Бақылау сұрақтары
1. Алғашқы банктер қай жерде жəне қалай пайда болды
?
2. Банк дегеніміз не
?
3. Банк қызметіне нелер жатады
?
4. АҚШ банк жүйесінің құрылымы неден тұрады
?
5. Германия банктер жүйесінің басты ерекшелігі неде
?
6. ҚР-ғы банк жүйесінің құрылымына неден тұрады
?
7. Ұлттық банктің басқару құрылымын ата
?
8. Ұлттық банктің қызметтері қандай
?
9. Ұлттық банк операцияларына не жатады
?
10. Ақша-несие саясатының қандай құралдарын білесің
?
11. Ұлттық банктің 2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясатының басты
бағыттары қандай
?
Ұсыналатын əдебиеттер
1. “ҚР-ғы Ұлттық банк туралы” ҚР заңы 31.03.1995.
2. “ҚР-ғы банктер жəне банктік қызмет туралы” ҚР заңы. 30.08.1995.
135
3. ҚР Ұлттық банктің 2002-2004 жылға арналған ақша-несие
4. ҚР Ұлттық банктің 2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясаты
5. Ақша, несие, банктер ±.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. Алматы
Экономика. 2001.
6. Деньги, кредит, банки Под ред. О.И. Лаврушина. Москва “Финансы и
стататистика” 1999.
7. Финансы . Денежное обращение. Кредит. Под ред Л.А. Дробозиной
Москва. Финансы, ЮНИТИ, 1997
8. Общая теория денег и кредита. Под ред. Жукова Е.Ф., Москва: Банки и
биржи, 1995.
9. Штайн Ю. Немецкая банковская система. Банк-Ферлаг Кельн. 1993.
7. Долан Э.Дж. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная
политика. Москва- Санкт-Петербург 1993.
7-тақырып. Коммерциялық банктер
7.1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кəсіпорындарға,
ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммерциялық банктер деп, бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер
туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- жеке;
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- əмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей жəне кең
көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ған салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық
- ұлттық;
- аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркісəптік банктер;
- сауда банктері;
- ауылшаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
136
- басқа.
5. Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды.
ҚР-ғы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы статистикалық мəліметтер
бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы
дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде екі банк
қана мемлекетке 100
% тиіслі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен
Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысумен (100
% - 10 банк, 50%- аса - 4
банк) құрылған банктерде саны - 14, оның ішінде еншілес банктер – 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын
сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай
жəне артықшылығы бар.
Жай акция - оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция – оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен,
уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға,
қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жəй акция иесінен бұрын
қоғамға қосқан өз үлессін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса,
онда оның жарғылық қорының əр құрылтайшыға тиетін үлесі
құрылтайшылық құжатта анықталады жəне бұл банктің қатынасушылары
немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның
міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы жəне құқықтық формасынан байланыссыз,
оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке жəне заңды тұлғалар
есебінен құрылады. Жəне олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету
құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының
меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер
есебінен жарғылық капиталды құруға тиім салынады. Банктің жарғылық
капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық
капиталы, құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің
сомасының 50
% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде
оның жарияланған сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың
сомасы заңдылықтармен шектелмейді.
7.2. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің ұымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына жəне оның функционалдық бөлімшелері мен əр түрлі
қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
137
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне
тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару
органына тікелей қатысады.
Акционерлік банктерді басқару құрылымы 13-суретте берілген.
13-сурет. Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы –
акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып
отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
- банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- банктің жарғылық капиталын өзгерту;
- банктің Кеңесін сайлау;
- банктің жылдық есебін бекіту;
- банктің табысын бөлу;
- банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру жəне
тарату.
Íåñèåëiê
êîìèòåò
Àêöèîíåðëåðäi»
æàëïû
æèíàëûñû
Ðåâèçèÿëûº
êîìèññèÿ
Áàºûëàó êå»åñi
Áàñºàðìà
Áàñºàðìà
ò¼ðà¹àñû
Ò¼ðà¹à
îðûíáàñàðëàðû
Äåïàðòàìåíòòåð,
á¼ëiìäåð
Áàñºàðó
á¼ëiìäåði
Қ
ûçìåòòåð
138
Екінші басқару органы – банктің қадағалау кеңесі болып табылады.
Банктің бақылау кеңесі - банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде,
келесідей міндеттерді шешеді:
- нормативтік актілерді бекітеді;
- Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша
жасалаған мəмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы – бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк
кеңесі) – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның
акционерлерінен құралады жəне олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
- банктің стартегиялық мақсатын анықтау;
- банктің саясаттарын жасау;
- жеткешілік қызметке кадрлар таңдау;
- комитеттерді құру;
- ссудалық жəне инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы – бұл банктің бірінші жетекшісі болып табылады
жəне ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына
мынадай міндеттер жүктеледі:
-
банктің қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша бұйрықтар
шығару жəне нұсқаулар беру;
-
барлық мемлекеттік жəне басқа да органдарда, басқа банктерде,
оның ішінде шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық сұрақтар
бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
-
банктің мүлкіне жəне қаражаттарына ие болу;
-
банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
-
еңбек келісім-шарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен
келісімдер (контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия – банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы
жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды
жасаушы орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
-
несие алуға берген клиенттің өтінішін жəне несиелік қызметкердің
несие беру туралы қорытындысын қарайды;
-
несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
-
несиелік
тəуекелдерге
байланысты
несиелеу
формаларын
анықтайды;
-
несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
-
несиені қайтаруды қамтамасыз ету тəсілдеріне талаптар белгілейді;
-
несиелеу шартын бектеді (несиелік лимит, несиелік желі);
-
берілген несиелерге мониторинг жүргізу тəртібін бектеді;
-
банктің несиелік стратегиясын жасайды;
-
несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
139
-
несиелік комитеттің мəжілісінің хаттамаларына қол қояды жəне
хаттамаларды тіркеу кітəбын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, əкімшілік -
шарушылық бөлімі жəне т.с.с. кіреді.
Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен
бөлімдер жатады. Мысал ретінде, “Темірбанк” АҚ-ның ұйымдастырылу
құрылымы келесі бетте 14-суретте берілген.
Áàñºàðìà
ò¼ðà¹àñûíû»
îðûíáàñàðû
Êîïîðàòèâòiê
áàíêèíã
áàñºàðìàñû
Àéìàºòûº
ºàðæûëàíäûðó
áàñºàðìàñû
Қ
½ðûëûìäûº
ºàðæûëàíäûðó
áàñºàðìàñû
Øà¹ûí æ¸íå
îðòà áèçíåñòi
ºàðæûëàíäûðó
áàñºàðàìàñû
Íåñèåëiê
äåïàðòàìåíò
Áàñºàðóøû
äèðåêòîð
Áàñºàðóøû
äèðåêòîð
Áàñºàðìà
ò¼ðà¹àñûíû»
îðûíáàñàðû
Áàñºàðìà
ò¼ðà¹àñûíû»
îðûíáàñàðû
Қ
àðæû
èíñòèòóòòàðû
áàñºàðìàñû
Ñûðòºû òàëäàó
æ¸íå
ìàðêåòèíã
á¼ëiìi
Êàçíàøûëûº
Êàçûíàëûº
îïåðàöèÿëàðäû
åñåïêå àëó
á¼ëiìi
Қ
àðæûëûº
òàëäàó
áàñºàðìàñû
Çà»
äåïàðòàìåíòi
Áàñºàðóøû
äèðåêòîð
Ôèëèàëäàð
áþäæåò á¼ëiìi
Қ
àðæûëûº
æîñïàðëàó
á¼ëiìi
Iøêi òàëäàó
á¼ëiìi
Êàñòîäèàíäûº
îïåðàöèÿëàð
á¼ëiìi
Êîððøîò æ¸íå
ò¼ëåìäåð á¼ëiìi
Қ
½æàòòàó
îïåðàöèÿëàð
á¼ëiìi
Íåñèåëiê
îïåðàöèÿëàðäû
åñåïêå àëó
á¼ëiìi
Áóõåñåï æ¸íå
åñåï áåðó
áàñºàðìàñû
Қ
àðæûëûº
ò¸óåêåë
äåïàðòàìåíòi
Êåëiñiì-
øàðòòàðäû
æ¸íå áàíêòiê
øîòòàðäû
º½ºûºòûº
ñàðàïòàó á¼ëiìi
Çàåìäûº
îïåðàöèÿëàðäû
º½ºûºòûº
ñàðàïòàó á¼ëiìi
Ïðîáëåìàëûº
íåñèåëåð
áàñºàðìàñû
Iøêi àóäèò
á¼ëiìi
Ôèëèàëäàðìåí
æ½ìûñ
áàñºàðìàñû
Iøêi àóäèò
áàñºàðìàñû
Iøêi áàíêòåðäi
îïåðàöèÿëàð
á¼ëiìi
Øàðóàøûëûº
á¼ëiìi
Íåñèåëiê
ò¸óåêåëäåð
áàñºàðìàñû
Æàðíàìà
á¼ëiìi
Áàñ
áóõãàëòåðèÿ
Áàíêòiê æ¾éå
á¼ëiìi
Àºïàðàòòûº
òåõíîëîãèÿëàð
áàñºàðìàñû
Òåëåêîììóíèêà
öèÿ á¼ëiìi
Iñ æ¾ðãiçó
áàñºàðìàñû
140
14-сурет. “Темірбанк” АҚ-ның ұйымдастырылу құрылымы
7.3. Коммерциялық банктердің операциялары
7.3.1. Банктің пассивтік операциялары
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер
қызметіндегі рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нəтижесінде құрылатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы жəне несие сөздігінде: ''пассивтік
операциялар - бұл несиелік жəне активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциялары’’ - делінеді.
Ал, соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл
нəтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы
қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін
операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік
ресурстарды сатып алады.
Пассивтік операциялардың төмендегідей формалары болады:
• коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
• банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту жəне құру;
• басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
• депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары
құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе
тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған
сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының
ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кəсіпорындар жəне
ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы
арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтеледі. Шын
мəнісінде, меншікті жəне тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең
төменгі мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
141
жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз
банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен
банкте қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты -
бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербестігін
жəне қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін əр түрлі қорлар
(капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
-
банктің жарғылық капиталы;
-
банктің резервтік капиталы;
-
қосымша капиталы жəне пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
-
сақтандыру резервтері;
-
бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы - банктің заңды тұлға ретінде міндетті
түрде құрылуын жəне өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды.
Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің
пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық
капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары
сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық
капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал
көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық
формаларда құрыла алады:
•
пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік
формасында;
•
акционерлік банк;
•
шетел капиталының қатысумен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын
жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік
қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз
мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері
жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен
аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы
жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен
банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивиденттер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты
аударылған аударымдар есебінен жəне белгілі мақсатқа бағытталатын
пайданы бөлу нəтижесінде құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау негізінде,
валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел
142
валюталары арасындағы айырма нəтижесінде құрылады. Валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды
қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тəуекелді
төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай
резервтерге: несиелік тəуекелді жабуға жəне бағалы қағаздардың
құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін жəне
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде
несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады. Олардың ролі біршама жоғары тұрады. Заңды жəне жеке
тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық
банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген
сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар
үлесі, олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік
жүйе үшін дəстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту
тəсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті
десе де болады.
°лемдік банктік тəжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тəсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
І топ – депозиттер;
ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке жəне заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған жəне өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде
немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын
қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Қазіргі банктік тəжірибеде салымдардың, депозиттердің жəне депозиттік
емес ресурстардың шоттарының əр түрлері кездеседі. Бұл банктердің
жоғарғы бəсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер
143
топтарының сұранысын қанағаттандыруға жəне олардың қаражаттары мен
уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай
жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты əр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын
алатын əр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тəжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады :
- мемлекеттік, акционерлік кəсіпорындардың, сондай-ақ əр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары;
- əр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары жəне олардың шоттарындағы
қаражаттар;
- басқа
банктердің
корреспонденттік
шоттарындағы
қаражат
қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың
иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге
дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық жəне басқа да
операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі жəне пайдаланылады.
Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі
шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу жəне оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды
сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де
мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк
Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде
аударымдар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |