–
74
–
Салғастырмалы тіл білімі
мағынаның берілу тәсілі аффиксация тәсілі деп аталады.
Аффиксация тәсілі - грамматикалық тілдердің ішіндегі ең кең
тараған тәсілі.
Қазақ тіліндегі аффиксация тәсілі
деривациялық
мағынаны да, реляциялық мағынаны да білдіреді. Демек,
аффиксация тәсілі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін
жұрнақтарды да, жалғаулардыда пайдаланады. Мысалы:
-шік, -ғыш, -дыр
жұрнақтары:
үйшік, жаздыр, жазғыш
деген
сөздерде деривациялық мағынаны білдірсе,
-лер, -іміз, -де
жалғаулары
үйлерімізде
деген сөздерде реляциялық мағынаны
білдіреді. Қазақ тілінде сөз агглютинация принципі бойынша
құрылады да, түбірге аффикстер бірінің үстіне бірі жалғана
береді. Аффикстер түбірге белгілі бір тәртіп, заңдылық бойынша
жалғанады. Бір сөздің құрамында бірнеше жалғау қабаттасып
келсе, алдымен жұрнақ содан кейін жалғау жалғанады. Сөз
құрамында бірнеше жалғау қабаттасып келсе, алдымен көптік
жалғауы, содан соң тәуелдік, септік жалғауы, жіктік жалғауы
жалғанады. Мысалы:
ауылдарыңызданбыз
деген сөзді алсақ
ауыл
– түбір, -
дар
– көптік жалғауы, -
ыңыз
– тәуелдік жалғауы,
-
дан
– шығыс септік жалғауы, -
быз
– жіктік жалғауы.
Қазақ тілінде сөз түрлендіруші аффикстер мен форма
тудырушы аффикстер бар. Мысалы,
қамсыздандырылмағандықт
арыңыздан
деген сөзді морфемаларына қарай бөлшектеп көрейік:
-қам – негізі морфема (түбір)
-сыз
- сөз тудырушы аффикс, сын есімнің жұрнағы
-да – сын есімнен
етістік жасап тұрған аффикс
-ны - өздік етіс, сөз түрендіруші
жұрнақ
-дыр – сөз түрлендіруші, өзгелік етіс жұрағы
-ыл
- ырықсыз етісжұрнағы
-ма – болымсыз мағыналы жұрнақ
-ған –
есімше жұрнағы
-дық – етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ
-тар –
көптік жалғау аффиксі
-ыңыз – тәуелдік жалғауы
-дан – флексия (шығыс септік)
–
76
–
Салғастырмалы тіл білімі
Ер Көкше т.б. сияқты т.б.тарихи эпостар мен тарихи поэзия
жырларында берілген. ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында кітаби тіл элементтерін сақтаған қисса-дастандар,
батырлар жайлы жырлар пайда болды. ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан бастап қазақ тілі ұлт тілі болып қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: