Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның эпилплатформалық
таулары
Эпилплатформалық
таулардың
ландшафттық
құрылымдарының сан-алуандығы негізгі үш факторға
байланысты:
-
тау жүйелерінің әртүрлі ендік аймақтарда: далалық (Кенді
және Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы), шөлейттік (Сауыр,
Тарбағатай, Зайсан ойпаты), шөлдік (Жоңғар Алатауы, Кетпен,
Іле Алатауы, Шу-Іле таулары, Қырғыз Алатауы, Алакөл және Іле
тауаралық ойпаттары) аймақтарда орналасуы;
-
өте биіктігі;
-
үлкен беткейлердің орналасуы.
Тау ландшафттардың далалық түрі орташа таулардың, ең биік
жерлері теңіз деңгейінен 900-2200 м болатын аласа тауларда
қалыптасқан, олар Тарбағатайдың солтүстік беткейінде басым.
Тау ландшафты құрылымының шөлейттік түрі Батыс
Тарбағатайда анық көрінеді. Ол Зайсан және Алакөл ойпаттарын
бөліп жатқан, ұзындығы 200 шақырымға дейін, ені 15-20
шақырымнан солтүстік батысында 100 шақырымға дейін
болатын, ендік бойымен жатқан жота.
Достарыңызбен бөлісу: |