Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет18/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
Акмеология


176
177
өткен бірқатар авторларға сүйене отырып, С.П. Крягжде нақты кəсі-
би өзін-өзі анықтау əлі қалыптаспаса, онда жас адамның болашаққа 
оны  нақтылауды  қалдырып,  жалпылаушы  нұсқаны  қолданатынын 
атап  көрсетеді.  Осылайша,  автордың  пікірі  бойынша,  əлеуметтік 
өзін-өзі анықтау, адамның өзін кəсіптің белгілі шеңберімен шектеуді 
білдіреді;  бұл  кəсіби  өзін-өзі  анықтаудың  сапалы  тұрғыда  аса  тө-
менгі деңгейі болып саналады. 
Алайда,  мұндай  түсініктеме  жалпы  қабылданбаған.  Мысалы, 
Ф.Р.Филиппов  əлеуметтік  бағдарды  еңбектің  белгілі  түрлеріне 
бағдарлану ретінде түсіндіріп, осы бағдарланудың өмірлік жоспарды 
қалыптастыру  үшін  өзіндік  мəнділігін  атап  көрсетеді.  Мұнда 
еңбектің  сипатына  бағдарлануды  ғана  емес,  сонымен  бірге  белгілі 
орынға  кең  ауқымды  жəне  тұлғалық  маңызды  бағдарлану  туралы, 
яғни əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі деңгейге, белгілі əлеуметтік 
мəртебеге бағдарлану туралы айтуға болады. 
Өзін-өзі анықтаудың негізгі мəселесі ретінде, тұлғалық өзін-өзі 
анықтаудың  құндылықты-мағыналық  табиғаты  туралы  ұғымдар 
алынады. 
Тұлғалық өзін-өзі анықтау мəселесін түсіндіру үшін аса маңыз-
ды жағдайды атап өткен жөн: тұлғаның деңгейі – бұл құндылықты-
мағыналық  детерминация  деңгейі,  мағыналар  мен  құндылықтар 
əлемінде өмір сүру деңгейі. 
Сонымен,  бірінші  сəт – бұл  мағыналар  əлемінде  өмір  сүру 
өзіндік  тұлғалық  деңгейде  өмір  сүруді  білдіреді.  Мағыналар 
мен  құндылықтар  саласы – бұл  тұлға  мен  қоғамның  өзара 
əрекеттестігі  жүзеге  асатын  сала;  құндылықтар  мен  мағыналар 
осы  өзара  əрекеттестіктің  тілі  болып  саналады.  Екінші  сəт – 
тұлғаны  қалыптастыруға  арналған  құндылықтардың  жетекші  рөлі. 
Құндылықты  тұлға  меңгереді,  себебі «...біртұтас-құндылықты 
күйден  басқа,  құндылықпен  қатынас  жасаудың  басқа  тəсілі  жоқ». 
Осылайша,  құндылықты  меңгеру  тұлғаның  өзін  меңгеруімен  тең 
болады.  Үшінші  сəт – мағыналық  құрылымдардың  айқындалатын 
функциялары: эталонды құру, болашақтың бейнесі жəне іс-əрекетті 
оның адамгершілік, мағыналық жағынан бағалау. 
Құндылық  бағдарлар – бұл  оның  бағыттылығының  мазмұнды 
жағын  сипаттайтын  тұлғаның  құрылымының  элементтері. 
Құндылықтарды  меңгеру  нəтижесінде  құндылық  бағдарлар 
формасында,  адам  үшін  аса  маңызды  құндылықтар  тіркеледі. 
Құндылық  бағдарлар  жүйесі  өмір  сүрудің  «ықшамдалған»  бағдар-
ламасы  болып  табылады,  тұлғаның  белгілі  моделін  жүзеге 
асырудың  негізі  болады.  Əлеуметтік  саланың  тұлғалық  салаға 
өтуі  жəне  тұлғалық  саланың  əлеуметтік  салаға  өтуі  барысында, 
дара  құндылық-дүниетанымдық  айырмашалықтар  қарым-қатынас 
арқылы алмасады. 
Құндылық  тұлға  мен  қоғамның,  тұлға  мен  мəдениеттің  өзара 
əрекеттестігінің  негізгі  механизмдерінің  бірі  болып  табылады. 
Құндылықтар – бұл адамдардың  тарихи тəжірибені жүзеге асыра-
тын, белгілі дəуірдің, қоғамның, біртұтас адамзаттың мəдениетінің 
мəнін  шоғырландырып  көрсететін,  өздерінің  мінез-құлқының 
мақсаттары мен нормалары туралы жалпылама ұғымдары. Бұл əрбір 
адамның  санасында  болатын  бағдарлар,  оларды  индивидтер  жəне 
əлеуметтік топтар арақатынаста ұстайды. Осылайша, құндылықтар, 
құндылық  сана  мақсатты  болжаудың  негізіне  алынады.  Мақсаттар 
адамзат  іс-əрекетіне  идеалды  құндылықтар  ретінде  əсер  етуі  мүм-
кін,  оларды  жүзеге  асыру  адамның  өзіндік  қажеттілігі  немесе 
борышы болып саналады.  
Отандық  ғалым  Б.А.  Оспанова  студенттердің  акме-креативтік 
іс-əрекеттерін  белсендіруде  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілетін 
арттырудың  жəне  дидактикалық  мүмкіндіктерін  жан-жақты  терең 
қарастырған.
Көріп  отырғанымыздай,  өзіндік  болашақ  туралы  ұғымдар 
құндылықтармен байланысты. Өзінің табиғаты бойынша əлеуметтік-
тарихи бола отырып, құндылықтар индивидтің текке (текті адамзат 
қабілеттеріне) баулудың құралы болып табылады, сол құрал арқылы 
адамзат  өмір  сүруінің  шексіздігін  жеңуге    болады.  Өз  кезегінде 
құндылықтар, өмірдің мəні туралы ұғымдармен тығыз байланысты, 
олар өз кезегінде бір мезгілде  тұлғаны дамытудың негізі жəне оның 
нəтижесі болып саналады. 
Сонымен, өзін-өзі анықтау мағыналық жүйені қалыптастырудың 
қажеттілігімен, құндылықтармен байланысты, онда орталық орынды 
өмірдің мəні мəселесі, болашаққа бағдар мəселесі алады. Енді бұл 
байланыстарды  аса  нақты  құрастыруға  болады.  Адамның  қоғамда 
өзін  тұлға  ретінде  анықтауы – бұл  адамның  өзін-өзі  анықтауы 
(өзін-өзі  анықтау,  белсенді  ұстанымда  болуы),  салыстырмалы 
түрде  əлеуметтік-мəдени  құндылықтарды  меңгеру  арқылы,  адам 
өзіндік өмір сүруінің мəнін анықтайды. Адамның тұлға ретінде өзін 
анықтауы – тұлғалық өзін-өзі анықтаудың құндылықты-мағыналық 
табиғаты болады. 

178
179
Өзіндік  өмір  сүруінің  мəнін  іздеуде,  аса  жалпы  формада  тұл-
ғалық  өзін-өзі  анықтаудың  құндылықты-мағыналық  табиғаты 
байқалады.  Өмірдің  мəніне  деген  қажеттілік  мінез-құлықтың 
ересек  формаларын  сипаттайды,  сондықтан  тұлғаның  ересектену 
үдерісінен, оның өзіндік «Менінің» қалыптасуынан тыс қалмайды. 
Ерте жастық шақта жүзеге асатын ішкі əлемнің ашылуы, тұлғаның 
оны  құндылық  ретінде  бастан  өткеруімен  байланысты.  Адамның 
өзін қайталанбайтын бірегей тұлға ретінде ашуы, əлеуметтік əлемді 
ашумен тығыз байланысты. Жастық шақ рефлексиясы бір жағынан, 
адамның  өзіндік  «Менін»  саналы  ұғынуы («Мен  кіммін?», «Мен 
қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Мен өзімді не үшін 
құрметтеймін»), ал екінші жағынан – өзінің əлемдегі орнын саналы 
ұғынуы («Менің өмірлік идеалым қандай?», «Менің достарым жəне 
жауларым  кім», «Мен  кім  болғым  келеді?», «Өзім  жəне  қоршаған 
əлемнің жақсы болуы үшін не істеуім керек?»). Адам өзіне қаратыл-
ған  бірінші  сұрақтарды  алғаш  рет  саналы  ұғынбай  жасөспірімдік 
кезеңде  қояды.  Ал  екінші,  аса  жалпылаушы,  дүниетанымдық 
сұрақтарды  жас  жігіт  қояды,  оның  өзіндік  талдауы  əлеуметтік-
адамгершілік өзін-өзі анықтаудың элементі болып саналады. 
Жоғарыда  баяндалғандардың  негізінде  «Мен-тұжырымдама» 
жəне  «тұлғалық  өзін-өзі  анықтау»  ұғымдарының  арақатынасын 
анықтауға  болады.  Себебі,  тұлғалық  өзін-өзі  анықтаудың  аса 
ауқымды  анықтамасы  ретінде,  бірыңғай  мағыналық  жүйені 
қалыптастыру үдерісі алынады, онда адамның өзі туралы жəне əлем 
туралы жалпылаушы ұғымдары біріктіріледі, сонымен бірге «Мен-
тұжырымдамасы» (адамның  бағалауымен  байланысты  өзі  туралы 
ұғымдарының  динамикалық  жүйесі)  тұлғалық  өзін-өзі  анықтау 
үдерісінің факторы болып табылады. 
Əлем туралы білімді жинақтаумен жəне жүйелеумен қатар жү-
ретін интеллектуалды даму, тұлғаға деген қызығушылық, рефлексия 
ерте  жастық  шақта  дүниетанымдық  көзқарастар  құрылатын  негіз 
болады. 
Жастық шақ – дүниетанымның қалыптасуының шешуші кезеңі, 
себебі дəл осы кезеңде оның когнитивті жəне эмоционалды-тұлғалық 
алғышарттары жетіледі. Жастық шақ кезеңі білімнің артуымен ғана 
емес,  сонымен  бірге  олардың  ақыл-ойының  кеңеюімен,  теориялық 
қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің пайда болуымен, көптеген 
деректерді  бірқатар  принциптермен  байланыстыру  білігінің  пайда 
болуымен сипатталады. 
Өмірдің  мəніне  деген  қажеттілік,  өзінің  өмірін  кездейсоқ, 
оқшауланған  оқиғалар  сериясы  ретінде  емес,  белгілі  бағыты, 
сабақтастығы  жəне  мағынасы  бар  біртұтас  үдеріс  ретінде  саналы 
ұғыну – тұлғаның аса маңызды қажеттіліктерінің бірі. Адам жастық 
шақ кезеңінде өмірлік жəне кəсіби жолды таңдаудың алдында болған 
кезде, бұл қажеттілік ерекше саналы ұғынылады. 
2.4 Акмеологиялық білім беру ортасы
Тақырыптың  негізгі  ұғымдары:  акмеологиялық  орта, 
акмеологиялық  білім  беру  ортасы,  білім  беру  кеңістігі,  ортаның 
акмеологиялық  əлеуеті,  акмеорта  тұғыры,  ортаға  бағдарланған 
тұғыр. 
Студенттерге  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде,  білім  беру 
кеңістігінің  аясында  акмеологиялық  мəдениетті  дамытуды 
оңтайландырудың 
əлеуметтік-психологиялық, 
педагогикалық 
жəне  дидактикалық  шарттардың  жиынтығын  жүзеге  асыруда, 
тұлғаның акме-бағдарланған өзіндік дамуын, оны рухани байытуды 
қамтамасыз ететін, тұлғалық сапа ретінде акмеологиялық мəдениетті 
қалыптастыру  мен  дамытудың  акмеологиялық  факторларын  аса 
тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін акмеологиялық орта құрылады. 
Аталған  мəселенің  өзектілігі,  мамандарды  кəсіби  іс-əрекеттің 
субъектісі  ретінде  зерттеудегі  акмеологиялық  тұғырдың  қажет-
тілігімен,  кəсіби  қалыптасу  мен  жетілдірудің  барлық  сатыларында 
ортаға  əсер  ететін  бірқатар  əлеуметтік-педагогикалық  факторлар-
мен анықталады. 
Біріншіден,  бұл  əлеуметтік-мəдени  ортадағы  өзгерістер.  Аса 
маңызды  өзгерістердің  бірі – білім  беруді  дамудың  басым  бағыты  
ретінде анықтау. Антропогенді өркениет білім беру ортасы ретінде 
болады,  білім  беру  формацияларының  алмасуы  жүреді,  білім  беру 
адамның  сапасының  озық  дамуының  əлеуметтік-генетикалық 
механизмі,  қоғамдық  интеллектінің  сапасы  ретінде  болады.  Ол 
ғылыми  ауқымды,  интеллектуалды  экономиканы  қозғалысқа 
келтіретін «адамзат капиталын» қайта жаңғыртудың басты факторы 
ретінде бекітіледі. 
Екіншіден,  халықаралық  жағдайды  талдау,  интеллектуалды 

180
181
ресурстардың сапасы, білім берудің сапасы үшін елдердің арасын-
дағы кеңейтілген бəсекелестікті білдіреді. Соған байланысты, қазіргі 
заманғы ғылымдағы, жоғары мектептегі жоғары жетістіктерді ұстап 
тұру тұжырымдамасы, барлық мамандықтар бойынша іргелі білімді 
дер  кезінде  жаңарту,  дамудың  өзіндік  жолын  ескеріп,  мамандарды 
даярлаудың отандық жүйесіндегі үздік дəстүрлерді сақтауды өзекті 
етеді. 
Үшіншіден,  адамзаттың  дамуындағы  парадигмалы  қозғалыстың 
белгілері ретінде, интеграциялық үдерістерді кеңейту, экономиканы, 
коммуникациялық  инфрақұрылымды,  əлеуметтік  серіктестікті, 
халықаралық  ұйымдар  жүйесінде  функционалды  қатынастарды 
жаһандату, халықаралық білім беру ортасын қалыптастыру алынады. 
Төртіншіден, интеграциялық үдерістерді дамытуға стратегиялық 
бағыттылық,  Болон  үдерісіне  қатысу,  отандық  білім  беру  жүйесін 
еуропалық  білім  беру  жүйесімен  салыстыруды  қол  жеткізуге, 
бітіруші  түлектердің  кəсіби  біліктілігін  салыстыруға,  оларды 
отандық  жəне  əлемдік  еңбек  нарығында  еңбекке  орналастырудың 
мүмкіндіктерін кеңейтуге бағдарлайды. 
Мұнда көпдеңгейлі оқытуды кең ауқымда жүзеге асыру, негізгі 
білім беру бағдарламаларын құруға құзыреттілік тұғырды қолдану, 
мамандарды даярлаудың сапасын бағалау, студенттердің жеке білім 
беру траекториясын құру жəне т.б. мəселелер қойылады. 
Бесіншіден,  білім  беру  үдерісінің  білім  беру  ортасымен 
түйіндесуі,  оған  тұлғалық-кəсіби  бағыттылықтағы  талаптарды, 
кəсіпқойдың  қызығушылықтары  мен  қабілеттерін  ескеретін,  оның 
жеке  білім  беру  маршрутын  қалыптастыруды  қамтамасыз  етуді 
ұсынады (Н.В.Кузьмина). 
Білім  беру  ортасы  табысты  əлеуметтік  бейімделуде,  кəсіби 
қалыптасуда,  еңбек  нарығының  бəсекеге  қабілеттілігінде,  кəсіпті 
алмастырудың қажеттілігі жағдайында фрустрациялық шығындарды 
төмендетуде, қажеттілігіне қарай өмір бойы оқытуды жалғастырудың 
мүмкіндіктерінде  тұлғаның  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 
бағытталған. 
Алтыншыдан,  акмеология  ғылымы  тұлғаның  кəсіби  дамуының 
принциптері,  заңдылықтары  мен  механизмдерінің,  адамды  кəсіби 
жолдың  барлық  сатыларында  қамтамасыз  ететін  білім  беру 
ортасында  жоғары  жетістіктердің  берік  əдістемелік  жүйесін  құру 
үшін қажетті алғышарттарды құрастырды. 
Жетіншіден,  білім  беру  ортасын  үздіксіз  қайта  құрудың 
синергетикалығы жəне қабілеті, ұлттық ерекшеліктердің сіңірілуінен 
тыс қалмайды. Бір жағынан, жаһандану ұлттық жүйелерді əлемдік 
білім беру кеңістігіне біріктіреді, ал екінші жағынан – ментальды, 
ұлттық  айырмашылықтар  болған  жағдайда,  олар  білім  беру 
ортасында көрінуі керек. 
Көптеген  зерттеушілер  əлеуметтік-мəдени  білім  беру  ортасын 
зерттеуде,  жүйелер  теориясын  қолданады,  аталған  теория 
бойынша  адам  күрделі,  ашық,  өзін-өзі  дамытушы  жүйе  ретінде 
қарастырылады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жүйе-
лі тұғырдың жалпы-ғылыми əдіснамасы қолданылады, атап айтсақ, 
«синергетика» теориясы қолданылады (В. Г. Афанасьев, Т. Парсонс, 
В.П. Казначеев, Н.Н. Моисеев, Э.Г. Юдин, Ю.А. Урманцев жəне т.б.). 
Тұйықталған  жүйелерде  жүзеге  асырылатын,  негізінен  қатаң 
детерминацияланған құбылыстарды қарастыратын дəстүрлі ғылыми 
бағыттармен  салыстырғанда,  синергетика  ашық  типтегі  жүйелерді 
зерттеуге тірек жасайды, оның негізгі принциптері ретінде, өзін-өзі 
ұйымдастыру жəне өзін-өзі реттеу алынады. Бұл жүйелер қоршаған 
ортамен тұрақты, белсенді өзара əрекетті жүзеге асырады. 
Өзін-өзі  реттеуші  жүйелердің  басқа  ерекшелігі  ретінде, 
ақпараттық-энергетикалық  ашықтықты,  басқа  жүйемен  немесе 
сыртқы ортамен тұрақты өзара əрекеттестік есебінен белсенділікті 
қамтитын,  құрылымдық  элементтердің  икемді,  анықталмаған 
иерархиясы мүмкіндігі алынады. 
Синергетикалық  тұғыр  детерминация  категориясының  жаңа 
диалектикалық мазмұнын қамтиды, ол күрделі жүйелердің өміріндегі 
кездейсоқтық  пен  қажеттінің  тең  ықтималдығына  негізделеді.  Кез 
келген  күрделі  жүйенің  өмірінде  кездейсоқтық  пен  қажеттілік, 
тұрақтылық пен тұрақсыздық бір-бірін өзара толықтырады. 
Отандық  ғалым  Х.Т.  Шерьязданова  болашақ  мамандарды 
психологиялық  тұрғыда  дайындаудың  жеке  үдеріс  ретінде 
ұйымдастырылуына 
көңіл 
бөліп, 
оқыту 
мазмұны 
жəне 
əдістемелерінде  білім  алушылардың  ерекшеліктерін  ескеруді 
ұсынған.  Ол  болашақ  педагог-психологтарды  біртұтас  жүйе 
тұрғысынан  кəсіби  дайындаудың  алғаш  рет  психологиялық 
үлгісін  жасаған  ғалым.  Бұл  үлгі  қарым-қатынас  психологиясының 
теориялық  жəне  практикалық  мəселелеріне  негізделеді.  Ғалымның 
пікірінше,  психологиялық  дайындау  психодиагностикалық  жəне 

182
183
психокоррекциялық  бағыттағы  жұмыстарды  қамтиды.  Психо-
логиялық  осы  білімнің  топтастырылған  сипаттағы  дəрістері  жəне 
білім  алушыларды  меңгертілген  психологиялық,  академиялық 
білімді тəжірибеде қолдана білуі кəсіби дайындаудың басты шарты 
деген пікір білдіреді.
Зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның дамуы көп жағдайда, оның 
жеке тəжірибесінде қандай жүйелердің басым болатынына тəуелді 
болады  (ашық  немесе  жабық).  Белгілі  жүйелердің  педагогикалық 
əсері, адамның жеке-психологиялық құрылымын қалыптастыратын 
болады,  нəтижесінде  белгілі  кезеңнен  бастап,  адамның  сыртқы 
байланыстары  мен  қатынастарын  өз  бетімен  таңдауына  əсер  ете 
бастайды,  мұнда  индивидтің  табысты  дамуының  шарты  ретінде, 
оның қоршаған ортадағы ашық өзара əрекеттестігін қамтамасыз ету 
алынады. 
Ересек  тұлғаның  шығармашылық  əлеуетін  дамытуды,  үздіксіз 
білім  беру  жүйесінің  тек  «іштей»  оңтайлы  түсіндіруге  болмайды. 
Мұнда кең мағынасында ортаның ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Əлеуметтік-мəдени  орта – бұл  қоғамдық,  моральды  жəне 
рухани  шарттардың  күрделі  құрылымы,  онда  адамның  іс-əрекеті 
жүзеге  асырылады.  Орта  тұлғаны  дамытудың  маңызды  шарты 
болып  саналады;  сонымен  бірге,  адамның  іс-əрекетінің  əсерімен 
орта  да  өзгереді.  Сондықтан,  адам  мен  ортаның  өзара  қатынас 
мəселесі,  алуан  түрлі  ғылыми  пəндер  мен  бағыттардың  аясында 
қарастырылады  (философия,  педагогика,  психология,  акмеология, 
əлеуметтану жəне т.б.). 
Білім  беру  ортасы,  ең  алдымен,  əлеуметтік-мəдени  ортаның 
жүйесі,  яғни  тарихи  қалыптасқан  факторлар,  жағдайлардың 
жиынтығы,  тұлғаны  дамытудың  арнайы  ұйымдастырылған  педа-
гогикалық жағдайлардың тұтастығы. 
Кең  мағынасында  əлеуметтік-мəдени  білім  беру  ортасын 
бірнеше өзара байланысқан деңгейлерді қамтитын құрылым ретінде 
түсіндіруге болады. 
Жаһандық  деңгейге  мəдениет,  экономика,  саясат,  білім  беруді 
дамытудың  жалпы  əлемдік  үрдістерін,  жаһандық-ақпараттық 
желілерді жатқызуға болады.
Аймақтық  деңгейге  (елдер,  ірі  аймақтар)  білім  беру  саясаты, 
мəдениет,  білім  беру  жүйесі,  əлеуметтік  жəне  ұлттық  нормаларға, 
əдеттер  мен  салт-дəстүрлерге  сəйкес  өмір  сүру  салты,  бұқаралық 
ақпарат құралдары жəне т.б. жатады. 
Жергілікті  деңгейге – білім  беру  мекемелері  (оның  микро-
мəдениеті, микроахуалы), жақын аймақ, отбасы жатады. 
Тар мағынасында орта ұғымына индивидтің тек тікелей аймағын 
жатқызуға  болады.  Дəл  осы  жақын  аймақ  пен  қарым-қатынас 
адамның қалыптасуы мен дамуына аса күшті əсер етуі мүмкін. 
Көптеген зерттеушілер білім беруші əлеуметтік-мəдени орта деп  
адамның дамуы мен оған білім беруді анықтайтын түйінді фактор-
лар  жүйесін  түсіндіреді:  білім  беру  үдерісіне  əсер  ететін  адамдар; 
елдің  қоғамдық-саяси  құрылымы;  табиғи  жəне  əлеуметтік-мəдени 
орта (педагогикалық ортаның мəдениетін қоса); бұқаралық ақпарат 
құралдары; кездейсоқ оқиғалар. 
«Гуманитарлы  білім  беру  ортасы»  ұғымын  енгізе  отырып, 
зерттеушілер  оны  жаңа  мəдени-білім  беруші  жəне  əлеуметтік-
педагогикалық  ойлаудың  негіздерін  қалыптастыруды  қамтамасыз 
етуге қабілетті шарт ретінде қарастырады. 
Гуманитарлық  білім  беру  ортасы,  гуманистік-адамгершілік 
құндылықтары  басым,  мəдени-білім  беру  кеңістігі  болып  та-
былады,  оның  тұтастық,  автономиялық,  ашықтық  сияқты  сапа-
лы  сипаттамалары  болады.  Гуманитарлы  білім  беру  ортасы, 
субъективтіліктің  өзекті  қайта  құруларын,  білім  берудің 
интерсубъективті үдерісін дамыту үшін жағдай жасайды. 
Осылайша, білім беру ортасы индивидпен өзара əрекеттестіктің 
нəтижесінде  тұлғаның  қалыптасуы  жүретін,  арнайы  ұйым-
дастырылған  білім  беру  мекемесінде  əлеуметтік,  мəдени,  пси-
хологиялық-педагогикалық  жағдайлардың  жиынтығы  ретінде 
сипатталады. 
Білім  беру  үдерісін  қамтамасыз  ететін,  оның  креативтілігін 
арттыратын,  тұлғаның  барынша  қолайлы  өзіндік  дамуына  жағдай 
жасайтын, білім беру ортасын құру маңызды болып саналады. 
Білім беру ортасының көпқырлы ұғымын талдай отырып, атал-
ған  ұғымды  «берілген  үлгі  бойынша  тұлғаны  қалыптастырудың 
əсерлері  мен  жағдайларының  жүйесі»  ретінде  қарастырған  жөн, 
алайда əрбір білімгерге алуан түрлі полимəдени білім беру ретінде, 
білімгерлердің  əрқайсысына  жеке,  олардың  өзіндік  «Менін»  құру 
үшін  ортаны  құру,  білімгерлердің  ішкі  əлемін  өзектілеу,  оның 
тұлғалық өсуін, өзін-өзі жүзеге асыруын, олардың өзіндік санасының 
қалыптасуы  үшін  жағдай  жасауды  қамтамасыз  ететін  ортаны  құру 
қажет. 

184
185
В.И.  Слободчиков  ортаны  байланыс  жəне  құрал  ретінде 
түсіндіруге сүйенеді. Бұл анықтаманы білім беру ортасын тұлғаны 
берілген үлгі бойынша қалыптастырудың əсерлері мен жағдайлары 
жүйесі  ретінде  қарастырып  нақтылауға  болады,  сонымен  бірге 
əлеуметтік  жəне  кеңістіктік-заттық  ортадағы  тұлғаны  дамытудың 
мүмкіндіктерін қарастырып нақтылауға болады. Білім беру ортасы 
мазмұнының толықтырылуымен, оның өзгеруінің жылдамдығымен, 
өрістік тəуелділігімен, өзгермелілігімен, сонымен бірге кеңдігімен, 
қарқындылығымен,  модальдықпен,  саналы  ұғынылу  дəрежесімен, 
тұрақтылығымен  сипатталады.  Л.И.Туктаева  өзінің  зерттеуінде 
көрсеткендей,  білім  беру  ортасының  сыртқы  жəне  ішкі  формалды 
аспектілері,  қозғалмалы  жəне  олардың  салыстырмалы  тұрақты-
лығы, оқу жылының, оқу жоспарының аясымен анықталады. Мұнда 
білім беру ортасы бір білім беру кеңістігінде оқу жоспарымен жəне 
басқа білім беру кеңістігіндегі жұмыс жоспарымен толықтырылуы 
тіркеледі. 
Білім  беру  ортасын  зерттеушілер  маңызды  нəрсені  қамтитын 
құрал  ретінде  емес,  білімгерлерге  білімнің  мағынасын,  мəнін 
ашатын, оларды жүзеге асыруға көмек беретін, кеңістіктік-уақыттық 
байланыс, педагогикалық хронотоп ретінде түсіндіреді. 
Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  білім  беру  ортасының  эле-
менттерінің  өзара  негізделген  қызметі,  білім  беру  үдерісін 
оңтайландыруды қамтамасыз ету керек. 
Алайда,  білім  беру  ортасын  акмеологиялық  орта  ретінде  айту 
үшін бұл сипаттама жеткіліксіз. 
Егер  мақсатты  бағытталған  өзара  əрекеттің  нəтижесінде,  білім 
беру  үдерісінің  қатысушыларында  өзін-өзі  дамыту  интенциясын 
өзектілеу үшін, өзінің шығармашылық əлеуетін жүзеге асыру үшін, 
өзін  акме-бағдарланған  өзіндік  өзгерудің  субъектілері  ретінде 
саналы  ұғынуы  үшін  объективті  мүмкіндіктер  туындайтын  болса, 
онда білім беру ортасын акмеологиялық орта деп анықтауға болады. 
Нəтижесінде, аталған ортаны акмеологиялық орта деп анықтауға 
мүмкіндік беретін білім беру ортасының жүйе құраушы элементтерін 
айқындау қажет. 
С.В.Волкова  атап  көрсеткендей,  білімгерлердің    қажеттілігі  
оқыту  үдерісінде  жаңа  мағыналарды  ашады,  нəтижесінде  өзін-өзі 
тану,  өзін-өзі  түсіну,  тұлғалық  даму  үдерістері  арнайы  құрылған, 
эмоционалды  ынталандырушы  оқу  ортасында  белсендіріледі. 
Е.А.Павленко  білімгерлердің  өзін-өзі  дамыту  үдерісін  педагогика-
лық  қолдауды  ұйымдастыру  жағдайларын  зерттей  отырып,  білім 
беру ортасының келесі компоненттерін ажыратып көрсетті, олар өз 
кезегінде білім беру ортасын өзін-өзі дамыту үдерісін белсендіруді 
қамтамасыз  ететін  қолдаушы  орта  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік 
береді: 
• білім беру үдерісінің субъектілерін дамыту жəне өзіндік дамы-
ту жағдайлары;
•  білім  беру  үдерісінің  субъектілерінің  өзара  əрекеттестік  фор-
малары;
• ұжымдағы психологиялық ахуал;
• білім беру үдерісінің субъектілері үшін таңдау еркіндігі;
• үдерістің барлық субъектілерінің өмір сүруінің қолайлылығы;
• педагогтің кəсіби ұстанымы.
В.В.Семикин  педагогикалық  өзара  əрекетте  психологиялық 
мəдениет  мəселелерін  зерттеп,  білім  беру  үдерісінің  барлық 
субъектілері үшін білім беру ортасының аса маңызды сипаттамала-
рын эмпирикалық тұрғыда көрсетті: 
• педагогтармен өзара қатынас;
• білімгерлермен өзара қатынас;
• эмоционалды жайлылық;
• өзінің көзқарасын жəне пікірін білдіру мүмкіндігі;
• өзіне сыйласымды қатынас.
Мұнда  В.В.Семикин  жүргізген  эксперименттің  зерттеу 
нəтижелері, 
білім 
беру 
ортасымен 
қанағаттанушылық 
психологиялық мəдениетпен, дара-типологиялық ерекшеліктермен, 
өзіндік  құрметпен,  психологиялық  қауіпсіздікпен,  эмоционалды 
жайлылықпен өзара байланысты болатынын көрсетті. 
Көріп  отырғанымыздай,  С.В.  Волкова,  Е.А.  Павленко,                              
В.В. Семикиннің зерттеулерінің нəтижелері, өзін-өзі дамыту үдерісін 
белсендіруді  қамтамасыз  ететін  білім  беру  ортасының  элементтері 
сəйкес  келетінін  көрсетті.  Сонымен  бірге,  білім  беру  ортасының 
осы  элементтерінің  болуы,  оның  тиімді  қызметі,  əлеуметтік-
психологиялық,  педагогикалық  жəне  дидактикалық  жағдайлармен 
қамтамасыз етіледі. 
Нəтижесінде,  акмеологиялық  орта – бұл  тұлғалық-бағдарлы 
тұғырдың  негізгі  принциптеріне  сəйкес  ұйымдастырылған, 
білім  беру  үдерісінің  субъектілерінің  дара-психологиялық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет