Тəрбие əдіс, тəсілдері мəнін қалай түсіндірер едіңіз?
Тəрбие əдістері қалай топтастырылады?
Əміршіл-əкімшіл жəне гуманистік педагогикадағы тəрбие əдістері жүйелерінің айырмашылығы неде?
Үлгі-өнеге əдісінің мəні қандай?
Тəрбие əдісін таңдауда қандай шарттарды ескеру қажет?
дəрісбаян. Тəрбие құрал-жабдықтары мен формалары
Жоспары
Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі
Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау
Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі
Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құрал- жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт.
Педагог даралығына негізделген əдістер мен құрал-жабдықтар бірлігі тəрбиелік іс-əрекеттер формасына арқау болады.
«Форма» терминінің мəні: 1) тəрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тəрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тəсілдері мен тəрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тəрбиеленушілердің ұжымдық жəне жеке-дара іс-əрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма – бұл тəрбиелік істер процесіндегі тəрбиеленушінің тəрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.
Тəрбиелік жұмыстар өз кезегінде төмендегі аталған тəрбиелік қызметтерді орындайды:
ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тəрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды əрекеттерінің қисынын (логикасын) бейнелейді;
реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде əлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тəрбиешілер мен тəрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
ақпараттық: тəрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тəжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |