Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының


 ҚР-ғы  банк жүйесінің қалыптасуы жəне дамуы



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз


 
5.4. ҚР-ғы  банк жүйесінің қалыптасуы жəне дамуы  
 
5.4.1. 1995 жылғы банк реформасы 
 
1990  жылы  Қазақстан  Республикасы  өз  егемендігін  жариялағаннан 
бастап  нарықтық  қатынастардың  талаптарына  сай  келетін  меншікті  банк 
жүйесін құруға бетбұрыс жасады. 
1990  жылы  желтоқсан  айында  қабылданған  “ҚазКРО-ғы  банктер  жəне 
банктік  қызмет  туралы”  алғашқы  заң  Қазақстандағы  банктік  реформаны 
жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.  
Бұл  банктік  реформа  Ұлттық  банктің 1995 жылға  арналған 
“Қазақстандағы  банктік  жүйені  реформалау”  бағдарламасына  сəйкес  жүзеге 
асырылды. 
Нарық экономикасына өту жағдайында жəне экономикалық дағдарысты 
жоюда,  макроэкономикалық  тұрақтылыққа  қол  жеткізуде  ҚР  банк  жүйесі 
маңызды роль атқарады. 
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне 
байланысты  жасалған  талдауда,  олардың  көрсетіп  отырғанындай, 
кемшіліктердің басым бөлігі  банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны 
жасаудағы артта қалушылық жəне оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау 
жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.  
Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасындағы  жұмыс  жасап  отырған 
банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі: 
І  кезең. 1988 – 1991 жж.  (КСРО-ның  тұсында) – мемлекеттік  салалық 
мамандандырылған  банктер  қызметінің  бір  бөлігін  республикалардағы  сол 
банктердің  тиісті  бөлімшелеріне  беру  арқылы  қайта  түрлендіру;  алғашқы 
коммерциялық  банктер  құру;  КСРО  Мемлекеттік  банкіне  орталық  банктің 
жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі. 
ІІ  кезең. 1992 жылдың  аяғы 1993 жылдары – рубль  аймағында  бола 
отырып,  ҚР  Ұлттық  банкінің  орталық  банктің  бірқатар  қызметтерін 
орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) 
түрде қалыптасуы жəне дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының 
бастапқы кезеңі. 

 
 
91
ІІІ  кезең. 1993 жылдың  қараша  айынан  осы  уақытқа  дейінгі,  яғни 
айналысқа    Ұлттық  валютаның  енгізілуіне  байланысты  Ұлттық  банкінің 
ақша-несие  аясының  қызмет  етуіне  толық  жауапкершілік  алу,  бюджет  жəне 
банктермен  қарым-қатынас  орнатудың  классикалық  қағидаларын  енгізу, 
банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді. 
1995  жылғы  банктік  реформалауға  дейінгі  жұмыс  жасаған  банктік 
жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады: 
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:  
•  мемлекеттің  қаржы  саясатын  жүргізу  барысындағы  Ұлттық  банк  пен 
Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы; 
•  коммерциялық  банктердің  өтімділігін  толық  қолдау  механизмінің 
жеткіліксіздігі; 
•  екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау жəне реттеу жүйесінің 
баяу құрылуы; 
•  валюталық  реттеу  жəне  бақылау  жүйесінің  қалыптасуындағы  артта 
қалушылық; 
•  макроэкономикалық процесстерді жедел түрде талдау, оларды болжау 
жəне шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі; 
•  осы  уақытқа  дейін  пайдаланылып  келген  Ұлттық  банк  пен  екінші 
деңгейдегі  банктердің  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  халықаралық  стандартқа 
жəне нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі; 
•  Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету 
деңгейінің жоғарылығы. 
ə) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты: 
•  Ұлттық  банктер  тарапынан  белгіленген  экономикалық  (қазіргі 
пруденциалдық)  нормативтер  мен  банк  клиенттерінің  құқықтарын  тікелей  
бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі; 
•  қаржы  ресурстарын  жинақтаудың  іс  жүзіндегі  механизмдерінің 
əлсіздігі; 
•  шаруашылық  субъектілерін  несиелеу  барысында  жобаларды  бағалау 
деңгейінің  жəне  банк  үшін  несие  беруден  туындайтын  тəуекелді  бағалау 
дəрежесінің,  сондай-ақ  несиенің  қайтарылуына  жасалатын  бақылаудың 
қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы; 
•  орта жəне ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды 
іске  асыруға  мүмкіндік  беретін,  банктердің  капиталдану  деңгейінің 
жеткіліксіздігі; 
•  прогрессивті  қаржы  құралдарын  жəне  технологияларды  пайдаланып, 
игерудің баяулығы;  
•  банк  қызметкерлерін  кəсіби  жағынан  даярлаудың    жалпы  төмен 
деңгейде болуы. 
Сонымен  бұрынғы  салалық  мамандандырылған  банктерді  қайта 
түрлендіруге  байланысты  бірқатар  шаралар 1994 ж.  орта  кезінен  басталып, 
1995 жылға дейін жалғасты. 

 
 
92
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет 
Министрлігінің 
Қаулысына 
сəйкес 
арнайы 
құрылған 
комиссия 
Қазагроөнеркəсіп 
банкіне 
санация 
процесін 
жүргізіп, 
ондағы 
орталықтандырылған  несиелерге  (шаруашылықтардың  нақты  төлем 
қабілеттілігін  ескермей,  Жоғарғы  Кеңес  пен  Үкіметтің  шешімі  бойынша 
өткен  жылдардағы  берілген)  байланысты  мерзімі  өткен  қарыздарды 
Қазагроөнеркəсіп  банкінің  балансынан  Қаржы  Министрлігінің  қарамағында 
құрылған  ауыл  шаруашылығын  қаржылық  қолдау  мемлекеттік  қорының 
балансына беру шараларын іске асырды. 
Екінші  кезекте,  Қазақстан  ƏлемБанкін 1994 жылдың  орта  кезеңінде 
Мемлекеттік  Экспорттық-импорттық  банкке  (қазіргі  Эксимбанк)  жəне 
əмбебап  акционерлік  ƏлемБанкке  бөлу  шаралары  жүзеге  асты.  Сөйтіп,  ол 
уақыттағы ƏлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 35 % 
құрады.  Бұл  бір  жағынан,  ƏлемБанктегі  мемлекеттің  қаржысы  мен 
мемлекеттік  емес  акционерлер  қаржыларын  өзара  бөлуге  мүмкіндік  берсе, 
екінші жағынан Əлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.  
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін əмбебап 
банкке  түрлендіру  шаралары  жүргізілді.  Түрлендіру  мынадай  үш  кезеңді 
қамтыды: 
Бірінші  кезеңде (1995 жылдың 1-ші  жартысын)  мемлекеттік  емес 
акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100 % мемлекеттік меншікті 
қалпына  келтіру  жəне  оның  жарғылық  капиталын  ұлғайту  мақсатында 
мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-
ақ 01.01.1992 ж.  жағдайға  байланысты  халық  салымдарын  индексациялау 
жүйесін анықтау міндеті белгіленді. 
Екінші  кезеңде (1995 ж.  екінші  жартысында  жəне 1996 ж.),  Халық 
банкіне  пластикалық  дебеттік  жəне  кредиттік  карточкаларды  енгізу  жəне 
олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді. 
Үшінші  кезеңде (1997 ж.  ішінде),  Халық  банкісінің  алдында  Ұлттық 
банк  белгілеген  пруденциалдық  нормативтерге  сəйкес 01.01.1998ж.  бастап 
салымдарды  мемлекеттің  толық  кепілдемесінен  ұжымдық  сақтандыруға 
негізделген  аралас  сақтандыру  жүйесіне  өтуге  дайындық  жасап  жəне 
жекшелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды. 
Төртінші  кезеңде  əмбебап  банк - Тұран  банкіндегі  мемлекеттің  үлесі 
(61%, 1994 жылдың  сəуіріне)  анықталып,  ондағы  негізгі  борышқор-
кəсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын  Медетші банкке 
берілетін болды. 
Бесінші  кезеңде  əмбебап  банк - Кредсоцбанктегі  мемлекеттің  үлесі - 
40,3% мөлшерінде (1994 жылдың сəуіріне) анықталды. 1995 жылдың қаңтар 
айының  аяғына  таман  оның  жарғылық  капиталындағы  мемлекеттің  үлесін 
сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды.  
Коммерциялық  банктер  үшін  нақты  секторды  қысқа  мерзімді  несиелеу 
тиімсіз болып табылғандықтан, орта жəне ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз 

 
 
93
міндетіне  алатын  мамандандырылған  мемлекеттік  банктерді  құру  қажеттігі 
туды.  Ондай  банктерді  халықаралық  тəжірибеде  даму  банктері  деп  атайды, 
себебі  олар  үшін  басты  мақсат  пайда  табу  емес,  яғни  экономиканың 
жекелеген салаларын дамыту болып саналады. 
Сонымен,  Қазақстанда  банк  секторын  реформалау  бағдарламасын  іске 
асыру  шегінде  Экспортты-импорттық  банк  (Эксимбанк),  Мемлекеттік  даму 
банкі жəне Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер 
қатарында  халыққа  қызмет  көрсетуге  маманданған  Халық  Жинақ  банкі  де 
болды.  
Мемлекеттік  даму  банкі – бұл  банк  экономиканың  маңызды 
салаларында  тиімді  инвестициялық  жобаларды  ұзақ  мерзімді  несиелеуді 
жүзеге  асыруға  бағытталған  үкіметтің  қаржы-несие  институты  болып 
табылады. 
Экспортты-импорттық  банк  (Эксимбанк) – бұл  Қазақстан  үшін 
дəстүрлі  емес,  даму  жəне  ғылыми  ұйымдардың  экспортын  қаржыландыру 
үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру жəне кепілдеме 
беру үшін Əлем банктен бөлініп шыққан банк. 
Тұрғын үй құрылыс банкі – бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық 
құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын 
қалыптастыру,  ипотекалық  несиелеу  жүйесін  құру  мақсатында  құрылған 
банк. 
Медетші  банк  (траст) – бұл  Дүниежүзілік  банктің  ықпалымен 
“Проблемалық  кəсіпорындар  үшін  госпиталь”  ретінде  құрылған  банк.  Бұл 
банкті  құру туралы жарғыға сəйкес, ол небəрі 4 жыл  мерзімге қызмет  етуге 
уақытша құрылды. 
Ұлттық  банктің 1995 жылғы  реформалау  нəтижесінде  қолданған 
шаралары  қаржылық  жəне  экономикалық  тұрақтылыққа  қол  жеткізді.  Ең 
бастысы, ақша-несие реттеу əдістері мен құралдары əрі қарай дами түсті. 
Банктерді  қайта  қаржыландыру  механизмі  түбірімен  өзгерді. 1995ж. 
ақпан 
айынан 
бастап, 
директивті 
несиелерді 
беру 
тоқтатылды. 
Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі 
қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші деңгейдегі 
банктерге  ауысты.  Ұлттық  банк  орталық  банктерге  тəн  қызметке:  қысқа 
мерзімді  өтімділігін  қолдап  отыру  мақсатында  екінші  деңгейдегі  банктерге 
несие беру, Үкіметке несие беру жəне ақша-несие жəне валюталық реттеумен 
айналысуға көшті.  
1995  жылдың  бірінші  жартысында  Ұлттық  банктің  екінші  деңгейдегі 
банктерге  берілетін  несиелері  несиелік  ресурстар  аукционы  арқылы 3 ай 
мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы 
мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  қайталама  нарығына  өте  бастады.  Сөйтіп, 
банкаралық  несиелер  нарығы  дами  түсті. 1995 жылы  қыркүйек  айынан 
бастап  ломбардтық  несиелеу  жүйесі  енгізілді.  Базалық  ақшалардың  өсу 

 
 
94
қарқынына  шек  қою  мақсатында  Ұлттық  банк  айналысқа  өзінің  қысқа 
мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырды.  
1995  жылы  Ұлттық  банк  қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесінің  нақты 
мəнін  қалпына  келтірді.  Инфляция  қарқынын  төмендету  арқылы  оның 
мөлшерлемесін төмендетті. Айталық, 1995 ж. қаңтар айындағы инфляцияның 
қарқынын    8,9%-дан,  қыркүйек  айында - 2,4%-ға  дейін  төмендету 
нəтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: 210 % -дан 45% -ға  дейін 
төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. 
 
 
5.4.2.  1996 -1998 жж. банктік реформалар 
 
Бұл  реформалар  Ұлттық  банктің 1996-1998 жылдарға  арналған 
Қазақстан  Республикасының  банк  жүйесін  реформалау  бағадарламасына 
сəйкес жүргізілді.  
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - ҚР ұлттық 
валютасының  ішкі  жəне  сыртқы  тұрақтылығын  əрі  қарай  арттыру    жəне 
экономиканы  қаржыландыру  мүмкіндігін  кеңейту  үшін  екінші  деңгейдегі 
банктердің жүйесін нығайту. 
Көздеген  мақсатқа  жетуде  Ұлттық  банк  мынадай  міндеттерді  шешуге 
күш жұмсайды: 
-  ақша-несиелік реттеу əдістері мен құралдарын жетілдіру; 
-  елдің  қаржы  нарығына  Ұлттық  банктің  араласуы  арқылы  қолма-қол 
ақша айналымында əкімшілік басқаруды күшейту; 
-  валюталық реттеуді дамыту жəне алтын валюта резервін басқару; 
-  банктік  қадағалау  жүйесін  жəне  банк  қызметін  реттеу  принциптерін 
түбірімен өзгерту; 
-  бухгалтерлік есепті жəне банк жүйесін реформалауды аяқтау; 
-  Ұлттық  банктің  басқа  елдердің  орталық  банктерімен  жəне  басқа  да 
қаржылық  институттарымен  байланысып,  халықаралық  қаржы  ұйымдарына 
қатысуы; 
-  Ұлттық  банктің  құрылымын  жетілдіріп,  кадр  жəне  техникалық  əл-
ауқатын нығайту; 
-  екінші деңгейдегі банк жүйесін сауықтандыру; 
-  төлем жүйесін дамыту; 
-  елдің банк жүйесінің қызмет етуінің жəне реформалауының құқықтық 
қамтамасыз етілуін жетілдіру. 
 Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстан Ұлттық 
банкі  ақша-несие  саясатының  біршама  тиімді  классикалық  құралдарын 
пайдаланды.  Оларға  қайта  қаржыландыру  несиелерін  беру  көлемін  реттеу, 
қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесін  анықтау,  міндетті  резерв  нормасын 
белгілеу, валюталық нарықта интервенция жүргізу жəне мемлекеттің бағалы 

 
 
95
қағаздарымен, 
сондай-ақ 
Ұлттық 
банктің 
бағалы 
қағаздарымен 
операцияларды жүзеге асыру жатады. 
Республикамызда  тəжірибелерден  берілген  директивті  несиелердің 
уақытында  қайтарылмағаны,  яғни  олардың 24 %-дан  астамы  ғана 
қайтқандығы  белгілі.  Соның  салдарынан  Ұлттық  банк  ондай  несиелерді 
беруді  тоқтатуға  мəжбүр  болды.  Осындай  жағдайларға  байланысты  Ұлттық 
банк 1996-1998 жж.  орталықтандырылған  несиелерді  тек  қана  банктердің 
қысқа  мерзімді  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  несиелік  аукциондар, 
банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, “репо” операциялары, вексельдерді 
қайта есепке алу арқылы беріп отырды. 
Ұлттық  банк  пен  Қаржы  министрлігі  арасындағы  бюджетті  несиелеуге 
байланысты  жаңа  қатынастың  қалыптасуына  сəйкес, 1998 жылдан  бастап, 
Қаржы министрілігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме 
алғандықтан,  Ұлттық  банк  оған  тікелей  несие  беруін  тоқтатты.  Оған  дейін 
бюджеттің  тапшылығының 80%-ға  жуық  бөлігі  Ұлттық  банк  несиелері 
есебінен  жабылып  келгендігін  айта  кету  керек.  Мұны  да  осы  реформаның 
бірден-бір нəтижесі деп санауға толық болады. 
Банк жүйесін реформалау жəне ақша банкноталарын шығаруда меншікті 
өндірісті  іске  қосу  республикамыздағы  қолма-қол  ақшамен  байланысты 
жағдайды түбірімен өзгерістерге əкелді. Осыған байланысты қолма-қол ақша 
айналымын  басқаруда 1992-1993 жж.  қолма-қол  ақшаның  тапшылығынан 
енгізілген  директивтік  саясаттың  орнына  экономикалық  реттеу  əдістерін 
пайдаланудың алғышарттары жасалды.  
Сөйтіп,  осы  реформа  нəтижесінде  кəсіпорындарды  жəне  екінші 
деңгейдегі 
банктердің 
қолма-қол 
ақшамен 
жасалатын 
кассалық 
операцияларының лимиті алынып тасталды.  
Ұлттық  валютаның  тұрақтылығын  сақтап  отыру  мақсатында  Ұлттық 
банк  шетелдік  тəжірибелерді  ескере  отырып,  теңгенің  жүйелі  валюталық 
айырбас  бағамы  саясатын  жүргізіп  отырды.  Алтын-валюта  резервін 
басқаруда  Ұлттық  банк  мынадай  екі  портфелді  құру  қажет  деп  таныды: 
стратегиялық  инвестициялық  портфель  жəне  тактикалық  өтімділік 
портфелі
Мұндағы,  тактикалық  өтімділік  портфелі  валюталық  бағамды  реттеу 
саясатын  жүргізу  жəне  қысқа  мерзімді  міндеттемелерді  жабу  үшін  қажет. 
´тімділік  портфелінің  негізгі  құралдарына  ақша  нарығының  құралдары 
жатты.  
 Стратегиялық  инвестициялық  портфель  құрамы  Ұлттық  банктің  орта 
мерзімді (3 айдан 3 жылға  дейінгі)  жəне  ұзақ  мерзімді (3 жылдан 10 жылға 
дейінгі) міндеттемелерінен тұрды.  
Аталған портфельдің  негізгі құралдарына: мемлекеттік  бағалы қағаздар 
нарығының құралдары, орта жəне ұзақ мерзімді депозиттер жəне капиталдар 
нарығының басқа да құралдары жатқызылды. 

 
 
96
Банктік  қадағалау  жүйесін  реформалаудың  басты  мақсаты -  банктік 
қадағалау əдістері мен процедураларын халықаралық стандартқа жақындату 
болып  табылды.  Осыған  сəйкес,  Ұлттық  банк  екінші  деңгейдегі  банктерге 
капиталдану  талабын  қойды.  Мұндағы  мақсат - бəсекелік  ортада  қызмет 
көрсететін  банктерді  тəрбиелеу  жəне  біршама  тұрақты  банктерді  анықтау 
болып  табылды.  Осындай  талаптың  негізінде  Ұлттық  банк  капиталы 
жеткіліксіз  банктердің  өзара  бірігуін  немесе  жойылу  шараларын 
ұйымдастырды.  Реформа  нəтижесінде  көптеген  банктер  таратылды  немесе 
бірігу  процесін  басынан  кешті.  Осындай  шараларды  ең  бастысы, 
мамандандырылған банктер басынан кешті. ´йткені олардың барлығы дерлік 
бастапқыда  бюджет  қаражаты  есебінен  құрылғандықтан  да,  олар  үшін 
несиелік  ресурстарды  қалыптастыру  басты  мəселеге  айналады.  Сөйтіп, 
кейбіреуі өзара бірігіп жұмыс жасауға мəжбүр болды. Айталық, Мемлекеттік 
даму  банкі  Эксимбанкпен,  Тұрғын  үй  құрылыс  банкі  Центркредитбанкпен 
қосылып,  ал,  Медетші  банк - Медетші  қор  ретінде  қайта  түрлендірілді. 
Мұндай  түрлендіруге  Ұлттық  банк  тарапынан  банк  жүйесіне  жүргізген 
кейінгі реформалар себеп болды. 
Ұлттық банктің 1995 жылы бастаған банк жүйесінің бухгалтерлік есебін 
реформалау 1996-1998 жж. əрі қарай жалғасып, нəтижесінде Ұлттық банктің 
халықаралық  стандартқа  сəйкес  жасалған  жаңа  шоттар  жоспары  екінші 
деңгейдегі банктер қызметіне толығымен енгізілді.  
Банк  жүйесіндегі  бухгалтерлік  есепті  реформалау - нарықтық 
экономика  талаптарына  жауап  беретін  жалпыға  ортақ  халықаралық 
принциптер  мен  стандарттарды  банктердің  тəжірибесіне  енгізуге  мүмкіндік 
беретін шаралар кешенін білдіреді. 
Бухгалтерлік есеп реформасын аяқтауға байланысты жұмыстар мынадай 
мерзімдерді қамтыды:  
- Ұлттық банк бойынша: 
1996  жылы  қосымша  жəне  бас  бухгалтерия  бойынша  нұсқаулық 
материалдар  дайындап,  оларды  баспадан  шығару. 1997 жылы 1996 жылдың 
жұмыс  нəтижелері  бойынша  жаңа  шоттар  жоспары  мен  нұсқаулық 
материалдарға  өзгерістер  енгізу,  Ұлттық  банктің  қызметіне  байланысты 
халықаралық  аудит  жүргізу,  банк  мекемелерінде  ескі  шоттар  жоспарынан 
жаңаға  өтуді  аяқтау  шаралары  жүзеге  асырылды. 1998 жылдың  бірінші 
жартысында қосымша есеп бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа 
пакетін  əзірлеу  жəне  екінші  жартысында  Ұлттық  банктің  бюджетін 
жоспарлау əдісін жасау. 
- Екінші деңгейдегі банктер бойынша: 
1996  жылы  екінші  деңгейдегі  он  банктер  бойынша  жаңа  шоттар 
жоспарын енгізіп, ай сайын осы жоспарға сəйкес жиынтық балансын алу. 
1997 жылы екінші тоқсанында екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік 
есептің  стандартын  жасау,  барлық  екінші  деңгейдегі  банктер  бойынша 
үшінші тоқсанда жылдық жинақ есебін құру шаралары жүзеге асты. 

 
 
97
Сонымен  қатар,  бұл  банктік  реформаның  басты  нəтижесі - бұл  банктік 
жүйенің  тұрақтылығын  сақтап  қалу  мақсатында  халық  салымдарын 
ұжымдық сақтандыру қоры құрылды. Бұл қорды құру уақыты 1997 жылдан 
кешікпеуге тиіс еді, бірақ əр түрлі себептерге байланысты қор 1999 жылдың 
аяғында құрылып, өз қызметін 2000 жылдың қаңтарынан бастады.  
 
5.5. ҚР-ғы несие жүйесі 
 
Несие  жүйесі –   жалпы  банктердің  (ұлттық  жəне  коммерциялық)  
жəне  банктік  операциялардың  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын 
банктік емес мекемелердің жиынтығы.   
Несие  жүйесі  ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда  өзге 
де  несиелік  мекемелер  қамтылады.  Əр  елдің  өзіндік  ерекшелігене  қарай 
несие  немесе  банк жүйесінің  құрылымы  қалыптасады.  ҚР-ғы  несиелік  жүйе 
екі  буыннан  тұрады:  біріншісі – банктік  жүйе,  ал  екіншісі – парабанктік 
жүйе  (банктік  емес  мекемелер).  Қазақстан  Республикасының  несиелік 
жүйесінің құрылымы  төмендегідей сызбамен берілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қ
Ð-íû» íåñèåëiê æ¾éåñi

 
 
98
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жоғарыдағы сызбаға енген несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің 
мазмұынын  сипаттамайтын,  оның  иерархиялық  құрылымы 3-кестеде 
берілген. 
 
3-кесте.  
ҚР-ғы несие жүйесінің иерархиялық құрылымы* 
 
 
 
 
 
Иерар
-
хия
  
деңгейі
 
Мекеме
 
аты
 
Бөлімшелер
 
аттары
  
Мекеменің
 
қызметі
 
Ïàðàáàíê æ¾éåñi
Áàíê æ¾éåñi 
Ýìèññèÿëûº 
åìåñ áàíêòåð 
Ëîìáàðäòàð 
 
Íåñèåëiê 
ñåðiêòåñòiêòåð 
 
Ñàºòàíäûðó 
ºî¹àìäàðû  
 
Èíâåñòèöèÿëûº
êîìïàíèÿëàð  
 
Èïîòåêàëûº 
êîìïàíèÿëàð 
 
Ìèêðîêåðäèòòiê 
½éûìäàð 
Åêiíøi äå»ãåéäåãi 
áàíêòåð 
Қ
àçàºñòàí 
Ұ
ëòòûº áàíêi 
 
ҚҰ
Á-íû» 
Àëìàòû ºàëàëûº 
ôèëèàëû 
 
ҚҰ
Á-íû» 
îáëûñòûº (14) 
áàñºàðìàëàðû  
Ýìèññèÿëû
º áàíêòåð 
Áàíêòiê åìåñ
ìåêåìåëåð 
Ïî÷òà-
æèíຠ
æ¾éåñi 
Қ
àçïî÷òà 

 
 
99
І.
 
Ұлттық 
банк 
Орталық
 
аппарат
 
 
Ұлттық
 
банктің
 
облыстық
 
басқармалары
 
1. 
Ақша
 
айналысын
 
жəне
 
қолма
-
қол
 
ақшасыз
 
есеп
 
айырысуды
 
ұйымдастыру.
 
2.  ¶
кіметке
 
несие
-
есеп
 
айырысу
 
қызметін
 
көрсету.
 
3. 
Алтын
-
валюта
 
резервін
 
басқару.
 
4. 
Ақша
-
несиелік
 
реттеу
 
Банк 
жүйесі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет