Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет85/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Ульмин қышқылы шөптесін өсімдіктер қалдықтарының анаэробтық бактериялармен ыдырау (шіру) процесінде түзіледі. Түсі қара қоңыр, суда ериді, құрғағанда, тоңазығанда жəне уақытқа бай- ланысты (үлкейе-ескіргенде) ерімейтін формаға – ульминге өтеді.
Ульмин қышқылының сілтілік металдармен (К, Na), сондай-ақ аммониймен жасаған тұздары суда ерігіш. Ал сілтілік жер металда- рымен (Са, Мg), сол сияқты темірдің, алюминийдің оксидтерімен жасаған тұздары суда ерімейді. Ульмин жəне гумин қышқылдарының тұздары аэробтық бактериялармен, саңырауқұлақтармен ыдырайды. Гумин қышқылы шөптесін өсімдіктер қалдықтарының аэробтық бактериялармен ыдырау процесінде түзіледі. Түсі қара ульмин қышқылынан гөрі суда нашар ериді. Гумин қышқылы құрғағанда жəне тоңазығанда суда ерімейтін желімдік коллоидтық
затқа – гуминге ауысады.
Бұл қышқылдың калий, натрий жəне аммониймен жасаған тұздары суда ерігіш, ал кальций, магний, темір, алюминиймен жасаған тұздары суда ерімейді.
Ульмин жəне гумин қышқылдары гуминдік қышқылдар деп те аталады. Олардың тұздары сілтілік металдардан басқа əртүрлі металдармен ерімейтін қосындылар жасайды да, топырақта жи- налып, соңғысына қоңыр не қара түс береді. Топырақ гумин қосындыларымен қанша бай болса, сонша мойыл қара түс алады.
Крен қышқылы ағаш өсімдіктері қалдықтарының аэробтық саңырауқұлақтармен ыдырау процесінде түзіледі, реакциясы күшті қышқыл, түссіз жəне суда ерігіш. Крен қышқылы құрамы өзгермесе, суда ерімейтін күйге өтпейді. Крен қышқылының барлық тұздары суда тез ериді. Сондықтан шымды-күлгін топырақ түзілуінде басты рөл атқарады.
Кренқышқылытотықсызданғанда апокрен қышқылына ауысып, суда ерігіштігін кемітеді. Бұл екі қышқылды фульвоқышқылдар дейді.
Топырақ түзілуінде қара шіріндінің 60-70% құрамын жасайтын
гуминдік қышқылдардың жəне фульвоқышқылдардың маңызы зор. Гуминдік қышқылдардың пайыздық элементарлық құрамы:

Н – 2,8 – 5,8; 0 – 31 – 39; С – 52 – 62; N – 2,6 – 5,1.


Гуминдік қышқылдардың сілтілік жер металдарымен жасаған тұздарын гуматтар дейді. Мұнда калийдің, натрийдің, аммонийдің гуматтары суда ерігіш, атмосфералық қалдықтармен топырақтан тез шайылып кетіп отырады. Ал кальцийдің, магнийдің гуматтары суда ерімейді, берік гельдер жасап топырақта жиналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет