4.3.3 Ландшафттардың өнімділігін экологиялық бағалауды табиғи жүйенің биоэнергетикалық қорларының негізінде математикалық үлгілеу
Қазіргі кезеңде табиғи жүйені өзгертуді табиғи-экологиялық
негіздеу мәселесі жаратылыстану ғылымының ең көкейкесті
мәселесі ретінде танылған. Сондықтан табиғи тепе-теңдігі
бұзылған табиғи жүйелердегі, әсіресе табиғи салмақтармен
салыстырғанда техногендік салмақтың түсу дәрежесі өте жоғары
болып келетін өзен алаптарындағы кез келген өзгерту және
түрлендіру жобаларында табиғи өзара байланыстардың
өзгерістерінің барлық оң және теріс салдары ескерілуі тиіс.
Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны
қорғау мәселесі өзен алаптарындағы түрлендіру жұмыстары
экологиялық-экономикалық сынақтық өлшемдеріне негізделген
шын мәнінде кешенді және бұзылған тепе-теңдік қалпына
келетіндей болуы қажеттігін талап етеді.
Адамзат
тарихында
егіншіліктің
дамуы
Жердің
энергетикалық теңгеріміне едәуір сапалық өзгерістер алып
келгені белгілі (А.М.Алпатьев). Шөлді аймақтарды суармалы
егіншілік үшін игерудің нәтижесінде күн энергиясының
фотосинтез үдерісі кезінде өзгеруі жеделдетілді, бұл Жердің
табиғи бөлігінің энергетикалық теңгерімінің өзгеруіне алып келді
[79].
Шөлді аймақ шөптерінің өнімділігі жоғары мәдени
дақылдармен
алмасуы
топырақтық-өсімдіктік
қауымдастықтардағы энергия және масса алмасудың өзгеруімен
бірге жүреді. Шөлді аймақтардың едәуір бөлігінің игерілуімен
бірге өнімділігі жоғары мәдени дақылдардың өсірілуі есебінен
топырақтың қарқынды қарашіріктенуі басталды.
Шөлді аймақтардың табиғи жүйелерін мәдени дақылдармен
алмастыру мәселелерін қарастыра отырып, биоэнергетикалық
қорларды жинақтау жағынан олардың барлығы бірдей болмайды
деп жормалдауға болады. Өнімділігі жоғары әртүрлі
ауылшаруашылық дақылдарын суармалы жерлерде өсірудің
тиімділігін бағалау мақсатымен олардың биоэнергетикалық
әлеуеттерін табиғи жүйелерінің осындай көрсеткіштерімен
салыстыруға тырыстық [72- 78].
106
Ауылшаруашылық дақылдарын фотосинтетикалық белсенді
радиация (ФАР) пайдалану тиімділігін бағалау үшін
өсімдіктердің
биоэнергетикалық
әлеуетін
пайдалану
коэффицентін қолдануға болады: