Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет45/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar
Pneumonya, ответы рубежок и сессии первого года обучение, mustafaev-landshafttar, УМК Механика 1 курс 2021, 1-2 week, Іndependent work of teachers with students, Практика пед, Фтиз рубеж новый.docx, 11-14 жас аралығындағы дене шынықтыру сабақтары, ДНН РК, марк 11
ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ: 
 
1.  Қазақстан  аумағындағы  Батыс  Сібір  плитасының  жазықтары  қалай 
бөлінеді.  
2. Ертіс маңы жазығы сипаттамасы.  
3. Далалық ландшафтардың қандай  екі түрі бар. 
4. Ландшафттың далалық тұрпаты қалай  қалыптасқан. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
82 

 
 
 
КЛИМАТТЫҢ ӨНІМДІЛІГІН  
БАҒАЛАУДЫҢ  
ӘДІСНАМАЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ  
 
 
4.1 ТАБИҒИ ЖҮЙЕНІҢ КЛИМАТТЫҢ  
ӨНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ 
 
Географияның  негізгі  заңдарының  бірі  –  географиялық 
белдемділік  заңының  негізін  ХХ  ғасырдың  басында  көрнекті 
топырақтанушы  В.  В.  Докучаев  қалады  [21].  Ол  топырақ  пен 
өсімдіктердің табиғи белдемдерге бөлінуінің жауын-шашын мен 
буланудың  арақатынасымен  өзара  байланысын  анықтады. 
Анықталған  өзара  байланыс  кейін  климаттың  өнімділігін 
бағалауға арналған көптеген ғылыми жұмыстардың әдіснамалық 
негізі болды.  
Топырақтың  құнарлы  қабатының  табиғи  ылғалмен 
қамтамасыз 
етілуі 
– 
биологиялық 
үдеріске 
және 
агроландшафттардың  қалыптасу  үдерісіне  белсенді  қатысатын 
табиғи  өндіруші  күштер  кешенінің,  яғни  ландшафттардың  аса 
маңызды  құрамдас  элементі.  Топырақ  жамылғысындағы 
ылғалдың  мөлшері  тек  атмосфералық  жауын-шашынның 
мөлшеріне  ғана  емес,  олардың  ағынына  (ағып  кетуіне)  және 
булануына  да  байланысты  екені  белгілі.  Ылғалдың  булануының 
негізгі  факторы  күн  энергиясы  және  белгілі  бір  дәрежеде 
ылғалдың  топырақ  бетінен  күндізгі  буланушылығы  –  ауадағы 
ылғалдың  тапшылығы  мен  ауаның  температурасы  болып 
табылады.  Сондықтан  табиғи  ландшафттардың  ылғалмен 
қамтамасыз  етілуінің  мөлшерлік  сипаттамалары  атмосфералық 
жауын-шашынның  мөлшерімен  бірге  топырақтың  бетіне  күндіз 
берілетін  жылудың  мөлшерінен  де  қалыптасады.  Басқаша 
айтқанда, 
ылғалмен 
қамтамасыз 
етілудің 
мөлшерлік 
сипаттамалары  жылу  және  ылғал  алмасу  үдерісінің  нәтижесі 
ретінде  қарастырылуы  тиіс  [22].  Осы  әдіснамалық  тәсілдеменің 
негізінде  географиялық  белдемділіктің  В.  В.  Докучаев  –  А.  А. 
Григорьев  –  М.  И.  Будыко кезеңдік  заңы қалыптастырылды.  Ол 


 
83 
заң    энергетикалық  теңгерім  мен  жауын-шашындар  мөлшерінің 
жылу бірлігімен көрсетілген арақатынасымен сипатталады.  
Қазіргі  кезде  жер  қорларын  табиғи-ауыл  шаруашылықтық 
аудандастыруда 
климаттың 
өнімділігі 
ұғымы 
кеңінен 
пайдаланылады.  Климаттың ауылшаруашылықтық өнімділігі деп 
табиғи  жүйенің  агроклиматтық  қорлар  болып  табылатын  және 
өсімдіктердің өсуі мен дамуына оң әсер ететін метеорологиялық 
факторлардың  кешенді  сипаттамасын  атайды  [23].  Климаттың 
ауылшаруашылықтық  өнімділігін  бағалаудың  қолданыстағы 
әдіснамалық тәсілдемелері үш жағынан қарастырылады: 
 

өсімдіктердің  суды  тұтынуын  және  ылғалдың 
ауылшаруашылық алқаптарынан булануын есептеу әдістері; 

дақылдардың суды тұтынуын және ылғалдану жағдайларын 
есептеу әдістері; 

климаттың  ауылшаруашылықтық  өнімділігін  анықтау 
әдістері. 
Климаттың  өнімділігі  деп  ландшафттардың  немесе 
экологиялық 
жүйелердің 
биологиялық 
ресурстарының 
қалыптасуына  оң  әсер  ететін  метеорологиялық  себепші 
шарттардың  кешенді  сипаттамасын  түсінген  дұрыс.  Сондықтан 
көптеген  зерттеушілер  климат  құраушы  себепші  шарттардың 
өсімдіктерге  әсерін  табиғи  жүйенің  қорларымен  қамтамасыз 
етілуін  сипаттайтын  коэффиценттердің  көмегімен  бағалауға 
тырысты (22-сурет ). 
 
 
 
22-c
урет. Климаттың өнімділігін бағалау үшін табиғи ортаның өлшемдік 
көрсеткіштерін таңдаудың құрылымдық сұлбасы 
 


 
84 
Бұл  бағытта  Г.  Н.  Высоцкий  [23]  көп  еңбек  сіңірді.  Ол 
Ресейдің  бірқатар  табиғи  белдемдерін  сипаттау  үшін  жауын-
шашынның  жылдық  мөлшерінің  (
с
О
)  буланушылыққа  (
о
Е

қатынасын  тұңғыш рет есептеп шығарды.  Транс (Transeau) [24] 
ормандардың  орналасуының  климаттың  себепші  шарттарын 
зерттеу мақсатымен Солтүстік Америка үшін жауын-шашынның 
(
с
О
)  суқоймаларының  бетінен  буланушылығына  (
о
Е

қатынасының  картасын  жасады,  ал  Пенк  (Penck)  [25]    жауын-
шашынның  (
с
О
)  буланушылыққа  (
о
Е
)  қатынасының  негізінде 
табиғи жүйені климаттық белдемдерге жіктеуді ұсынды.  
Климаттың  өнімділігін  бағалау  әдістерін  жүйелі  және 
құрылымдық  талдаудың  негізінде,  олардағы  энергетикалық 
қорларды  сипаттайтын  көрсеткіштерді  таңдау  бойынша  төрт 
топқа  бөлуге  болады:  ауа  ылғалдылығының  тапшылығы 
бойынша,  ауаның  температурасы  бойынша,  буланушылық 
бойынша,  күннің  күндізгі  радиациялық  теңгерімі  бойынша  (6-
кесте).  Ландшафттардың  энергетикалық  қорлардың  өзгерістері 
мен  түрленулерінің  кез  келген  физикалық  үдерісі,  нақты 
географиялық нүктеде белгілі уақыт аралығындағы жылу алмасу 
үдерісі сияқты энергияның кірісі мен шығыс-ының теңгерімімен, 
басқаша айтқанда энергияның сақталу заңымен сипатталады.   
 
6-
кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет