Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Жаңа патшалық әдебиеті (б.з.д. XYI-YIII ғ.)



бет7/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Жаңа патшалық әдебиеті (б.з.д. XYI-YIII ғ.). Жаңа патшалық кезеңінде ішкі және сырт­қы гүлдену нәтижесінде Мысыр орасан дүние­жүзілік державаға айналып, сыртқы әлем­нен бөлек­теуінін жойды. Мұндай тарихи өзгерістер, әрине, әдебиетте де өз әсерін айшық­тады, әсіресе әнұран табыспен қолданылды.

Әнұрандармен қатар жаңа патшалық дәуірінің діни әдебиеті «Өлілер кітабының» 125-ші тарауы ерекше саналды, өйткені «Пирамида мәтіндері» тек патшаларға арналса, бұл керісін­ше қайсыбір пақырға да көмектеседі деген сенім қалыптасты. Мәтіндердің 125-ші тарауы өзі­нің мазмұнымен ерекшеленеді: онда өлген адамның жанына Осиристің табыттық соты сурет­теледі. Бұл табыттық сотының мәні: адам жанының жерде жасаған іс-қимылдары дұрыс деп танылса, мәңгілік өмірмен қамтамасыз етілді; қылмыскердің немесе күнәһардың жаны екін­ші және соңғы өлімге берілді. Мұнда өлген адам жасамауы тиіс күнәлар мен қылмыстар тізі­мі келтірілген. Сиқырлы мазмұнды көптеген басқа тараулардың арасына жоғалған «Өлілер кітабының» 125-ші тарауы мысырлықтардың жоғарғы дәрежедегі талап­та­рын байқауға болады.

Ауыз әдебиетінен фрагментарлы түрде сақталған басқа аңыз-ертегілер көптеп кездеседі. Аңыздық емес мазмұндағы ертегілер де барынша қызықты. Соның ішінде «Екі ағай­ын­ды туралы» ертегі орны бөлек.

Ертегі қарапайым халықтық типті ағалы-інілі шаруа-егіншілер, кіші інісі далада және үйде қинала еңбек етіп, ағасы мен әйелінің азығын табады. Ертегіде әңгіме кіші інісінің басы­нын айнал­дыруға тырысқан ағасының опасыз әйелі туралы болады. Ештеңе шықпаған соң опасыз әйел күйеуіне ол жоқта інісінің зорлағысы келгенін айтады. Жәбірленген және абыройы төгіліген інісі кұдайдың көмегімен ағасынан кұтылып кетеді. Ол «кедр жазығы» Ливанға кетіп қалады, онда алуан түрлі сиқырлы оқиғаларды басынан кешеді. Соңында іні­сіне алаңдаған ағасы оны Мысырға қайтуын сұрайды, ал опасыз әйелі жазасын алады. Ал кіші інісі Мысыр перғауыны болады.

Сол секілді жаңа патшалық әдебиетінде өзінің өмірлік сенімділігі әрі лирикалығымен «Ун-Амон саяхаты» аталатын мысырлық Ун-Амонның Библге саяхаты туралы әңгімесі құнды. Бір ғана данада жеткен ол Мәскеуде А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері мемле­кеттік мұра­жайында сақталған, Әңгіме сол кезеңдегі елдер мен Мысырдың саяси жай-күйі туралы қызықты мәліметтер катарын камтиды. Ун-Амон саяхатын сенімділігі мен көркемдік жетістігі бойынша «Синухе әңгімесімен» салыстыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет