Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
Акмеология


136
137
– объективті, олар тұлғаның өмір сүру əрекетінің шынайы жүйе-
сімен  жəне  акмеге  жету  мен  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  бағытталған 
əрекеттердің бірізділігімен байланысты. Акмеологиялық мəдениетті 
дамыту  тиімділігінің  негізгі  объективті  акмеологиялық  факторы 
ретінде,  белсенді  өзіндік  білім  алу  алынады.  Студенттердің 
акмеологиялық  мəдениетін  дамыту  жəне  өзіндік  білім  алуды 
ұйымдастыру  үдерістері,  өзіндік  білім  алуда  студенттердің 
қажеттілігін 
жəне 
акме-бағдарланған 
өзіндік 
өзгерістегі 
қажеттіліктерін  қалыптастыру үдерісіне бағытталады; 
–  субъективті,  олар  адамның  индивид,  тұлға,  субъект  ретіндегі 
ерекшеліктерінің  дамуымен  байланысты  болады;  олардың  көріну 
шамасы  акмеологиялық  мəдениеттің  деңгейінің  артуына  ықпал 
ететін  немесе  осы  үдеріске  кедергі  келтіретін  субъективті  себеп 
ретінде болады. 
Тұлғаның  акмеологиялық  мəдениетін  дамыту  тиімділігінің 
негізгі  субъективті  акмеологиялық  факторлары  болып  табылатын-
дар: көпконтексті шығармашылық ойлаудың қалыптасуы; тұлғаның 
эмоционалды  саласының  дамуы;  тұлғаішілік  кикілжіңдерді 
тиімді  шешу  қабілеті;  өзін-өзі  дамыту  саласында  аналитикалық-
прогностикалық  тəжірибенің  қалыптасуы;  өзін-өзі  жетілдіруге 
құндылықты қатынастың қалыптасуы;  
–  объективті-субъективті,  олар  біртұтас  өзін-өзі  дамыту  ке-
ңістігімен  жəне  акмеологиялық  мəдениетті  дамыту  ортасын 
ұйымдастырумен байланысты. 
Білім беру кеңістігінде тұлғаның акмеологиялық мəдениетін да-
мыту  тиімділігінің  негізгі  объективті-субъективті  акмеологиялық 
факторлары  болып  табылатындар:  акмеологиялық  мəдениетті 
дамытуға  эмоционалды-жағымды  қатынасты  қамтамасыз  ету; 
дамытушы  өзара  əрекеттестік  жағдайларын  құру;  оқытудағы  дара 
тұғыр. 
Акмеологиялық  мəдениет  адамның  өзін-өзі  дамыту  үдерісін 
үйлесімді етеді, оған барлық өмірлік салаларда өзін аса толыққанды 
шамада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Акмеологиялық мəдениет-
ті  дамытудың  мүмкіндіктері,  адамның  индивидтік,  тұлғалық  жəне 
субъектілі  ерекшеліктер  кешенімен,  сонымен  бірге  оның  өмірлік 
жолының өзгешелігімен анықталады.  
Тұлғаның  акмеологиялық  мəдениеттің  дамуының  келесі  дең-
гейіне  өту  мүмкіндігі,  бірінші  кезекте,  тұлғалық  құндылықтар 
сатысында,  өзін-өзі  дамыту  құндылығының  қаншалықты  басым 
болатындығымен,  осы  тұлғалық  құндылықты  жүзеге  асырудың 
қандай дəрежеде басым тұлғалық мəнге ие болғанымен анықталады. 
Акме-бағдарланған  өзін-өзі  дамытудың  жүйелі  жəне  мағына 
құраушы  факторы  ретінде,  өзін-өзі  жетілдіруге  деген  құндылық 
бағдар алынады, ол өзін-өзі өзекті ету, өзін-өзі жетілдіру жəне өзін-
өзі  жүзеге  асыру  саласында  міндеттерді  тиімді  шешуге  мүмкіндік 
беретін,  əрекеттік  сипаттамалардың,  тұлғалық  сапалардың 
қалыптасуын, дамуын анықтайды. 
Акмеологиялық  мəдениеттің  дамуының  когнитивті  заңды-
лықтары,  танымның  нəтижелілігін,  адамның  өзін,  əлемді  қайта 
құрудың,  танымдық  үдерістердің,  танымдық  қабілеттер  мен 
танымдық  іс-əрекеттің  алуан  түрлі  формалары  мен  деңгейлерінің 
біртұтас,  жүйелі  ұйымдастырылған  жиынтығы  ретінде,  танымдық 
саланың  қалыптасуының  жоғары  деңгейінің  өзара  тəуелділігін 
көрсетеді. 
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының əлеуметтік-перцептивті 
заңдылықтары, тұлғаны  əлеуметтік танудың механизмдері ретінде, 
өзіндік  теңестіру  мен  рефлексияның  қалыптасуы,  тепе-теңдігі, 
адамның  өмір  сүру  əрекетінің  алуан  түрлі  салаларында  өзін-өзі 
жүзеге асырудың тиімділігі арасындағы тəуелділікті көрсетеді. 
Əлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан,  акмеологиялық  мəде-
ниеттің  даму  деңгейі,  адамның  өзіне  деген  сенімділік  деңгейімен 
анықталады.  Өзіне  деген  сенімділік  деңгейінің  артуымен,  адам 
қабілетті  бола  бастайды:  акмеологиялық  мəдениеттің  когнитивті 
компонентінің  аясында,  өзін-өзі  дамытудың  оңтайлы  жоспарлары 
мен  бағдарламаларын  құру  қабілеті;  акмеологиялық  мəдениеттің 
эмоционалды  компонентінің  аясында,  адекватты  өзіндік  қаты-
насты  қалыптастыру,  ішкі  кикілжіңді  оңтайландыру  қабілеті; 
акмеологиялық  мəдениеттің  операционалды  компонентінің  аясын-
да,  ішкі  кикілжіңнің  оңтайлы  деңгейін  сақтау,  өзін-өзі  дамытудың 
дара траекториясын тиімді түзету қабілеті. 
Əлеуметтік-мəдени  заңдылықтар,  акмеологиялық  мəдениеттің 
дамуы деңгейінің тəуелділігін көрсетеді, ең алдымен  адамның өмір 
сүру  əрекетінің  аса    ауқымды  контексі  ретінде,  əлеуметтік-мəдени 
ортаның  құндылықты  құрылымдық,  ментальды  компоненттерінің 
қалыптасуын білдіреді. 
Тұлғаның  кеңістігіндегі  акмеологиялық  мəдениеттің  дамуы, 

138
139
адамның  сыртқы  жəне  ішкі  белсенділігінің  үйлесуімен  қамтама-
сыз етіледі. Сыртқы белсенділіктің төмендеуі, өзіндік жетістіктерді 
жағымсыз бағалаудың жинақталуына, өзін-өзі жүзеге асырудың, ішкі 
белсенділіктің артуына деген мотивацияның бірте-бірте төмендеуіне 
алып келеді. Өзін-өзі жүзеге асырудың деңгейімен қанағаттанбауды 
саналы  ұғыну  жүреді,  акме-бағдарланған  өзіндік  өзгерістерге 
ұмтылыс күшейеді, тұлғаның өзіндік өзгеру үдерістерінің бағытын 
ұсынатын,  акмеологиялық  мəдениеттің  ментальды  компонентінің 
қалыптасуы  белсендіріледі.  Өзін-өзі  дамыту  интенциясы,  моти-
вациялық-мағыналық интенциялардың арасында басты орын алады, 
өзін-өзі жетілдіру мотивациясы артады, акмеологиялық мəдениеттің 
құндылықты компоненті қалыптасады. 
Креативті  компоненттің  аясында,  өзін-өзі  жетілдіру  психо-
технологиялары  белсенді  қолданыла  бастайды.  Акмеологиялық 
мəдениеттің  құрылымдық  компонентінің  дамуы,  шығармашылық 
қабілеттерді,  рефлексивті  практикумдарды  дамытудың  арнайы 
бағдарламаларын қолдануда аса табысты болады. 
Тұлғалық  деңгейде  осы  өзгерістердің  нəтижесі  ретінде, 
акмеологиялық  мəдениеттің  деңгейін  арттыру,  акменің  жаңа 
деңгейіне  өту,  əрекеттік    тұғырда – өзін-өзі  жүзеге  асырудың 
жылдамдығы мен тиімділігін күшейту алынады. 
Тұлғаның  кеңістігіндегі  акмеологиялық  мəдениетті  дамыту 
үдерісінің  жүйелілігі,  білім  беру  кеңістігінде  осы  үдеріске  əсер 
етудің  жүйелілігімен  қамтамасыз  етіледі.  Білім  беру  кеңістігінде 
студенттердің  акмеологиялық  мəдениетін  дамытудың  интегративті 
жүйесі,  дидактикалық,  мазмұнды  жəне  əлеуметтік-психологиялық 
компоненттердің бірлігін көрсетеді. 
Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде,  студенттердің  акмеологиялық 
мəдениетін  дамыту  үдерісін  бағдарламалық-мақсатты  қамтамасыз 
ету  алгоритмін  қолдану  келесі  əрекеттерді  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік  береді:  акмеологиялық  мəдениетті  дамытуда  білім 
беру  үдерісінің  негізгі  мақсаттарының  бірі  ету;  студенттердің 
акмеологиялық 
мəдениетін 
дамытуды 
интеграция 
жəне 
дифференциацияның  интегралды  өлшемдері  ретінде  қарастырып, 
студенттерге  психологиялық  білім  беру  жүйесін  интеграциялау 
жəне дифференциациялау үдерісін белсендіру; білім беру үдерісіне 
студенттердің оқу іс-əрекетінің алгоритмін ендіру жəне құрастыру, 
олар өз кезегінде студенттердің акмеологиялық мəдениетін дамыту 
үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. 
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамытудың механизмдері, 
құрылымдық-жүйелі  құрылым,  оның  деңгейінің  өзгерісі  ретінде 
акмеологиялық мəдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді, яғни 
осы  тұлғалық  жаңа  құрылымның  өзіндік  ұйымдасуы  мен  өзіндік 
реттеу тəсілдері ретінде болады. 
Егер  акмеологиялық  мəдениеттің  компоненттерінің  қалыпта-
суын  қамтамасыз  ететін  акмеологиялық  технологияның  мазмұнды 
түрде  акме-бағдарланған  болса,  онда  акмеологиялық  мəдениетті 
дамытудағы  жүйелі  əсерлер  тиімді  болады,  яғни  ынталандырушы 
материалдың, ойындардың, жаттығулардың, тренингтердің мазмұны 
келесі үлгіде болады: білім беру үдерісіне қатысушылардың таным-
дық іс-əрекетін белсендіреді; аксиологиялық тұрғыда толықтырыл-
ған  қарым-қатынасты  туындатады;  өзін-өзі  өзектілеу,  өзін-өзі 
жетілдіру жəне өзін-өзі жүзеге асыру саласындағы қиындықтардың 
əртүрлі  деңгейіндегі  мəселелер  мен  міндеттерді  шешуді 
білімгерлерден талап ететін жағдаяттарды құруға ықпал етеді. 
Акме-бағдарланған  өзіндік  дамыту  үдерісінің  басты  детер-
минанттары  ретінде,  акмеологиялық  мəдениетті  дамытудың 
тиімділік  факторлары,  акмеологиялық  мəдениеттің  жоғары  деңге-
йіне жету алынады.   
Тұлғаның  акмеологиялық  мəдениетін  тиімді  дамытуды 
қамтамасыз  ететін  акмеологиялық  технологияларды  іріктеуде 
жəне  құрастыруда,  белгілі  бір  акмеологиялық  технологияның 
психологиялық құндылығы, тұлғаны дамытушы əсер ету əдістерінің 
алуан  түрлі  типтерінің  əсерінің  заңдылықтары,  сонымен  бірге 
кез  келген  қалыптастырушы  немесе  дамытушы  əсерде  жүйелі 
əсерлер  есепке  алынды.  Егер  технология  мазмұнды  тұрғыда  акме-
бағдарланған  болса,  онда  акмеологиялық  мəдениетті  дамытудағы 
жүйелі əсерлер қамтамасыз етіледі. 
Осылайша,  тұлғаның  мүддесі  үшін  гуманистік  бағыттылық 
арқылы  жүзеге  асырылатын,  кез  келген  психологиялық  əсер, 
акмеологиялық  болып  табылады,  сонымен  бірге  акмеологиялық 
мəдениеттің  алуан  түрлі  компоненттерін  дамыту,  акмеологиялық 
технологияның  мақсаты  ретінде  болып,  оның  мазмұны  мен 
құрылымын ұсынады. 
Тұлғалық-бағдарланған тренингтер, акмеологиялық мəдениеттің 
эмоционалды  компонентін  дамыту  əдісі  ретінде  бола  алады,  оның 
мақсаты  белгілі  бір  басқа  тұлғалық  құрылымдарды  қалыптастыру 
болып саналады. Педагогикалық рефлексияны дамыту технологиясы 

140
141
ретінде,  тұлғалық-бағдарланған  тренингті  қолдануда  «Мен» 
бейнесінде, өзіндік бағалауда, өзіндік қатынастан маңызды өзгеріс-
тер  болады,  субъектілік  деңгейі  артады,  тұлғаның  акмеологиялық 
мəдениетінің эмоционалды жəне операционалды компоненттерінің 
деңгейі біртұтас артады. 
Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде,  студенттердің  акмеологиялық 
мəдениетін  дамытудың  метатехнологиясын,  рефлексивті  диалогты, 
тұлғааралық  жəне  тұлғалық-топтық  диалог  ретінде  анықтауға 
болады,  оның  құндылықты-мағыналық  бағдары  ретінде,  өзін-өзі 
дамытуға  деген  шабыт  алынады,  ал  мақсаты  ретінде – шынайы 
мақсаттарды  жəне  өмірдің  құндылықтарын  анықтау  арқылы,  өзін-
өзі  жүзеге  асыруда,  өзін-өзі  дамытуда  тұлғаның  қажеттіліктерін 
өзектілеу, осы мақсаттар мен құндылықтарға сəйкес, шығармашалық 
əлеуетті өзектілеу. Рефлексивті диалогтың тиімділігі, оқытушының 
əлеуметтік-перцептивті  жəне  коммуникативті  құзыреттілігімен 
қамтамасыз етіледі. 
Тұлғаның  акмеологиялық  мəдениетін  акмеологиялық  тұрғыда 
түсіндіру,  ең  алдымен,  оны  зерттеудегі  теориялық-əдіснамалық 
тұғырларды 
құрастыруды, 
сонымен 
бірге 
акмеологиялық 
механизмдер  мен  детерминанттарды  қамтиды.  Біртұтас  өзара 
байланыста  акмеологиялық  мəдениеттің  басқа  сипаттамаларын, 
заңдылықтары  мен  үрдістерін,  құрылымы  мен  механизмдерін 
айқындау, əрі қарай студенттердің акмеологиялық мəдениетін тиімді 
қалыптастыру мен дамытумен байланысты тəжірибелік  мəселелерді 
шешуге мүмкіндік береді. 
Адамзат  іс-əрекетінің  барлық  заттық  нəтижелерін  сыртқы 
жағынан қамтып, өзінің ішкі мазмұны бойынша, мəдениет адамның 
қоғамдық тіршілік иесі ретінде, біртұтас жəне үйлесімді тұлға ретін-
де  дамыту  үдерісі  болып  саналады,  адамның  іс-əрекет  субъектісі 
ретінде  тіршілік  ету  тəсілі,  оны  жетілдіру  шамасы,  адамның  өзін-
өзі дамыту үдерісін жеделдетуді қамтамасыз ететін тұлғалық жаңа 
құрылым,  осы  үдерісте  жаңа  жетістіктерді  бекіту,  оны  əрі  қарай 
өзіндік қайта құруларға даярлау үдерісі ретінде болады. Зерттеушілер 
нақты  адамның  тұлғалық  саласына  сəйкес  келетін,  жетілдірудің 
дəрежесін  анықтайтын,  белгілі  іс-əрекеттің  дамуының  жоғары 
деңгейін  қамтамасыз  ететін,  тұлғалық  мəдениеттің  алуан  түрлерін 
айқындап, мəдениет ұғымының соңғы мəніне сүйенеді. 
Осылайша, өзін-өзі дамытудың тиімділігі, акмеге жету жəне өзін-
өзі  жүзеге  асырудың  факторы  ретінде,  белгілі  тұлғалық  сапаның 
–  акмеологиялық  мəдениеттің  қалыптасуымен  жəне  дамуымен 
негізделеді. 
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін қалыптастыру сатыларын 
зерттеу,  осы  тұлғалық  жаңа  құрылымды  қалыптастырудың 
алғышарттарын  айқындауға  мүмкіндік  берді.  Акмеологиялық 
сауатталық сатысы, психикалық үдерістерден тұратын динамикалық 
тіректі  өзектің    қалыптасуымен  байланысты  болатыны  көрсетілді, 
онда  аталған  жаңа  құрылым  (акмеологиялық  мəдениет)  нақты  іс-
əрекетте немесе жағдаятта байқалады жəне дамиды. 
Екінші  сатыда – акмеологиялық  құзыреттілік  сатысында 
жаңа  құрылым  аса  айқындала  түседі,  нақты  іс-əрекетте,  мінез-
құлықта  бекиді,  тіректі  өзек  жетілдіріледі,  оның  элементтерінің 
тұрақтылығы,  өзін-өзі  өзектілеу,  өзін-өзі  жетілдіру,  өзін-өзі  жүзеге 
асыру жағдаятының шегіндегі динамикасы артады. 
Өзіндік  акмеологиялық  мəдениет  сатысында,  қалыптасқан 
жаңа  құрылым  белгілі  типтегі,  түрдегі  жəне  белгідегі  психикалық 
күйлерді  қайта  жаңғыртады,  сонымен  бірге  басқа  психикалық 
күйлерді құрамдас элемент ретінде негіздейді. 
Акмеологиялық  мəдениет  тұлғалық  мəдениеттің  үш  түрінің; 
рухани,  психологиялық  жəне  адамгершілік  мəдениеттің  өзара 
əрекеттестігінде  туындайтын  нəтиже  беруші  үйлесімділік  болып 
саналады. 
Акмеологиялық 
мəдениеттің 
қызметтері 
айқындалған: 
біріктіруші, координациялық, жобалаушы жəне реттеуші,  сонымен 
бірге  акмеге  жетудің  жəне  өзін-өзі  жүзеге  асырудың  тиімділігінің 
детерминанттары  болып  саналатын  тұлғалық  сапалар,  бір  мез-
гілде  акмеологиялық  мəдениеттің  белгілі  деңгейіне:  өзіндік 
трансценденция  қабілеті,  өзін-өзі  жүзеге  асыру  қабілеті,  өзіндік 
дамытуға  даярлыққа  жетудің  нəтижесі  болып  саналатын  нəтиже 
болып  табылады. 
Осылайша,  акмеологиялық  мəдениет  негізгі  функциялар, 
тұлғалық  сапалар  жəне  əрекеттік    көріністер  жүйесі  ретінде    қа-
растырылады, олардың қалыптасуы акмеге жетудің, өзін-өзі жүзеге 
асырудың  факторы  ретінде  акме-бағдарланған  тиімді  өзіндік 
дамытудың  жағдайы,  алғышарты  болып  саналады,  сонымен  бір 
мезгілде,  адамның    қалыптасуын  тұтастық  ретінде,  оның  өзін-өзі 

142
143
дамытуының  тиімділігін,  акмеге  жетудің  дара  траекториясының 
оңтайлылығын  негіздейтін  интегралды  тұлғалық  жаңа  құрылым 
ретінде болады. 
Акмеологиялық  мəдениеттің  аясындағы  функциялар,  тұлғалық 
сапалар жəне əрекеттік көріністер өзара байланысты жəне бір-бірін 
толықтырады,  өз  кезегінде  акмеологиялық  мəдениетті  меңгерген 
адамның өмір сүру модальдықтарының үйлесімін қамтамасыз етеді. 
Акмеологиялық  мəдениет  тұлғалық  маңызды  сапалардың 
қажетті  құрамдасы  ретінде,  тұлғаның  құрылымына  енеді.  Осы 
сапалардың құрылымында ол тұлғалық қасиеттермен арақатынаста 
болады,  бірқатар  тұлғалық  біліктердің  құрамында  көрініс  береді. 
Акмеологиялық  мəдениет  адамның  индивид,  тұлға  жəне  іс-
əрекет  субъектісі  ретінде,  көпқырлы  интегративті  сипаттамасы 
ретінде  анықталады,  сонымен  бірге  өзіндік  дамытудың  тұлғалық 
құндылықтарының  қалыптасуының  жоғары  деңгейін  қамтамасыз 
етіп,  өмір  сүру  əрекетінде  өзін-өзі  жетілдіру,  өзін-өзі  дамытуға 
оңтайлы  жағдайларды  құрып,  тұлғалық-маңызды  сапалардың 
құрылымының өзегі болып табылады. 
Адамның  сыртқы  жəне  ішкі  іс-əрекетінің  жүйесін  реттей 
отырып,  акмеологиялық  мəдениет  жүйелі-құрылымдық  құрылым 
болып саналады. 
Тұлғаның  акмеологиялық  мəдениетінің  теориялық  моделінің 
нормативті  жəне  прогностикалық  мəні  болады,  себебі  ол 
акмеологиялық  мəдениетті  дамыту  тұжырымдамасын  құрастыруға 
мүмкіндік береді, осы тұлғалық жаңа құрылымды дамыту үдерісін 
оңтайландыруға,  өзіндік  қайта  құрушы  іс-əрекеттің  тиімділігіне 
ықпал етеді. 
Акмеологиялық мəдениеттің моделі, өзін-өзі дамыту субъектісіне 
өзіндік  күштеріне,  мүмкіндіктеріне  деген  сенімсіздікті  жеңуге, 
өзіндік  қайта  құрушы  іс-əрекеттегі  енжарлықты  жеңуге,  рухани-
практикалық іс-əрекеттегі шығармашылық тұғырдың негізінде, өзін-
өзі  жетілдіруді  модельдеу,  алгоритмдеу  жəне  технологияландыру 
мүмкіндіктерін бағалаудың жеткіліксіздігін жоюға мүмкіндік береді. 
Акмеологиялық  мəдениетті  дамытудың  өлшемдері,  осы  тұлға-
лық жаңа құрылымның мəнді сипатын көрсетеді, нақты көріністегі 
акмеологиялық  мəдениеттің  мəнін  көрсетудің  толыққандылығын, 
шекарасын  көрсетеді.  Акмеологиялық  мəдениетті  дамытудың  ішкі 
интегралды өлшемі ретінде, оның құрылымдық жəне функционалды 
компоненттерінің қалыптасуы алынады. Акмеологиялық мəдениетті 
дамытудың  сыртқы  интегралды  өлшемі  ретінде,  акмеге  жетудің, 
адамның өзін-өзі жүзеге асыру факторы ретінде, өзін-өзі дамытудың 
тиімділігі айқындалады. Сыртқы интегралды өлшем, арнайы сыртқы 
өлшемдер  жүйесі  ретінде  беріледі,  ол  акмеологиялық  мəдениеттің 
даму  деңгейін  акмеге  жету  мен  өзін-өзі  жүзеге  асыру  үдерісінің 
мазмұнды  жəне  динамикалық  көрсеткіштері  арқылы  бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Акмеологиялық мəдениеттің даму деңгейі, оның  құрылымдық 
жəне  функционалды  компоненттерінің  ішкі  жағынан  дамумен 
анықталады,  ал  сыртқы  жағынан – арнайы  сыртқы  өлшемдердің 
көріну дəрежесімен анықталады. 
Акмеологиялық  мəдениеттің  дамуының  əрбір  деңгейінде, 
бірқатар  тіректі  сəттер  (бифуркация)  болады,  олар  акмеологиялық 
мəдениеттің 
компоненттері 
арасындағы 
байланыстар 
мен 
тəуелділіктерді  бекітеді,  нəтижесінде,  адамның  өзіндік  қайта 
құрушы іс-əрекетін белсендіреді жəне оңтайландырады. 
Студенттердің  акмеологиялық  мəдениетін  дамыту,  келесі 
компоненттерді  сипаттауға  мүмкіндік  береді:  өзара  байланысқан 
құрылымдық-функционалды  компоненттер  жүйесі  ретінде  акмео-
логиялық  мəдениетті  дамыту  деңгейі;  акмеологиялық  мəдениеттің 
даму  деңгейі  мен  оның  индивид,  тұлға  жəне  іс-əрекет  субъектісі 
ретіндегі ерекшеліктері арасындағы өзара тəуелділік; студенттердің 
өзін-өзі дамытудың жəне өзін-өзі жүзеге асырудың сатысы ретінде 
акмеге жетудің мүмкіндіктері. 
Акмеологиялық 
мəдениетті 
дамытудың 
заңдылықтары, 
адамның  өзін-өзі  өзектілеу,  өзін-өзі  жетілдіру,  өзін-өзі  жүзеге 
асыру  үдерістерінде  көрініс  табатын  психикалық  құбылыстар 
арасындағы  тұрақты  байланыстар  мен  қатынастарды  көрсетеді. 
Мұнда  акмеологиялық  мəдениетті  дамытудың  жалпы  (өзіндік 
акмеологиялық)  заңдылықтары,  адамның  өзін-өзі  дамытудың 
əмбебап жалпы заңдары көрсетіледі, оның ерекше заңдылықтарында 
(жыныстық-жас,  əлеуметтік,  мəдени  жəне  т.б.)  адамның  акмеге 
жетуінің жəне өзін-өзі жүзеге асыруының өзгешелігі байқалады, ал 
бірегей  заңдылықтарында – нақты  адамның  өзін-өзі  дамытуының 
ерекшеліктерінде көрініс табады. 
Тұлғаның  акмеологиялық  мəдениетін  дамыту,  құрылымдық-
жүйелі құрылым, оның деңгейінің өзгерісі ретінде, яғни осы тұлға-

144
145
лық жаңа құрылымның өзіндік ұйымдасуы, өзіндік реттеу тəсілдері 
ретінде  болатын  акмеологиялық  мəдениетті  қалыптастыруды 
қамтамасыз  ететін,  тұлғаның  сыртқы  жəне  ішкі  күйлерінің 
жиынтығы  ретінде  қарастырылады.  Нақты  механизмнің  əрекеті 
басқа  механизмдерді  жүзеге  асыруға  тəуелді  болады,  нəтижесінде, 
акмеологиялық  мəдениетті  дамытудың  өзара  байланысқан 
механизмдерінің «тізбегі» туралы айтуға болады. 
Студенттерге  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  аясында, 
студенттердің  акмеологиялық  мəдениетін  дамытуға  бағытталған, 
өзара байланысқан əлеуметтік-психологиялық, педагогикалық жəне 
дидактикалық жағдайлар кешенін жүзеге асыру, білім беру кеңістігін 
ұйымдастырудың  мақсаттарына  адекватты  болып,  акмеологиялық 
ортаны қалыптастыруға əкеледі. 
Арнайы  ұйымдастырылған  акмеологиялық  орта  акмеология-
лық шарттардың жиынтығы ретінде,  студенттердің акмеологиялық 
мəдениетін  тиімді  дамытуға  объективті  ықпал  етеді,  сонымен 
бірге  өзіндік  қайта  құрушы  іс-əрекеттің  тиімділігінің  субъективті 
түйсінулерін құрады. 
Студенттердің  акмеологиялық  мəдениетін  дамыту  үдерісін 
оңтайландырудың  интегралды  сапасы  ретінде  акмеологиялық 
ортаны ұйымдастыру, акмеологиялық мəдениетті тиімді дамытудың 
объективті,  субъективті  жəне  объективті-субъективті  факторларын 
нəтижелі жүзеге асыруға ықпал етеді. 
Білім  беру  кеңістігінде  жоғарыда  аталған  шарттар  мен 
факторларды жүзеге асыру, акмеологиялық мəдениетті дамытудағы 
қажеттілікті  өзекті  етуді,  акмеологиялық  мəдениетті  дамытудың 
дара траекториясын құрастыруды, акме-бағдарланған өзіндік өзгеру 
үдерістерін жеделдетуді қамтамасыз етеді. 
Студенттердің  акмеологиялық  мəдениетін  дамытудың  екі 
мақсаты болуы керек: 
Біріншіден, тұлғаның құндылықты-мағыналық саласын дамыту 
жəне  қайта  құрылымдау.  Осы  міндетті  шешу,  студенттің  тұлғалық 
құрылымында терминалды жəне танымдық құндылық ретінде, өзін-
өзі дамыту құндылығының жетекші орнын қамтиды; сонымен бірге, 
инструменталды құндылықтар ретінде үздіксіз білім берудің, өзіндік 
білім  алудың  құндылығы  алынады;  акме-бағдарланған  өзіндік 
дамытудың  жүйе  жəне  мағына  құраушы  факторы  ретінде – өзін-
өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру саласындағы 
міндеттерді аса тиімді шешуге мүмкіндік беретін тұлғалық сапалар 
мен  əрекеттік  сипаттамаларды  қалыптастыру  мен  дамытуды 
қамтамасыз ететін, өзін-өзі жетілдірудің құндылық бағдары алынады 
(іс-əрекеттің нəтижесі үшін дамыған жауапкершілік, коммуникативті 
жəне  аутопсихологиялық  құзыреттілік,  іс-əрекетте  жəне  өзіндік 
өзгеруде инновацияларға бейімділік жəне т.б.). 
Екіншіден, өмірдің əртүрлі салаларында акмеге жету мен өзін-
өзі  жүзеге  асыруға  бағытталған,  өзіндік  қайта  құрушы  іс-əрекетті 
белсендіру. Бұл міндетті шешуде, студенттердің акме-бағдарланған 
өзіндік  өзгерістерді  (өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  реттеу  жəне  өзін-өзі 
жүзеге асыру технологиясы) жəне ішкі кикілжіңді оңтайландырудың 
агрессивті  тəсілдерін  (тұлғаішілік  кикілжіңді  шешу  мен  алдын 
алудың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру) қамтамасыз ететін 
психотехнологияларды меңгеруі қажет. Осы психотехнологияларды 
меңгеріп,  студенттер  оңтайлы  жоспарларды  құрастыра  алады, 
өзін-өзі  жүзеге  асырудың  жоғары  деңгейіне  жету  мақсатында, 
өзіндік  дамыту  бағдарламасын  құрастыра  алады,  яғни  өздерінің 
тұлғалық  əлеуетін  барынша  тиімді  қолданып,  өздерінің  өмірлерін 
стратегиялық тұрғыда құруға үйренеді. 
Бұл  мақсаттарға  жету,  бірқатар  əртүрлі  деңгейлі  міндеттерді 
шешумен байланысты. 
Терең  гуманитарлы  жəне  психологиялық-акмеологиялық  білім 
мен  өзіндік  білімнің  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ететін,  біртұтас 
адамның өмірлік жолында қалыптасуына, дамуына, өзіндік дамуына 
ықпал  ететін,  кəсіби  маманданудың  тəжірибелік,  тар  шеңберінен 
шығатын,  аксиологиялық  тұрғыда  толықтырылған,  үздіксіз  білім 
беру тұжырымдамасына өту талап етіледі. 
Адамның  өмір  сүру  ортасын  əлеуметтік-мəдени  қайта  құруға 
бағдарланған,  психологиялық-акмеологиялық  қызметтің  барлық 
деңгейлерінде,  акме-бағдарланған  өзіндік  өзгерістерге  деген 
қажеттілігін  өзекті  ететін  ортаны  құру  қажет.  Бұл  төмендегі 
факторларды есепке алумен қамтамасыз етіледі: 
– мамандардың өзіндік қайта құрушы іс-əрекетіне психологиялық-
акмеологиялық қолдау көрсету; 
–  тұлғаның  акмеологиялық  мəдениетін  дамыту  үдерісін  оңтай-
ландырудың  интегралды  шарты  ретінде  акмеологиялық  ортаны 
ұйымдастыру. 
Студенттерге өзіндік үздіксіз білім беру жүйесі деңгейінде, білім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет