Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтағы қара шірінді мөлшерінің азаюы – маңызды экологиялық мəселелердің бірі



бет83/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтағы қара шірінді мөлшерінің азаюы – маңызды экологиялық мəселелердің бірі




Топырақ қара шірінді өсімдікті азотпен жəне басқа қоректік элементтермен қамтамасыз етудің ең негізгі қажетті көзі бо- лып табылады. Топырақта қара шіріндінің жиналуына байланы- сты қоректік элементтердің мөлшері арта, ал олардың ыдыра- уы топырақ құрамында өсімдікке сіңімді элементтерді көбейте түседі. Демек, қара шірінді мөлшері топырақ құнарлылығының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Топырақтағы қара шірінді мөлшері ондағы жалпы органикалық заттардың жəне оның физикалық, химиялық қасиетінің өзгерісінен реттеліп отырады. Өнім жиналғаннан соң, топырақта өсімдік қалдықтарының қалуы (жоңышқа, т.б.) немесе органикалық тыңайтқыштар қолдануы оның құрамындағы қарашіріндінің мөлшерін көбейтіп отырады.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта, өсірілген өсімдікпен бірге кететін органикалық заттарды топырақ құрамына қайтару үшін қажетті
органикалық жəне минералдық тыңайтқыштарды жеткіліксіз қолдануға байланысты топырақтағы қара шірінді түзілу процесi қарқыны төмендей түсіп, топырақтың бiртiндеп азып-тозуы, құнарсыздануы байқалады.
Демек, топырақ тозуының негізгі факторларының бiрi оның құрамындағы гумустың азаю процесі болып табылады. Сондықтан суармалы алқаптардағы егіншілік жүйесінде қара шірінді қорын қажетті деңгейде сақтау жəне үнемдеу қазіргі таңдағы негізгі өзекті мəселелердің біріне айналған.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет