Ежелгі патшалық әдебиеті (б.з.д. III мыңж.). Осыдан жүз жылдан астам бұрын Каирдан алыс емес жерде белгілі француз мысыртанушысы Г.Масперо б.з.д. XXY ғ. соңына – XXIII ғ. ортасына жататын Y және YI әулеттердің бес перғауыны пирамидаларындағы ішкі ғимарат қабырғаларына сызылған жазуларды ашты. Ғылымда ол «Пирамида мәтіндері» атауымен бекітілді.
Өлген адаммен қоса тамақ, су, қажетті заттардың барлығын жерлеу тек ежелгі мысырлықтарға ғана емес, көптеген халықтарға тән дәстүр болғаны белгілі. Неміс ғалымы К.Зетеның айтуы бойынша мысырлықтар өлгеннің әруағына арналған әдеби шығарманы да бірге жерлеген, солардың бірі «Пирамида мәтіндері болды».
Мысырлықтардың адам табиғатына, өлімге, ақиретке деген көзқарастары ежелгі дәуірде, б.з.д. IY-III ғ. біртұтас Мысыр мемлекетінің қалыптасуына дейін пайда болды. Өкінішке орай, бұл жөніндегі біздің танымымыз жеткіліксіз. Олардың пайымдауынша, адам тек көзге көрінетін ет пен сүйектен ғана емес, сол секілді көзден тыс бір не бірнеше субстанциялардан тұрады. Әр адамның КА-сы1 /субстанциясы/ о дүниеде мәңгі жасайды, мәңгі өмір сүруінің шарты тірі қалғандардың қамқорлығында болды. «Пирамида мәтіндерінде» перғауын-билеушінің о дүниедегі тағдыры біркелкі суреттелмейді: біреуі құдайға жақындастырылса, енді біреуін «ұлы құдай» санатына қосады.
Бірақ өлген перғауынның құдайларға жақындығы тірілердің дабылын азайтпады. Өлген адамды құдай әлеміне жақындастыру перғауынның әдеттен тыс қуаты мен беделі жөнінде ойдың пайда болуына әсер етеді. Сиқырлық әсерді күшейту үшін мысырлықтар «Пирамида мәтіндеріндерінде» салт-жоралық поэзияға тән әдеби әдістерге (аллитерация, параллелизм т.б.) жүгінген. «Пирамида мәтіндеріндері» өлген перғауынға құдайлар қоғамында мәңгілік өмірге кепіл болуы тиіс болды.
Мысыр діні мен «Пирамида мәтіндері» жайлы мынадай қорытындыға келеуге болады: ең бастысы - қарапайым адамның мәңгілік өмір сүруге талпынысының бейнесі, сол кездегі адамдардың мәңгі жасайтын құдайларға ұқсап, ажалды жеңуге деген аңғырт сенімі. Мысырлықтар өмірді сүйгені соншалық, жерде өмір сүре отырып, Б.А.Тураевтың айтуынша «ажалға қарамастан өлмеуге» дайындалған.
Ерекше мазмұнды әрі қызықты өмірбаяндар Y және YI әулет уақытынан жеткен (б.з.д. XXYI-XXIII ғ.). Y әулет перғауыны Неферкардың уәзірі әрі бас құрылысшысы Уашптах жазбасында сол ақсүйектің күтпеген ажалы туралы драмалық әңгімесі баяндалған. Балалары мен айналасындағылар қоршаған патша Уашптах басқарған құрылыс жұмыстарын қарайды. Құрылыс барысына қанағаттанғанын білдірген билеушіге уәзірдің жауап қатпағанын байқалады. Сол кезде ол талып қалған екен. Перғауын оны сарайға апаруды және емшілерді дереу шақыруды бұйырады. Папирус-анықтамаларын алып келген олардың білімдері жеткіліксіз болып, патшаның сенімді құлы қайтыс болады. Бізге бұл тарихи оқиғаның фрагментті жазуы ғана емес, уәзір өлімін бейнелеген барельеф те жеткен.
Ақсүйектердің жазулары Мысыр қоғамының жоғарғы қабатының өнегелі кодексі – бұл қоғамның этикалық талаптарын көрсететін нақты немесе алдауыш кодексі жөнінде хабарлайды. Бұл жазулардың авторлары үшін шабыт көзі ежелгі патшалық дәуірінде гүлденген дидактикалық әдебиет болды.
Достарыңызбен бөлісу: |