166
167
субъектінің міндеттерді шешудің өзіндік тəсілдерін саналы ұғыну
ретінде көрінеді, аталған міндеттерде əрекеттің ішкі жоспары,
тұлғаның іс-əрекетінің жалпылама сызбасы құрылады.
Т.Шибутани өзіндік бағалау туралы былай дейді: «Егер тұлға –
бұл құндылықтардың ұйымдасуы болса, онда мұндай функционал-
ды бірліктің өзегі ретінде өзіндік бағалау алынады».
Өзіндік сана мəселелерін зерттеу аясында, өзіндік бағалауға
жетекші рөл беріледі: ол осы үдерістің тірегі ретінде, оның дамуы-
ның дара деңгейінің көрсеткіші ретінде, өзіндік сана үдерісіне
үйлесімді енгізілген оның тұлғалық аспектісі ретінде сипатталады.
Өзіндік бағалаумен тұлғаның өзіне деген эмоционалды-құндылықты
қатынасты, оның өзін тану өзгешелігін қамтитын, өзін-өзі танудың
бағалаушы функциялары байланысты болады.
Б.Г.Ананьев өзіндік бағалаудың өзіндік сананың аса күрделі
жəне көпқырлы компоненті болатынын айтты (тұлғаның дамуына
қатысатын басқа адамдардың бағалауының тікелей көрінісі болып
табылатын, өзіндік «Мен» ұғымы, ситуативті бейнелердің біртұтас
құрылымға интеграциясы арқылы қозғалыспен байланысқан, уақыт
бойынша кеңейтілген, өзін танудың күрделі үдерісі). Өзіндік сана
біртұтас субъектіге байланысты, өзіндік іс-əрекетті ұйымдастыру
үшін, оның қоршаған адамдармен өзара қатынасы мен қарым-
қатынасы үшін қызмет атқарады.
Өзін-өзі тану – уақыт бойынша дара кеңейтілген күрделі
көпдеңгейлі үдеріс. Шартты түрде оның екі сатысын анықтауға
болады: басқа адамның ерекшеліктерін тану арқылы өзінің
ерекшеліктерін тану, біріктіру жəне саралау; сатыда психоанализ
қосылады. «Мен-бейне» немесе «Мен-тұжырымдама» өзін-өзі
танудың қорытынды өнімі, яғни индивидтің бағалаумен байланысты
өзі туралы ұғымдарының жиынтығы (Р.Бернс).
Өзіндік бағалау – «Мен-тұжырымдамасының» аспектілерінің
бірі (өзі туралы немесе өз бейнесі туралы өзіндік ұғымдар, яғни
адамның өзінің денсаулығы, сырт бейнесі, мінезі, қоршаған
адамдарға əсері, қабілеттері мен кемшіліктері туралы пікірлердің
жиынтығы; себебі ол өзіндік пікірге негізделген, ол əрдайым
шындыққа сəйкес келмейді). Жоғары өзіндік бағалауы бар адам өзін
позитивті түрде қабылдайды, ал төменгі өзіндік бағалауда «Мен-
тұжырымдамасының» жағымсыз сипаты болады.
И.Ю.Кулагина, В.Н.Колюцкий бойынша, «Мен-тұжырым-
дамасының» қалыптасуы – өзіндік сананың дамуындағы маңызды
кезең. Өзіндік бағалауды өзіндік құрметпен, өзіндік симпатиямен,
өзіндік қабылдаумен қатар, өзіндік қатынастың элементі ретінде
қарастырады. И.С. Кон индивидтің өзін қабылдау немесе қабыл-
дамау шамасын көрсететін, «Меннің» қорытынды өлшемі ретінде
анықтай отырып, өзіндік құрмет туралы айтады. А.Н.Леонтьев өзін-
дік бағалауды «пəндік сипаты бар, эмоцияны өзгеше жалпылаудың
нəтижесі болып саналатын», тұрақты эмоционалды қатынас ретінде
«сезім» категориясы арқылы саналы мағыналауды ұсынады.
Өзіндік бағалау – өзін-өзі реттеудің жəне ішкі мотивацияның
негізі ретінде (М.И.Ковель). Өзіндік бағалау ішкі мотивацияның
негізі болып саналады, таным үдерісімен тығыз байланысты.
Білімгерлер қоғамдық маңызды іс-əрекетке ішкі мотивация болған
жағдайда, осы іс-əрекеттің барысындағы өзін-өзі реттеуде енеді
(оқу, өзіндік білім алу).
Өзіндік бағалаудың құрылымы екі компонент арқылы
көрсетілген – когнитивті жəне эмоционалды. Біріншісі адамның өзі
туралы білімдерін, екіншісі – оның қанағаттану шамасы ретіндегі
өзіне деген қатынасты білдіреді. Өзіндік бағалау əрекетінде бұл
компоненттер ажырамас бірлікте қызмет атқарады: таза түрінде екі
компонент те көрсетілмейді (И.И.Чеснокова).
Əлеуметтік контексте субъектінің меңгеретін өзі туралы білімі,
міндетті түрде эмоцияларға толы болады, олардың күші мен қысымы
тұлға үшін бағаланатын мазмұнның маңызымен анықталады.
Өзіндік бағалаудың когнитивті компонентінің мазмұнын, өзін
басқа адамдармен салыстыру əрекеті, өзінің сапаларын өңделген
эталондармен салыстыру, осы шамалардың тіркелуі құрайды
(Л.И.Корнеева, Э.И.Суверова).
Сонымен, өзіндік бағалау құралдарының қызметіне 2 тип жа-
тады: когнитивті (Мен-тұжырымдама немесе оның жекеленген
қырлары) жəне аффектілі (құндылықтар, идеалдар, қалаулар деңгейі,
талаптар). Осы тармақты қорытындылай отырып, адам болмысының
кез келген феномені (оның ішінде, өзіндік бағалау) бағалана ала-
тынын, яғни өзіндік бағалаудың мазмұны өрісінің шексіз екендігін
айтуға болады.
Өзіндік бағалауда келесі операциялар анықталады: «Мен-
шынайы» бейнесін құру ретіндегі өзін-өзі тану, бағаланатын
сапаны стандартпен салыстыру, салыстыру нəтижесінің каузальды
168
169
атрибуциясы; қол жеткізген нəтижеге жауап қайтару (қатынас,
өзіндік қабылдау). Нəтиженің каузальды атрибуциясы қосымша про-
цедура ретінде қарастырылады, оны салыстыру нəтижесіне, соны-
мен бірге өзіндік қатынас нəтижесіне де қолдануға болады. Өзіндік
бағалауда тек іргелі операциялардың 2 типі қатысады: салысты-
ру жəне өзіндік қатынас, олар əртүрлі контекске енеді (мысалы,
салыстыруға «Шынайы Мен» бейнесін «Идеалды Мен» бейнесіне
жобалау негізделеді) (А.В. Петровский). Өзіндік қатынас өзінің
негізі ретінде өзіндік қабылдау (Л.В. Бороздина), өзіне қанағаттану
жəне өзімен қанағаттанбау алады.
Л.В.Бороздина бойынша, өзіндік бағалау басым болады, оның
көрінісі ретінде қалаулар деңгейі алынады, яғни қалаулар деңгейі
тұлғаның əрекетіндегі өзіндік бағалаудың көрінісі болып саналады.
Қорытынды жасай отырып, келесі тұжырым жасауға болады:
өзіндік бағалау – өзіндік сананың компоненті, оның рефлексивті
табиғаты болады, өзінің құрамына «Шынайы-Мен» жəне «Идеал-
ды-Мен» бейнесін, осы бейнелерді салыстыру нəтижесін, салыстыру
нəтижесіне өзіндік қатынасты енгізеді. Өзіндік бағалау реттеуші
функцияны атқаратын өзіндік сананың рефлексивті компоненті
болып табылады. Өзіндік бағалау тұлғаның өзінің шынайы жəне
идеалды «Мен» бейнелерін салыстыру нəтижелеріне қатынас болып
саналады.
Өзіндік бағалау өзіндік іс-əрекеттің нəтижесін бағалау базасын-
да қалыптасады, сонымен бірге өзі туралы адамның шынайы жəне
идеалды ұғымдарының арақатынасы негізінде қалыптасады.
Рефлексивті үміттерді құрудың негізінде болатын рефлексивті
талдаудың сапалы дамуында, келесі жас өзгерістері байқалады:
жасөспірімдік кезеңнен ерте жастық шақ кезеңіне өтуде, тұлғалық
рефлексия адамның «Мен» бейнесіне қатынасы бойынша аффектілі
бояуын жоғалтады жəне аса қалыпты эмоционалды фонда өтеді.
Жастық шақ кезеңіндегі рефлексияның тереңдігі мен жиілігі,
көптеген əлеуметтік (əлеуметтік жағдайы жəне орта, білім деңгейі),
дара-типологиялық (интроверсия-экстраверсия дəрежесі) жəне
биографиялық (отбасы тəрбиесінің жағдайлары, қатарластармен
қатынас, оқу сипаты) факторларға тəуелді болады.
Тұлғалық рефлексияның дамуы, ерте жастық шақ кезеңіндегі
«Мен-тұжырымдамасының» ерекшеліктерінде көрініс табады.
Адамның «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуын оның өмір сүру
барысында психологиялық зерттеу, бірнеше бағыттар бойын-ша
жүзеге асады. Ең алдымен, «Мен-тұжырымдаманың» мазмұнын-
дағы қозғалыстар мен оның компоненттері – қандай сапалар жақсы
саналы ұғынылады, жасқа сəйкес өзіндік бағалаудың деңгейі мен
өлшемі қалай өзгереді, сырт бейнеге қандай мəн беріледі, ақыл-
ой жəне моральды сапаларға қандай мəн берілетіні зерттеледі. Əрі
қарай оның сенімділігі мен объективтілігінің дəрежесі зерттеледі,
«Мен-бейнесінің» құрылымының біртұтас өзгеруі – оның саралану
дəрежесі (когнитивті күрделілік), ішкі бірізділігі (тұтастығы),
тұрақтылығы (уақыт бойынша тұрақтылығы), субъективті мəнділігі,
маңыздылығы, сонымен бірге өзіндік құрмет деңгейі зерттеледі.
Жастық шақ кезеңінде «Мен-тұжырымдамасының» «пəндік»
компоненттерінің бірте-бірте алмасуы жүзеге асады, атап айт-
сақ, өзіндік «Меннің» дене жəне моральды-психологиялық ком-
поненттерінің арақатынасы өзгереді. Бірте-бірте бірінші қатарға
«Меннің» басқа қасиеттері – ақыл-ой қабілеттері, ерікті жəне
моральды сапалар шығады, оларға іс-əрекеттің жетістігі, қоршаған
адамдармен қатынас байланысты болады. «Мен» бейнесінің
тұтастығы, ішкі бірізділік интегративті үрдіске тəуелді болады, жас
ұлғайған сайын олар күшейеді.
Адамның қабылдауындағы жас ерекшелік өзгерістері, қол-
данылатын сипаттаушы категориялардың санының артуын, оларды
қолданудағы икемділік мен анықтаудың өсуін; осы ақпараттың
таңдамалылық, бірізділік, күрделілік жəне жүйелілік деңгейінің
артуын; аса нақты бағалаулар мен байланыстарды қолдануды;
адамның мінез-құлқын талдау жəне түсіндіру қабілетінің артуын;
материалды дəл баяндау туралы қамқорлықтың пайда болуын
қамтиды. Дəл осыған ұқсас үрдістер өзіндік сипаттамалардың
дамуында байқалады, олар жалпыланады, сараланады жəне
«маңызды адамдардың» көп санымен арақатынаста болады.
Ерте жастық шақта өзіндік сананың жаңа деңгейінің қалыпта-
суы, Л.С.Выготский айқындаған бағыттар бойынша жүзеге асады.
Бұл жас кезеңінде адамның өзіне деген бірқатар «объективтік»
көзқарастың субъективті, динамикалық ұстанымға алмасуы жүзеге
асады.
«Мен-тұжырымдаманың» құрамдастары тек шартты түрдегі
тұжырымдамалы шектеуге беріледі, себебі психологиялық тұрғыда
олар ажырамас бірлікте жəне өзара байланысты. Өзіндік сананың
170
171
когнитивті компоненті, «Мен-бейнесі, оның жастық шақ кезеңінде
қалыптасуы, эмоционалды-бағалаушы құрамдаспен жəне «Мен-
тұжырымдаманың» мінез-құлықтық, реттеуші жағымен тікелей бай-
ланысты.
«Шынайы Мен» жəне «Идеалды Мен» бейнелерінің ажырауы,
жастың ғана емес, сонымен бірге интеллектінің қызметі.
Интеллектуалды дамыған жастарда «шынайы Мен» жəне «идеалды
Меннің» арасындағы айырмашылық, яғни индивидтің өзіне таңатын
қасиеттері мен оның меңгергісі келетін қасиеттері арасындағы
айырмашылық біршама көп болады.
«Мен-тұжырымдамасының» мінез-құлықтың құрамдасының
маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде, əртүрлі қиындық дəрежесі
бар тапсырмаларды орындауда жетістіктің немесе сəтсіздіктің
əсерімен қалаулар деңгейінің динамикасы алынады.
Жүргізілген зерттеулердің мəліметтері бойынша, жастық шақ
кезеңіне өтуде қалаулар деңгейінің ерекшеліктерінің үлкен тұлғалық
кемелдік жағына өзгеруі жүзеге асады. Оның өзін-өзі тануда, мен
бейнесіне, өзіне қатынасында болатын өзгерістерге кері бағытта
жүзеге асатынын атап өту маңызды.
Осылайша, жастық шақ кезеңінде өзіндік сананың жаңа
деңгейінің қалыптасуы аясында, «Мен-тұжырымдамасының», өзі
туралы салыстырмалы тұрғыдағы тұрақты ұғымдар қалыптасады.
Жастарда енді қалыптасатын «Мен» бейнесі, ересек адамдарда
белгілі тұрақты құрылым ретінде қалыптасып болды. Өмірлік
тəжірибе оған өзін, өзінің жетістіктері мен мүмкіндіктерін шынайы
бағалауға мүмкіндік береді. Ересек адам өзінің қалауларын
қажеттіліктермен салыстыра алады, оның санасы заттық сипатта,
эгоцентризмнен оқшау, сондықтан оның психологиялық «айнадағы»
қажеттілігі төмендейді.
Өзіндік сана жəне өзін-өзі тану қабілеті – адамның құнды
жетістігі, ол өзіндік санасында өзін сана, қарым-қатынас жəне
əрекеттің субъектісі ретінде саналы ұғынады, өзіне тікелей қатынас
білдіреді. Өзін-өзі тану үдерісінің қорытынды нəтижесі ретінде,
адамның «Мен-тұжырымдама» ұғымымен аталатын, бағалаумен
байланысты өзі туралы ұғымдарының динамикалық жүйесі алынады.
«Мен-тұжырымдама» адамда əлеуметтік өзара əрекеттестік
үдерісінде пайда болады, ол адамның психикалық дамуының
бірегей өнімі, салыстырмалы түрде тұрақты жəне бір мезгілде ішкі
өзгерістерге ұшыраған жəне психикалық өнім болып саналады.
Ол адамның барлық өмірлік көріністеріне балалық кезден бастап,
кəрілікке дейін баға жетпес таңба салады.
Саналы «Меннің» пайда болу кезеңі ретінде, оның жеке
компоненттері бірте-бірте қалыптасқанмен, жасөспірімдік жəне ерте
жастық шақ кезеңі алынады. Барлық психологтар ерте жастық шақ-
ты өзіндік сананың қалыптасуының қиын кезеңі ретінде көрсетеді,
өзіндік сананың дамуын өтпелі кезеңнің орталық психикалық үде-
рісі ретінде қарастырады.
Өзіндік сананың пəні ретінде сана алынады, яғни өзіне қарама-
қарсы қояды. Сонымен бірге, сана өзіндік сананың құрамында кезең
ретінде сақталады, себебі өзіндік мəніне жетуге бағдарланған. Егер
сана адамның қоршаған əлемде бағдарлауының субъективті шарты
болса, онда өзіндік сана адамның өзіндік тұлғасына бағдарлануы,
адамның өзі туралы білімі болып саналады.
Адамның өзіндік санасының дамуы, өзін-өзі тану үдерісімен
өзіндік сананы адамның басқа адамдармен, мəдениетпен, біртұтас
қоғаммен байланыстыратын толықтыру үдерісі ретінде ажырамас
байланысты. Өзін-өзі тану феномендері меңгерілген, субъектінің
жəне тұлғаның «Менге» айналуы, осы үдерістің нəтижелері өзіндік
санада қандай формаларға ие болатыны туралы мəселелерге қатысты
болады.
Ғылыми ұғым ретінде «Мен-тұжырымдамасы», арнайы
əдебиеттің қолданысына салыстырмалы түрде жақында енді,
сондықтан отандық жəне шетелдік əдебиеттерде оның бірыңғай
түсініктемесі жоқ; оған мағынасы бойынша өзіндік сана ұғымы
алынады. «Мен-тұжырымдамасы» – аса бейтарап ұғым, ол өзіндік
сананың бағалаушы аспектісін қамтиды. Бұл адамның өзі туралы
ұғымдарының динамикалық жүйесі, оған адамның өзінің физикалық,
интеллектуалды жəне басқа сапаларын өзіндік саналы ұғынуы енеді,
сонымен бірге, өзіндік бағалау, аталған тұлғаға əсер ететін сыртқы
факторлардың субъективті қабылдауы енеді. Психология саласында
танымал ағылшын ғалымдарының бірі Р.Бернс өзіндік сана
мəселесімен шұғылданды, бұл ұғымды келесі үлгіде анықтайды:
«Мен-тұжырымдамасы – бұл адамның бағалаумен байланысты
өзі туралы ұғымдарының жиынтығы. «Мен-тұжырымдаманың»
сипаттаушы құрамдасын көп жағдайда «Мен-бейнесі» деп атайды.
Адамның өзіне немесе өзінің жекеленген сапаларына қатынаспен
байланысты құрамдасты өзіндік бағалау немесе өзін қабылдау деп
172
173
атайды. Мəні бойынша, «Мен-тұжырымдамасы» индивидтің өзі
туралы ойлайтынын, өзінің əрекетті бастауына қалай қарайтынын,
болашақтағы дамуының мүмкіндіктерін анықтайды».
Өзінің пайда болу сəтінен бастап, «Мен-тұжырымдамасы» үш
функционалды-рөлдік аспектіде болатын белсенді бастау ретінде
болады:
1. «Мен-тұжырымдамасы» ішкі келісімді қамтамасыз ету
құралы ретінде. Тұлға теориясы бойынша бірқатар зерттеулер,
адамның əрдайым барынша ішкі келісімге жету жолымен жүретін
тұжырымдамаға негізделеді. Ұғымдар, сезімдер немесе идеялар
басқа ұғымдармен, сезімдермен, адамның идеяларымен қарама-
қайшы келіп, тұлғаның үйлесімсіздігіне, психологиялық дискомфорт
жағдайына алып келеді. Ішкі келісімді қалпына келтірудің мəнді
факторы ретінде адамның өзі туралы не ойлайтыны алынады.
2. «Мен-тұжырымдамасы» тəжірибенің интерпретациясы ретін-
де. «Мен-тұжырымдаманың» дара интерпретациясының сипатын
анықтайды, себебі адамда өзі туралы өзіндік ұғымдардың негізінде
өзінің мінез-құлқын құруға жəне өзі тəжірибесін интерпретациялауға
тұрақты үрдіс болады.
3. «Мен-тұжырымдамасы» үміттердің жиынтығы ретінде.
«Мен-тұжырымдамасы» адамның үміттерін анықтайды. Əрбір
адамға белгілі бір үміттер тəн болады, олар көп жағдайда оның іс-
əрекетінің сипатын анықтайды. Өзіндік мəнділігіне сенімді адам-
дар басқа адамдардың өздеріне сондай қатынас білдіретінін күтеді;
ешкімге қажет емес деп санайтын адамдар, қоршаған адамдардың
жауап қайтаруын интерпретациялайды. Көптеген зерттеушілер бұл
функцияны орталық функция ретінде қарастырады, олар «Мен-
тұжырымдаманы» үміттердің жиынтығы ретінде жəне мінез-
құлықтың əртүрлі салаларына жататын бағалаудың жиынтығы
ретінде қарастырады.
Осылайша, «Мен-тұжырымдамасы» адамның өзі туралы ұғым-
дарының жиынтығын білдіреді, адамның сенімдерін, бағалауын,
мінез-құлық үрдістерін қамтиды. Оны əрбір адамға тəн, адамның
өзіне бағытталған бағдарлардың жиынтығы ретінде қарастыруға
болады. «Мен-тұжырымдамасы» адамның өзіндік санасының
маңызды компонентін құрайды, ол тұлғаның өзін-өзі реттеу,
өзін-өзі ұйымдастыру үдерістеріне қатысады, себебі тəжірибені
интерпретациялауды анықтайды, адамның үміттерінің бастау көзі
болады.
Психологиядағы тұлғалық тұғырдың артуы, бұрын психология-
лық талдаудың шеңберінен тыс қалған тұлғаның даму сферасының
аспектілерін көрсететін ұғымдармен оның тілін байытуға алып кел-
ді. Мұндай ұғымдарға алдында қарастырылған «Мен-тұжырым-
дама» ұғымынан басқа, «тұлғаның өзін-өзі анықтауы» немесе
«тұлғалық өзіндік анықталу» ұғымын жатқызуға болады, ол ұғым
қазіргі кезде психологиялық жəне педагогикалық əдебиеттерде кең
тараған.
«Өзін-өзі анықтау» ұғымы əдебиеттерде əртүрлі мағынада
қолданылады. Бұл ұғым туралы тұлғаның əлеуметтік, өмірлік,
кəсіби, адамгершілік, отбасылық, діни өзін-өзі анықтауы ретінде
айтады. Мұнда бірдей ұғымдар ретінде, көп жағдайда əртүрлі
мазмұн аталады. Ұғымға дəл əрі нақты анықтама беру үшін өзін-
өзі анықтауға байланысты екі тұғырдың шекарасын ажырату қажет:
əлеуметтанушы жəне психологиялық. Бұл өте маңызды, себебі көп
жағдайда осы тұғырлардың араласуы жəне өзгеше əлеуметтанушы
тұғырдың
психологиялық
зерттеуге
енуі
жүзеге
асады
(психологиялық теория), бұл өз кезегінде өзіндік психологиялық
мазмұнның жоғалуына алып келеді.
Өзін-өзі анықтаудағы əлеуметтанушы тұғыр, біртұтас алғанда
ұрпақтарға қатысты, ол əлеуметтік құрылымға, өмірдің салаларына
енумен сипатталады. Өзін-өзі анықтаудағы психологиялық тұғыр-
дың əдіснамалық негіздерін С.Л. Рубинштейн қалаған болатын. Өзін-
өзі анықтау мəселесін ғалым детерминация мəселесі контексінде, өзі
ұсынған принциптің аясында қарастырды.
Осылайша, нақты психологиялық теория деңгейінде өзін-өзі
анықтау мəселесі келесі үлгіде болады. Адам үшін «сыртқы себептер,
сыртқы детерминация» – бұл əлеуметтік жағдайлар жəне əлеуметтік
детерминация. Өзін-өзі анықтау мəселесі, индивид пен қоғамның
өзара əрекеттестігінің түйінді мəселесі болып саналады. Əртүрлі
деңгейде бұл өзара əрекеттестіктің өзіндік өзгеше сипаттамасы
болады, олар өз кезегінде өзін-өзі анықтау мəселесі бойынша əртүрлі
психологиялық теорияларда көрініс тапты.
Əртүрлі авторлардың өзін-өзі анықтаудың психологиялық
механизмдеріне көзқарасы қызығушылық тудырады.
А.В. Мудриктің өзін-өзі анықтау ұғымына берген нақты
анықтамасы болмаса да, оның өзін-өзі анықтаудың қарастырған
механизмдері қызығушылық тудырады (идентификация – теңдес-
174
175
тіру). Автор тұлғаның өзін-өзі анықтауының адамзаттың жинақтаған
тəжірибесін меңгеруді қамтитыны туралы пікір білдіреді, «Мен»
бейнесі психологиялық тұрғыда еліктеу жəне идентификация
ретінде жүзеге асады, сонымен бірге қайталанбайтын, өзіне ғана тəн
қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады, ол дербестендіру ретінде
жүзеге асады. Еліктеу мен конформдылықтан кейін, теңдестіру
тұлғаның дербестендіруін негіздей отырып, жетекші бастау ретінде
болады. Сондықтан теңдестіру жəне дербестендіру екіжақты үде-
ріс, өзін-өзі анықтаудың механизмі ретінде болады.
Жас ерекшелік аспектісінде өзі-өзі анықтау мəселесін аса терең
жəне толыққанды дəрежеде Л. И. Божович қарастырды. Өзін-өзі
анықтауда қажеттілікті əлем туралы жалпыланған ұғымдарды
бірыңғай мағыналық жүйеге енгізу қажеттілігі ретінде, өзіндік
өмір сүрудің мəнін анықтау аса ауқымды болып саналады. Л.И. Бо-
жович өзін-өзі анықтаудың екі жоспарлылығын қамтитын мəнді
сипаттамасын тіркеді: өзін-өзі анықтау «кəсіпті іскерлік таңдау
арқылы жəне нақтылықтан айырылған, өзіндік өмір сүрудің мəнін
жалпы ізденістер арқылы» жүзеге асырылады. Л.И.Божовичтің
пікірі бойынша, жастық шақтың соңына қарай, бұл екі жоспарлылық
жойылады.
Л.И. Божовичтің еңбектері өзін-өзі анықтаудың психологиялық
табиғатын түсіндіру үшін көп мағлұмат береді. Біріншіден, ол өзін-
өзі анықтаудағы қажеттіліктің онтогенездің белгілі сатысында –
ересек жасөспірімдік кезеңнің, ерте жастық шақ кезеңінің арасында
пайда болатынын көрсетеді, сонымен бірге, осы қажеттіліктің
пайда болуын жасөспірімнің тұлғалық жəне əлеуметтік дамуының
логикасы арқылы негіздейді. Екіншіден, өзін-өзі анықтаудағы
қажеттілік белгілі мағыналық жүйені қалыптастырудағы қажеттілік
ретінде қарастырады, онда адамның өзі жəне əлем туралы
ұғымдары қамтылған, осы мағыналық жүйені қалыптастыру
адамның өзіндік өмір сүруінің мəні туралы сұраққа жауап табуды
қамтиды; үшіншіден, өзін-өзі анықтау болашаққа ұмтылушылық
сияқты ересек жасөспірімдік жəне ерте жастық шақ кезеңінің мəнді
сипаттамасымен ажырамас байланыста болады; төртіншіден, өзін-
өзі анықтау кəсіпті таңдауды қамтиды.
Шетелдік психологияда «тұлғалық өзін-өзі анықтау» ұғымының
аналогы ретінде, американдық ғалым Эрик Эриксонның құрастыр-
ған, ғылыми қолданысқа енгізген «психоəлеуметтік бірдейлік»
категориясы алынады. Өтпелі кезеңде жəне жастық шақ кезеңінде
тұлғаның қалыптасуы қарастырылатын орталық кезең ретінде,
«бірдейліктің нормативті дағдарысы» алынады. «Дағдарыс» ұғымы
мұнда дамудың өтпелі, қиын сəтінің мəнінде қолданылады, мұнда
тұлғаның артатын əлеуеті күшейеді, тұлға позитивті жəне жағымсыз
бағыттарға апаратын екі баламалы мүмкіндіктерді таңдау арасында
болады.
«Нормативті» сөзінің мəні бойынша, адамның өмірлік циклы
бірқатар бірізді сатылар ретінде қарастырылады, олардың əрқайсысы
тұлғаның қоршаған əлеммен қатынасындағы өзгеше дағдарыспен
сипатталады, ал олардың барлығы бірдейлік сезімінің дамуын
анықтайды.
Э. Эриксон бойынша ерте жастық шақта индивидтің алдына
қойылатын басты міндет ретінде, тұлғалық «Меннің» рөлдік
белгісіздігіне қарама-қарсы бірдейлік сезімін қалыптастыру алы-
нады. Жас адам «Мен кіммін?» жəне «Менің əрі қарайғы жолым
қандай?» деген сұрақтарға жауап беруі керек. Жеке бірдейлікті
іздеуде адам өзі үшін қандай əрекеттердің маңызды болатынын
шешеді, өзінің, басқа адамдардың мінез-құлқын бағалау үшін
белгілі нормаларды қалыптастырады. Бұл үдеріс адамның өзіндік
құндылығын жəне құзыреттілігін саналы ұғынумен байланысты
болады.
Ерте жастық шақта индивид жақын адамдармен қатынаста
өзін қайта бағалауға, біртұтас қоғаммен қатынаста – физикалық,
əлеуметтік жəне эмоционалды тұрғыда өзін қайта бағалауға
ұмтылады. Э. Эриксон бойынша, осы кезеңде жас адам үшін басты
қауіп ретінде, өзіндік «Мен» сезімін жоғалту, соның нəтижесінде
өзінің өмірін белгілі ағынға бағыттау мүмкіндігіне күмəндану
алынады.
Өзі-өзі анықтау мəселесінің қазіргі жай-күйі туралы ұғымдар,
кəсіби өзін-өзі анықтауды қарастырмайынша толыққанды болмас
еді. Өзін-өзі анықтауға қатысты мəселелердің аясынан, кəсіби өзін-
өзі анықтау мəселелері психология ғылымында жете құрастырылған
жəне зерттелген.
С.П. Крягжде кəсіби өзін-өзі анықтаудың бастапқы сатысында,
оның екі жақты сипаты болатынын атап көрсетеді: нақты кəсіпті
таңдау жүзеге асырылады немесе тек оның мəртебесін таңдау, кəсіби
мектепті – əлеуметтік таңдау жүзеге асырылады. Бұл феноменді атап
|