-
ауылшаруашылық шикізаттарынан өндіру арқылы,
тұрғылықты халықтардың тамақ өніміне және басқа да өнімдерге
деген сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған және қызметтері
бір-бірімен тікелей және қосалқы байланыста болатын халық
шаруашылығының саласының жиынтығы;
-
ауыл шаруашылығына, тамақ және біршама жеңіл
өнеркәсіптеріне, өндірістік қызмет және күрделі құрылысқа
қажетті өнімдер өндіретін өндіріс;
-
егіншілік және малшаруашылық өнімдерін өңдеуді қабат
жүргізетін, шаруашылықты жүргізуді толық қамтамасыз ететін,
салалармен бірлесіп қызмет атқаратын, шаруашылық бірлестігі.
Аграрлық өндірістік кешендердің күрделі жүйелер секілді
өзінің үш басты қыры бар: құрылымдық, аймақтық және
ұйымдық.
Аграрлық өндірістік кешендерінің сыңарлық қырлары жеке
салалардың арасындағы, қызметтік шеңберде және аграрлық
өндірістік кезеңдегі байланыстың бар екендігін көрсетеді.
Аграрлық өндірістік кезең аграрлық өндірістік кешендердің
құрамдық сыңарларының бір түріне жатады, себебі ол
ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өнімді
өткізетін, біртұтас өндірістік үдерістің сатыларының бір-бірімен
байланыстылығының жиынтығы болып табылады. Аграрлық
өндірістік
кезең
мамандандырылған
аграрлық-өндірістік
кешендердің қалыптасуының негізі, яғни оның нәтижесі
бойынша ет, сүт және жеміс-жидек өндірісінің салалары
құрылады.