғырға қағылған тақтай
жиектерінің бір жазықтықта
жатуын қамтамасыз ету үшін оларды геометриялық нивелирлеу
арқылы орнатады.