Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет121/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4
(М. А. Глазовская бойынша, 1981).


Жерасты суларының тұздану деңгейі

Судағы тұздар мөлшері, л/г

Тұщы сулар

<1

Аз тұзданған сулар

1-3

Орта тұзданған сулар

3-10

Мол тұзданған сулар

10-50

Аса мол тұзданған сулар

>50

Жерасты суы топырақ бетіне неғұрлым жақын əрі оның тұздану деңгейі жоғары болса, ауа райы жылы немесе ыстық аймақтарда топырақтардың тұздану процесі соғұрлым жылдамырақ болады.



    1. Қалдықты сорланған топырақтар, топырақ түзуші тау жыныстарының мол тұздануынан қалыптасады.

    2. Ойпатты жерлерде кездесетін кейбір көл суларының ыстық ауа-райы жағдайында түгелдей буланып кетуінен, бұрынғы көлдер түбінде нағыз сор жиналып, онда ештеңе де өспейді.

    3. Сорланған топырақтардың пайда болуының тағы бір жолы

  • адамның өндірістік əрекеттерімен байланысты. Оның мəнісі төмендегідей. Қуаңшылық аймақтарда көп жерлерді суармалы егіншілікке пайдаланатынымыз белгілі. Осы алқаптарда жерас- ты ағысын реттеп дұрыс жолға қоймаған жағдайларда топырақ астындағы ыза сулар суару кезінде жер бетіне тез көтеріліп, жақындап, топырақты сорландырады. Топырақтың сорлануының осы жолын екінші сорлану немесе адам əрекетінен сорлану деп атайды.

Сор топырақтардың беткі қабатындағы тұздар мөлшері 0,6- 2% жəне одан да көбірек кездеседі. Бұл тұздардың мөлшеріне, құрамына жəне топырақтың қай қабаттарында шоғырлануына байланысты əртүрлі жүйеленетіні 19-кестеде келтірілген. Ал топырақтағы тұздардың құрамы мен мөлшеріне қарай олардың
ауылшаруашылық дақылдарына əсері 20-кестеде келтірілген. Бұл мəліметтерден көрінгендей, құрамына байланысты ең зияндыла- ры содалы, хлорлы, сульфатты тұздар екен. Бұдан топырақтың сорлануымен күресу жолдары ондағы тұздардың құрамына да тікелей байланысты екені байқалады. Жалпы топырақты мелио- рациялау мəселелерімен арнайы ғылым – топырақты мелиорация- лау шұғылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет