Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Полярлы, бореалды, суббореалды, субтропикалық, тропикалық белдеулердің топырақтары



бет125/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4

Полярлы, бореалды, суббореалды, субтропикалық, тропикалық белдеулердің топырақтары




Полярлық белдеу. Тундра зонасы. Бұл зона Ресейдің солтүстік шеткі бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды мұхиттағы кейбір арктикалық аралдар да кіреді.
Бұл зонаның көлемі 180 млн гектардай, яғни ТМД елдерінін барлық жер көлемінің 8,1%-ын алып жатыр. Бұл көлемге негізінен Сібір өңіріндегі таулы алқаптардағы таулы-тундралық топырақтар көлемі 150-160 млн гектар жерде қосылады. Геологиялық дəуірі жағынан алып қарағанда, бұл аймақ мұз дəуірінен кейін босаған ең жас аймақ.
Біршама жерлерін əлі де мұз басып жатыр. Бұл Ресейдің ең суық зонасы, қысы 7-8 айға дейін созылады да, жазы өте қысқа əрі салқын келеді. Бұл зонадағы вегетациялық кезеңнің ұзақтығы небары 2-3 ай ғана. Ылғал аз түседі, жылына 150-300 мм əрі күні суық, булану аз
болады жəне топырақтың астын мыңдаған жылдар мəңгі тон басып жатқандықтан, ылғалдың жерге сіңуі де жоқтың қасы. Ылғалдың жер бетіне сіңуінің мардымсыздығынан аз түскен ылғалдың өзі бұл жерде керекті мөлшерден артық. Батыстан шығысқа қарай мөлшері азайып, оның есесіне күн суыта түседі.
Бұл аймақта қалыпты өмір сүруге қажет күн сəулесі жетіспейді, ауа райы суық, тіршіліктің дамуына қолайсыз. Күннің суықтығынан топырақ қабаттары ұзақ жылдар бойы тоң болып жатады. Тек жаздың 2-3 айларында ғана топырақтың беткі жұқа қабаты еріп, мұздан арылады. Жалпы тундраның өзі терістіктен оңтүстікке қарай үш зонашаға бөлінеді: 1) арктикалық тундра; 2) кəдімгі тундра; 3) ор- манды тундра. Алғашқысы ең терістіктегі қар-мұз басқан жалаңаш тундра. Екіншісі жөнді дамымаған батпақты-глейлі топырақтар, біркелкі түзілмеген ойдым-ойдым бөлшектерден тұрады. Була- ну аз болғандықтан, жер бетін ылғал басып, оның астына ауа бармағандықтан, онда анаэробтық құбылыстар жүріп, топырақтағы темірлі қосылыстар тотықсызданып, топыраққа көкшіл-жасыл түс береді. Осындай топырақтарды глейлі топырақтар деп атайды. Жал- пы «тундра» деген сөз жергілікті карель тілінде жөнді дамымаған, ормансыз деген түсінікті береді. Жөнді дамымаған мəңгі мұзы мол топырақтар орманның өсуіне сөзсіз қолайсыз. Мұнда глейлі- батпақты топыраққа бейімделген батпақты шөптер, мүктер, қыналар өседі. Ал оңтүстікке жылжыған сайын орманды зонаға шекаралас бөлігінде, əсіресе өзен бойларында орманды-тундра зонашасы орын алады. Табиғат жағдайына сай мұнда өсетін өсімдіктер де шама- лы. Негізінен қына мен мүк, қышқыл өлең шөптер, бұталар, қара бүлдірген өніп-өседі, ал оңтүстікке таман жылжыған сайын тапал қайың, шілік жəне басқа ағаштар өсетін орманды-тундра басталады. Дегенмен, бұл жерлердің де ағаштары мардымсыз.
Тундра топырағы тоңның əсерінен əртүрлі бөлшекке бөлінетін ыдырамалы, батпақты-күлгінді болып келеді.
Бұл зонада негізінен бұғы шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік жоқтың қасы. Кейбір жел тимейтін ықтасын жерлерге топырақты дұрыстап өндеп, тыңайтқыштар енгізіп, көң төгіп, аз мөлшерде ерте пісетін көкөніс, басқа да дақылдар егуге болады. Ал жабық жылытқысы бар қондырғыларда көкөністерді жыл бойы өсіруге болады.
Бореалды белдеу. Орманды зонаның күлгінді жəне шымды-
күлгінді топырақтары. Тундраның оңтүстігіне қарай өте кең алқапты орманды (тайга) зонасы алып жатыр. Оның көлемі ТМД елдерінің, негізінен Ресейдің территориясының 52%-ға жуығы (11520 мың км2). Негізінен орманды тайга. Зонаның 20%-ға жуығы батпақты жерлер. Олар ойпатты Сібір, Беларус, Балтық бойы аймақтарын қамтиды. Бұл аймақта да өткен дəуірлерде түгелдей мұз жатқан. Сондықтан мұз əсерінің қалдықтары əлі сақталған.
Бұл зонаның да ауа райы салқын, дегенмен тундрадан көп жылы, қысы ұзақ əрі қатты суық болса, жазы қысқа, жылына жерге 350-600 мм-дей мөлшерде ылғал түседі. Булану аз болғандықтан, түскен осы ылғалдың өзі мөлшерден артық болып, топырақ қабаттарындағы суға ерігіш жəне басқа да заттарды топырақ астына шайып əкетеді. Ал мұның өзі біраз жерлерде батпақты аймақтардың пайда болуына əкеп соғады.
Кең алқапты зонаның батысынан шығысына қарай ауадан түсетін ылғал азайып, күн суыта түседі. Бұл зандылық киыр Шығыста, мұхит жағалауында бұзылып, мұнда ауадан түсетін ылғал да мо- лайып, ауа райы да біршама жылынады. Дегенмен, жалпы зона бо- йынша бір типке жататын топырақ түзіледі. Себебі зонаның Батысы мен Қиыр Шығысында ауадан түсетін ылғал молырақ болғанына қарай орташа температура жылырақ, булану мол болады. Əрине əр аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сəйкес топырақтардың да жергілікті провинциялық өзгешеліктері анық байқалады.
Зонаның əр алқаптарындағы қар жамылғысының қалыңдығы да əрқалай. Еуропалық бөлігінде оның қалындығы - орта есеппен, 50-60 см, Сібірде 20-30 см. Сібірдің қары жұқалау болғанымен, ауа райы өте суық, мұнда мəңгі тоңдар жатыр, жаңбыр жазда мол жа- уады. Жалпы жер бедеріне келсек, Енисей өзеніне шейін жазықтық, ал одан шығысқа қарай таулы аймақтар. Сонымен зонаның жалпы 64%-ы жазық алқаптар, таулы алқаптарда зона территориясының 36%-ы орналасқан.
Зона жерін негізінен орман алып жатыр. Оның солтүстігінде суыққа төзімді қылқан жапырақты ағаштар өссе, оңтүстігіне қарай қылқанды емес жапырақты ормандарға ұласады. Шырша, сəмбі тал, қарағай, кей жерлерде емен, жабайы жүзім, шетен жəне қайың, көктерек өседі. Шөбі жайқалған шабындықты жерлер жəне батпақты аймақтар да ұшырасады. Жауын-шашын мол вегетациялық уақыт жеткілікті болғандықтан, мұнда органикалық қалдықтар көп жи-
налмай, тез ыдырап, шіріп кетеді. Топырақ бетінде ағаш жапырағы мол төгіледі де, оның өзі аяқ астындағы төсеніштей болып қалыңдай береді, бара-бара минералдық затқа айналады. Топырақ ортасының реакциясы қышқыл, яғни топырақтың сіңіру-алмасу комллексі негізінен сутегі катионы мен аздаған алюминий катионына қаныққан. Мұндай ортада микроорганизмдерден саңырауқұлақтар көп тараған. Олар ылғалы мол көлеңкелі жағдайда жақсы дамиды. Орман төсенішін ыдырататын да, гумусты синтездеушілер де осы

  • саңырауқұлақтар. Олардың əсерінен гумус қышқылының бір түрі

  • фульвоқышқылы басымырақ болады. Бұл қышқылға топырақтың минералды бөлігіндегі көп заттар еріп, топырақтың төменгі қабаттарына жылжиды. Қышқылды ортада қарашірік те жылжы- малы болып шайылып кетеді. Осыған қоса жауын-шашынның əсерінен сілтілер, əкті қосындылар топырақтың төменгі қабаттарына қарай жуылып кетеді. Сондықтан бұл зоналық топырақтарының морфологиялық құрамы қышқылға, суға аз еритін ақ-күлгін кварцқа бай келеді. Бұл топырақтарды осы себептен күлгінді топырақтар деп атайды. Топырақтың жоғарғы қабаттарынан шайылып, еріген заттар топырақ астында 50-60 см тереңдікте немесе одан да төменде жина- лады. Бұл аймақтың топырағы негізінен: күлгінді, шымды-күлгінді жəне шымды-шалғынды топырақтар болып үш зонашаға бөлінеді.

Күлгінді топырақтар. Топырақтың күлгінді қабаты орман төсенішіне жақын жатады. Орман төсенішінің қалыңдығы 7-8 см (А). Бұл қабаттан төмен айрықша (А.) күлгінді ұнға ұқсаған ақ қабат жатады. Күлгінді қабаттың қалыңдығы 30-35 см-дей. Бұл қабаттан қышқылға, суға еритін жылжымалы заттардың барлығы шайы- лып кеткенімен, онда суға аз еритін кремиий қышқылы қалады. Күлгінді қабаттан кейін топырақтың иллювиалды (жиналмалы В) қабаты басталады. Бұл қабаттың тереңдігі 80-90 см-ге дейін жетеді. Түсі қызғылт-қоңыр, тығыздығы қатты. Топырақтың бұл қабатына
жоғарыда жатқан А2 қабатынан темір мен алюминийдің тотықтары жиналады, ал тез жылжитын заттар бұл қабаттан төменгі қабаттарға дейін өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет