Мурасаки жер бетіндегі қайғы-қасіретті адам, сезімдер мен табиғи құбылыстар арқылы көрсетеді. Дәстүрлі дүниетаным мен поэтикалық бейнелерде кездесетін түрлі элементтер алғаш рет Гэндзи туралы романда жекелеген қасиеттер мен драмалық қайшылықтарды бейнелеу үшін қолданылады. Романдағы оқиға желісінің өрбуіне байланысты оған жасалатын талдау да тереңдеп, кейіпкерлердің түрлі эгоистік ойлары, ішкі сезімдері мен әрекеттері айқындала түседі. Көп жағдайда белгілі бір кейіпкер туралы басқалардың әркеттері арқылы білеміз. Мурасаки ғасырлар бойы қалыптасқан поэтикалық негізден бас тартпастан әлем әдебиетінің тарихында алғаш рет нағыз психологизмнің қалыптасуына бастау болды.
Романдағы кейбір жағдайлар мен кейіпкерлердің ойлау жүйесі қайталанғандай болады. Бұл құбылыс, әсіресе, оқиға желісінің шарықтау тұстарында анық байқалады. Мысалы, Гэндзи мен Фудзицубоның ғашықтық кездесуі және олардан туылған заңсыз мұрагер оқиғасы Ниой мен Касивагидің өмірлерінде де қайталанады. Сонымен қатар Гэндзи сүйіктісінің өлімі сияқты келесі оқиғада да ай толған мезетте ғашық болған зұлым рух Рокудзе Югао мен оның әйелін өлтіреді. Мұнда Гэндзи мен оның сүйіктілерінің арасындағы болған жағдайлар көбіне "музыкалық принципке" сай келеді. Сондықтан да лирикалық тақырыптардың ауысып келуі сюжеттік байланыстардан гөрі негізгі маңыздылыққа ие.
Мурасаки қолданған осындай суреттеу әдістері мен көркем тәсілдер аталған романды орта ғасырдағы куртуаздық романдардан әлдеқайда жоғарлатып, оны кейінгі ғасырлардағы Еуропа әдебиетінің кейбір шығармаларымен қатар қояды (17 ғ. француз психологиялық романы).
|