Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ылғалды-субтропикалық жəне ормандардың топырақтары



бет140/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Ылғалды-субтропикалық жəне ормандардың топырақтары


Ылғалды-субтропикалық жəне тропикалық орманды белдеу. Мол ылғалды субтропикалық зонаның қызыл жəне сары топырақтары. ТМД елдерінің оңтүстік субтропикалық кейбір аудандарында өте аз көлемді алқапта, дəлірек айтсақ, Грузияның батыс – Қара теңіз жағалаулары мен (Аджария мен Абхазияда) Əзербайжанның оңтүстік- шығыс шетінің Каспий жағалауларының біраз жерлерінде (Ленко- рань ойпатында) табиғаттың ерекше кызыл жəне сары топырақтары кездеседі, көлемі не бары – 0,6 млн гектар. Бұл алқаптарда жылу да, ылғал да мол. Жылына түсетін ылғал 1000-2500 мм-ге жетеді. Ауаның жылдық орташа температурасы 16-20, қыстың ен суық айы қаңтарда орташа температура 8-І0-тан кемімейді. Осындай қолайлы жағдай биологиялық тіршіліктің жыл бойына үзіліссіз дамуын қамтамасыз етеді. Ағаш пен шөп түрлері де мол əрі олар басқа аймаққа қарағанда мұнда жылдам өсіп, мол қалдықтар қалдырады. Өсімдік қалдықтары микроорганизмдерлің жəне басқа майда жəндіктердің көптігінен тез ыдырайды. Ауа райы жылы болғандықтан өсімдіктер, тірі жəндіктер


мен микроорганизмдер мұнда жыл бойы өмір сүруін тоқтатпайды. Тіпті өсімдіктер қыста да гүл ашады.
Күннің жылылығы мен жауын-шашынның мол түсуінен тау жыныс- тары мейлінше үгіліп, балшықтанып суға қатты шайылған. Мұндағы тастар да «шіріп» кеткен секілді. Тіпті, қатты дауалы тау жыныстарын пышақпен кесуге болады. Жыныстардың құрамында фосфор, күкірт, кальций, магний, калий. натрий толық, ал кремний тотығы біршама шай- ылып кеткен топырақ қабатында темір, алюминий, марганец тотықтары мол, олар бүкіл топырақ – тау жыныстарының 50-70% түзеді. Осылар топырақтарға ашық қызғылт түс беретіндіктен, оны қызыл топырақ не- месе латериттер деп атайды.
Бұл топырақтар пішіндері төмендегідей:
А1 – 0-2 см ағаштар жапырақтарының қалдықтары.
А – 2-25 (35) см сұр қоңыр, төмендеген сайын қызара бастайды,
құрылымы кесекті-жаңғақты, өсімдіктер тамырлары мол.
В – 80-100 см өзгертілген құба қызыл түсті қабат, тереңдеген сайын түсі ашық қызылға ауысады, қабатта темір конкрециялары кездеседі, механикалық құрамдары ауыр балшықты, қатты үгілген.
Топырақ ортасының реакциясы қышқыл, рН 4-5,5. Топырақтағы басты негіздер шайылып кеткендіктен, топырақтардын сіңіру көлемі шамалы. 100 г топыраққа не бары 12-15 мг экв.
Сіңірілген негіздер құрамында Аl – 60-80% орын алса, қалғаны сутегі (Н) үлесіне тиеді. Екеуі қосылып, сіңірілген негіздердің 85- 90%-ын түзеді. Өсімдік қалдықтары тез шіритіндіктен, пайда болған қарашірік топырақ құрамындағы темірмен қосылып, берік қосылыс құрайды да жауынға шайылмай, топырақта ұсталынып қалады, сондықтан да қарашірік мөлшері бұл топырақтарда едəуір (7-8%), бірақ тереңдеген сайын кеми түседі. Алайда, оның құнарлылығы жақсы. Қарашірінді құрамында фульво қышқылы басым. Сондықтан мұны фульватты-темірлі топырақ деп те атайды. Бұл аймақ бұрынғы КСРО-ның негізгі субтропикалық дақылдар (шай, лимон, апельсин, мандарин) өсірілетін бірден-бір ауданы.
ТМД елдерінде кездесетін негізгі зоналық топырақтарға қысқаша сипаттама бердік. Бұл топырақтар түрлері кейбір табиғи жағдайлардың ерекшеліктеріне қарай аздап өзгеруі ықтимал. Ал тау- лы жерлердегі топырақтардың тік белдеулік өзгерулері ол таулардың қай зоналарда, зоналардың қай секторларында орналасуларына бай- ланысты (43-сурет).






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет