Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының


“банк  –осы  заңға  сай  банктік  қызметті  жүзеге  асыруға  құқылы  коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз


“банк  –осы  заңға  сай  банктік  қызметті  жүзеге  асыруға  құқылы 
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”. 
Банктік  қызмет - бұл  банктік  операцияларды  жүзеге  асырумен 
байланысты  қызметті  білдіреді.  Аталған  заңның 30-бабына  сəкес  банктік 
операцияларға мыналар жатады: 
-  заңды  тұлғалардың  депозиттерін  қабылдау,  банктік  шоттарын  ашу 
жəне жүргізу; 
-  жеке  тұлғалардың  депозиттерін  қабылдау,  банктік  шоттарын  ашу 
жəне жүргізу; 
-  банктердің жəне банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге 
асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу жəне жүргізу; 
-  заңды  жəне  жеке  тұлғалардың  металдық  шоттарын  ашу  жəне 
жүргізу; 
-  кассалық  операциялар:  банкнота  мен  монетаны  қабылдау,  беру, 
қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау жəне сақтау; 
-  аударым  операциялары:  заңды  жəне  жеке  тұлғалардың  ақшаны 
аударумен байланысты тапсырмаларын орындау; 
-  есепке  алу  операциялары:  заңды  жəне  жеке  тұлғалардың 
вексельдерін жəне өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт); 
-  заемдық  операциялар:  ақы  төлеу,  мерзімін  белгілеу  жəне  қайтару 
шартымен ақшалай формада несиелер беру; 
-  заңды  жəне  жеке  тұлғалардың,  оның  ішінде  корреспондент-
банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша 
есеп айырысу операцияларын жүргізу; 
-  сенім  (траст)  операциялары:  сенім  білдірушінің  тапсырмасы 
бойынша  жəне  оның  мүддесіне  сай,  ақшасын,  құйма  бағалы  металын  жəне 
бағалы қағаздарын басқару; 
-  клирингтік  операциялар:  төлемдерді  жинау,  тексеру  жəне  растау, 
сондай-ақ  олар  бойынша  өзара  есепке  алу  операцияларын  жүргізу  жəне 
клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау; 
-  сейфтік  операциялар:  клиенттердің  құжатты  формада  шығарылған 
бағалы  қағаздарын,  құжаттарын  жəне  бағалы  заттарын  сақтау  қызметін 
көрсету, сондай-ақ жəшіктерді, шкафтарды жəне бөлмелерді жалға беру; 
-  ломбардтық  операциялар:  тез  іске  асатын  бағалы  қағаздар  мен 
жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру; 

 
 
110
-  төлем карточкаларын шығару; 
-  банкнота мен монеталарды жəне бағалы заттары инкассациялау жəне 
жөнелту; 
-  шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру; 
-  төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын); 
-  чек кітапшаларын шығару; 
-  бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; 
-  аккредитивті ашу, растау жəне ол бойынша міндеттемені орындау; 
-  ақшалай  формада  орындалуды  көздейтін,  банктік  кепіл-хаттарды 
беру;  
-  үшінші  тұлғаның  атынан  ақшалай  формада  орындалуды  көздейтін 
банктік кепілдеме беру. 
 
 
6.2  АҚШ  банк жүйесі 
 
АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тəуелсіздігін жариялаған күннен 
бастап  пайда  болды.  АҚШ-та  алғашқы  банк 1791 жылы  құрылған.  Ол 
Конгрестен  ақшаны  эмиссиялау  құқығын  ала  отырып,  коммерциялық 
банктердің бірқатар қызметтерін қатар атқарған. 
“Орталық  банктің  құрылуы  туралы” 1913 жылы  қабылданған  заңға 
сəйкес, осы уақытқа дейін жұмыс жасап отырған үш деңгейлі  Басқарушылар 
кеңесінен,  Федералды  резервтік  жүйеге  мүше  банктерден  тұратын 
Федералды Резервтік жүйенің (ФРЖ) негізі қаланды. 
АҚШ-тың  ФРЖ-сы  басқару  жəне  ұйымдастыру  қағидаларына  қарай 
басқа  дамыған  елдердің  орталық  банктерінен  ерекшеленеді.  ФРЖ 12 
федералдық  резервтік  банктерден  жəне  ФРЖ-ға  мүше  жеке  коммерциялық 
банктерден тұрады. 
ФРЖ-ның  құқықтық  мəртебесі  өзгеше,  федералды  резервтік  банктер 
үкіметі  жəне  қаржы  министрімен  тығыз  байланыста  болғанымен,  ол  заңды 
түрде  мемлекеттік  институт  болып  табылмайды.  ФРЖ-ның  жарғысына 
сəйкес, оның капиталы ФРЖ-ға мүше жеке меншік коммерциялық банктердің 
қосқан  жарнасынан  құралады.  ФРЖ-ның  құрылуы  туралы  заңда  оның 
мемлекеттік  басқару  жүйесі  тұрғысындағы  тəуелсіздік  қағидалары 
қарастырылады.  Бұл  қағидалар  ФРЖ-ң  ұйымдастырылу  жəне  қызмет  ету 
ерекшеліктерін анықтайтын кейбір заңдылықтарда да көрініс тапқан.  
ФРЖ-ның  Басқару  кеңесі – бұл  банктік  жүйені  басқаратын  ең  жоғарғы 
орган  болып  табылады.  Оның  құрамына  АҚШ-тың  Президентімен  ұзақ 
уақытқа (14 жылға)  тағайындалатын  (Сенаттың  келісімінен  соң) 7 негізгі 
мүше кіреді. Олар Президенттің рұқсатынсыз қызметтен босай алмайды.  
 Басқару  Кеңесі  Сенатқа  емес,  ең  жоғарғы  заң  шығарушы  орган -  
Конгрестің  алдында  есеп  береді.  Басқару  Кеңесінің  мүшелері  мемлекеттік 

 
 
111
ұйымдардың, резервтік банктердің жəне ірі өнеркəсіптік, ауыл шаруашылық, 
сауда жəне банктік монополиялардың өкілдерінен сайланады.  
ФРЖ-ның құрылымы оның функционалдық кешенін  құрайтын 5 буынға 
бөлінеді (келесі беттегі 11-суретті қараңыз):  
1. ФРЖ-ның басқару кеңесі; 
2. Ашық нарықтағы операциялар жүргізетін федералды комитеті; 
3. Федералдық кеңес беру кеңесі; 
4. 12 федералдық резервтік банктер; 
5. ФРЖ-ға мүше 6000 коммерциялық банктер.  
Басқару  кеңесі  Федералды  резервтік  банктердің  қызметін  бақылауға 
ФРЖ-ның    саясатының  басты  бағыттары  бойынша  шешім  қабылдауға 
өкілетті мемлекеттік құрылым ретінде құрылған. 
ФРЖ-ның  басқару  кеңесінің  басты  қызметі – ақша-несие  саясатын 
дайындау.  Бұдан  басқа  бұл  Кеңес  əр  түрлі  банктік  институттар  мен 
федералды  резервтік  банктерге  қатысты  қадағалау  жəне  реттеу  қызметтерін 
де жүзеге асырады. 
Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз 
етеді,  сол  сияқты,  тұтыну  несиесі  аумағындағы  қызметтерді  реттеуге 
бағытталған  (жеке  несиелеу  туралы,  тең  несиелік  мүмкіндік  туралы  жəне 
тұрғын  үй  ипотекалары  бойынша  ашық  ақпараттар  туралы)  федералдық 
заңдардың  орындалуын  қатаң  бақылап  отырады.  ФРЖ-ның  Басқару  кеңесі 
Федералдық  резервтік  банктердің  қызметін  бақылаумен  қатар,  резервтік 
банктер  мен  ФРЖ-ға  мүше  басқа  да  резервтік  округтарда,  сол  сияқты  шет 
елдерде  филиалын  құруы  туралы  шешім  қабылдайды  жəне  жылына  бір  рет 
резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді.  
Кеңестің  төрағасы  халықаралық    валюта - қаржы  мəселелері  бойынша 
үкіметтің  осы  төңіректегі  саясатын  ретке  келтіріп  отыратын  Ұлттық  кеңес 
беру Кеңесінің мүшесі болып табылады. 
ФРЖ-ның  Басқару  Кеңесі  ФРЖ-ның  ақша-несие  саясаты  аясында  кең 
өкілеттіліктерге ие болып келеді: 
- федералды резервтік банктердің бюджетін бекітеді; 
- барлық 12 федералды  резервтік  банктердің  есепке  алу  мөлшерін 
бекітеді жəне қайта қарайды; 
- ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитеті арқылы 
ФРЖ-ның  бағалы  қағаздарымен  жасалатын  операциялардағы  саясатын 
анықтайды; 
-  бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты 
талаптарды реттейді.  
 
11- сурет. ФРЖ-ның  ұйымдастырылу құрылымы 
 
              
 
ÔÐÆ-íû» áàñºàðó êå»åñi 
(7 àäàìíàí ò½ðàòûí):  

ðåçåðâòiê òàëàïòàðäû 
áåëãiëåï, àºøà æ¸íå 
íåñèå, ºàðæû 
ñàÿñàòûíû» 
êîìïîíåíòòåði ðåòiíäå 
äèñêîíòòûº ïàéûç 
ñàÿñàòûí áåêiòåäi;  
Ôåäåðàëäû ðåçåðâòiê 
áàíêòåð (12  îêðóãòàí): 
Äèñêîíòòûº ïàéûç 
ì¼ëøåðëåìåñiíi» ê¼ëåìií  
½ñûíàäû; 

äåïîçèòòiê 
ìåêåìåëåðäi» ðåçåðâòiê 
ºàëäûºòàðûí ñàºòàï 
îëàð¹à ññóäà áåðåäi; 

 
 
112
 
 
 
 
 
 
Жалпы 
жетекшілік 
жасайды 
 
 
 
 
 
 
 
Мəжілістік  
қызмет                                                       Құрайды 
атқарады                                                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1978  жылы  ФРЖ-ның  Басқару  кеңесі  АҚШ-та  қызмет  ететін  шетелдік 
банктердің  филиалдары  мен  бөлімшелері  үшін  жоғарғы  шекті  пайыз 
мөлшерлемесін  жəне  резервтік  талаптарды  белгілеу,  федералды  резервтік 
банктердің  оларға  несие  беру  жəне  басқа  да  қызметі  туралы  сұрақтарды 
шешу,  олардың  АҚШ  аумағында  жүзеге  асыратын  банктік  операцияларын 
бақылау туралы өкілеттігін алады. 
Ашық  нарықтағы  операциялар  бойынша  федералды  комитет  ФРЖ-ның 
құрылғанына 20 жыл  болғаннан  кейін, 1933 жылы  құрылды.  Алғашқы 
жылдары  комитеттің  ашық  нарықтағы  бағалы  қағаздармен  жасалатын 
операциялары əр резервтік банк орналасқан жерде жекеше түрде жүргізіледі.  
Комитеттің  құрамына 12 адам  кіреді: 7 - ФРЖ-ның  басқару  кеңесінің 
мүшелері, 5 - федералды резервтік банктерден алынған өкілдер. Нью-Йорктің 
Ò½òûíóøûëàðäû» 
ì¾ääåëiê ñ½ðàºòàðû 
áîéûíøà ì¸æiëiñòiê 
êå»åñ. 
 
Ôåäåðàëäûº êå»åñ áåðó 
êå»åñi. 
 
Æèíຠìåêåìåëåði 
áîéûíøà ì¸æiëiñòiê 
êå»åñ. 
Àøûº íàðûºòà¹û 
îïåðàöèÿëàð áîéûíøà 
Ôåäåðàëäû êîìèòåò. 
(ÔÐÆ-íû» áàñºàðó 
êå»åñiíi» ì¾øåëåði æ¸íå 
ôåäåðàëäû ðåçåðâòiê 
áàíêòåðäi» 5 ïðåçèäåíòi).  
Àøûº íàðûºòà¹û 
îïåðàöèÿëàð¹à æåòåêøiëiê 
åòåäi. (À
Қ
Ø ¶êiìåòiíi» 
áà¹àëû ºà¹àçäàðûí ñàòûï 
àëàäû æ¸íå ñàòàäû).   

 
 
113
федералды резервтік банкісінің Президентіне Комитеттің төрағалық қызметі 
жүктелген. 
Федералдық  кеңес  беру  кеңесі  де 12 адамнан  тұрады.  Бұл  кеңестің 
мүшелері 1 жыл  мерзімге  федералды  резервтік  банктерден  тағайындалады. 
Кеңес  беру  (консультациялық)  кеңесі  ФРЖ-ның  қызметтері:  ақша-несие 
саясатына,  алтынмен  жасалатын  операцияларға,  банкноттарды  эмиссиялау 
жəне шетел банктерінің операцияларына байланысты сұрақтар жайлы қызмет 
көрсетеді. 
ФРЖ  операцияларын 12 федералды  резервтік  банктер  жүзеге  асырады. 
Бұл  банктер  жəне  олардың 25 бөлімшесі  ірі  қалаларда  орналасқан.  АҚШ 
аумақтарында  ФРЖ-ның  құрылуы  туралы  заңға  сəйкес 12 федералды 
резервтік  округқа  бөлінген.  Федералды  резервтік  банктер  орталық  банктің 
банкноталарды эмиссиялау жəне басқа да қызметтерін жүзеге асырады. 
  Əр  резервтік  банкті 9 директордан (6 директор  ФРЖ-ға  мүше 
банктердің  өкілдері,  ал 3 директор – ФРЖ-ның  Басқару  кеңесінен)  тұратын 
Кеңес басқарады.  
Директорлар 3 топқа бөлінеді: А класы, В класы жəне С классы. А жəне 
В класының директорлары ФРЖ-ға мүше банктерден сайланады, екі кластың 
да  бір-бір  директоры  ұсақ  банктерден,  біреуі – орташа,  біреуі – ірі 
банктерден сайланады. С класының директорларын ФРЖ-ның Басқару кеңесі 
тағайындайды.    
  Федералды  резервтік  банктердің 9 директорының  əрқайсысы 3 жыл 
мерзімге  сайланады,  сөйтіп  əр  кластағы  директорлардың  біреуі  жыл  сайын 
ауыстырылып отырады. °р  резервтік  банкті  директорлар  кеңесі  сайлайтын 
жəне  ФРЖ-ның  басқару  кеңесі  бекітетін  президент  жəне  бірінші  вице-
президент басқарады.  
Федералды резервтік банктер төмендегідей қызметтерді атқарады: 
•  чектер  бойынша  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айрысуды  (чектердің 
клирингін) жүзеге асырады; 
•  айналысқа  жаңа  банкноттарды  шығарады  жəне  айналыстан  тозған 
ақша белгілерін алып отырады; 
•  несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды; 
•  резервтік округтар төңірегінде банктерге есептік несиелер береді;  
•  ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады; 
•  штаттағы 
банктерді 
тексереді, 
округтердегі 
шаруашылық 
қызметтерінің жағдайлары туралы ақпараттар жинайды;    
•  ақша-несие саясаты туралы мəселелер бойынша зерттеу жұмыстарын 
жүргізеді жəне аналитикалық журналдар мен бюллетеньдер шығарады. 
Федералды  резервтік  банктер  ақша-несие  саясатын  дайындауға 
қатынасады.  
Федералды резервтік жүйеге мүше банктердің жалпы саны 6000-ға жуық 
жеке коммерциялық банктер, ал қалғандары штаттағы банктерден құралады. 
Ұлттық  банктер  федералдық  аудандардың  (округ)  шегінде  қызмет  етеді. 

 
 
114
Штаттардың  банктері  штаттағы  заңдардың  негізінде  қызмет  етеді  жəне 
олардың  қызметтерін  қадағалауды  штаттағы  билік  ұйымдары  жүзеге 
асырады.  
“ФРЖ-ні  құру  туралы”  заңға  сəйкес  барлық  ұлттық  банктер  ФРЖ-ның 
мүшесі  болуға  тиіс.  Штаттардың  банктері  ФРЖ-ға  мүшелікке  ену 
талаптарына  сай  келген  жағдайларда  ғана  оның  құрамына  кіре  алады;  яғни, 
ол  ФРЖ-ның  мүшелері  санынан 15 % мөлшерін  құрайды  жəне  шығу 
барысында  алдын  ала 6 ай  бұрын  хабардар  етеді.  ФРЖ-ға  мүше  банктер  өз 
резервтерін  нақты  ақшада  немесе  өз  округтарындағы  федералды  резервтің 
банкте  депозиттер  формасында  ұсатуға  міндетті.  Сол  сияқты  олар, 
паритеттері  бойынша  барлық  толық  құнды  чектерді  сатып  алуға  да  жəне 
ФРЖ-ның клирингтік операцияларына қатынасуға міндетті. 
ФРЖ-ға мүше болудың басты бір артықшылығы - ол банктің федералды 
резервтік  банктің  клиенті  болумен  қатар  оның  қызметтерін  пайдалану 
мүмкіндігі  болады.  Егер  де  жеке  банктен  алатын  несиелердің  мөлшері  сол 
банктің  ресурсының  көлемімен  шектелетін  болса,  ал  ФРЖ-ға  мүше  банктер 
федералды резервтік банкке несие жайлы сұраныс жасағанда, ондай шектеуге 
кез  болмайды.  Себебі,  федералды  резервтік  банктің  ФРЖ-ның  барлық 
қаржылық  ресурстарын  пайдалану  мүмкіндігі  бар.  Жеке  банктер  ФРЖ-ның 
мүшесі болып табылмайды, бірақ та олар ФРЖ-ға мүше-банктермен іскерлік 
қарым-қатынаста  болған  жағдайларда  ФРЖ-ның  несие,  чек  айналысы, 
клиринг жəне т.б. қызметтерін жанама түрде пайдаланады. 
”Аутсайдерлер” 
банктері 
мен 
ФРЖ-нің 
арасындағы 
мұндай 
байланыстардың  болуы,  ФРЖ-ға  клирингтік  операцияларды  жүргізуге 
құқылы  арнайы  ”клирингтік  банктерді”  құруға  мүмкіндік  береді.  Сонымен, 
ФРЖ-ның 
ұйымдастырылу 
жəне 
функционалдық 
жағынан, 
ФРЖ 
орталықтандыру  элементтерін  ескере  отырып,  жергілікті  жерлерде  өзіндік 
дербестікті сақтайды. 
 
 
6.3. Германияның банк жүйесі  
 
Германияның  бүгінгі  банк  жүйесінің  құрылымы  бірден  қалыптасқан 
жоқ. 1875 жылы  наурыз  айында  Прусск  банкісінің  негізінде  Райхсбанк 
құрылып,  оған  райхсканслер,  банк  президенті  жəне  банк  басқармасы 
жетекшілік  жасаған. 1924 жылы  қабылданған  заңға  сəйкес,  Райхсбанк 
Үкіметтен бөлініп шықты. 
1933  жылы  Үкіметке  ұлтшыл-социалистердің  келуімен  Германияда 
Орталық банктің Үкіметке бағынуы біртіндеп қайта қалпына келтірілген. 
1939  жылы  қабылданған  “Райхсбанк  туралы”  арнайы  заң  банкті 
райхсканслерге  толық  бағынышты  етті.  Райхсбанк  жəне  оның  еншілес 
институттарын  фашистер  ешқандай  да  материалды  қамтамасыз  етілмеген 

 
 
115
басқыншылық  маркаларды  өздерінің  аумақтарында  шығару  үшін 
пайдаланды.  
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  кеңес  басқыншылығының 
аймағында  Райхсбанктің  қызметі  тоқтатылды,  ал  батыс  аумақтарда  екі 
сатылы банктік жүйе енгізілді.  
Германияның  əр  жерлерінде  бұрынғы  Райхсбанк  бөлімшелері  негізінде 
орталық  банктер  құрылып,  олардың  қызметі 1948 жылы  ақпан  айынан 
бастап,  Немістің  жер  банкілерінің  тəжірибелеріне  сүйене  отырып  жүзеге 
асырылды. 
1957 жылы қабылданған Немістің федералды банкі (Бундесбанк) туралы 
заң негізінде орталық банктер Бундесбанктің бас басқармалары бола отырып, 
бірқатар ұйымдастырылу дербестігіне қол жеткізді. 
Іс жүзінде Бундесбанк Үкіметтің экономикалық саясатын жүргізгенімен 
де,  ол  заңды  тұлға  болып  саналады.  Несиелік  мекемелер  үшін,  ол  “соңғы 
сатыдағы  қайта  қаржыландыру  көзі”  немесе  басқаша  айтқанда  “банктердің 
банкі” болып табылды.  
Германиядағы  банктік  жүйенің  басты  буынын  коммерциялық  банктер 
құрайды.  Оларды,  ең  бастысы  үлкен  бір  əмбебаптық  дəрежелері  ажыратып 
тұрады.  Іс  жүзінде  олар  айналыспайтын  банктік  операциялар  жоқтың  қасы 
десе  болады.  Олардың  үлесіне  Германияның  несиелік  институттары  жүзеге 
асыратын операциялардың жалпы көлемінің 3/4 бөлігі тиеді.  
Бүгінгі  таңда,  Германияда  жоғарғы  деңгейде    бақылау  ұйымдастыру 
жүйесі  қалыптасқан.  ХІХ  ғасырдың  соңына  қарай  ірі  акционерлік  банктер 
үшін 
арнайы 
есепке 
алу 
енгізілген. 
Бақылау 
бойынша 
банк 
заңдылықтарының  жетілдірілуіне  экономикалық  дағдарыстар  қатты  ықпал 
етті. 1929-33 жж.  дүниежүзілік  дағдарыстан  соң,  Германия  банктік  аяға 
қойылатын  бақылауды  күшейтті.  Сол  уақыттарда  алғашқы  мемлекеттік 
бақылау ұйымдары құрылды. 1961 жылы қабылданған Несие жүйесі туралы 
жаңа заң несиелік жүйеге қадағалау жасайтын арнайы құрылған Федералдық 
ведомствоға бақылауды жүзеге асыруды жүктеді.   
Ақша  айналымы  капиталын  үздіксіз  қамтамасыз  ету,  өнеркəсіптік 
кəсіпорындар  мен  жеке  шаруашылықтарды  қаржыландыру,  қаражат 
жинақтаудың  кеңейтілген  мүмкіндіктерін  жасау  банктердің  маңызды 
мəселелерінің біріне айналуда. 
Тиімді  нарық  экономикасын  құру  орталық  банк  қызметтерінің  шегін 
белгілей  отырып,  коммерциялық  банктердің  қызметін  ажырататын  екі 
сатылы банк жүйесіндегі несиелік істің жетілдіруін талап етеді. 
Экономиканың өсуін ынталандыратын, бірақ инфляциялық процестерге 
əкелмейтін  ақша  массасының  мөлшерін  белгілеу  орталық  банктің  басты 
қызметін білдіреді. Коммерциялық банктер секторы меншіктің формаларына 
қарамай,  капиталды  орталықтан  басқаруға  тəуелді  болмай,  өзінде  бар 
қаражат  көлемін  тиімді  де,  ұтымды  пайдалануға  қадамдарын  жасауда. 

 
 
116
Себебі,  капиталды  дұрыс  пайдаланбау,  яғни  несиелер  беру  барысына  көңіл 
аудармау коммерциялық банктерді пайдасыздыққа əкелері сөзсіз. 
Есеп  айырысу  жəне  басқа  да  қызметтерге  қарағанда  несиелік  қызметі 
бойынша  банк  көбіне  тəуекелге  барады.  Банктердің  маңызды  міндеттеріне 
несиелік  тəуекелді  басқарумен  қатар,  несиелерді  берілу  мерзімдеріне  қарай 
трансформациялау 
жатады. 
Салым 
иелерінің 
көпшілігі 
өздерінің 
капиталдарын  қысқа  мерзімге  салғанды  тиімді  санайды.  Ал,  экономикадағы 
күрделі  қаржыны  қаржыландыру  өз  кезегінде  ұзақ  мерзімді  капитал 
жұмсалымын  талап  етеді.  Сондықтан,  банктер  капиталдың  əр  түрлі 
мерзімдерде берілуін ыңғайластырып отыруға тиісті. 
Сонымен  қатар,  банктердің  келесі  бір  міндеті - берілетін  капитал 
шамаларының өзара сəйкес келуіне көңіл аудару болып табылады.  
Несиені  тəуекелдік  дəрежесіне,  берілу  мерзіміне  жəне  шамасына  қарай 
трансформациялау банктердің негізгі қызметін білдіреді. 
Банктердің  келесі  бір  маңызды  экономикалық  қызметіне  ақша 
айналымын ұйымдастыру жатады. 
Германия  банктік  жүйесінің  өнеркəсібі  жағынан  дамыған  басқа 
елдердегі 
банк 
жүйелерімен 
салыстырғандағы 
ерекшелігі 
оның 
құрылымында  жұмыс  істейтін  əмбебап  несиелік  мекемелердің  басым 
болуынан көрінеді.  
Германияның  банк  жүйесінің  құрылымы 12-суретте  келесі  бетте 
берілген. 
Германиядағы 4000-ға  жуық  жұмыс  жасайтын  несиелік  мекемелер, 
олардың  қызметінің  түрлеріне  қарай  əмбебап  жəне  мамандандырылған 
банктерге  немесе  оларды  құқықтық  формаларына  байланысты  жеке  жəне 
қоғамдық-құқықтық несиелік мекемелерге бөлінеді.  
Жеке  коммерциялық  банктер  секторы 350-ге  жуық  немесе  олардың 
7000-нан астам филиалдарын жəне 200 мыңдай қызметкерлерін қамтиды. Бұл 
секторға үш ірі банк, 200-дей аймақтық банктер, 80 жеке банкирлер жəне 60-
қа жуық шетел банктерінің филиалдары кіреді.  
Жеке коммерциялық банктердің ортақ маңызды белгісі –  қысқа мерзімді 
несиелік келісім істерімен айналысу. Соңғы кездері ұзақ мерзімде несие беру 
көлемі  де  артып  келеді. °сіресе,  жеке  коммерциялық  банктер  бағалы 
қағаздарға  күрделі  қаржы  жұмсау  саласында  кеңес  беру,  мүлікті  басқару 
барысында  қарқындылық  танытуда.  Шамамен,  тұрақты  пайызды  бағалы 
қағаздардың барлығының төрттен үш бөлігі - инвестициялық сертификаттар 
жəне  акциялар - осы  жеке  банктердің  бағалы  қағаздарына  арналған  депо 
шотында  болып  табылады.  Сауда-саттық  қатынастарындағы  төлем  есеп 
айырысуларын  орындаудағы  жəне  шетелмен  капиталдар  айналымы 
төңірегіндегі  жеке  банктердің  қызметі  өте  маңызды.  Олардың  қолдарында  
3/4 – жоғарғы  мөлшерде  шетел  банк-корреспонденттерінің  жұмыс 
баланстары (Workіng balance) бар  жəне  сондай-ақ  шетелмен  жасалатын 
барлық  коммерциялық  төлем  операциялары  жеке  банктердің  шоттары 

 
 
117
арқылы  өтеді. °рине  жеке  несиелік  мекемелермен,  жеке  коммерциялық 
банктер  топтары  арасында  бірқатар  айырмашылықтар  жоқ  емес,  оларды 
кəсіпорын,  ұйымдарға,  қызметтерінің  географиялық  облысына  жəне 
мамандануына байланысты байқауға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ãåðìàíèÿíû» áàíê 
æ¾éåñi 
°ìáåáàï 
áàíêòåð 
Àðíàéû 
áàíêòåð 
Æåêå 
êîììåð- 
öèÿëûº 
áàíêòåð 
Êîîïåðàòèâ- 
òiê íåñèåëiê 
ìåêåìåëåð
 
Қ
î¹àìäûº 
º½ºûºòûº 
íåñèåëiê 
ìåêåìåëåð
Æåêå 
áàíêòåð 
Қ
î¹àìäûº 
º½ºûºòûº 
ìåêåìåëåð 
ʼï 
ôèëèàëäàð
û áàð 
áàíêòåð 
 
Àéìàºòûº 
æ¸íå 
áàñºà äà 
íåñèåëiê 
áàíêòåð 
 
Æåêå 
áàíêèðëåð 
 
Øåòåë 
áàíêòåðiíi
» 
ôèëèàëäà 
ðû 
Íåñèåëiê 
ñåðiêòåñòiê
òåð 
(Ôîëüêñ 
áàíê, 
Ðàéôàéçåí
áàíê) 
 
Êîîïåðà 
òèâòiê 
îðòàëûº 
áàíêòåð 
Æèíຠ
êàññàëàðû 
 
Æèðî 
Öåíòðàëäàð 
Æåêå 
èïîòåêà- 
ëûº 
áàíêòåð. 
Êåìå æàñàó 
îáëûñûí-
äà¹û 
íåñèåëiê 
áàíêòåð. 
Қ
àðàïàéûì 
ò½ð¹ûí ¾é 
º½ðëûñûí 
ºàðæûëàí 
äûðó¹à 
àðíàë¹àí 
æåêå æèíຠ
êàññàëàðû. 
Áà¹àëû 
ºà¹àçäàðäû 
ñàºòàó¹à 
àðíàë¹àí 
áàíêòåð. 
Òàïñûðìà 
áåðåòií 
áàíêòåð. 
Íåñèåëiê 
ºî¹àìäàð. 
 
Қ
î¹àìäûº 
º½ºûºòûº 
èïîòåêà-
ëûº 
íåñèåëiê 
áàíêòåð. 
 
Àðíàéû 
ìiíäåòòåði 
áàð 
íåñèåëiê 
ìåêåìåëåð 
 
Қ
î¹àìäûº 
æèíຠ
êàññàëàðû. 
 
Ïîøòàëûº 
æèðî 
êàññàëàð 
æ¸íå 
ïîøòà- 
æèíຠ
êàññàëà-
ðûí 
äà¹û æèðî 
êàññàëàð. 

 
 
118
 
12-сурет. Германияның банк жүйесінің құрылымы 
 
Үш  ірі  банк:  Дойчебанк,  Дрезднербанк  жəне  Коммерцбанк (1871 жылы 
империя  тұсында  ірге  тасы  қаланған)  немістің  белгілі  жəне  ірі  несиелік 
мекемелерін  құрайды.  Осы  үш  банк  те  акционерлік  қоғамдар  формасында 
құрылған.  Əр  банктің 200000-нан 300000-дейін  акционерлері  бар,  олардың 
бөлігін банктің қызметкерлері алады.  
Бұл  банктер  кең  көлемде  қызметтер  көрсететін  əмбебап  банктер  болып 
саналады.  Əсіресе,  сыртқы  сауданы  қаржыландыруда,  эмиссиялық  келісім-
істерде  жəне  клиенттердің  бағалы  қағаздарын  басқару  саласында  бұл 
банктердің маңызы жоғары.  
Жан-жақты  қызмет  көрсету  барысында,  бұл  үш  банк  өздерінің  барлық 
Германияны  жаулап  алған,  саны 4000-нан  жоғары  филиалдарына  арқа 
сүйейді.  Соның  негізінде,  оларға  ”көп  филиалдары  бар  банктер”  деген  атақ 
берген. 
Аталған  банктер  экономика  жəне  халықпен  тығыз  байланыс  жасайды. 
Жалпы  алғанда  бұл  үш  банктің  концерндер  саласында 20 млн.  жуық 
клиенттері  бар.  Ірі  банктердің  ауқымды  халықаралық  қызметтері  елдің 
ішіндегі, шетелмен байланысты операцияларды жүзеге асыратын мықты банк 
бөлімшелерінен  жəне  барлық  əлемге  тараған  еншілес  ұйымдарынан,  сол 
сияқты басқа елдердегі филиалдары мен өкілдіктерінен көрінеді. ¶ш банктен 
басқа  да 200-ге  жақын  аймақтық  банктердің  жəне  басқа  да  несиелік 
мекемелердің  қызметтері  акционерлік  қоғамдар,  акционерлік  коммандиттік 
серіктестіктер  жəне  жауапкершілігі  шектеулі  қоғамдар  формасында  жүзеге 
асырылады. 
Бұл  топтың  біршама  ірі  банктері  өздерінің  іскерлік  қызметтерін 
жоғарыда  айтылған  филиалдары  көп  банктер  сияқты  əмбебап  түрде 
атқарады.  Мұндай  банктер  қатарындағы  кейбірінің:  Байерише  Ферайнсбанк 
АГ  жəне  Байерише  Хипотекен  унд  Вексель – Банк  АГ-  дың  халықаралық 
беделі өте жоғары болғандықтан да, олардың филиалдары елдің ішінде жəне 
шетелдерде көп тараған.  
Жеке банкирлер де немістің банк ісінің дəстүрлі саласын құрайды. 20-ға 
жуық  жеке  банкирлер  өздерінің  қарамақтарындағы  бірнеше  жүз  жылдар 
бойы қалыптасып келген 80-ге жақын банкирлер үйіне ие.  
Жеке  банкирлер  тобына:  ашық  сауда-саттық  қоғамдары  жəне 
коммандиттік  серіктестік  формасында  құрылған  банктер  кіреді.  Жеке 
банкирлер  өздерінің  іскерлік  құрылымына  қарай  бір-бірінен  ажыратылады. 
Ережеге сай олардың филиалдары болмайды.  
Сонымен  қатар,  жеке  коммерциялық  банктер  қатарын  шетелдік 
банктердің филиалдары толықтырады.  
Бүгінгі  таңда 50-ден  астам  елдердің 300-ден  асатын  шетелдік  несие 
мекемелері, 1000-ға  жуық  филиалдар  торабы  Германияға  қаржы  нарығында 

 
 
119
жұмыс  жасайды.  Олардың  қызметтері  көбіне  еншілес  несиелік  мекеме 
формасында жүзеге асырылады. 
Соңғы 50 жыл  ішінде 700-ден  астам  жинақ  кассалары  мен 
жироцентралдардан  тұратын  қоғамдық-құқықтық  коммерциялық  банктер 
топтары  біршама  ұлғая  түсті.  Барлық  коммерциялық  банктердің  жалпы 
көлеміндегі  олардың  үлесі  жартысына  жуығын  құрайды.  Олардың  ертедегі 
қызметтері  жинақтау  жəне  нақты  құндылықтарды  кепілдікке  ала  отырып 
несиелеу  болатын.  Бүгінгі  таңда  олар  əмбебап  қызмет  көрсететін 
коммерциялық  банктер  сипатына  ие  болуда.  Жироцентралдармен  біріге 
отырып,  жинақ  кассалары  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айрысу  операцияларын 
жүргізетін  үлкен  жиро  жүйені  құрайды  жəне 19000 филиалдары  негізінде 
банктік торапты қамтамасыз етеді. 
12  жироцентралдар  сол  облыстың  жинақ  кассаларының  орталық 
ұйымдары  ретінде  банктік  қызмет  көрсетуге  байланысты  операцияларды 
жүзеге  асырады.  Жироцентрал  банктер  өздерінің  құрылу  тарихына 
байланысты  коммуналдық  жəне  феодалдық  жер  банктері  болып  табылады. 
Кей жағдайларда олар ипотекалық банктер қызметін де атқара отырып, жеке 
ипотекалық банктер сияқты нарыққа капитал шығарады. 
Жинақ  кассаларымен  қатар  жироцентралдар  да  қоғамдық  құқықтық 
мекемелер  болып  саналады.  Жироцентралдардың  міндеттемелері  үшін 
федералдық  жергілікті  үкімет,  жинақ  кассалары  жəне  олардың  аймақтық 
одақтары  жауап  береді.  Бұл  үшін  жауапты  жергілікті  министрлер 
Мемлекеттік бақылау жүргізеді. 
3000-дей  кооперативтік  несиелік  серіктестіктер  қалаларда  Фольксбанк 
жəне  ауылдық  жерлерде  Райфайзенбанк  деген  атпен  кездеседі.  Бұл  жерде 
соңғы  жылдары  бірігу  себептеріне  байланысты  біртіндеп  саны  азайып  бара 
жатқан  ауылдағы  шағын  кооперативтік  несиелік  серіктестіктер  жайлы  да 
айтады. Осыдан 125 жыл бұрын Германияда “өзіне-өзі көмек беретін”, яғни 
өзін-өзі  басқаруға  жəне  жауап  беруге  негізделген  кооперативтік  несиелік 
серіктестіктер  құрылып,  жұмыс  жасаған.  Бүгінгі  күнгі  кооперативтік 
несиелік  мекемелер  өз  қызметінде  мерзімсіз  жинақ  салымдарын    тарта 
отырып, өздеріне мүше ұйымдарға қысқа жəне орта мерзімге несие берумен 
қатар, басқа да əмбебап қызмет түрін көрсетуде. 
Ертеректе  мұндай  серіктестердің  мүшелері  тек  қолөнершілер, 
өнеркəсіппен шұғылданатындар жəне фермерлер болса, ал бүгінгі таңда оның 
11  миллионнан  аса  мүшелері  халықтың  орташа  деңгейіндегілерден,  яғни 
жəне 
шенеуліктерден 
тұрады. 
Жекелеген 
кооперативтік 
несиелік 
серіктестердің  арасындағы  есеп  айрысу  операциялары  аймақтық  орталық 
банктер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Соңғы  жылдардағы  қосылулар  мен 
бірігулердің  салдарынан  бұл  топ  бүгінгі  таңда  төрт  мекемеден  тұрады. 
Кооперативтік  банктік  топтың  жоғарғы  ұйымы – ДГ  банк – Дойче 
Геноссеншафтсбанк  АГ  болып  табылады  жəне  ол  қоғамдық  құқықтық 
корпорация  болғандықтан,  заңға  сəйкес  оның  басты  міндеті - немістің 

 
 
120
кооперативтік  ісін  ұйымдастырумен  байланысты  келеді.  Сонымен  қатар,  ол 
əмбебап  коммерциялық  банк  ретінде  акция  шығаруға  жəне  басқа  да  
операциялардың түрлерін жүзеге асыруға толық құқылы. 
Германияда 
əмбебап 
коммерциялық 
банктермен 
біріге 
мамандандырылған  банктер  қатары  да  жұмыс  істейді.  Мамандандырылған 
банктердің  негізгі  тобын  жер  бөлімшелеріне  несие  беру  жəне  коммуналдық 
несие беру бойынша 30-ға жуық ипотекалық банктер мен мамандандырылған 
банктер  құрайды.  Олар  тұрғын  үй  құрылысын  қаржыландыру  үшін  жəне 
тұрғын  үй  ғимараттарын  қайта  жаңғырту  барысында  жер  бөлімшелерін 
пайдалану  құқығын  кепілдікке  ала  отырып,  ұзақ  мерзімге  несие  береді.  Бұл 
несиелік  мекемелердің  екінші  бір  басты  қызметі – коммуналдық  несиелер 
беру  болып  табылады.  Мұндай  несиелер  жергілікті  үкімет  немесе 
муниципалиттерге,  басқа  да  корпорацияларға  жəне  қоғамдық  құқықтық 
мекемелеріне  беріледі.  Соңғы  он  жылдағы  қоғамдық  бюджеттердің  ұзақ 
мерзімді  қаржыландыру  қаражаттарына  деген  сұраныстың  жоғарлауы 
салдарынан коммуналдық несиелердің маңызы артуымен қатар, олар тұрғын 
үй құрлысына берілетін несиелерден біршама жоғарғы дəрежеде болып отыр. 
Осы  топқа  кіретін  екі  несиелік  мекеме  ипотекалық  банктер  ретінде  кеме 
жасау  саласына  орта  жəне  ұзақ  мерзімді  несие  берумен  айналысады.  Бұл 
ипотекалық  банктер  несиелеуді  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  қаражаттарды 
капиталдар  нарығында  кепілдікке  алған  қағаздармен  коммуналдық  займдық  
облигацияларды сату есебінен жинақтайды. 
10-ға  жуық  қоғамдық  құқықтық  ипотекалық  несиелік  мекемелер  мен 
жеке  ипотекалық  банктер  ипотекалық  жəне  коммуналдық  несие  беруге 
маманданған.  Тарихи  тұрғыдан  қарасақ,  бұл  несиелік  мекемелер  өздерінің 
бастауын  ХҮІІІ  ғасырдағы  жер  иеленушілердің  арзан  ауыл  шаруашылық 
несиелерін  алу  мақсатында  құрылған  қоғамдық  құқықтық  бірлестіктерді 
білдіретін ”Ландшафтардан” алады.  
30-дан  аса  жеке  жəне  қоғамдық  құқықтық  жинақ  кассалары  өз 
қызметтерін  жеке  меншік  үйлер  жəне  пəтерлерге  ұжымдық  қаражаттар 
жинақтау  қағидасы  бойынша  қаржыландыру  барысында  жүзеге  асырады. 
Тұрғын  үй  құрылысы  үшін  қаражат  жинақтаудың  артықшылығы 
жинақталған  қаражат  негізінде  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  төменгі  жəне 
тұрақты пайызбен несие алуға құқық берумен байланысты. 
Несиелеу  барысында  кепілдік  беретін 30-ға  жуық  банктер  жəне  кепіл  
беру    қоғамдары  орта  кəсіпорындарға  өздерінше  көмек  беретін  несиелік 
мекемелер болып табылады. Бұл несиелік мекемелердің негізгі міндеті  - ұсақ 
жəне  орта  кəсіпорындар  үшін  бəсеке  аумағында  орын  алатын  қолайсыз 
жағдайларды қалыпқа келтіру. 
1990 жылдың басынан есеп айырысу жүйесі жəне салым операциялары 
саласында  мамандандырылған  банк  ретінде  пошта  банктері  өздерінің 
коммерциялық  қызметтерін  жасады.  Бұған  дейін  екі  пошта-жинақ  мекемесі 
жəне 14 пошта  жиромекемелері  құқықтық  тұрғыдан  алғанда  немістің 

 
 
121
федералдық  пошталарының  дербес  емес  кəсіпорындары  болып  табылатын. 
Бүгінгі  таңда  мұндай  қоғамдық  кəсіпорындардың 20000-нан  астам 
бөлімшелері жұмыс жасайды.  
Арнайы  міндеттері  бар  жеке  құқықтық  формада  қызмет  көрсететін 20 
несиелік  мекемелердің  екеуі - АКА  Аусфуркредит-Гезельшафт  М
&Х  жəне 
қайта  қалпына  келтіру (KFW) несие  мекемелері    -  дамушы  елдердегі 
экспорттық 
ерекшеліктерді 
қаржыландырумен 
жəне 
Германияның 
экономикалық  жағынан  нашар  дамитын  аймақтарында  күрделі  қаржы 
жұмсалымдарына  несие  берумен  айналысады.  Ал,  басқа  да  мекемелер 
өнеркəсіптерді,  əлеуметтік  тұрғын  үй  құрылысын,  ұсақ  жəне  орта 
кəсіпорындарды,  ауыл  шаруашылығы  жəне  өзге  салаларды  мемлекеттік 
бағдарламаларға сай қолдау жасап отырады. 
Германияның  орталық  банкі – немістің  федералдық  банкі  Бундесбанк 
болып  табылады.  Ол  Франктфурт-на-Майнедегі  орталық  басқармасы  мен 9 
жергілікті орталық банктерден (1992 жылға дейін он бір болған) жəне 200 бас 
бөлімшелері мен филиалдарынан тұрады.  
Федералдық  банктің  компетенциясы  мен  міндеттері  жайлы  арнайы  заң 
жұмыс  жасайды.  Федералдық  банк  капиталы  мемлекетке  тиесілі 
болатындықтан,  ол  мемлекеттік  банк  болып  саналады.  Федералдық  банк 
өзіне берілген құқықтарға сай федералдық үкіметтің нұсқауларын орындауға 
міндетті емес. Ол тек федералдық үкіметке экономикалық саясат облысында 
көмек  береді.  Банктің  орталық  Кеңесі  мен  федералдық  үкімет  арасындағы 
өзара  ынтымақтастық,  көбіне,  ақша-несие  саясатына  федералдық  банк 
президентінің  араласуына  байланысты  қалыптасқан.  Ал  федералдық  үкімет 
өз жағынан банктің орталық Кеңесінің барлық мəжілістеріне қатынаса алады. 
Оның  дауыс  алу  құқығы  жоқ,  бірақ  та  кейбір  кеңес  шешімдеріне  өзінің 
өтінішін жасай алады. 
Шетелдің басқа да орталық банктері сияқты, немістің федералдық банкі 
банкнотты  шығаруға  монополиялық  құқыққа  ие  болумен  қатар  валютаның 
тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндетті. Осы мақсатта федералдық банктің 
ақша айналымын реттеу жəне экономиканы несиелеу мүмкіндігі бар.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет