Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет3/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Алғы сөз

Жоғары оқу орындарында «Шетел әдебиеті» пәнін үш семестр «Ежелгі әлем әдебиеті», «Орта­ғасырлардағы шетел әдебиеті» және «Қазіргі заман шетел әдебиеті» оқу жоспарына лайықталып оқытылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология: қазақ тілі», «Шетел филологиясы» мамандықтары бойынша тәлім алатын студенттерге қазақ тілінде оқыту дұрыс жолға қойылғанмен, әлі күнге дейін кредиттік оқу жүйесіне лайықталып дайындалған арнайы оқулық, оқу құралдарының тапшылығы көрінеді. Десек те С. Әшімханованың «19 ғ. Батыс Еуропа әдебиетінің тарихы» атты оқу құралы, С.Дүйсенғазиннің «Шетел әдебиетінің тарихы» атты оқулығы жарық көрді. Соңғы кітапты автор мүмкіндігінше кредиттік жүйеге лайықтап құрастырған, өз оқулығында ежелгі әдебиеттен антикалық дәуір әдебиетін қарастырған. Ол түсінікті, өйткені оқулықтың мақсаты шетел әдебиет тарихын қамтиды.

Алдарыңыздағы лекциялар курсы шетел әдебиетінің ажырамас бөлігі - Ежелгі әлем әдебиеті тарихына арналған. Ежелгі әлемнің адамзат тарихы мен оның дамуына, өркениеттердің қалыптасуындағы зор үлесін айтудың өзі артық. Бұл кезең бірнеше мыңжылдықтарға созылып, ұзақ уақытты қамтыды.

Оқу құралында қарастырып өткен алуан түрлі өркениет пен әдебиеттерді дәстүрлі жүйе бойынша үш кезеңге: Ерте кезеңді – ежелгі деп, Орта кезеңді классикалық, кейінгі кезеңді жаңа деп бөлдік. Әр кезең өздігінше үлес қосу арқылы тарихта түрлі орынға ие болғанынан хабардармыз. Осындай күрделі тарихи үрдістер ежелгі әлемдегі Жерорта теңізінің жағалауындағы Тигр және Евфрат аумағында жүрді. Мұндағы басты рөлге шумерлер, кейін аккадтар, семиттіктер, финикийліктер, еврейлер мен хеттіктер, үнді европалық тілге жататын этникалық топтар ие болды. Сол секілді б.з.д. ІІІ ғ. ежелгі евро–афро–азияттық аумақтағы Эгей өркениетінің үшінші кезеңі, ал б.з.д. ІІ ғ. крит-микендік кезеңдерді айтпай кетуге болмайды. Бұл дәуірдің ескерткіштері осы күнге дейін жеткен. Кезекті ежелгі үнділерге берсек, мұнда б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда керемет «Махенджо–Даро және Хараппа» деп аталатын өркениет өмір сүрсе, Хуанхэ өзенінің бойында Яншао өркениеті болғаны белгілі. Қорыта келе, ежелгі әлемдегі мәдениетті қалыптастырған үлкен үш мәдени-тарихи орталықтарды айтуға болады: Шығыс-азия, Оңтүстік-азия мен Евро–афро–азия территориялары. Осы негізгі үш аймақ бүкіл адамзат тарихы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.

Оқу құралы 15 лекцияға бөлініп, тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар берілді. Оқу құралында студенттердің өздік жұмыс тапсырмалары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, аудармалар тізімі, глоссарий және оқушы өзі-өзі тексере алатын, жауаптары көрсетілген қосымша тестік сұрақтар мен синхронды кестеден тұрады.

Оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламасы мен Мемлекеттік стандартқа сәйкес /1 кредит – 45 сағатқа/ құрастырылған.


Алдарыңыздағы оқу құралы шығыстану факультеті студент­­те­рін 5В02100 «Шетел филологиясы» және «Әлем әдебиеті», 5В020700 «Аударма ісі» «Шетел халықтарының әдебиеті YI-XYIII ғасырлар» пәні бойынша лекциялар курсының негізгі мазмұнымен таныстыру мақсатын көздейді. Курс 3 кредитті құрайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министр­лі­гі бекіткен Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес жалпы кәсіби пәндер арасында маңызды орынға ие. Бұл пән бір семестр бойы оқытылады.

Оқу құралындағы материал шығыстану факультетінің оқу жос­па­­ры негізінде және пәнге бөлінген лекциялар мен практикалық дәріс­теріне бөлінген.

«Шетел әдебиетін» оқу дәстүрлі хронологиялық принципке бағы­на­ды.

Бұл курсты оқудағы міндеттер:


  • Әрбір кезеңнің даму ерекшеліктерін студенттердің біртіндеп игеруі;

  • Басты көркем бағыттардың және базалық эстетикалық жүйелер­дің ерекшеліктерін ашу;

  • Мәдениет пен әдебиеттің динамикасын анықтайтын ортақ ба­ғыт­тар заңдылықтарының қарым-қатынастарын оқып-білу;

  • Ірі жазушылар шығармашылықтарын талдау;

  • Көркем формалардың дамуы, әдеби жанрлардың қалыптасу тұр­ғы­сында теориялық білімдерін арттыру;

Курс тыңдаған студент келесі дағдыларды қалыптастыру керек:

  • Шетел және салыстырмалы әдебиеттану мәселелерін шешу мен зерттеу;

  • Мәселелерді авторлар мен олардың шығармаларын жанрлар, олардың түрлері, көркемдік ерекшеліктері, тілі мен стилі бойынша талдау;

Оқу құралы орта ғасырлардағы Шығыс және Батыс елдері әде­бие­тінің тарихы, Қайта өрлеу дәуірі, Шетел халықтарының YI-XYIII ғасырлар әдебиеті тарихы материалын қамтиды.
Оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламасы мен Мемлекеттік стандартқа сәйкес /1 кредит – 45 сағатқа/ құрастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет