126
127
«құзыреттілік» болады, аталған үш ұғымның векторы, іс-əрекетті
жетілдірудің өлшемі, оны жүзеге асырудың жоғары сапасы мен
деңгейі болады, бұл өз кезегінде акмеология пəніне тікелей жауап
береді.
Болашақ мамандарды даярлауда отандық ғалым С.М. Жа-
қыповтың «бірлескен-диалогтік танымдық іс-əрекет» тұжы-
рымдамасының маңызы зор. Ол педагогикалық психология
саласы бойынша «оқу іс-əрекеті» жəне «оқыту іс-əрекеті»
категорияларының психологиялық мазмұнын қарастыру барысында
арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайларында адамның таным
іс-əрекетінің бірыңғай жүйесіне таным процестерін синтездеудің
шарттары мен тетіктерін анықтайды. Оның пікірінше, оқыту үдерісі
ерекше психологиялық құбылыс ретінде таным процестердің өзара
əрекеттесуін жəне бұрынғы жинақталған жүйесіне жаңа білімнің
қосылуын қамтамасыз ететін субъектінің когнитивтік тəжірибесін
түрлендіру үшін қажетті жағдайларды жасайды. Ғалымның бұл ой-
ларын біз тарқата келе, таным тəжірибесін қайта құру индивидтің
бүкіл өмірін қайта қарауды жəне оған тиісті қатынасының өзгеруін
талап етеді, осылайша адамның тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі іске
асады деген болар едік.
Акмеологияның
əдіснамалық
негіздемелері,
кемелдену
сатысында адамның дамуының алға жылжушы ілгері дамушы
сипатына зейінді күшейтуге, адамның кəсіби жəне тұлғалық
кемелденуінде шыңдарға жетудің психологиялық механизмдеріне
енуге көмек беруге бағытталған.
Акмеологиядағы жүйеліліктің мəні «ұйымдастыру» ұғымы
арқылы нақтыланады, кезінде осы ұғымның А.А.Малиновская
жасаған интерпретациясына К.А.Абульханова-Славская назар
аударған болатын. Ол маңызды, себебі тұлғаның жүйесіне қатысты,
бірінші кезекте, Б.Г.Ананьев бойынша, ол социумның, əлеуметтік
қатынастардың, еңбек жүйесіне, кəсіп, өзіндік өмір жүйесіне
«енгізілген». Бұл ұғымның басымдылығы немесе жетістігі ретінде,
оның тұлғаға тəуелді ұйымдастыру тəсілдерін, оған тəуелсіз
саналы жəне бейсаналы, объективті, сыртқы, ішкі өзіндік ұйымдасу
тəсілдерін қамтитыны алынады.
Қазіргі қоғамда адамның тұлғалық қасиеттерінің əлеуметтік
өмірлік өзгерістерінің шамасын іздеудің жаһандық мəселесі
туындады. Жаңарту идеологиясы іргелі ғылыми білімнің жай-
күйіне, ғылым мен тəжірибенің байланысына, кəсібиліктің рөлінің
артуына негізделеді. Бұл міндеттердің барлығы акмеологияның
күрделі, қарама-қайшы, өзгермелі жағдайдағы тұлға туралы ғылым
ретіндегі міндеттерін шешуге бағытталған.
Қазақстандық ғалымдар Т.Тəжібаев. М.Мұқанов, Қ.Жарық-
баев, Ш.Т.Таубаева, Б.А.Оспанованың психологиялық, педаго-
гикалық, еңбектерінде де адамның жеке басының дамуы мен
шығармашылығының əртүрлі аспектілері қарастырылады.
Mаман дайындау мəселесі көптеген ғалымдардың назарын
аударған психология мен педагогикаға, əлеуметтану мен ортақ
мəселе болып табылады. Мысалы, психологтар болашақ маман
дайындауды тұлға қалыптастыру, əрекет теориясы тұрғысынан
қарастырады. Енді сол бағыттағы еңбектерге талдау жасай кетейік.
Т.Тəжібаев, М.Мұқанов; Қ.Б. Жарықбаев этнопсихологиялық тео-
риялар негізінде тұлғаның іс-əрекетке дайындығын оның ұлттық
психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін дамыту тұрғысынан
қарап жеке тұлғаның жан-жақты дамыту қажеттілігін атап көрсет-
се, С.Қ. Бердібаева шығармашылық іс-əрекеттің этнопсихологиялық
ерекшеліктерін қарастырған.
Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беру тарихы
(Қ.Б.Сейталиев, Р.К.Бекмағамбетова жəне т.б.), мұғалімдерді
білім беру мұратына сəйкес даярлау тəжірибесі (Г.К.Ахметова
жəне т.б.), болашақ мамандарды даярлау біртұтас педагогикалық
үдерістің теориясы мен практикасын іске асыруға (Н.Д.Хмель,
Г.М.Кертаева, А.Қ.Рысбаева, жоғары мектеп дидактикасының дамуы
Е.Ө.Жұматаева жəне т.б.), педагогикалық инноватиканың білім
беру жүйесіндегі жаңалықты ендіру туралы ғылыми білім саласы
екендігін негіздеу (Н.Р. Юсуфбекова, Ш.Т. Таубаева жəне т.б.),
білімгерлерді инновациялық іс-əрекетке даярлау (К.Ж. Бұзаубақова,
К.Ж.Ажибеков жəне т.б.), болашақ мамандардың креативтілігін
қалыптастыру (Б.А.Оспанова, Нағымжанова Қ.М., білімгердің
креативтілігін қалыптастыру мақсатында инновациялық технология-
ларды пайдалану (Г.Қ. Нұрғалиева, Т.Г. Галиев жəне т.б.), болашақ
мұғалімдердің шығармашылық əлеуетін дамыту Б.А.Тұрғынбаева,
жəне т.б.) мəселелерінің түрлі қырлары зерделенеді.
Акмеологияның философиялық біліммен байланысы екі не-
гізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: дүниетанымдық жəне
əдіснамалық.
128
129
Соңғы жағдайда философия акмеологияны кешенді пəн ретін-
де құрудың құралдарын анықтайды, ол бір жағынан, адам туралы
салалас ғылымдардың білімдерін жинақтайды жəне біріктіреді, ал
екінші жағынан – адамның кəсіби-шығармашылық шеберлігінің
қалыптасуы туралы өзгеше ұғымдарын құрастырады жəне
айқындайды. Мұндай құралдар ретінде, əдіснамалық принциптерді
атауға болады: философиялық категориялармен жəне ғылыми
ұғымдармен əрекет ету; объектілерді айқындау, зерттеу пəнін жəне
стратегиясын құрастыру; олардың акмеологиялық интерпретация-
сын жүзеге асыру, кəсіби білім беру саласына қоғамдық тəжірибеге
ендіру технологиясын құру. Осылайша, философия акмеологияның
іргелі-қолданбалы сипаттағы дербес, ғылыми пəн ретінде құрудың
əдіснамалық шектеулерін қояды.
Бұдан басқа, философия өзінің дүниетанымдық негізінде,
өлшемдер жүйесін анықтай отырып (экзистенциалды, мəдениеттану,
заң, адамгершілік, эстетикалық жəне т.б.), акмеологиялық мəселелер
жиынтығын талдаудағы құндылық нүктесін қояды.
Осылайша, дүниетанымдық тұрғыда философия аксиологиялық
идеалдарды жəне акмеологияның праксеологиялық мақсаттарын
қоғамдық ғылым ретінде ұсынады, бір мезгілде қазіргі адамтанудың
ерекше бөлімі ретінде ұсынады.
Акмеологияға ең жақын ғылым – психология, ол адамды
зерттейтін орталық пəн. Өз кезегінде жалпы психология (бұдан басқа,
пəндік өзек болып саналады), əртүрлі психологиялық ғылымдардың
саралы жүйесін білдіреді: іргелі (тұлғаны, оның психикасын жəне
санасын, үдерістер мен қалыптарды, іс-əрекет пен мінез-құлықты,
даму мен шығармашылықты зерттейді) жəне қолданбалы (жас
ерекшелік жəне педагогикалық, əлеуметтік жəне инженерлік
психология, психофизиология жəне патопсихология, т.б.).
Əртүрлі білімдер (жалпы психологияда жəне оның қолданбалы
салаларында жинақталған) үнемі нақты акмеологиялық зерттеулерде
адамның психикалық мүмкіндіктері туралы үзінділі мəліметтер
түрінде құрастыруда қолданылады. Алайда, адамның кəсіби
шеберлігі акмеологиялық мəселелер жиынтығын құрастырудың
психологиялық базасын құрайтын психологияның салалары
ерекше қызығушылық тудырады. Осы тұрғыда, акмеология үшін
психологиялық білімнің «түйінді жүйесі» ретінде, психологияның
келесі салалары: дифференциалды жəне жас ерекшелік, əлеуметтік
жəне педагогикалық психология, еңбек жəне шығармашылық
психологиясы, іс-əрекет пен сана, ойлау мен рефлексия, басқару мен
түсіну, қарым-қатынас пен тұлға, дарындылық пен индивидуалды-
лық психологиясы алынады.
Ересек, жұмыс істейтін адамның социумның аса белсенді
элементі ретінде кемелденуінің осы аспектілерінің психологиялық
мəні, педология зерттейтін балалық шақтың онтогенезімен
салыстырғанда, қоғамды біршама көбірек қызықтырады. Алайда,
адам туралы ғылымдардың даму логикасы бойынша, ХХ ғасырдың
басында жалпы мектепке дейінгі жəне мектепте білім берудің
қоғамдық тəжірибесіне деген əлеуметтік сұранысты қамтамасыз
ететін психологияның салалары пайда болды. Бұл даму мəселелер
жиынтығын психологиялық зерттеуде, балалар жəне педагогикалық
психологияның мəселелері басым болуына əкелді, кемелдену жасы
мен кəсіптер психологиясы артқа шегеріліп қалды.
ХХ ғасырдың соңында адам дамуының психологиясын
жəне акмеологияның кемелдену кезеңін біртұтас зерттеуді
немен түсіндіруге болады? Дəл осы кезеңде басқару саласында,
педагогикалық қызмет, менеджмент, əлеуметтік жұмыс саласында
кəсібилік пен шеберліктің жоғары деңгейі бар мамандарға деген
əлеуметтік қажеттілік ерекше өзекті болып саналады.
Сондықтан, балалардың жалпы білім алуын қамтамасыз ету
жеткіліксіз: оны кəсіби-бастапқы оқыту ретінде қарастыру қажет,
яғни жас ерекшелік жəне білімділікті дамыту контексінде ғана емес,
сонымен бірге əлеуметтік жəне кəсіби контексте қарастыру қажет.
Үздіксіз білім берудің кеңейтілген тəжірибесін жалпы мəдени,
арнайы жəне кəсіби, ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуге деген
əлеуметтік қажеттілік, даму психологиясын (адамның өмірінің негізгі
кезеңдерін, балалық шағын, жастық шағындағы психологиялық
өзгерістерді біртұтас зерттейтін) жəне кемелденген тұлғаның
кəсібилігі мен шығармашылығын зерттейтін акмеологияның
қосымша қолданбалы алғышарттарын құрады.
2.2 Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамыту
Тақырыптың негізгі ұғымдары: мəдениет, акмеологиялық
мəдениет, акме, өзін-өзі жүзеге асыру, адамның тұтастығы, өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі маңызды ету, өзін-өзі игеру, акмеологиялық орта.
130
131
Акмеологиялық мəдениет – тұлғалық жаңа құрылым, ол адам-
ның тұтастық ретінде қалыптасуын негіздейді, оның өзін-өзі жүзе-
ге асыруының нəтижелілігі, акмеге жетуінің дара траекториясының
оңтайлылығын жүзеге асырудың сатысы ретінде болады.
«Акмеологиялық мəдениет» ұғымының проблемалық бірыңғай
өрісіне «акме», «өзін-өзі жүзеге асыру», «адамның тұтастығы», «өзін-
өзі дамыту», «мəдениет» категориялары енеді. Акме субъектінің
өмірлік жолын өзіндік жүзеге асыру тəсілінің кульминациясы
болып табылады, адамның өзін-өзі жүзеге асыруының субъектісі
ретінде шығармашылық əлеуетін жүзеге асыру, жетілдіру жəне
көбейтуде шыңға жетудің белгісі болып саналады. Өзін-өзі жүзеге
асыру, процессуалды тұрғыда адамның біртұтас тұлғалық-əрекеттік
күйінің тереңдігінің басым өзгерісі ретінде болады, оның барысында
адам өзіндік тұрғыда ашылады, жаңарады, оның рухани мəні
жетілдіріледі.
Нəтижелі тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыру, адамның іс-əрекеттің
алуан түрлі формаларында өзін-өзі жүзеге асыруының, тұтастығын
қалыптастырудың қорытындысы ретінде болады. Осылайша, акме
саты ретінде, ал адамның тұтастығы – өзін-өзі жүзеге асырудың
көрінісі ретінде болады. Мұнда акме күйіне жетуге, нəтижесінде
өзін-өзі жүзеге асыруға адам тек өзін-өзі дамыту барысында қол
жеткізе алады.
Өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір мезгілде үдеріс (өзінің мəнді,
шынайы бастауларына қозғалыс) жəне нəтиже (шындықтың
болмысы жəне болмыстың шынайылығы) ретінде болады; өзін-өзі
жүзеге асыру мəнге қозғалыс үдерісінде, ал белсенділік адамның
өзінен басталатынын қамтиды, яғни тек адам ғана өзін-өзі жүзеге
асыра алады; өзін-өзі жүзеге асыру мақсат түрінде құрастырылған
нəтиже ретінде, адамның біртұтас өзін-өзі дамыту бағытын ұсынады.
Өмірлік жолдың субъектісінің өзін-өзі жүзеге асыру тəсілінің
кульминациясы ретінде акмеге жетудің салдарында, адамның
тұлғалық мүмкіндіктері тек жетілдіріліп қоймайды, сонымен бірге
көбейеді (шексіз болады). Сонымен бірге, акмеологиялық адамның
өзін-өзі жүзеге асыру субъектісі ретінде, шығармашылық əлеуетті
жүзеге асыруда, жетілдіруде жəне көбейтудегі шыңның белгісі
ретінде болады.
Акмеге жетудің жəне өзін-өзі жүзеге асырудың факторы
ретіндегі өзін-өзі дамытудың тиімділігі, акмеологиялық мəдениет
сияқты тұлғалық жаңа құрылымның қалыптасуымен жəне
дамуымен негізделеді. Өзінің табиғаты бойынша, акмеологиялық
мəдениет рухани құрылым болып саналады, ол адамның «алға жəне
жоғары» қозғалысын анықтайды. Өзінің функцияларын жүзеге
асыру тəсілі бойынша, акмеологиялық мəдениет психологиялық
құрылым болып саналады. Бағыттылығы бойынша акмеологиялық
мəдениет адамгершілік құрылым болып саналады. Біртұтас алғанда,
акмеологиялық мəдениетті тұлғалық мəдениеттің үш түрінің:
рухани, психологиялық жəне адамгершілік құрылымының өзара
əрекеттестігі мен үйлесімінде пайда болатын мəдениет ретінде
көрсетуге болады.
Акмеологиялық мəдениет тұлғалық жаңа құрылым ретінде,
индивидтің, тұлғаның, субъектінің жəне даралықтың сапаларын
ашуға мүмкіндік береді, олардың бірігуі өмір сүру əрекеті үдерісінде
адамның тиімді өзін-өзі дамытуын негіздейді.
Біріктіруші функцияның аясында, акмеологиялық мəдениет
тұлғаның құндылықты-мағыналық, мотивациялық-мақсатты жəне
эмоционалды-ерікті салаларын бірыңғай жүйелі-құрылымдық
құрылымға біріктіреді. Координациялық функцияны жүзеге
асырып, акмеологиялық мəдениет тұлғаның мəнді күштерін, оның
əрекеттік көріністерін тұлғаның барлық салаларында үйлестіреді.
Акмеологиялық мəдениеттің жобалаушы қызметі, адамның өмірлік
жолының «алға озушы бейнесін» қамтиды, акмеге жетуге, өзін-
өзі жүзеге асыруға бағытталған «болашақтың үлгілерін» құруды
қамтиды. Акмеологиялық мəдениеттің реттеуші қызметі, өзін-
өзі дамыту үдерісінің тиімділігін, оның барлық деңгейлерінде
қамтамасыз етеді (өзін-өзі маңызды ету, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі
жүзеге асыру).
Акмеологиялық мəдениетті жүйе ретінде меңгерген тұлғаның
өзін-өзі жүзеге асырудағы жауапкершілігі, өзін-өзі дамытуға
жəне өзін-өзі жаңартуға дайындығы, өзін-өзі жүзеге асырудағы
қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа формалары мен тəсілдерін
үнемі туындату сияқты сапалары қалыптасады. Акмеологиялық
мəдениеттің деңгейімен негізделген бұл тұлғалық сапалар, акмеге
жетуде, өзін-өзі жүзеге асыруда тиімділіктің детерминанты ретінде
болады.
Тұлғалық жаңа құрылым ретінде акмеологиялық мəдениеттің
дамуы, тұлғаның өмірлік жаңа таңдаулары, өзін-өзі дамыту мен өзін-
132
133
өзі жүзеге асырудағы жаңа қадамдарға мүмкіндіктерді ашатын жаңа
міндеттерді қояды.
Адамның құндылығы, оны жетілдіру мен қабілеттері туралы
ғылым ретінде акмеологияның дамуы, адамның өзінің кəсіби іс-
əрекетін жоғары тиімділікпен жүзеге асыруға көмек беріп қоймайды,
сонымен бірге оған өзін-өзі дамыта жəне жүзеге асыра отырып,
толыққанды өмір сүруге ықпал етеді.
Өзін-өзі дамыту арнайы рухани іс-əрекет ретінде, адамның кез
келген іс-əрекетінің мазмұны жəне оның жеке өмірінің тірегі болуы
мүмкін.
Акмеологиялық мəдениеттің жоғары деңгейі, адамға өзін-
өзі дамыту үдерісін өмірлік құндылық ретінде мағыналауға, өмір
сүру əрекетінің барысында өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге
асыруға жағдай жасауға, өзінің даралығын тануға, өзектілеуге,
шығармашылықпен көрсетуге мүмкіндік береді. Акмеологиялық
мəдениетті тұлғалық сапа ретінде дамыту, тұлғаның жаңа өмірлік
таңдауларына, акмеге жету жəне өзін-өзі жүзеге асыруға жаңа
қадамдар жасауға мүмкіндіктер туындатады.
Акмеология гуманитарлы ғылымдардың басқа саласындағы
зерттеу нəтижелерін біріктіріп жəне қайта мағыналап, «өзін-өзі
дамыту», «өзін-өзін өзекті ету», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі
жүзеге асыру» ұғымдарының «акме» жəне «мəдениет» ұғымдарымен
арақатынаста болатынын көрсетті. Акме нəтиже ретінде, бір мезгілде
адамның өзін-өзі дамыту үдерісі ретінде, оның мəдениетінде көрініс
табады. Өз кезегінде мəдениет өзін-өзі дамытудың интегралды
көрсеткіші, бір мезгілде осы үдерістің тиімділігін қамтамасыз ететін
тұлғалық сапа ретінде болады.
«Акмеологиялық мəдениет» термині акмеологиялық зерттеулер
аясында бұрын қолданыла бастады (В.Ф.Варуков, Н.Э.Вегерчук,
В.И.Деркач, О.Г.Коломиец, Е.П.Кондратьева П.Н.Кудельникова,
Е.А.Суслова жəне т.б.).
Нормативті жəне прогностикалық үлгі аясында, тұлғаның
акмеологиялық мəдениеті құрылым, үдеріс ретінде қарастырылады,
мұндай құрылымды құруға жетелейтін, яғни құрылымдық жəне
функционалды компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Акмеологиялық мəдениеттің құрылымына ментальды, құндылықты
жəне креативті компоненттер енеді.
Ментальды компонентті акмеологиялық ментальдық жəне
акмеологиялық менталитет құрайды, олар сананың «терең» қабаты
ретінде рефлексивті актілерді, өзін-өзі дамытуға бағдарланған
адамның саналы ұғынылған мінез-құлқын анықтайды; өзін-өзі жү-
зеге асырушы адамның рухани жəне интеллектуалды мүмкіндіктері
ретінде болады.
Құндылықты компонентті жоғары тұлғалық идеалдар, құнды-
лықтар жəне құндылық бағдарлар құрайды, олар өзекті мақсат
ретінде емес, өзін-өзі дамытудың негізі, оның тиімділігі мен деңгейін
бағалаудың өлшемі ретінде болады.
Креативті компонентті іс-əрекет ретіндегі шығармашылық
құрайды, ол өмір сүру əрекетінің акме-бағдарлануын, шығар-
машылықтың тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғалық сапа ретіндегі
креативтілікті негіздейді.
Білім беру мұратына сəйкес педагог мамандарды даярлау
тəжірибесі Г.Қ.Ахметова, педагогтердің зерттеу мəдениетін
қалыптастыру, болашақ мамандардың креативтілігін қалыптастыру
Б.А.Оспанова, А.С.Швайковский, Қ.М.Нағымжанова студенттің
креативтігін қалыптастыру мақсатында инновациялық тех-
нологияларды
пайдалану
Г.Қ.Нұрғалиева,
жоғары
мектеп
дидактикасының дамуы Т.С.Сабыров, Е.Ө.Жұматаева, жоғары
оқу орнындағы оқыту мəселелерін Болон үдерісі талаптарына сай
басқару Н.А.Асанов, С.Ə.Əбдіманапов еңбектерінде зерделенген.
Мұнда шығармашылық ішкі дүниетанымның айқын көрінісі
ретінде, яғни білімнің нəтижесі оқушының тұлғалық-мəдени
қалыптасуы тұрғысынан қарастырылады, мұндай оқыту жүйесіне
Кенжебеков Б.Т., Таубаева Ш.Т. бағыттық білім беру жүйесін
жатқызуға болады.
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетінің когнитивті, моти-
вациялық-мақсатты, эмоционалды жəне операционалды-функ-
ционалды компоненттері анықталған.
Когнитивті компонентті акмеологиялық өзіндік сана құрайды –
ол адамның өзін-өзі дамыту субъектісі ретіндегі ұғымдар кешені,
өзін индивид, тұлға, субъект жəне даралық ретіндегі біртұтас
бейнесі, өмір сүру əрекетінің субъектісі ретіндегі адамның өзіне
деген қатынасы мен бағдарлары.
Мотивациялық-мақсатты компонентті акме-мотивацияның бірік-
тірілген, мазмұнды жəне динамикалық үдерістер құрайды, сонымен
бірге өзін-өзі дамыту саласындағы мақсатты құрылымдар мен
мақсатты болжау құрайды.
134
135
Эмоционалды компонентті адамның өзіне деген жалпы
эмоционалды қатынасы (өзіндік қатынас) жəне өзіндік бағалаушы
қатынас (өзіндік бағалау) құрайды.
Операционалды
компонентті
акме-бағдарланған
өзін-өзі
дамытудың мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған психо-
технологиялар жүйесі құрайды (өзін-өзі тану, өзіндік талдау, өзіндік
бақылау, өзіндік түзету психотехнологиялары). Функционалды
компоненттер біліктер-құзырлылықтар жүйесі арқылы жүзеге
асырылады.
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының ішкі интегралды өлшемі
ретінде, оның құрылымдық жəне функционалды компоненттерінің
қалыптасуы алынады. Ішкі интегралды өлшем сыртқы өлшемдер
жүйесі арқылы байқалады.
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының сыртқы интегралды
өлшемі ретінде, адамның өзін-өзі жүзеге асыруы мен акмеге жетуінің
факторы ретіндегі өзін-өзі дамытудың тиімділігі айқындалады.
Аталған өлшем объективті болып саналады, себебі өзін-өзі дамыту
субъектісі ретіндегі адамның шынайы сипаттамасы алынады.
Сыртқы интегралды өлшем, арнайы сыртқы өлшемдер жүйесі
ретінде көрсетіледі, ол акмеологиялық мəдениеттің даму деңгейін
негізделген тұрғыда, өзін-өзі жүзеге асыру жəне акмеге қарай
қозғалыс үдерісінің мазмұнды жəне динамикалық көрсеткіштері
арқылы бағалауға мүмкіндік береді:
– өзін-өзі жүзеге асыруға құндылық бағдар, өзін-өзі дамытудың
қалыптасқан құндылықтары, іс-əрекеттің мазмұны ретіндегі өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі жетілдіруге бағыттылық арқылы ашылады;
– адамның өзін-өзі жүзеге асыруының оңтайлылығы жəне көп-
қырлы өмір сүруінің тұтастығы, тұлғалық əлеуетті адекватты өзіндік
бағалау, қалаулар деңгейі, өмірлік жоспарларды жүзеге асырудың
деңгейі, өмір сүрудің əртүрлі саласында өзін-өзі жүзеге асырудың
үйлесімі арқылы көрініс береді;
– өзін-өзі дамыту үдерісіндегі креативтілік іс-əрекеттегі шы-
ғармашылық, өзбетінділік жəне тəуелсіздік, өзін-өзі дамыту мақ-
сатында жағдаятты саналы мағыналау жəне алмастыру қабілеті
арқылы байқалады;
– рефлексивті өзін-өзі реттеу, бақылаудың ішкі локусы арқылы,
белгісіздікке төзімділіктің жоғары деңгейі, өмір сүру əрекетін
ұйымдастырудағы икемділік арқылы ашылады.
Акмеологиялық мəдениеттің күйін оңтайландыру, тұлғаның
жəне білім беру кеңістігінде дамыту үдерісінің жүйелілігімен
байланысты. Білім беру кеңістігінде білімгерлердің акмеологиялық
мəдениетін дамытудың интегративті жүйесінің компоненттерінің
өзара байланысты жəне өзара негізделген бірлігі, тұлғаның
акмеологиялық мəдениетін тиімді дамытудың алгоритмін жүзеге
асырудың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Білімгерлердің акмеологиялық мəдениетінің жоғары деңге-
йіне жетуі, бірқатар əлеуметтік, əлеуметтік-психологиялық, педа-
гогикалық жəне дидактикалық шарттармен қамтамасыз етіледі,
олар өз кезегінде акмеологиялық шарттар ретінде қарастырылады,
себебі кешенді түрде олар білім беру кеңістігінде студенттердің
акмеологиялық мəдениетін дамыту үдерісін белсендіруді жəне
оңтайландыруды, оның деңгейін арттыруды, акмеге тиімді жетуді,
өзін-өзі жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Студенттердің акмеологиялық мəдениетін тиімді дамытудың
негізгі макроəлеуметтік шарты ретінде, тұрақты акме-бағдарланған
өзіндік өзгерістерге бағытталған қоғамдағы сұраныс алынады.
Акмеологиялық мəдениетті тиімді дамытудың əлеуметтік-
психологиялық шарты ретінде, коммуникативті өзара əрекеттестікке
тұлғалық бағдарлану, яғни диалогты қарым-қатынас алынады.
Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі жəне акмеологиялық
мəдениетті дамыту үдерісін белсендіру, диалог үдерісінде бірлес-
кен когнитивті кеңістікті құру есебінен өзекті боуы мүмкін.
Үздіксіз білім беру үдерісінде студенттердің акмеологиялық
мəдениетін
дамытудың
педагогикалық
шарттары
ретінде
алынатындар:
тұлғалық
бағдарланған
тұғырды
ендіру;
акмеологиялық мəдениетті дамытудың арнайы бағдарламасын
құрастыру; білімгерлердің акме-бағдарланған өзіндік өзгерістерін
акмеологиялық тұрғыда қолдауды ұйымдастыру.
Үздіксіз білім беру жүйесінде студенттердің акмеологиялық
мəдениетін дамыту үдерісін оңтайландырудың дидактикалық шарт-
тары ретінде алынатындар: акмеологиялық мəдениетті сатылы
дамытудың кешенді, дидактикалық, мақсатты бағытталған үдерісін
ұйымдастыру; дидактикалық өзара əрекеттестік ретінде білім беру
кеңістігінде субъект-субъектілі өзара əрекеттестікті жүзеге асыру.
Акмеологиялық мəдениетті дамыту тиімділігінің акмеология-
лық факторларының үш түрі анықталған:
|