Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет122/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4
Сортаң топырақтар деп топырақтың коллоидты сіңіру кешені, негізінен, натрий катионына қаныққан топырақтарды айтады. Топыраққа сіңірілген натрий катионы сілтілі реак- ция береді, ылғал тисе ісініп, батпаққа айналады, ал құрғақ жағдайда қатып-семіп, бағаналы құрылым түзеді. Сондықтан олардың физикалық қасиеттері өте ыңғайсыз, осы себептен олар құнарсыз. Топырақтардың сіңіру кешендерімен көп жыл бойы шұғылданған орыс ғалымы қазіргі осы сортаң топырақты жерлерде бір кездері сор топырақтар болғандығын, кейінірек табиғи жағдайлардын өзгеруімен бұл аймақтарда ылғал көбейіп, топырақ бетінің құрамындағы натрий тұздары шайылып, топырақ астына кеткендігін айтады. Сонымен қатар ол осы тұздардың шайылу процесінде суға ерігіш тұздар құрамындағы натрий ка- тионы топырақтың сіңіру кешеніне мол сіңіп, қаныққандығынан топырақтардың жоғарғы қабаттарында суға тез ерігіш тұздардың төменгі қабаттарға шайылып кеткендігін, топырақтың беткі қарашірінді қабатынан кейін зиянды сортаң екінші қабаттың түзілетінін дəлелдейді.
А – сортаң қабаттың үстіңгі гумусты-шайынды қабаты, қалыңдығы бірнеше см-ден 20-30 см-ге жетеді, құрылымы бос, түсі ашық сұр.
В1 – жиынтықты-сортаң қабат, түсі қоңыр құба, күнгірт қоңыр, қатты бағаналы құрылымды, қазғанда ірі кесекті бағаналы бөліктерге бөлінеді, құрғақ кезінде өте қатты, ылғалданғанда тез
ісініп, құрылымсыз жағдайға ұшырайды. Міне, осы сортаң қабаттан төменірек жоғарыдан шайылған тұздар кездеседі.
Кейбір сортаң топырақтарда шайылу процесі көптен басталған жағдайларда тез ерігіш тұздар топырақтың тереңірек қабаттарына жиналады.

    1. кесте



Топырақтың құрамындағы суға ерігіш тұздардың мөлшері, сапасы жəне тұзданған қабатының орналасуына байланысты жүйелеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет