Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет31/36
Дата04.11.2016
өлшемі6,9 Mb.
#242
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

Арво Абдо Османның «Маса қаласы Танакада болып тұрады» әңгімелер жинағының (2001) басты сипаты ұлттық фольклорды пародиялау болып табылады. Арва 1965 жылы Таиззде туылған. Ол бала шағынан-ақ Йемен фольклорына әуес болып өсті. Сана универси­тетінің философия бөлімін тәмамдағаннан кейін Арво саналық Мәдени зерттеу орталығында Йемен фольклоры мен этнографиясымен жұмыс істеді. Нақ осы жұмыс оның әңгімелерінің рухы мен стилін айқындады.

«Маса қаласы Танакада болып тұрады» әңгімесінде Йеменде «Маса қаласы Танака» бар екендігі, ол жаққа барған бірде бір адамның қайта оралмағандығы туралы айтылады. Жинақ­тағы барлық іс-қимыл нақ осы қалада орын алады. Әңгімелердің көбі йемендік әжелердің немерелеріне ертегі, аңыз-әңгімелерді бастағандағы алғы сөзімен басталады: «Ерте-ерте, ертеде бір... Бір болу тек Аллаһқа тән, ал кімнің күнәсі болса, Аллаһтан жарылқау сұрасын» немесе «Рас-өтірігін кім білсін, бұрынғы заманда, бір елде...».

Жазушы бұл фольклорлық стилистикалық шартты белгілер жүйесін үзіп тастап, мына­дай жолдармен тәмамдайды: «Ал, бұл тұста, қымбатты достар, ғафу етіңіздер, бірақ мен оқиғаны дәстүрлі «осылайша олар ұзақ және бақытты өмір сүрді» деген сөзбен аяқтай алмадым. Егер бұл рас болса, Аллаһ та шыншыл ғой, ал егер өтірік болса, Одан кешірім сұраймын» немесе «Оқиға осылай аяқталды. Бірақ білмеймін, мүмкін бітпеген де шығар. Білмеймін. Өздерің бітіріп алсаңдар да болады. Немесе аяқсыз қалдырсаңдар да өз еріктерің. Егер тәмамдайтын болсаңдар, дәстүрлі соңын жасамаңдаршы».

«Ләббай» әңгімесінде баяндау стилі иронияға толылығымен ерекшеленеді. «Сонда ол күні-түні Алладан үйлену үшін өзіне жар, қандай болмасын жар, ит болсын, тауық болсын, тым құрығанда құрт немесе өзге бір жануар жіберуін жалынып сұрайды, әйтеуір үйленсе болғаны. Аллаһ оны естіп, оған ит-жұбай жібереді. Алғашында ол қаншама сабыр мен азабы үшін ит берді деп қайғырады. Бірақ ол бәрібір де Аллаһқа мадақ айтты, содан соң маңдайына жазылғанға бас иді». Мұндағы фольклорлық баяндауға тән емес ирония мынадан байқалады: адам тіпті құртқада үйленуге әзір, Ал Құдыретті Аллаһ оның дұғаларына жауап ретінде тек итті ғана жібере алды.

Дегенмен бұл жинақтағы әңгімелердің барлығы фольклорлық сипатта емес. Бірқатар әңгімелер соңғы кездегі йемендік қоғамның ашық пародиясын жасайды. Сондай-ақ Йемен­дегі соңғы кездегі Йемендегі саяси-әлеуметтік жағдайды автор «әл-Фихтат әл-Ғауиттің пар­тия­сы», «Қоғамдық иіс түйсігіне зардап тигізу», «Баулар», «Ба-бах құдығынан сусындайтын Танака» гротескке құрылған әңгімелерінде өткір сатира арқылы жеткізеді.

Өзінің шығармашылықтарында ұлттық реңк пен постмодернизмнің түрлі тәсілдерін шебер қолдана білген жазушылардың бірі - Мұхаммад әл-Ғарби Амран. Ол 1958 ж. Дамар­да туылған. Сана универстиетінің тарих-әдебиет бөлімін тәмамдаған соң Саналық «Илмаках» әңгімесі клубының жетекшісі болып қызмет атқарды. Оның алғашқы жинағы «Шаршафалар» (Шаршаф - йемендік әйелдің үстіңгі киімі, 1997) реализм, авангардизм мен ұлттық фольклор­дың бөліктерінен құралған кішігірім әңгімелерден тұрды. Мұнда көшедегі түрлі көріністер, тұрмыстық тарихтың баз бір эпизодтары, драмалық ауыл аңыздарын әңгімелеулер автор шығармашылықтарының сюжеті болып табылады. Амран реалистік бағытты қатаң ұстана отырып, Йемендегі әлеуметтік, мәдени мәселелердің барлығын қозғап шықты. Автордың айтуынша, оның шығармашылығына орыс әдебиеті мен йемендік реалистік прозаның негізін қалаушы Мұхаммед Абд әл-Уәли туындылары айтарлықтай ықпал етсе керек.

Ал кейінгі «Аз-Зылл әл-‘ари» («Жалаңаш көлеңке» 1998), «Харим а‘аззакум Аллаһ» («Әйелдер, Аллаһым кешіре көр!» 2000), «Билкисті сүндетке отырғызу» (2002), «Манара сауда» («Қара мұнара» 2004) әңгімелерінде жазушының (Амран Мұхаммед әл-Ғарби) баян­даушы стратегияға ойысқандығы байқалады Осындай стратегияны автор «Сана мені біледі» және «Хазима» әңгімелерінде кеңінен қолданған.

«Сана мені біледі» әңгімеснің кейіпкері демалыстан кейін Дамардан Санаға бара жатқан жолда, Сананы қаншалықты сағынғандығы туралы ойға кетеді. Сонда оның ойына әдемі мұна­ралар, мешіттердің күмбездері, көпірлер барлығы – оралады. Содан соң оның есіне уни­верситет аудиториясына алғаш аяб басқаны, студенттердің назарының бұған қалай ауған­дығын алады. Автобустың Сана шетіндегі елді мекендерді жүріп өтеді: Хаддар, Уаалян, Хазиз. Әңгіме оның сапар шегуіндегі естеліктер мен көріністерге сүйенген.

Екінші әңгіме «Хазима» баяндаушы кейіпкердің «әс-Сәури» газетінен журналист Хаил әл-‘абиридің Йеменде бірінші автомобиль эстакадасының құрылысы себепті Офицерлер клубына жалғасып жатқан көне Хазима моласының қабырғасын құлату туралы Сана муни­ципалитетінің шешімі туралы мақаласын оқуынан басталады. Осы мақаладағы айтылған жайттардың барлығы шын мәнінде 1990 ж. соңына қарай орын алған оқиға. Кейіпкер ары қарай бұл төңірегінде қала тұрғындарының арасында қызу талас-тартыс, дау-дамай туын­даға­нын айтады. Кейіпкер медициналық факультеттің мәйітхана­сында жұмыс таппай тұрып осы молада түнейтін. Кейіпкер бұрын өзіне баспана болған мәйітханаға барып, онда өліліер әлемін көзімен көреді.

Бұл екі әңгімеде де постмодернистік баяндаушы стратегиясының әдеттегі белгілерін бай­қауға болады. Жазушының көптеген әңгімелері түсті еске түсіреді. Онда реалистік, шы­най өмір бөлшектерінен шынайы емес әрекеттер құралады, оқиға барысы күтпеген жерден өзгеріп отырады, кенет басқа арнаға түсіп жатады. Осылайша, мәтін фрагменттік, децен­тре­зацияланған болып шығады. Бұл әңгімелерде типтік нақтылық болмаған соң оны түрліше, талдап, түсініп, түсіндіруге болады. Ал қорқынышты оқиғаларға толы «Жалаңаш көлеңке», «Туған күнге - саусақтар», «Импотент», «Шөпқоректі қасқыр», «Сана», «Утама» әңгіме­ле­ріндегі іс-қимыл Йемен қалалары мен ауылдарында орын алады. Ал «Әйелдер, Аллаһым кешіре көр!» әңгімесіндегі оқиға болашақ­қа да, өткен шаққа да жатқызуға болатын фантас­тикалық көріністе келеді. Автор «Рухтардың көшуі» әңгімесінде мәтінмен ойын тәсіліне көше­ді, мұнда адамдар мен жануарлардың рухтары ауысады, бірақ баяндаудан кім туралы айтылып жатқандығын түсіну қиын. Амран шығармашылығындағы тағы бір ерекшелік – пародиялылық. Бұған дейінгі жазушылар буыны Йеменнің мәдени, әлеуметтік, саяси өмірін өз шығармашылықтарында реалистік тұрғыда, драмалық сюжетпен жазған болса, Амран мұның барлығын пародиямен жазған. Мысалы билік басындағылардың жемұорлығы, қызме­тін асыра сілтеп пайдаланушылығы алдыңғы буын жазушыларының еңбектерінде реалистік тұрғыда, өткір сынға алынған болса, Амран мұны ирония мен бейтараптылықпен билік мекемелерінің қызметінің симулятивті сипатын ашып көрсетеді. «Махаббатағы қылмыскер» әңгімесінде баяндаушы-контрабандист шекарамен шектес аймақтардан Санаға бару керек болған жағдайда, күндіз баратындығын, бұл уақытта кезекшіліктегі сарбаздардың оны қарақшылардан арашалайтындығын айтады. Ол өзіңнің қандай тауарды, қай жерден, қалай алатындығын баяндап береді. Реалист-жазушыларда трагедиялық сипат алатын кедейшілік тақырыбы Амран шығармашылығында пародия нысанына айналадаы: «Баб-ул-Йемен» әңгі­месін­де ол бүкіл елді кедей қайыршылар тобы ретінде көрсетеді. Йемендіктердің сөз тасу, өсекке үйірсектігін реалист жазушылар адамзаттық трагедия ретінде қозғалса, Амранда бұл да пародия нысаны. Мысалы «Қарға-бала» әңгімесінде кейіпкер өз өмірін баяндап бере­ді. Ол туылғанда әкесінің бәйбішесі, тоқалға деген қызғаныштан жаңа туған сәбидің қара түсті екендігі туралы қауесет таратады. Өсек сол аймақта тез тарап, газетте бала-қарға туралы мақала жарияланады. Кейінірек жас жігіттің қарға туралы оқиғасын білген бойжеткен оған тұр­мысқа шығудан бас тартады.

Амранның сюжеттері ғана емес, баяндауындағы жекелеген бөлшектердің өзі пародия­лы­лыққа ие. Әсіресе, әңгімелерде кездесетін газеттен алынған тұстары қосымша құжат болып көрінгенімен, шындығында, олар мистифика­циядан құралған, я болмаса еш мағы­на­сыз. Мысалы «Кат» әңгімесіндегі кейіп­кер газеттен мынадай тақырыптарды оқиды: «Клин­тон Саддамды орнынан алып тастауға өкілеттілігі жоқ екендігін айтып сендіруде», «Саддам жария түрде Америкамен соңына дейін күресуге уәде берді», «Алжирдегі қақтығыстар ушы­ғып барады», «Йемен Руб-ул-Хали шөліне Қызыл теңізден Аден шығанағына қарай канал тартуда». Алайда бұл тақырыптардың соңғысы ойдан шығарылған, себебі, Йемен ешқандай канал тұрғызған емес, тұрғызып та жатқан жоқ. «Қадыр түні» әңгімесінің кейіпкері «Әл-Жумхурийа» газетінің мейрам күнгі басылымының мәдени қосымшасынан «әдетте болып жатқан жайды мұқият бақылайтын» Абдаллах Алуан жеткізген Хишам Шамсанның хабарла­ма­сын оқиды. Хабарламада Рамазан айының 27-жұлдызында, жексенбі күні кешкі сағат сегіз­де қара бала автомобильде отырған толық кісінің бетіне ақ түсті сілекейімен түкіріп, қашып кететіндігі туралы жазылған. Бала асфальт түстес болғандықтан, қараіғы бұры­лыс­тарға сіңіп жоқ болып кетеді-мыс. Полиция оны іздестіруді жалғастыруда деп келтіреді. Бұл мақаланың еш мәні жоқ, бірақ оның авторлары ретінде екі атақты йемендік журналистері мен әдебиетшілері Абдаллах Алуан мен Хишам Шамсан деп көрсетіледі. Осылайша, жазушы шығармашылығында ойдан шығарылған контекстке шынайы адамдардың атын қолданылуы – автор тәсілдерінің бірі екендігіне көз жеткіземіз.

Постмодернистік баяндаушы стратегиясын йемендік прозада қолдану тұрғысынан ал­ғанда алдыңғы орыннан Уаджди Мұхаммед әл-Ахдальды табамыз. Ол 1973 жылы Худей­да ауы­лында дүниеге келген. Ол – Солтүстік Йемендегі белгілі ислами заң маманы, ғалым, әде­биет­шілер отбасының өкілі, Сана университетінің география бөлімінің түлегі. Ол өзінің ерек­ше таланты, жүйрік қиялы, сөз бен әзіл-оспақтың қаймағын түзуші ретінде оқырмандар, сын­шылар, кәсіпқой әдебиетшілер тарапынан мойындалып, бірнеше әдеби номинация бойынша лауреат атанды, сол сияқты республика президентінің жас автор-новеллистерге тағайындаған сыйақысына ие болды.

Әл-Ахдаль өзін постмодернистік жазушылар қатарына құлшына қоспаса да, оның «Жо­лау­шының гүлі» («Заһрат-уль-‘абир» Сана, 1998) жинағында бұл сипат анық көрінеді. Автор­дың жинаққа алғы сөзінде өзіне деген ирония көрініс тапқан: жазушы өзге бір жазушы Сами әш-Шатыбидің атын жамылады. Бұл да жинаққа ерекше сипат береді. Ол алғысөзде былай деп жазады: «Мен - басында ешқандай жаңа ой тумайтын сәтсіздікке ұшыраған автормын. Өзімнің нағыз жазушы еместігімді секе салатын қарғыс атқыр сезімді басымнан өткерген сайын менің жүйкемді бір залым шайтан тоздыратын». Ары қарай автор бір күні қолына бейтаныс біреудің хаты қолына түсіп, сол жерден жаңа ойларды алып, көптеген әңгімелер мен кішігірім пьеса жазғандығы туралы айтады.

Бұл алғысөзден соң «Полковниктің үйленуі» пьесасы мен түрлі көлемдегі мәтіндер келеді. Олардың жетеуі «Пәленшенің хаты», ал біреуі «Жолаушының гүлі» деп аталады. Бұл мәтіндердің барлығы ерекше, әрі қызық. Бұларды әдебиеттегі жанрлардың ешбіріне жатқызу мүмкін емес, мұнда кейде фантастика араласса, енді бірде ертегіні, сатиралық баяндауды, ғы­лы­ми-қарапайым публицистиканы еске түсіреді. Бұл жинақта адамдар жансыз заттарға ай­налса және керісінше үдеріс жүрсе, енді бірде өткен шақтағы тарихи тұлғалар қазіргі заман­ғы ойдан шығарылған кейіпкелер туралы сөз қозғайды.

Әл-Ахдальдың «Жолаушының гүлі» жинағындағы кейбір мәтіндерінде ғылыми шартты белгілер жүйесін құрайтын автор қиялы мен құжатнама бойынша нақты мәліметтер денін түзетін сілтемелер жиі кездеседі. Оның жарқын мысалы «Нигериялықтың хаты» мен «Бә­дәуи­дің хаты» бола алады. Бұл екі мәтін көлемінен ондағы сілтеме көлемі көбірек. Сондай-ақ әл-Ахдальдың үш хатында ортағасырлық иснад үлгісі қолданылады.

Әл-Ахдальдың екінші жинағы «Оғаш уақыттың мағынасыз сөздері» атты жинағы (1998) 26 мәтінді қамтиды. Бұл мәтіндер көлемі жағынан бір беттен тұрады, ал стилі жағынан анекдоттар мен байкаға келеді және көбіне иснадпен басталады. Мәтіндердің сюжетінде жеңсікқұмарлық бағыты айқын байқалады, пародия мен тілдік екіұштылық оларды анек­дот­тар мен байкалардан ерекшелейді. «Әйелдердің әдеби шығармашылығының адамға ұқсас­тығы» мәтініндегі мына жолдары жоғарыда айтылған сипатына ие: «Менің әжем асқан сақтық­пен бір тілім нанды нұсқап, естелігін айтты, даусынан діріл байқалады: «Бұл нан тілі­мімен ең жүрек жұтқан батыл кісінің өзін қорқынышына нүкте қоюға мәжбүрлейтін қорқы­нышты оқиға байланысты».»

Бес әңгімеден құралған «Жүзіқараның кейпі» («Сурат-ул-баттал», 1998). Амман) атты үшінші жинағында автор сюрреалистік, ал йемендік сыншы Әли Раби’ әл-Хамисидің айтуы бойын­ша «парапсихологиялық» сюжеттерді асқан шеберлікпен қолданған. Бұл жинақтың ал­дыңғы екеуінен ерекшелігі сюжетінің мақсаттылығы мен ұзақ жазылуында. Ал, жалпы алғанда автор бұрынғы өзіне тән стилінен ажырамаған: псевдоиснад, ғылыми тектес пікір, маз­мұндаудың пародиялық түрі, оқырманды баяндаушының кім екендігін көрсету мен баян­дау жағдайында жаңылыстыру тәсілі, жансыз заттарға жан бітуі немесе керісінше.

Автор «Үшінші мыңжылдық газеттері» әңгімесінде баяндаушы кейіпкер арқылы өзінің постмодернизмге деген әуестігін көрсетіп жатқандай әсер қалдырады: «Бірде «әс-Саура» газетінің редакциясындағы жазу үстелінің алдында отырып, өзімді адам төзгісіз пост­модернистік әдебиеттен мәңгіге құтқару үшін бір эфиопиялық сыйлаған уды ішуге аз қалып едім...». Постмодернистік әдебиеттің мәнін талқылау «Жазу үстелінен қашып кеткен автор­дың төрт әңгімесінің тарихы» әңгімесінде кездеседі. Автор мұнда бейнелі түрде өз шығарма­шылығына сын айтады.

Жазушы «Танысу мүмкіндігі» әңгімесінде Йемендегі қоғамдық өмірді ирониялық бағытта сипаттайды. Мұнда бір баланың болашақта өз ата-анасы болатын екі жасты таныс­тыруын баяндауы орын алады: «Сенде оған қатысты мынадай мәселелер туындайды, - дейді бала бойжеткенге, - ол катқа құлша тәуелді. Өзі Отан деп атайтын үлкен жан сақтау бөлімін­де өз өмірін сақтап қалуға әкелетін оттекті мүштек секілді кальяннан темекі түтінін тартып оты­ру­ды қатты ұнатады».

Жазушының бірінші және үшінші жинақтарындағы шығармашылықтарына талдау жасай отырып, Әли Раби’ әл-Хамиси мынадай пікір білдіреді: «Уаджди әл-Ахдальдің әңгіме­лерін оқып отырып сатиралық немесе юморлық мағынасы еріксіз езу тартқызатын сөйлем, сөз тіркемі немесе тіпті бір сөзбен міндетті түрде жолығасың. Меніңше, жазушы фантас­тика­лық сипаттағы юморлық стильді оқырманды сюжеттің еркешелігі немесе иррационалдығы себепті түсініксіздікке ұшыраудан уақытша құтқару мақсатымен осындай сөйлемдер мен тір­кестерді іздету үшін қолданады».

Әл-Ахдальдің тағы бір жинағы «Тірі жан білмеген соғыс» («Харб лам йа‘лам би-уқу’иха ахад», Сана, 2001) әңгімелер, байкалар мен кішігірім пьесадан тұрады. Бұл жинақтың ерек­шелігі – ондағы Йемен қоғамдық-саяси өмірін сатирамен жазылуы. Бұған «Тірі жан білме­ген соғыс» пен «Оғаш түстегі кісі өлтіру» әңгімелерінің сюжеті жарқын мысал бола алады. Бұлардың сюжеті сюрреалистік болғанымен, Йемендегі бейберекетсіздік, саяси қуғын-сүргін, кісі өлтіру, заңсыздықтар, азаматтардың құқықтарының аяққа тапталуы, екі ел бірік­кен­нен кейінгі фундаменталистердің екіжүзділігі түсінікті етіп баяндалады. «Алдыңғы қатардағы күмәнді қозғалыстар», «Жорғалайтын қолдар» байкалары мен «Бір сәт» пьеса­сын­дағы сатира ашық түрде қолданылған.

Уаджди әл-Ахдальдің «Тау қайықтары» («Қауариб жәбәлийа», Сана, 2002) атты постмодернистік романының басып шығаралуы үлкен шу тудырады. Бұл романның алдыңғы жазыл­ған, қысқа тексті 1998 ж. «әл-Жумхурийа әл-Йәмәнийа» журналының мәдени қосым­шасында өзгеше атаумен жарық көрген болатын. Бірақ ол кезде мұндай дау-дамай тумаған болатын. Автор жыл өте өңдеп шығарған романның келесі нұсқасы йемендік ірі әдебиет сыншылары тарапынан тері көзқарастарға ұшырады. Олар әл-Ахдальдің бұл шығармашы­лығы қоғамның барлық моральдық және діни құндылықтарын аяққа таптайды деп бағалады. Бұл сын-пікірлер билікті де жайбарақат қалдырмады: роман жарық көргеннен кейін бір апта­дан соң мәдениет министрі барлық тиражды кәмпескелеу, роман басылып шыққан баспаны жауып, авторға қарсы қылмыстық қозғау туралы жарлық шығарды. Ал министрдің орын­басары, жазушы Хашим Әли бұл жарлыққы қол қоюдан бас тартып, қызметінен кетуге мәжбүр боды. Йемен жазушылар одағынан құралған топ бұл шешімді шығармашылық еркін­дік құқығын аяққа таптау деп тауып, автор жағына шығып, ел президенті мен премьер минис­трі­нен мәдениет министрін орнынан босатуды талап етті. Дегенмен премьер-министр мәдениет министрінің шешімімен келіседі. Осылайша, діни, саяси, әдеби, заң ортасында үлкен дау-дамай туады. 2002 ж. Сана мешітінің бас имамы радио мен телевидениеде сөйле­ген сөздерінде әл-Ахдальді дінсіз деп айыптағаннан кейін, өзге де дін өкілдері жаппай жазу­шыға наразылықтарын жаудыра бастады. Билік пен дін өкілдері тарапынан төнген қауіптен соң әл-Ахдаль сол жылы жазда Сирияға сауғалауға мәжбүр болды.

Романнан туындаған дау-дамай бүкіл Еуропада, араб әлемінде тарап кетеді. Нәтиже­сінде бейруттік баспа «Рияд-ур-Райис» романды қайта басып шығарады, ал 2003 жылғы Каирдегі кітап жәрмеңкесінде ең қажетті кітапқа айналады. Еуропалық постмодернизм өкілі, Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы лауреаты, неміс жазушысы Гюнтер Грасс Йемен президентіне тікелей барып, әл-Ахдальді жарылқауды өтінеді. Бұл жағдайдан соң президент ресми түрде кешіріледі.

«Тау қайығы» романы - жүзден астам беттен құралған күрделі компазициялы, салыс­тыр­малы түрде қысқаша туынды. Роман мәтіндері жеті бөлімнен тұрады, олар «миждаф» (ес­кек) деп аталды. Роман төңірегінде дау тудырған негізгі сипаты автордың сексуалды-физио­логиялық саладағы барлық табуларды бұзып-жарып, «лас» лексиканы қолдануы. Романдағы табуларды бұзу – автор тарапынан арандатушылықты көрсетеді. Француз зерттеушісі Л.В. Деовелдің пікірінше, «Тау қайығы» романы жалпыарабтық деңгейден шығып, Йемен араб әдебиетінің дамуындағы периферийлікті жоя білген алғашқы йемендік прозалық ілгерілеу нышаны болып табылады. «Тау қайығы» романынан соң туындаған дау-дамай әл-Ахдальдің келесі бір «Әндер арасындағы есек» романында өткір, ирониялық стилін сақтап қалуына бөгет бола алмады («Химар байна-л-ағани», Бейрут, 2004). Бұл романында автор «Тау қайығындағындай» әлеуметтік, мәдени кеңістік құрады, тарихи-саяси реалияларға көбірек мән береді, атап айтқанда парламентке сайлау, бағаның өсуі мен 1994 ж. азаматтық соғысқа қатысты халық толқулары қозғалады. Роман кейіпкерлері тағы да карикатуралық қуыршақ кейіпкерлер болып табылады. Роман «Тау қайығы» романындағыдай Йемен қоғамының отбасылық, діни, саяси орталарында орын алатын құбылыстарға иронияны қолдануды арқау етеді.

Әл-Ахдальдің үшінші романы «Философ әл-Карантины» («Фәйләсуф әл-Карантины», Сана, 2007) алдыңғы екі романның тақырыптарын сабақтайды. Роман сатиралық өсиет әңгімелер, травестилендірілген антиутопиялар мен саяси романның сипатына ие. Романның алғысөзінде автор былай деп түсініктеме береді: «Бұл романдағы әрекет Зейм моласында жүреді. Мен ондағы жерленген адамдар жайлы сөз қозғамаймын, сіздерге мүлдем бейтаныс әлем туралы қызықты оқиғасымен шектелемін. Сіздердің бәтеңкелеріңіздің бауларынан бірнеше метр жер ғана жырақтағы кішкентай тіршілік иелері турал, мола құрттары жайлы әңгімелеймін». Ары қарай романның бірінші бөлімі басталады. Романның басы постмо­дер­нис­тік екіұштылыққа ие. Бұл роман сюжетінің мәні мынаған саяды: өз уақытында дін өкілдері Зейм моласына жіберген Муш’иль әл-Хижазиді Лондон мүрдесінде тұратын эмиг­ранттарға рамлийлік мазхабты үйретуге жібереді. әл-Хижази өз тапсырмасын орындап болған соң, шетелде философиялық білім алып, отанына оралады. Оның ойында үнемі «құрт­тарды адамдарға айналдыру» тұрады. Философты бұл «құрттарды адамға айналдыру» әдісі­нің мәні: адамға айналғысы келген құрт осы өмірде өз ісінің маманы болуға тырысу керек. Осы­лайша, автордың айтқысы келген ойы «араб қоғамының өкілдері әлі де толыққанды адам емес, әлі де олар адамға айналу қажет» болса керек. Роман 2008 ж. араб романистеріне та­ғайын­далған Букерлік сыйақыға лайық деп таныл­ды, бұл өз кезегінде, араб оқырмандарының постмодернистік сипаттағы әдебиетке де­ген тал­ға­мын тынытады.

1990 жылдары Йемен прозасында пайда болған жазудың жаңа түрін талқылауды түйіндей келе, сыншы Мұхаммед әш-Шайбанидің берген бағасын келтіруге болады: «Бұл буын өкілдерінің басым көпшілігінің шығармаларында жарқын болашаққа ертерек дәмелену туралы тосын ойлар болмады, революция рухы олардың шабыттарын шақырмады... басты кейіпкер ендігі жерде пайғамбар емес... Студенттер, жұмысшы тап, шаруалар тобының өкілдері баяндаудың арқауын құрамады, өзінің карикатуралық бейнесіндегі имам өткен шақтың адамы емес. Ауыл енді ол жақтан қоныс аударғандар кейіпкерлерді тебірентпейді, қиырға қоныс аудару «Жат Отан» екіжақты сипаттағы баяндау тақырыбын құрамады... 1990 жылдардағы прозадағы жаңаша жазу үлгісі... заттарға ұлттық мәселелерді шешу жолдарын ұсынбайтын бейтарап, шеткері көзқарасты білдірді, байсалды, бірге уайымдау міндетті емес, кейде Уаджди әл-Ахдаль шығармаларындағыдай өз мақсатына қоршаған реалиялардағы күлдіргі парадокстарды бейнелеу арқылы жететін, жай ирониялық көзқарас... 1990 жылдардағы проза туындыларындағы мұндай жазу үлгісі олардың маргиналды және күнделікті тақырыптарға, интимді, саяси және діни саладағы «тыйым салынған» мәселелерді басқаша айтудың өзге қандай да бір түрін қолданбастан бейнелеген даулы ашықтыққа жүгінуіне жағдай жасады».


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. ХХ ғ. араб халықтары мәдениетінің дамуына әсер еткен факторлар.

  2. Абд ар-Рахман Мунифтің араб әлемінде романист беделін нығайтқан «Тұздар қаласы»

романының ерекшеліктері.

  1. Қазіргі араб әдебиетінде көркем модернизмнің кандай түрлері мен ағымдарын атап

өтуге болады.

  1. Постмодернизм ағымы, өкілдері, шығармалары.

  2. Әли әл-Йусуфидің «Тавкит әл-бинка» атты романындағы кейіпкерлердің бейнесі.

  3. Йемен көркем прозасы сипаттаңыз.

  4. Уаджди Мұхаммед әл-Ахдальдің шығармашылығының негізгі тақырыбы

  5. Мұхаммад әл-Ғарби Амранның «Шаршафалар» атты жинағына талдау жасаңыз.

Түрік әдебиеті

Әдебиет тарихын зерттеушілер әдеби шығармаларға баға берерде қоғамдық ой-пікір мен өнер дамуындағы үлкен бетбұрыстардың қырық-елу жыл аралығындағы өзгерісін негізге алады. Қандай да бір әдебиет кейде қысқа уақыт мерзім ішінде дамып, өркендеп, үлкен серпі­лістер жасағанымен, бар нәрсе сол кезде басталып, аяқталмайды және өзінің алдындағы әдеби хал-ахуалдарды ескере отырьп, талдау жасауға мәжбүрлейді. Өйткені, әдебиет - дәс­түр ісі. Онда ешқандай құбылыс өздігінен пайда болмайды. Ешбір ыдырау немесе шешім де өздігінен аяқталмайды. Әрбір әдеби үдеріс ұрпақпен бірге дамып, ұрпақпен бірге жаңарады. Сонымен қатар алдыңғы буын салған жолда гүлденеді, кейінгіге із тастап көкжиегін кеңей­теді де, белгілі бір дәрежеде нәтижеге қол жеткізеді.

Түрік әдебиетінің соңғы қырық-елу жылына талдау жасағанда, келелі мәселелерге осы тұрғыдан баға беру кажет. Өйткені, біз зерттемекші болып отырған мерзімде әдебиет әле­міне бұрынырақ келіп, құнды туындыларды дүниеге әкелген каламгерлер әлі де өз шығарма­шылықтарын жалғастырып жатқанда, олардың артынан әдебиет босағасын жаңа аттағандар да үнемі бірге жүріп отырады. Бұл жағдай жазушылар мен олардың шығарма­ларына үңілген­де бірқатар киындықтар туғызып, аталған кезең әдебиетіне қатысты жүйелі және тура тұжырымдар жасауды шиеленістіріп жібереді. Әдебиет жайлы дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермегендіктен, мұндай іске кірісу әрі қиын, әрі ауыр. Түрлі таңдаулар мен алға тарта алатын түрлі пікірлер адамды қателес­тіруі мүмкін, әрі әдеби шығарманың пайда болу себептерінің көп қырлылығы да оны жеткілікті деңгейде түсініп, оған түсініктеме жасауға үнемі мүмкіндік бермейтіндіктен, тұжырымдар кем және жеткіліксіз дәрежеде қалып қояды. Алайда, біз түрік әдебиетіне баға беру барысында бір кезең жайлы үкім айтудан гөрі бұл кезеңде туған тенденцияларды, ізденістерді бекітуге тырысамыз, көзге түскен шығармалар мен суреткерлер жайында сөз етіп, жалпы әдеби жағдайды әлеуметтік тұрғыдан айқындауға ұмтыламыз

Түрік әдебиетінде роман ең көп көңіл бөлінген жанрлардың көш басында келеді. Мұн­дай ықылас романның кез келген тақырыпқа қол соза алатын жанр болуымен қатар, көңілге дем беріп, ойландыратын, шабыттаңдыра алатын, ұзақ тынысты баяндау мүмкіндігіне ие болуына да байланысты. Оқырман бұл жанрдан өзі іздеген бірқатар мәселелерге жауап таба алады және ұзақ уақыт бойына қуат, жанына жұбаныш ұялатады, сондай-ақ, романдағы кейіпкерлер мен характерлер егжей-тегжейлі талданады. Бұлардың бәрі тек себеп қана емес, басты факторлар ретінде романды әлдеқайда танымал жанр етуге үлкен үлес қосады. Сөз жоқ, поэзия бірқатар өзіндік ерекшеліктерімен бүкіл жанрлардың алдына шығатындай сипат­та болса да, романның көп қырлылығы оқырман кауым үшін бұдан да тиімді екенін айта кету керек. Оның үстіне бұл кезеңде жарияланған кейбір романдар таңданарлық жетістіктерге ие болып, жүз мыңнан астам таралыммен окушылардың назарын өзіне аудара білді.

Түрік әдебиетінде бұрын поэзия қаншалықты басым әрі айырықша орында болғанымен, өткен ғасырдың басынан бері роман жетекші орынға шығып, өзіне сенімді әмірші ретінде оның орнын алмастырды. Романның түрік әдебиетіндегі тарихы онша көне де емес. Тұңғыш түрік романы 1872 ж. Шәмседдин Сами каламынан туған – «Талғат пен Фитнаттың махаб­баты» туындысы. Одан кейінгі жылдарда жанр уақыт өте келе жаңа шығармалармен молықты, орнықты, байыды. Роман жанры XX ғасырдың басынан бастап, поэзияға карағанда басымдықка ие болады. Түрлі ізденістер мен тәжірибелерден өткен бірнеше он жылдықтан кейін, әсіресе 1970 жылдарда, анағұрлым көп оқылатын, көп талқыланатын жанрға айналып, шебер қаламгерлердің арқасында Түркиядан тыс жерлерге таныла бастады.

Роман жанрының 1990 жылдары алдыңғы он жылға қарағанда үлкен секіріс жасағанын айтуға болады. Романдардың санының өсуін, жарияланған кейбір шығармалардың күн тәрті­біндегі мәселелерге ықпал етуін, аталған жанрдың өзіндік табыстары деп, түсіну керек. Деген­мен сандық өсімнің және анық та айқын бағыт ұстанудың уақыт өте келе романды қатардағы жанрға айналдыруы мүмкін екендігін есте сақтай отырып, мұның тамаша туын­дылар беруге жақсы жағдай жасаған өзгеріс болғанын да атап өтуге тиіспіз.

Әдеби шығармаларға жалпы шолу жасағанымызда әр жанрда дүниеге келген, әр түрлі деңгейдегі туындыға кездесеміз. Жылнамалардағы шолулардан да ұқсас пікірлерді жолық­тырамыз. Сонда да роман жанрының көкжиегін кеңейтіп келе жатқандығы анық. Бұл, әрине, бір жақты емес. Аталған жылдар­дағы аударма жолымен жарық көрген романдардың көптігі, олардың сандық өсімінің бір жақты болмағанын көрсетеді. Бұл болса, әр бір тенденция­ның, әрбір ізденіс тәжірибесінің біздің әдебиетімізден өзіне оп-оңай орын табуына мүмкіндік беріп, жанрдың жалпы аумағына кіретін шығармалардың санын көбейтті.

Жыл сайын жарияланатын романдардың дәл санын анықтау, әрине, оңай емес. Тек жыл­на­малар мен басқа библиографиялық еңбектерге сүйенер болсақ, соңғы жылдары роман саны­ның тұрақты түрде артып келе жатқанын, кейде аздаған дағдарыс болса да, шамамен, жылына орта есеппен 50-60 роман жарияла­натыны байқалады. Демек, он жыл мерзім ішінде 500-ден аса роман­ның жазылғанын аңғаруға болады. Бүл сандық өсімнің артуына кейінгі жас буын қаламгерлердің қосқан үлесі зор. 1990 жылдарға дейін романдары жарық көрген жазу­шылар бірлі жарым ғана туындыны дүниеге әкелсе, жастар жазған романдар саны едәуір басым көрсеткішке ие. Олардың арасыңда тіпті бір жыл ішінде екі-үш роман жария­лан­ған­дары да бар. Бұл жағдай түрік ақын-жазушыларының кейінгі уақыттағы көп жазуға тырысу, түрлі тақырыптар мен қилы мәнерде қалам тербеп, өзін мойындату, танымал болуға ұмты­луын білдіреді.

Жазылған романдардың көтерген тақырыптарына келер болсақ, басым көпшілігінің кейін­гі тарихымызды талдау болып табылатынын көреміз. Жылдам карқынмен дамып келе жат­қан қоғамымызда соңғы жиырма, жиырма бес жылда болған ірі өзгерістерді, саяси және әлеу­меттік оқиғаларды дәріптеу, ара-тұра өзара сын мен өткенді сағыну (ностальгия) аясын­да жазылған шығармалардың негізгі тақырыптары - міне, осылар. Еліміз басынан өткізген саяси полюстенудің анархия мен террор өлшемінде көп нәрсені астаң-кестең еткен 1980 жыл­ға дейінгі әңгімелерге ең көп арқау болған кезең болып отыр.

Тахсин Южелдің «Пайғамбардың соңғы бес күні» (1992), Алев Алатлының «Оллахи, мені қасқырға жегіздің» (1993), О.К.Мустиның «Түркия – бүтін» (1994), Үміт Қываныштың «Жалғыз болмайды» (1995), Мұстафа Миясоғлудың «Махаббат серуені» (1995), Айдын Өзтүріктің «Білемін, жүрек шыдайды» (1996), Метин Жалалдың «Тамаша балалар едік» (2000) романдары - солардың кейбіреулері ғана. Кеңестер құлағаннан кейінгі ыдырау процесі мен бір кезде белсенді күрес жолын таңдаған қаһармандар бейнесі арқылы түрік саясатын­дағы 80-ші жылдардан кейінгі өзгерістер жөне өзгерген құндылықтарды тергеу әсіресе солшыл бағытты ұстанған топтардың басты тақырыбы болады. Қаған Арсланоғлудың «Ша­қы­рылмаған қиялым» (1992) және «Басқа шығын» (1998), Оя Байдардың «Мысықтың хат­тары» (1992), Хұсейін Латифтің «Көк өлім» (1996), Барыш Балтажыоғлудың «Шайыңызды түрік­ше ішесіз бе?» (1996), Хикмет Тэмел Ақарсудың «Кәдімгілік» (2000) ромаңдары осы бағытта жазылған.

Сонымен бірге бірқатар жазушылар жыл сайын өз төңірегіндегілердің немесе өткен жыл­­дарға қайта баға беруге құрылған бірнеше романдарын жариялайды. Олардың қатарына Динчер Сүмердің «Түс пе еді Ізмір?» (1992), Сэлім Илеридің «Громофон әлі ойнап тұр» (1995), Жәміл Шевкет бейдің «Айналы шкапқа екі қол тапанша» (1997), Оқтай Акбалдың «Батқан кеме» (1997), Оя Байдардың «Ешқайда оралу» (1998) сияқты романдарды жатқызуға болады.

Республика кезеңінде орын алған саяси және қоғамдық оқиғалар - маңызды тақы­рып­тардың бірі болды. Йылмаз Карақойынлының «Күзгі шаншу» (1992), Мүстершір Қарақаяның «Революциядан басым айналды» (1992), Шәріп Бенекшінің «Таңғы жорық» (1996), Білгесу Эренустың «Көз» (1997), Сүлеймен Сағламның «Тауды тауға қосқан» (2000), Мұғжиза Өзи­нал­дың «Шерудің қыздары» (2000), Йигит Оқурдың «Көгершіндер» (2000), Есін Инанның «Қараңғылықтағы зиялылар» (2000), Оя Байдардың «Ыстық күлі қалды» (2000), Сергун Ағар­дың «Махаббат базары Солоникиде қалды» (2001), Темір Торостың «Бейоғлудағы балық­тардың аяқ дыбыстары» (2001) романдары, т.б. осы тақырыпқа арналған.

«Жеке тақырыптар» деп атауға болатын романдарда кейіпкерлерге байла­ныс­ты бірқатар оқиғалар мен адамдардың іштей түйықталуы, өзін тергеу сипатындағы тербелістерін баян­дайтын тұстары да әсте аз емес. Өмірге, дүниеге, дүниенің дамуына налу, содан барып жаны қысылу, күйзелу, аскетизмге бой ұру, ажырасулар, қайғы-мұң... секілді психологиялық тақы­рып­тарға: Күршат Башардың «Сен болсаң, бұлай істемес едің, білемін» (1992), Мехмет Ероғ­лудың «Жүрек сүргіншісі» (1994), Алев Алатлының «Тағдырға қарсы тұр, А. Ш.» (1995), Мехмет Өналдың «Мөлдір қанатты уақыт» (1995), Үміт Қываныштың «Жалғыз болмайды» (1995), Латифа Текиннің «Махаббат белгілері» (1995), Гүлайша Қошақтың «Көздеріңдегі мына мұңды жою үшін не істеу керек?» (1997), Жәһида Біргулдің «Түнге қарап оянғандар» (2000), Нежати Тосунердің «Жалға берілетін жалғыздық» (2000), романдарын жатқызуға болады.

Мәжбүрә Иналдың «Құстар атылды» (1992), Фейза һәпшілінгірдің «Қызыл қалампыр» (1993), Інжу Аралдың «Жаңа жалған заман» (1995), Еңгін Генчтанның «Бақыт үйіндегі би» (1996), Білгесу Эренустың «Түн» (1996), «Ішімнен кұстар көшіп барады» (1998), Күчүк Ескен­дірдің «Плеврит» (2000), Налан Түркелінің «Екі өмір» (2000), Дуйғу Асенаның «Негі­зінде, сен азатсың» (2000) романдары басқа түскен қиындықтарды, проблемаларды өзгемен бөлісе алмау, жан дүниесін түсінетін, қиындықты бөлісетін жан ашыр адам таба алма­ғандықтан өмірден түңілу мен қайғы-қасірет шегу, сондай-ақ, жылдам қарқынмен дамып отырған урбанизация, жаһандану үрдісі бұзған, бөлшектеген тұлғалар, адамның жеке басындағы үзілістер, әйел құқықтары мен олардың мәселелері туралы жазылған шығармалар.

Осы тақырыппен байланысты, бірақ бұдан да гөрі махаббат пен эротикалық мазмұнға жақын шығармалар өз алдына назар аударатын бөлек бір тақырыпты құрайды. Махаббат мәселелерін жеке планда қарастыра отырып, әйел мен еркектің қатынасын анықтаушы фактор ретінде қарастырған, адамның армандары мен ізденістеріне бағытталған іс-әрекет­терді баяндайтын және тыйым салынған эротикалық жайлар мына романдарда басымырақ орын алған: Әділет Ағаоғлудың «Түнгі өмірім» (1993), Ахмет Алтанның «Кауіпті ертегілер» (1996), Күршат Башардың «Сөйлескеніміздей - алыстарға» (1997), Түлай Ферах­тың «Қызыл өрік» (2000), «Еркек» (2000), Тұрғыт Өзақманның «Романтика» (2000), Мелтем Арқанның «Иә... Бірақ... Дерсің» (2000), Барыш Тунаның «Түстену» (2000), Бәдри Байқамның «Сүйек» (2000), Өзден Сойалыптың «Шырмауықтар енді жыламайды» (2001) т.б.

Аса ауқымды болмаса да қоғамымыздағы шындықтың бір қырын баяндайтын шығар­малардың тақырыбына арқау болған мәселе — шет елдердегі қандастарымыздың тұрмысы, өмір сүріп жатқан елдеріндегі күнкөрісі мен тіршілік үшін жүргізіп отырған күресі, олардың арасындағы мәдени алшақтық. Мұнда, негізінен, Германиядағы эмигранттар тағдырына басымырақ орын берілсе, Еуропаның басқа елдері мен Австралиядағы эмиграция да кейбір авторлардың шығармаларында белгілі бір дәрежеде орын алған. Бұл тақырыптағы шығар­ма­лар­дың қатарына Йылдырым Кескіннің «Бір түнгі мырзалық» (1992), Мұстафа Ақкүннің «Саты келіннің әні» (1995), Ренан Темірқанның «Сақалды әйел» (1995), Арас Өреннің «Кү­тіл­меген сәлем теруші» (1995), Сарагүл Тұранның «Гүлдің тікені» (1995), Йылмаз Онай­дың «Жазулар фильмотекасы» (1995), Садық Юмнидің «Амстердам гүлі» (1996), Севинч Чокум­ның «Дірілдер» (1996) ромаңдарын жатқызута болады. Керісінше, 1989 жылғы Балқан оқиға­сынан кейінгі және Болгаркадағы түріктердің Түркияға жүз мыңдап қоныс аударуы мен олар­­дың өмірі де кейбір қаламгерлердің романдарына тақырып болды. Мысалы, Ысмайыл Йылмаздың «Ұясыз құстар» (1996), Селма Фындықлының «Көзімнің жасы - Дунай селі» (1997) Өзкер Яшынның «Невзат және мен» (1997) романдары - сондай романдар. Сондай-ақ 1985 жылдан бастап саяси мәселе ретінде Түркияның өміріне енген елдің оңтүстік-шығыс айма­ғындағы жағдайлар мен лаңкестік Күрттер мәселесі де кейбір романдарда көрініс береді. Ерхан Бенердің «Иірім» (1993), Рахми Тұранның «Таулардың дауысы» (1995), Хүршіт Ел­бейдің «Ұстаз» (1996) ромаңдары - солардың санатынан.

Тарихи тақырып - түрік әдебиетіндегі соңғы он жылдағы романдардың кең танымалы және кейбір жазушылардың тұрақты тақырыбына айналды. Тарихи романдар алғаш жарыққа шыққан күннен бастап, бүгінгі таңға дейін оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп отыр. Оған ливандық жазушы Амин Малофтың түрік тіліне аударылған «Самарқант», «Шы­ғыс айлақтары» сияқты романдарымен қатар, постмодернистік әдебиеттің көш басшылары­ның бірі Умберто Эконың да әсері туралы айта кеткен жөн. Соңғы бір-екі жылдың ішінде әлемде ең көп сатылған кітаптардың тізіміне енген Анна Чемберленнің «София ханшайым» атты үш томдық туындысының түрік тіліне аударылуы түрік әдебиетіндегі тарихи тақы­рып­қа арналған шығармалардың көкжиегін кеңейте түсті. Бұл шығармадан кейін іле-шала оның аудармашысы жазған «Киразе» (2000) мен Теоман Ергүлдің «Нұрбану» (2000) романдары жариялан­ды. Осылайша, кейінгі, ежелгі және шетелдік тарих болып, бірқатар тарихи тақырыптар түрік қаламгерлерінің роман жазуына арқау болды. Мұстафа Нежати Сепетчі­оғлудың «Дар ағашы» (1992), Мим Кемәл Өкенің «Күннің батуы» (1992), Недім Гүрселдін, «Бұғазкескен» - «Боғазкесен» (Босфор бұғазын­дағы «Румели Хисар» камалының ескі атауы - ауд., 1995), Эрол Тойдың II томдық «Жоғалған мұрат» (1995), Мухсин Ілияс Субашының «Сегізаяқ» (1995), Талат Узуняйлалының «Тақ және бақ» (1995), Мехмет Ниязидің «Шанақ­қала қияметі» (1998), Реһа Чамуроғлудың «Ысмайыл» (1999), «Соңғы янышар» (2000), «Екі мен бір» (2001), һыфзи Топуздың «Тайифтегі өлім» (1999), «Париж­дегі соңғы османдықтар» (1999), «Хадиша ханшайым» (2000), Мехмет Қоралдың «Бітпейтін самал» (2000), Эшреф Бағрымның «Ларисса» (2000), Хан­дан Өзтүріктің «Күлгін қастандық» (2000), Гүнели Гүннің «Бағдат жолдарында» (2000), Ферзан Гүрелдің «Ізмірдің басып алуынан-азаттыққа» (2000), Дурали Йылмаздың «Шейх Бадреттин» (2001), Букет Узунердің «Гелиболу» (2001), Жаһиг Үлкүнің «Прагалық Ибраһим паша» (2001), романдары сияқты бірқатар туындылар көп саты­латын кітаптардың тізімдерінен орын ала бастады. Олар­дың кейбіреулері тарихи оқиға мен тарихи тұлғаны бүгінгі күннің оқиғаларымен байланыстырып, тарихпен қазіргі уақытты бірге қарастырьш жазуды калайды. Тарих тек декорация ретінде алынады. Сондықтан да тарихи роман біз санай алмайтындай көп қырлы мәнердегі баяндауларға толы. Мұндай романдардың бірсыпырасы постмодернистік әдебиеттің өкілдеріндей тарихты жасағандарды емес, қазір өмір сүріп отырғаи адамдардың өмірі мен іс-әрекетін әңгімелей отырыи, өткен заман мен оларды алмастыруға тырысу әдісінің енімдері болып табылады. Мұндай туын­далардың қатарында Ихсан Оқтай Анардың «Тұманды құрлықтар атласы» (1995), «Айлалар кітабы» (1996), Зүлфи Ливанелидің «Ұлы сұр жыланның көзінің шағылысуы» (1996), Вәжди Шыра­шы­оғлудың «Қара сиқырлы ұйқы» (1999), Нәдім Гүрселдің «Суретті әлем» (2000), Элиф Шафақтың «Тиым салынған» (2000), Ахмет Алтанның «Көтеріліс күндеріндегі махаб­бат» (2001) романдарын атауға болады.

Жоғарыдағы есімдер мен шығармалар тізімі роман жанрына жататын болғандықтан, біз жалпы роман деп атайтын жанрды жасайтын механизм жүйесін таңдап алған жазушылардың оқырман назарын өзіне аударатын, постмодернистік тенденциялы шығармаларын беріп отырмыз. Осындай ерек­ше­лігі бар шығармалардың көптігі роман жанрының соңғы он жылда оқырман ықыласына бөленгендігін көрсетеді. Бұлардың арасындағы таңдамалы шығар­маларға: Нихат Генчтің «Тар аландағы топан» (1993), «Бұл ғасырдың тектісі» (1995), «Інжу Арал­дың «Жаңа жалған заман» (1994), «Ешқандай махаббат, ешқандай өлім» (1997), Орхан Памуқтың «Жаңа өмір» (1994), «Менің атым Қырмызы» (1998), Хилми Явуздың «Үш баяндау» (1995), Латифа Текиннің «Махаббат белгілері» (1995), Назлы Ерайдың «Ғашық тоты бары» (1995), «Ай жарығы дастарханы» (2000), Элиф Шапақтың «Пинхан» (1997), Метін Қашанның «Жаңғақ сегіз» (1998), Хасан Әли Топташтың «Мың мұңды рахат» (1999), Ахмет Каражылылардың «Гүл қамалы құлады» (2000) романдарын жатқызуға болады.

Ғылыми сипаты бар, ара-тұра фантастика элементтері де кездесетін, утопиялық сарын көрініс беретін шығармалар турасында мына романдарды атауға болады: Омар Байташтың «Проксима Сентаури» (1992), Букет Узунердің «Балық іздерінің дыбысы» (1992), Эрхан Бенер­дің «Оралыстар» (1997), Жэм Ақаштың «Балық түтқындалған жер» (2000), Ескендір Савашырдың «Тұнық суға құштарлық» (2000), ж.б.

Соңғы жылдары кең танымал болған роман түрлеріне детективтер жатады. Ақпарат мекемелерінің кеңейген қызметіне байланысты олардың жұмысын, ішкі тұрмыс-тіршілігін баяндайтын шығармалардың пайда болуы бұл саладағы әдебиеттің де едәуір назарға ілігуіне ықпал етті. Ахмет Үміттің «Қар иісі», «Тұман жене түн», «Бір дауыс түн тыныштығын бұзып тұр», «Ерте-ерте-ертеде», «Түн жалаң аяқ болатын», Осман Айсудың «Уылдырық опера­ция­сы», «Жендет», «Көк-ақ рапсодия», Жәлел Окурдың «Жалаңаш өлік», Жәнк Эденнің «Жел­сіз қала», Акиф Пиринччидің «Дене» романдары - осы тақырыпқа жазылған шығар­ма­лар болып табылады.

Романның және бір көп таралған түрі - мемуарлық туындылар. Өмірбаяндық роман­дарда негізінен өмірден озған салынған» (2000), Ахмет Алтанның «Көтеріліс күндеріндегі махаббат» (2001) романдарын атауға болады.

1992 жылғы әдеби пікірталаска арқау болған шығармалардың бірі - «Пайғамбардың соңғы бес күні». Кітаптың авторы жұртшылықтың назарын өзіне аударған бұл кітаптың түрік оңшылдарының сынына ұшырағанын айтады. Кітап көп сыналып, көп талас-тартысқа түсіп, тіпті, түрік әдебиетіне қосылған үлес деп айтылып жатса да, «сенсациялық» болудан артыққа барған жоқ. Осындай шығармаларға Букет Узынердің «Балық іздерінің дыбысы» мен Білге Қарасудың «Жолсерігін» қосуға болады.

1993 жылы көп талқыланған шығармалардың көш басында Әділет Ағаоғлудың «Роман­тика» романы келеді. Бұрынғы шығармаларындағыдай бұл романында да уақытпен ойнай­тын Ағаоғлу ең қысқа мерзімді қамтып, өткен кезең мен бүгінгі күннің бір-бірін қиып өтетін тұстарын тауып, «қызық, өзгеше тарих философиясын» жасауға тырысады. Әдебиеттегі мұндай принцип Анадолыдан Венаға дейін созылады. Алев Алатлының «Нуке Түркиясы» мен «Оллахи, мені қасқырға жегіздің» романдары, Сәлім Илеридің «Сынық теңіз қабық­тары» атты романдары бұрынғыларды қызықтырған романдар болып табылады.

«Жәвдәт бей және оның ұлдары» атты түңғыш шығармасын 1982 жылы ұсынған Орхан Памуктың ең көлемді туындысы - «Қара кітап» (1990) атты романы. Шығарма жарыққа шық­қан жылдарда өте көп талқыланьш, орынды-орынсыз сынға ұшырағанымен, бұл роман авто­рын үлкен даңққа белейді. Бұл кітаптан кейін 1994 жылғы ең көп талқыланған романы «Жаңа өмір» келеді. Ізденіс пен саяхатнамалық әңгіме болып табылатын бұл туынды «Бір кітап оқып едім, өмірім мүлде өзгеріп кетті» деген сөйлеммен басталады. Жарнамаға ұқсап кеткен өмірді, тұтыну құштарлығын, урбанизациялық тұрмыс-тіршілік пен әр түрлі келеңсіз жағ­даяттарды мысқыддаған шығарма кәдімгі ғасыр сынының нысанына айнадды. Күтіл­ме­ген ықыластың кіндік нүктесі болған роман өзі жарық көрген алғашқы айда алты рет басылады. Іле-шала жарияланған жаңа роман бір жыл ішінде 52 рет басылды. Одан сәл кейінірек жазылған «Кара кітап» шығармасымен бірге ағылшын тіліне де аударылды.

1995 жылдың ең көп сатылған романдары ішінде «Тұманды құрлықтар атласы», «Боғаз­кесен» және Хилми Явуздың «Үш баяндауын» атап өте аламыз. «Тұманды құрлықтар атла­сы» романының оқиғасы түгелдей қиялдан алынған жабық орындарда, қараңғыда өтетін жұмбақ атмосфера осы «жабық, әркім оңайлықпен кіре алмайтын орындар» арқылы өріледі. Кейіпкерлері де караңғы, тұманды болып табылатын шығармада оқырман алғашқы рет кез­де­с­тіретін кейбір сөздер де романның «жұмбақ атмосферасын» құрайтын басқа эле­менттерден тұрады.

«Бұғазкескен» - Византия мен Фатихті тақырып еткен шығарма (Фатих – «Жеңімпаз», 1453 жылы 29 мамыр күні Константинопольді - қазіргі Ыстанбұл­ды бағындырған 22 жасар түрік сұлтаны Мехмет 2-ге берілген атақ - ауд.)-Жазушының тарихи түлғаларды өзгертуімен бірге шығармаға байланысты жасаған кейбір түсініктемелеріне байланысты пікірталастың шектен шығып кетуіне жол ашты. Хилми Явуз болса, үш баяндаудан постмодерндік әдебиет­тің үш үлгісін дүниеге әкеледі. Ішінде үш хикаят орын алған шығармадағы бұл баяндаулар әуелі жеке-жеке жарияланып, кейіннен осы атпен бір кітапқа біріктірілген болатын. Кейіп­кер­лерінің бір-бірімен байланысы бар бұл хикаяттарда жазушы бізді қиял мен шындық ара­сын­да жүргізіп отырады. Соңғы хикаят «Құдық» 1994 жылы жарық көргеннен кейін хикаят­тар осы атпен бір кітап болып жинақталып қайта шығады.

1996 жылғы оқырман кауымның назарын өзіне көп аударған кітаптар тізімінен орын алған романдардың бірі - «Қауіпті ертегілер». Оның авторы Ахмет Алтан алғашқы романы­нан 1982 жылы жариялады. Ол «Төрт маусым күз» деп аталған бұл романнан кейін тағы үш роман жазады. 1995 жылы дүниеге келген «Түн ортасы әндері» - оның бесінші романы. Бір жылдан кейін жариялаған соңғы романы «Кауіпті ертегілер» - жазушының ең көп талқыға түс­кен шығармасы. Бір жылда 29 рет басылған бұл роман «Жаңа өмір» сияқты керемет рекорд жасайды. Бұл махаббат пен адами қатынастарды сөз ететін, сезім иірімінен шығуға жол таба алмай жатқан адамдарды ұстап алып, шешім табуға тырыстыратын ертегіде айтылғандай, шешімі - қырық көйлекті алмастыру екендігі метафора ретінде қолданылған эротикалық роман. Романға деген ықылас кейінгі жылдарда да жалғасып отыр. Бұдан кейін автордың «Қылыш жарасы» (1998) романы дүниеге келді. Бүл шығармадағы оқиғалар Осман империясының тарихын суреттейтін соңғы романы. Оның кейіпкерлері мен сөз болған уақытын саралай келе, алдындағы романның жалғасы ретінде жазылғанын және 1908 жылы 23 шілдедегі Конституцияның жариялануынан кейін өріс алған оқиғалар мен 31 наурыз оқиғасына байланысты өрбіген жағдайлар, жеке көрі­ніс­тер мен тарихи тұрғыда жымдастырыла отырып баяндалғанын байқадық. Автор романның баяндаушы кейіпкерін бүгін өмір сүріп отырған адам ретінде алып, тарихты бүгінге кешіруге, бүгінгі күннің көкейтесті мәселелері аясында тарих жайындағы пікірталасқа баруға және адамның өзгермейтін кейбір қырларына назар аударуға тырысады. 50 мың таралыммен алғаш рет оқырманға таныстырлыған бұл роман үш айдың ішінде үшінші рет елу мың данамен тағы басылды. Осылайша түрік әдебиетінде тұңғыш рет бір роман үлкен таралым­мен оқырман назарына ұсынылып отыр.

1997 жылдың үлкен тартысқа түсіп, зор пікірталас тудырған шығармалар Білгесу Эре­нус­­тың «Көз», Букет Узынердің «Қоңырқай арал, көгілдір Дунай» романдары болып табы­лады. Бай тұрмыс ортасында Стамбулда өткен оқиғаларды әңгімелейтін шығарма «қа­раң­ғы­дан жарыққа, материалдылықтан моральдылыққа, руханилыққа қарай жасалған сапар­ды баяндайды».

1998 жылдың көп талқыланған кітабы - «Менің атым Қырмызы». Орхан Памук ұзақ уақыт талас-тартысқа түскен «Жаңа өмір» романынан кейін, 1998 жылы осы «Менің атым Қырмызы» атты тарихи романымен қайтадан оқырман алдына шыға­ды. Тағы да көп талқы­лау мен көп пікірталасқа түседі. Орхан Памук, сөйтіп, әрі әдебиет өнері дүниесінің, әрі ме­диа­­ның ықыласы ауған нысанға айналады. Оқиғасы XYI ғасырдағы Ыстанбұлда өткен роман, сол кездегі миниатюра жасаушы суретшілер өмірінен алынып жазылған. «Менің атым Қырмызы» романы баяндау техникасымен және тақырыбымен, сондай-ақ құрылымымен де өзіне назар аудартады. Дәстүрлі меддахтық әңгімелеу техникасымен қатар сол кездегі нақ­каштық өнердің нәзіктіктері жақсы көрсетілген роман «Махаббат, қылмыс, эстетика, тарих отбасы өмірі қатпарларымен кешенді тұрмыс аясында өріледі». Мұрат Бардақ­шының «Шахә­кесі» - тағы бір тарихи ірі тұлғаны, яғни, соңғы Османлы патшасы Вахидет­тинді басты кейіпкер етіп алған өмірбаяндық туынды. Осы тарихи түлғаға байланысты бұған дейін белгісіз болып келген көптеген жайлардың ашылып, төңірегінде ауқымды пікірталас өрбіген бұл сұлтан жайында жаңа мәліметтердің берілуі авторды осы шығарманы жазуға мәжбүр­леген және ол көп оқылатын кітаптардың қатарына енеді.

Элиф Шапақтың «Тиым салынған» романы 2000 жылы жарияланып, сол жылдың өзінде үш рет басылады. Шығармада «Көріну» жөне «жасырыну» ұғымдарын баяндайтын негізгі білік назарға алынған. Автордың өзі де жазылған шығармасының «Тиым салынған» қарсы екі күштің арасында өрбіткенін айтады. Бір жақтан өмірдегі кейбір нәрселердің көрінбеу қажеттігін, салынған тиымдардың маңызын түсіндіреді. Екінші жақтан көрінбеуге тиіс нәр­селерді көз алдымызға жайып салады. Бір толық әйел төңірегінде өрбитін роман оқиға­ларынан шығарманың шындықтан алыстатылып, фантастикаға бой ұрғанын байқауға бола­ды. Осылайша жазушы қалыптасқан роман қалыптарына қарсы әрекет жасағандай болады.

Қалыптаспаған мәтіндермен оқырман алдына шыққан Ләтипа Тегін өзінің 2001 жылдың соңында жарық көрген «Орманда өлім жоқ екен» романымен тағы да абстракция шеңберіне шығып кетеді. Оқиғасы түгелдей орманда, бар нәрседен алыста өтетін бұл роман жайындағы бір рецензияда мынадай пікірлер назар аударады:

«Шығармада етістіктің өткен шақ, осы шақ пен келер шақ және осы келер шақтары бір­д­ей қолданылған. Негізгі екі қаһарманнан басқа кейіпкерлері әрі аз, әрі басты қаһар­мандар арқылы көрсетілген әңгіме мазмұнының басы мен аяғы қабыспаған».

Ләтипа Тегін - тілі бай романшы. Оның көп талқыланған, бірақ эротикалық деп табы­лып, тиым салынған, кейінірек өз еркіне қалдырылған романы - «Энис Батурд» пен «Алмас». Роман жазу төжірибесінен өткен бұл шығарма адамның басынан кешкендері жайындағы жеке жазбалары іспетті бола отырьш, «суреттеу процесі қасиетті кітаптарға, алғашқы күнәға, алма елесіне, коммуна күндеріне» секіріс жасаған мәтін ретінде баяндау ерекшелігін сақтайды.

Түрік әдебиетіңдегі кейінгі жас буын өкілдерінің ішінде жариялаған шығармаларымен таныла бастаған мына романистерді атауға болады. Ғылыми қызметкер ретінде белгілі Ихсан Оқтай Анар өзінің «Тұманды құрлықтар атласы» атты алғашқы романын 1995 жылы жария­лағаннан кейін, «Айлалар кітабын» жазды. Ізінше «Афрасиябтың әнгімелері» дүниеге кедді (1998). (Афрасияб - парсы ақыны Әбілқасым Фирдоусидің әлемге әйгілі «Шахнама» даста­ны­ның басты кейіпкерлерінің бірі, Тұранның, яғни түркі халқының батыры. ауд.).

Жазушы әрі ғалым Қаған Арсланоғлу «Төңкерісшілер - Дэвримжилер» атты өзінің тұң­ғыш туындысын 1998 жылы жарыққа шығарды. Кебінесе саяси романдар жазатын Арсланоғ­лудың басқа шығармалары мыналар: «Бас шығын» (1998) және «Құс ұшар биіктік» (2001).

Айша Кулин көбінесе өмірбаяндық және деректі романдар жазуды ұстанған әрі осы ба­ғыт­та танымал болған жазушы. Оның романдары: «Аты - Айлин» (1997), «Махаббат­линка» (1999), «Фүрейя» (2000), «Көпір» (2001). Әсіресе «Көпір» үлкен ықыласқа бөленді.

Ахмет Каржылылардың романдары да баяндау мәнерімен көзге түскен шығармалар бо­лып табылады. Олар «Жаңбыр мұңы» (1999), «Гүл қамалы қүдажы» (2000), «Фотографтың әңгімелері» (2001) деп аталады.

Түрік әдебиетіндегі роман жайындағы әңгімемен қатар, соңғы жылдарда туысқан түркі әдебиетінің көрнекті романистері шығармаларының да түрік тіліне аударыла бастағанын және бұл шығармаларды қалың оқырман қауым жіті кадағалап отырғанын атап өткен абзал болар еді. Бұл жазушылардың ішінде Шыңғыс Дағжы (қырым татары — ауд.) өз елінен сырт жер­де тұратын романшы болғандықтан шығармалары 1960 ж. бастап Түркиядағы оқырман наза­­рына ұсынылды. Сонымен қабат, сол жылдарда қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов­тың кейбір романдары түрікшеге аударылып, 1970 ж. сондарынан бастап, үлкен ықыласқа бөленіп келеді. Қазіргі уақытта барлық шығармалары дерлік түрік тіліне аударылған бүл жазушылардан кейін әзірбайжан әдебиетінің өкілі, жазушы Елшін келеді. Түркия тұр­ғын­дары бауырлас елдердің әдебиетімен жақын танысуға мүмкіндік алды. Елшін «Өлім үкімі», «Махмұт пен Мәриям», «Ақ түйе», тағы сол әдебиет­тен Анар да «Бес қабатты үйдің алтын­шы қабаты» романдарымен жаңа оқырман­дарын тауып жатыр.

Кысқасы, түрік романы жанрында детектив пен фантастика, ғылым мен тарих астар­ласып, жымдасып, әлдеқайда еркін сипатта қалыптасып, өркен жайып, дамып келеді. Бұл шеңберде «әдебиетті құрылыс ойынындай көретін постмодернистік, формалистік, индиви­дуалистік, романтикалық тенденция көбірек ықыласқа бөленуде». Романда осы бағыттағы ағым байқалуда. Жоғарыда біз есімдерін атаған жөне соңғы кезде танымал болған бұл жазушылар түрік романын жақсы бағытқа бұрғаны сияқты, каламгерлер арасында түрік рома­нының Түркия шекарасынан асып, шетелдерде де өзге тіддерге аударылъш тарап жатқаны жайында ортақ пікір бар.

Қазіргі түрік әдебиетінде әңгіме жанрының атауына байланысты екі термин қатар айтылады. Прозашылардың бір тобы табанды түрде «һикайэні» қолданса, кейбіреулері «ойкү» сөзін тандайды. Бұл екі термин әдебиет әлеміңде әлі күнге дейін жарыса қолданылып келе жатыр. Негізгі мәселе баяндалатын оқиға немесе әңгіме болғандықтан, қалай айтсақ та, оның бүгінгі таңдағы дамуы мен өркендеуін сөз етеміз.

Әдебиетіміздегі әңгіме жанры да роман, поэзиямен қатар қанат жайып дамып келе жатыр. Әрбір өткен күн жаңа шығармалармен, жаңа қойылған қолдармен молығып, ондағы соны көзқарастар, жаңа байқаулар көрініс береді. Әдеби процестің даму барысында сөз өнерінің өркен жаюына медиаланған әдебиеттің де үлес қосқанын айтуымызға болады. Түрік әдебиетінің медиа монополиясында қол жеткізген табыстары кейбіреулер үшін тартымды болып отыр. Ал бұл жазу, жариялау саласында «мені ал» деген үрдісті қалыптастыру болып табылады. Әсіресе, жастардың әдебиетте, әңгіме жанрына бет бұруы, осындай әсердің бар екенін көрсетеді. Әдеби журналдардың алуан түрлілігі мен көрнекілік өлшемдерінің де жақсы нәтижеге жетуде өіңдік үлесі бар. Олар үшін әңгіме де поэзия сияқты бас тартуға болмайтын жанр болды. Жазушылардың аталған жанрда жаңа тақырыптарымен, өзіндік қырларымен оқырман алдында танылуы да әңгіменің өркендеуіне жағдай жасады. Көптеген әдеби журналдар бұл орайда өзінің әр санында бір-екі әңгімеге орын бере отырып, оның дамуына улес қосуда. Сонымен қатар 1940 жылдары әңгіме журналдарының пайда болуы да осы жанрды алға сүйреумен қатар оның проблемаларының талқылануына игі әсер етті. Бұл орайда 1991 жылдан бастап шыға бастаған «Адам. Әңгіме» журналын атап өтуге болады. Екі айда бір рет шығатын бұл журнал әңгімелермен катар әңгіме жайындағы сыни, ғылыми мақа­­лаларға және жаңа кітаптармен таныстыруға орын беруі де белгілі бір дәрежеде әңгімеміздің моторы қызметін атқаруда. 1996-1998 жылдар аралығында 9 саны шыққан «Қиялдар/Әңгімелер» және алғашқы сандары шығып үлгірген «Фаэтон әңгіме» (1998), «Үшінші әңгімелер» (1998) сияқты басылымдарды да осылардың қатарына қоса аламыз.

Әңгіме әдеби жанр ретінде өз орнын сақтауына карамастан, роман мен поэзиядай кең тарала қоймағанын айта кету керек. 1992 жылдан бастап жыл сайын жарияланған шығармаларды саралай отырып, әңгімелердің өсу қарқыны, небары, 20-30 жыл арасында ғана өзгеріп отыратынын көреміз. Бұл жағдай басқа жанрлардың көбірек таралғанына байла­нысты. Әңгіме саласында кең көлемде танымал болған, бірінен соң бірін жариялап, бірнеше кітап шығарған қаламгер, өкінішке орай, жоқ. Тек әңгіме кітаптарының бірнеше басылымын жүзе­ге асырған, бұл жанрдың шебері ретінде мойындалған жазушылардың қайта-кайта басы­лып келе жатқан шығармаларының бар екенін ғана айтуға болады.

Ғылыми журналдарда жарияланған әңгімелер өзінің үнемі жаңа оқырманын табу ерекшелігін сақтап келеді. Оның роман көлеңкесінде қалуы, тек бізге ғана тән ерекшелік емес. Көптеген жазушылар бір жақты әңгіме жазса да, романсыз өзін көрсете алмайды деген қөзқарастың болуынан уақыт өте келе әңгімеден романға өтіп жатады. Мұнда әңгімедегі баяндау мүмкіндігінің шектеулі екендігін менсінбеудің, жеңіл түсінудің де біраз үлесі бар. Шындығында бұлай емес екені жайында әңгіме шеберлерінің бірқатары әлденеше рет жазған, түсінік те берген болатын.

1970 ж. әдебиеті әйел жазушылардың әңгімеге көбірек көңіл бөлуімен ерекшеленді. Мұның әлеуметтік өлшемі түрлі пікірлер туғызса да, баяндау жанры болғандықтан, әйел өзін әлдеқайда еркінірек сезініп, өз проблемаларын едәуір оңайырақ көтере алатын жанрға айналды. Өйткені, әйелдің қоғамдық өмірдегі белсенділігі 1960 ж. арта түседі, ал 1970 ж. тіп­ті айқын көрінеді.

1990 жылдарда әйелдердің әңгіме жанрына қалам тартуға құлшынысы арта түседі. Олардың ішінде қаламгерлік шеберліктерімен танылған жазушыларды саралап көрейік. Әңгімелерін балалар тақрыбы мен әйел проблемаларына арналған Жихан Ақташ «Үш төңкерістің баласы» (1991), «Соңғы сиқырлы күндер» (1995), «Қасірет шеккен бетінде» (1996), «Әзизаның соңғы күні» (1997) және «Суға кеткен шілтер» деген кітаптарын жарықка шығарды. Фатма Қарабыйық Барбаросоғлу да күнделікті өмірдегі әйелдердің өзара қарым-қатынасына арналған «Ащы теңіз» (1996) және «Кешсіз күн» кітаптарын жазды. Назан Бэкироғлу ертегі, тарих әлемінен таңдап алған кейіпкерлермен сомдаған «Нұн ертегілері» (1997) және «Жүсіп пен Зылиқа» (2000) әңгімелерін дүниеге әкелді. Тансу Бэлэн «Ах, менің Ыстанбұлдық әйел болғаным!» (1993), «Ай түнге қарай жалғыз туады» (1994) әңгімелерін жарияласа, Селма Фындыклының жазғандары да үнемі оқырман назарын ау­­да­рып отырды. Оның «Күңгірт көшенің әйелдері» (1996), «Анкара бекеті» (1998), «Сарай алаңындағы соңғы түн» (1999) кітаптары оқырманның ыстық ықыласына бөленеді. Сэма Қайғусуздың жаңа оқиғаларды баяндайтын әңгімелерінің жинақтары «Ортасынан, жартысынан» (1997) және «Сандық дағы» (2000) деп аталады. Сэмра Топалдың әңгімелері Мира ханыммен болған шағын серуен» (1996), «Мания» (1998) атты кітаптарына жинақталған. Шэбнэм Ишигүзэл «Үйіңе ай туады» (1993), «Әңгімемді кім айтады» (1994) атты кітаптары - эротикалық мазмұндағы шығармалар. Халима Торос «Белгісіз Танымсыз» (1991) және «Сәресімен келген еркектер» (1994) кітаптарында отбасы өмірі мен еркектер кауымын суреттейді.

1990 жылдары Түркияда алғаш рет түрік постмодернизмі кәсіби тұрғыда қарала бастады. Түрік әдебиеттанушыларының құрметті майталмандарының бірі Мехмет Х. Доган өзінің «Варлык» атты журналына берген сұхбатында дәл осы уақытты атап өткен. Осыған қарамастан, 1980 жылдары кейіннен әдеби сында постмодернисттік атағын алған жаңа әдеби құбылыстар пайда бола бастайды. «Постмодернизм» терминінің өзі түрік өнері мен әде­биетінде 1992 жылдардан өзектілікке ие болады. Дәл осы кезеңде Батыс постмодернизм тео­ретиктерінің негізгі еңбектері түрік тіліне аударылып, басылымдарға шығып жатты. Түркия­да постмодернизмді қабылдау қиын болғаны және әлі күнге дейін қиындық тудыратыны құпия емес. Себебі алғашқы жылдары Түркияда «постмодернизм – Батысқа ғана тән, әлемнің басқа аймақтарында таралмаған құбылыс» деген көзқарас пайда болады.

Түрік әдебиеттану ғылымында «постмодернизм» термині мазмұны мен құрылымы жағынан жаңа еуропалық немесе американдық шығармаларға жақын жазылған туындыларға байланысты қолданылады. Әдебиетте мұндай бағыттың пайда болуы елде орын алған қоғамдық және саяси жағдайларға байланысты, жаңа заман талабына сай жаңа қарым-қаты­нас құралын енгізу жолында пайда болды деген көзқарас кең таралған. Осындай көзқарасты ұстанған зерттеушілердің арасынан Ахмет Кабаклы, Берна Моран, Фетхи Наджи, Гюрсель Айтач, Йылдыз Эджевит сияқты әдебиеттанушыларды ерекше атап кетсек болады. Йылдыз Эджевиттен басқа жоғарыда аталған әдебиетшілердің ғылыми еңбектерінің шарықтау шегі ХХ ғасырдың 50-80 жылдарына сәйкес келеді. Әдебиеттің жаңа «постмодернисттік» бағыты, дәлірек айтқанда, ақындық өнердегі өзгерістер, әдеби формалардың құбылуы, соңғы онжыл­дықта пайда болған туындыларда кездесетін жаңа тақырыптар аталған ғалымдардың назары­нан тыс қаламады. Түрік әдебиеттануының тағы бір ерекшелік – зерттеушілердің «пост­модернизм» ұғымын түсінуіне қарай постмодернисттік бағыттағы жазушыларды анықтауы.

Мұның себебі ретінде түрік әдебиеттануының жалпы әдебиет әлеміндегі құбылыс­тар­дан артта қалуы деп аутуға болады. Батыста әдебиеттану ғылымы қарқынды дамып жатқан кезде Түркияда әдебиет ұғымы нақты деректер келтірумен және оны суреттеумен ғана шек­тел­ген болатын. Батыс әдебиетіне қарай бағытталған Жаңа кезең әдебиеті Түркияға ХІХ ғасырдың екінші жартысында енгенімен, әдеби мектептер, жаңа ақындық және прозалық бағыттар мен жанрлардың құрылуы мен дамуы әдебиетке қарағанда әлдеқайда тез жүреді. Тек қана түрік романын қарастыратын болсақ, осман дәуірінен бастап келе жатқан дәстүрлі бұл жанр авантюристтік романан постмодернисттік тәжірибеге дейінгі даму сатысынан өтуді қажет ететін.

Негізі, түрік әдебиеттану ғылымы, дәлірек айтқанда, «ескі мектеп» өкілдері постмо­дернизм теориясына қатысты елеулі еңбектерімен ерекшелене алмаса да, жас зерттеушілер батыл талпыныстар жасай бастады. Мұндай жас таланттардың еңбектерінің нәтижесі ретінде ғылыми мақалалар жинағы мен ай сайын шығып тұратын «Хедже» әдеби журналының толығымен постмодернизм мәселесіне арналған 2008 жылғы №138-140 басылымдарын мысалға келтірсек болады. Осы тектес жинақтардан алынған мақалалар әдебиеттен алшақ болуы мүмкін, алайда, бұл еңбектер батыстық ғылыми ойлары мен тұжырымдамаларды игеруге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Келесі кезекте түрік әдебиетшілері мен қазіргі кездегі жазушылардың көзқарастары келтіріледі. Жазушылардың ойлары да өте маңызды, себебі, Түркияда әрбір жазушы немесе ақын тарихи шарттарға байланысты өз-өзіне сыншы болуға тиіс.

Түрік әдебиет зерттеушісі, Анкара университетінің профессоры Гюрсель Айтач «пост­мо­дернисттік әдебиет» түсінігін айқындай отырып, «интермә­тіндік», «ғажайып элементтер», «утопия» ұғымдарын кең қолданады. Ол бұл құбылысқа төмендегідей қарапайым анықтама береді: «Постмодернизм – әдебиетте модернизмнен кейінгі кезеңге берілген атау». Гюрсель Айтач постмодернизмнің басты ерекшелігі өзінің алдындағы кезеңге қарама-қайшы келуінде және қазіргі таңдағы өнердің басты принцип плюрализм деп санайды.

Батыс қоғамында көпшілік сұранысына негізделген плюрализм бағыты жоқтан пайда болмаған. Бұл құбылыстың тууына себеп ретінде эмиграцияны қарастыруға болады: «Қазіргі Германия мен Швейцария космополитизм орталы­ғы болып табылады. Еуропаға жұмыс іздеп қоныс аударған түріктермен қатар Қиыр Шығыстан келгендер де еуропалық қалаларға көзге айқын түсетін ерекше көрініс сылайды».

Түрік зерттеушісі Гюрсель Айтач тек жаңалыққа қарай ұмтылған модер­нисттік мәде­ниетпен салыстырғанда постмодернизмде қайталанулар мен плагиат элементтері жиі кезде­се­ді деп тағылған айыппен келіспейді. Ол У. Эко мен Ж.-Ф. Лиотара еңбектеріне сүйене оты­рып, олардың постмодернизм өткен тәжірибенің көшірмесі емес, жаңа айнасы деген ойымен толықтай келіседі.

Г. Айтачтың пікірінше, Түркияда модернисттік әдебиет өте жақсы дамыған. Сондықтан да постмодернисттік туындылардың пайда болуын Түрік әдебие­тінің табиғи дамуы деп санаған жөн. Г. Айтач Назлы Эрай, Букей Узунер, Афет Йылгаз, Лятифе Текин, Метин Качан және Дуйгу Асена сынды жазушылардың туындыларын «постмодернисттік» шығарма­лар­дың қатарына жатқызады.

Әдебиетте ерекше орын алатын Ахмед Кабаклының түрік әдебиеті тарихын зерттеуінде «постмодернизм» термині сирек кездеседі, ал «ең жаңа роман» түсінігі әлдеқайда жиі қолда­нылады. Ахмед Кабаклы жасаған постмодернисттік жазушылардың тізіміне Юсуф Атылган, Огуз Атай, Орхан Памук, Букет Узунер, Нихат Генч, Лятифе Текин, Метин Качан және Кюршат Башар және т.б. кіреді.

Берна Моран өзінің түрік романдарының генезисіне арнаған зерттеуінде ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әдебиетті осы 30 жылда болған саяси ахуал­дарға байланысты үш кезеңге бөледі. 1980 жылдың 12 қыркүйегінде орын алған әскери өзгерістен кейінгі шығармалар постмодернисттік немесе авангардтық бағытқа жатады. Лятифе Текин, Орхан Памук, Назлы Эрай, Пынар Кюр, Бильге Карасу сынды жазушылардың романдарында постмодернисттік реңк білінеді. Берна Моранның ойынша, постструктурализм философиясы арқылы жаңа мәтіндер мен көне мәтіндердің арасында байланыс бар, ешбір мәтін өз бетімен өмір сүре алмайды, ешбір автор бұрынғы мәтіндердегі әдістерге сүйенбей шындықты суреттей алмайды. Тіпті егер кімде-кім жаңашылдық танытса да, оны бұрынғы тәсілдермен салыстырмай білу мүмкін де емес. Модернист және реалист жазушылар бұл байланысты жасыруға тырысса, ал постмодернисттік авторлар оыс тәсілге аса назар аударады. Сонымен, постмодернизм үшін роман жай ғана сыртқы жағдайды айқындап, адам өміріндегі филосо­фиялық-әлеуметтік немесе рухани құндылықтарды суреттейтін бағыт болып қана қоймады. Роман – өз құрылымына негізделген ойын іспеттес. Берна Моранның айтуы бойын­ша, реализм­нен бас тарту роман мен шынайылықтың арасындағы байланыстың әлсіреуінен туын­даған. Постмодернисттік әдебиеттің бұл ерекшелігін Батыстағы модернисттік ой иелері ойлап тапқан реализм дағда­рысымен түсіндіреді. Ал 1960 жылғы оқиғалар бұл жағдайды тым асқын­дырып жіберген. Сол себепті, постмодернисттік роман сюжетімен, жүйе мен айғақтың құбылмалы қолданылуымен, шарықтау шегінің көптармақтылығымен және автор­мен бірдей деңгейде дискуссияға түсетін кейіпкерлерімен ерекшеленеді. Түрік әдебиетінде жоғарыда аталған талаптарға Орхан памук, Пынар Кюр, Лятифе Текин және Бильге Карасу сынды авторлардың шығармалары толықтай сәйкес келеді десек болады.

Жаңашыл романист-жазушы Хильми Явуз постмодернизм ұғымын постиндустриалды қоғамдағы білімінің көрсеткіші деп түсінеді. Ол түрік әдебиетіндегі постмодернизмнің басы ретінде Огуз Атайдың шығармашылығын атап кетеді. Оның шығармаларында ирония ақыл-есі жетік, дүниетанымы кең адамға тән «жасықтық» пен «қобалжу» қасиеттерін жоюға негіз болады. «Алайда бұл алапат күшті біздің постмодернист жазушылар ойлап тапты» дейді Хильми Явуз. Өз туындыларында олар иронияның өзін келеке етеді. Хильми Явуз нағыз постмодернисттер ретінде «Каирдың алқызыл раушангүлі» атты шығарманың авторы Вуди Ален мен Итало Кальвиноны атап кетеді. Сонымен қатар постмодернисттік шығармалар қатарына «К. Фехмидің таңқалдырар сауығы» және «Таормина» романдарын жатқызуға болады.

Хильми Явуз постмодернизм кезеңін түрік қоғамында өз бетімен туындаған құбылыс ретінде қабылдайтыны анық. Ол Орхан Памуктың «Қара кітабы» сыншылар суреттегендей толықтай постмодернисттік шығарма емес деген тұжырымға келіп, «бұл жазушы модернизм мен постмодернизм арасында кептеліп қалды» дейді. Алайда бұл авторға тағылған мін емес, керісінше, мадақ болатын, себебі, әдебиеттанушының пайымдауынша, Түркияда сыншылар да, оқырман да «Қара кітаптың» постмодернисттік жағын түсіне алмайтын еді. Әдебиетші Оруч Аруобаның айтуынша, Туркия постмодернизмге құқылы, бүгінгі таңда Түркия Батыста болып жатқан өзгерістерді бастан кешіріп жатыр. Бастапқыда модернизм, кейін оның жалғасы ретінде постмодернизм ұғымы туындады. Оруч Аруобаның айтуынша, Түркияда модернизмнен постмодер­низмге өту Батысқа қарағанда тезірек жүреді. Модернизацияның тез жүруінде де кемшіліктер бар, ол қоғамның белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Түрік постмодернизмі Батыстағыдай жарқын, кең арналы құбылыс емес.

Оруч Аруоба постмодернизмнің ирония мен формалар ойыны сынды екі нышанына аса назар аударып, Бильге Карасу, Энис Батур және Хильми Явуз сияқты үш жазушыны ерекше атап өтеді. Олардың шығармашылығынан түрік әдебиетіндегі модернизмнен постмодер­низмге ауысу кезеңін көруге болады. Б. Карасудың «Жолсерік» атты романында осы туындының пайда болу үдерісі суреттеледі. Хильми Явуздың постмодернисттік романда­рында авторлық әжуа-мысқыл байқалады.

Мехмет Х. Доган постмодернизм ұғымын жан-жақты қарастырады. Доган оны филосо­фиядан саясатқа, суретшілік өнерден сәулет өнеріне, өлең шығарудан әуенге дейін қамтып, қоғам өміріне кіріп ғана қоймай, тұлғаның өзгерістеріне де себепкер болатын құбылыс деп санайды. Постмодернизм – жаңа заман адамдарының жағдайы. Мехмет Х. Доган бұл ұғымға дәл анықтама табу қиын деп тұжырымдайды.

Хасан В. Кахраман Түркияның әлемдік аренаға шығуы туралы сөз қозғап, постмодер­низмнің маңыздылығын еркше атап өтеді. Түрік әдебиетшілерінің көбі Түрік әдебиетіндегі постмодернизм туралы ортақ пікірге келсе, ал кейбір ағартушылар оған қарсылық білдіреді. Мысалы, Семих Гюмюш: «Біздің әдебиетімізде постмодернизм ауыз толтырып айтарлық дең­гей­ге жетті» деп айту негізсіз. Мұндай деңгейге жету үшін күресу қажет. Постмодер­нистік өзгерістерді бастан кешірмек түгіл, постмодернисттік элементі бар мәтіндермен таныс емес жағдайымызда мұндай жоғары деңгей туралы сөз қозғау мүмкін емес» деп жазады.



Модернизм ұғымы қалыптаспаған қоғамда постмодернизм де болмайды. Әдебиетші постмодернизмнің бар екеніне ғана күмән артпай, оның түпкі мәніне де мін тағады. Семих Гюмюштің ойынша, постмодернизм ешқашан доминантты рөл атқара алмайды, себебі, абстрак­тілеу мүмкіндігінен айрылған постмодернизм – өз артынан от ерткен белгісіздік. Сон­дықтан түрлі медиа ағымдардың кері әсері жетіп жатқан кезде түрік әдебиетіне модер­низмге тән жаңашылдыққа деген ұмтылысты сақтап қалу қажет. Сондықтан, түрік жазушы­ларының постмодернисттік жазушылар қатарына жатуы екіталай. Түрік әдебиеттанушылары үшін постмодернизм әлі көп уақыт модернизмнің жалғасы ғана болып қоймай, сондай-ақ онымен бірге өмір сүретіні айдан анық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет