Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет119/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтың жіктелуі


Топырақтар табиғи əрі тарихи дене болғандықтан, оларды біліп, түсіну, тиімді пайдалану үшін бір ретке келтіріп жүйелеу қажет. Мұны топырақты классификациялау деп атайды. Топырақты класси- фикациялау жұмыстарының күрделілігі сол – ол жүйеленуге тиісті топырақтардың барлық қасиеттерін, олардың пайда болып, түзілу құбылыстарын, топырақ тузуші факторлардың тигізетін əсерлерін, адам қоғамының əсерін, яғни табиғи-тарихи əдістерді қолдану қажет. Топырақтардағы кездесетін комплексті белгілерін тауып, со- лар арқылы оларды əртүрлі деңгейдегі таксономиялық өлшемдерге



19–1427
289



бөлу қажет. Топырақтың қасиеттері мен кейбір белгілері тұрақты жəне өзгеріп тұратын қасиеттер мен белгілерге бөлінеді. Мəселе – оларды жүйелеген кездерде оның қасиеттері мен белгілерін ажырата білу. Сонымен қатар, топырақтардың өздерінің одан да күрделі жəне жоғарғы комплекс ландшафтардың бір бөлігі екенін ескергеи жөн. Осыған байланысты топырақтардың көптеген қасиеттерінің өздері оның геохимиялық байланысқан ландшафтарының қай бөліктеріне орналасуымен анықталатыны түсінікті. Бұл жағдайлардың барлығын ескеріп, қамту өте күрделі мəселе. Əлемде осы күнге шейін топырақтардың барлық жағдайларын ескеріп, үйлесімді жасалған классификациясы (жүйелеу) жоқ. Əр ел (мəселен, бұрынғы Кеңестер Одағы, француздар, американдықтар, канадалықтар. австралиялықтар, т.б.) өзінше бұл мəселемен шұғылдануда.
Топырақтану ғылымының негізін калаған В. В. Докучаев болғандықтан, топырақтарды классификациялау да Ресейде дұрыс жолға қойылғандығын дүниежүзі ғалымдары мойындайды. Сон- дықтан біз І886 жылы В. В. Докучаев жасаған топырақтарды классификациялау принциптерін келтіреміз. Топырақты клас- сификациялаудағы негізгі таксономиялық өлшеміне топырақ типін қабылдап, жалпы барлық топырақтарды ол 3 топқа бөлді:

  1. топ. Қалыпты зоналық топырақтар: А – құрғақ шөпті топырақтар, оларға төмендегідей 5 топырақ типтері кіреді: а) терістік ашық сұр күлгін; ə) орманның сұр топырақтары; б) қара топырақтар; в) қара қоңыр топырақтар; г) құба сортаңдау топырақтар, əрі қарай əр тип механикалық құрамдарына қарай бөлінді. Ə – құрғақ-батпақты топырақтар, су жайылмаған шалғындардың қышқыл топырақтары, Б – батпақты топырақтар, шымтезектер, тундра топырақтары.

  2. топ. Өтпелі топырақтар: А – шайылған топырақтар, Ə – жер бетіне төселінген топырақтар.

  3. топ. Қалыпсыз топырақтар: төселінген, өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері.

Докучаевтың топырақ типі топырақтарды классификациялаудағы ңегізгі өлшем болып қалды. Алайда, олардың сандары əр заманда əртүрлі өзгерістерге ұшырауда. В. В. Докучаевтан соң топырақ клас- сификациясы мəселелерімен көптеген оның шəкірттері: Н. М. Си- бирцев, П. С. Коссович, К. Д. Глинка, К. К. Гедройц, С. А. Захаров, А. Н. Сабанин, С. С. Неуструев, Б. Б. Полынов т.б. шұғылданды.
Топырақты классификациялауда оның барлық қасиеттерін қамту
қиын, сондықтан кейбір ғалымдар, мəселен К. Д. Глинка оның негізіне топырақтардың ылғалдану құбылысын ұсынды. А. Н. Са- банин өсімдіктердің өсуіне байланысты топырақты жүйелеуді жөн көрді. Ал П. С. Коссович псн К. К. Гедройц топырақтардың химиялық құрамын негізге алған классификацияларды ұсынды. Де- генмен олардың ешқайсысы да қолдау таппады.
Кеңестік заманда бүкіл еліміздің топырақтарының ресми клас- сификациясы болып КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының ғалымдары профессорлар Е. Н. Иванова, Н. Н. Розов басқарған комиссия мүшелері 1960 жыл- дары бекіткен жаңа классификация есептелінді (1965-1967). Осы классификация бойынша топырақты жүйелеудегі негізгі өлшем –
«топырақ типі» болып В. В. Докучаев термині қабылданды. Акаде- мик Л. И. Прасоловтың анықтауы бойынша, топырақтың бір типіне жату үшін олар төмендегідей бір тектес жалпы белгілерге ие бо- луы қажет: 1) органикалық заттардың біртектес түсіп, өзгерістерге ұшырауы, ыдырауы; 2) минералды заттардың біртектес комлексті үгітілу процестеріне ұшырауы, олармен органо-минералдық түзілістердің біртектес түзілуі (синтезделуі); 3) заттардың жылжуы мен шоғырлануының біртектес болуы; 4) топырақ пішіні құрамының біртектес болуы, яғни негізгі қабаттары құрамының біркелкі болуы;

  1. топырақтың құнарын сақтап жəне оны арттыру шараларының бір бағытта болуы.

Топырақтар типі негізгі топырақ түзілу процестеріне қосымша өткен кезеңнен қалған айрықша белгілері бар топырақ типшелеріне, яғни топырақ зонасы топырақтың кішігірім зоналарына – зонаша- ларына бөлінеді. Мəселен, кең алқапты орманды зонаның күлгін топырақтар типінде: кəдімгі типті күлгін топырақтар типшелерімен қатар, глейлі-күлгінді (күлгінге глейлі процесс қосылса), шымды- күлгінді (күлгінге шымды процесс қосылса) топырақты типшелері кездеседі. Ал қара топырақты тип негізінен үш зонашаға бөлінеді: терістік мол қара шірінді, орталық немесе кəдімгі қара топырақты жəне оңтүстік, аз қара шірініді зонашаларына (типшелеріне) бөлінеді.
Топырақ типшесі, яғни зонашалары топырақ жақындастығына, туыстығына (род) қарай бөлінеді. Топырақ жақындастығы негізінен оның пішінінің сапалық ерекшеліктеріне тəн.
Бұл жағдай топырақ түзуші аналық жыныстардың химиялық
құрамына (сортаңды, карбонатты, т.б.) немесе топырақ түзілудің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілеріне байланысты болуы мүмкін.
Топырақ жақындастығы топырақ түрлеріне бөлінеді. Бұл көбіне топырақтағы негізгі процестердің даму деңгейіне байланысты. Топырақ қабаттарының қалыңдығы, органикалық жəне минералдық заттардың топырақта жиналу белсенділігіне, қарашірінді, кар- бонаттар, тез ерігіш тұздар, күлгінді жəне гумусты қабаттардың қалындығына қарай бөлінеді. Мысалы, шамалы, орташа жəне қатты күлгінді, шамалы, орташа немесе қатты сорланған. Ал қаратопырақтар: қалың қабатты, орташа жəне жұқа қабатты т.б. бо- лып бөлінеді.
Топырақтың əртүрлілігі негізінен олардың механикалық құрамына байланысты: құмды, құмдақ, сазды, балшықты т.б. бо- лып келуіне қарай ажыратылады. Мəселен, жаңа игерілген, жоғары мəдениленген, эрозияға шамалы немесе қатты шалдыққан, т.б.
Сонымен, бұрынғы КСРО елдерінде топырақтардың 100- ден артық типтері, олардың əрқайсысында бірнеше типшелер, ондаған жақындастық жəне түрлері бөлінген. Олар туралы шамалы мəліметтерді əрбір топырақ зоналарына (типтеріне) тоқталған кезде келтіреміз.
Топырақ классификациясы топырақтарды картаға түсіргенде, оларды агроөндірістік топтағанда жəне құнарлылығына қарай бағаланғанда (бонитировка) қолданылады. Ескеретін жай, кейбір топырақ объектілерін қажеттілікке сай ірі масштабта картаға түсірген кезде, жоғарыда айтылған ірі таксономиялық өлшемдерден (тип, тип- ше, жақындастық, түр жəне əртүрлілік) басқа да кішігірім өлшемдер практикада жиі қолданылады. Топырақтарды практикада қолдану бағытына қарай, мəселен: суару, құрғату, тыңайтқыштар енгізу, эро- зия жəне ластанудан қорғау жағдайларына байланысты топырақты классификаииялаудың қолданбалы жүйесі пайдаланылады.
Ұсақ территорияларды картаға түсіру жəне оларды клас- сификациялау кезінде кішігірім өлшмдер қолданылса, ал аса ірі аймақтарды картаға түсіріп, оларды классификациялау кездерінде жоғарғы айтылғандарды біріктіріп, типтен де жоғарғы өлшемдер қолданылады. Мысалы. профессор М. А. Глазовская əлем топырақтарын классификациялау сызбанұсқасында типтен жоғары топырақ жақындастығын, топырақ генерацияларын жəне
топырақтың геохимиялық ассоциацияларын ұсынды (1981). Соны- мен, əлем топырақтарының жүйелерінде 40 топырақ жақындастығы, 29 генерациясы жəне 12 топырақ ассоциациялары бөлінген. Деген- мен бұл ұсыныс барлық жерде қолдау тапты деп айтуға болмайды. Топырақ классификациясы мəселелері тек əлемде ғана əрбір жеке елдерде де үйлесімді жасалып, барлық сұрақтарға жауап беретін, көпшілікпен қабылданған шаруа емес. Бұл мəселелер əрбір жеке елдер ғалымдарымен қатар, халықаралық топырақтанушылар наза- рында.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет