Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
Акмеология


84
85
Адамды жəне іс-əрекетті бір мезгілде зерттеу принципі. Қазіргі 
кезде  кəсіпқой  тұлға  жəне  еңбек  субъектісі  болып  табылады. 
Акмеологиялық  зерттеулерде  екі  тең  объект – адам  жəне  оның  іс-
əрекеті  зерттеледі.  Акмеологияда  іс-əрекетті  оны  орындайтын 
адамнан  бөліп  зерттеуге,  ал  адамды  іс-əрекеттен  тыс  қарастыруға 
болмайды.  Тұлғаның  кəсібилігі  мен  іс-əрекетінің  диалектикалық 
бірлігінде кəсібилікті қарастыру, осы əдіснамалық принципті жүзеге 
асыру болып саналады. 
Жалпыда  жекені,  жекеде  жалпыны  зерттеу  принципі.  Зерттеу 
нəтижелерін  талдау,  акмеологияда  қарастырылатын  принциптің 
жалпы, бірегей жəне ерекшені анықтауда жүзеге асырылатыны ту-
ралы  негіз  жасауға  мүмкіндік  береді.  Ол  нақты  кəсіби  іс-əрекетке 
тəн  кəсібилікті  қалыптастырудың  жалпы  заңдылықтарын,  кəсіби 
шеберлікті жеке дамытуды зерттеуде көрініс табады. 
Даму  жəне  детерминизм  принципі.  Өзін-өзі  дамытуға  ынта-
ландыратын  ішкі  жағдайларды  анықтау,  дамудың  детерминантта-
рын  анықтау  акмеологиялық  зерттеулердің  құрамдастары  болаты-
нын көрсетеді. Акмеологиялық зерттеу əдетте екі сатыдан тұрады. 
Бірінші сатыда іргелі заңдылықтарды іздеу жүзеге асады, ал екінші 
сатыда    —  акмеологиялық  жағдайлар,  факторлар,  детерминанттар 
анықталады. 
Белсенділік  принципі.  Кəсібилікке,  жеке  дамуға  итермелейтін 
жолдарды белгілеуде еңбек субъектісінің рөлін анықтауды қамтиды. 
Инварианттылық  принципі.  Акмеологиялық  зерттеулерде  да-
мудағы  тұрақтылыққа  назар  аударудың  қажеттілігі  анықталады. 
Бұл  принципті  ерекше  жағдайда  мамандардың  іс-əрекетінің  жəне 
кəсібилігінің  акмеологиялық  инварианттарын  құрастыруда  ерекше 
есепке алады. 
Акмеологиялық  жағдайларда  жалпы  əдіснамалық  принциптер-
ден басқа, зерттелетін объектінің өзгешелігін көрсететін жекеленген 
принциптерді қолданады: ғылымилық, шынайылық, прагматикалық 
жəне т.б. 
Мамандардың  іс-əрекетінің  нəтижелілігі  мəселесі,  акмео-
логиялық  өлшемдер  мен  көрсеткіштер  туралы  мəселелерді  туын-
датады.  Мұнда  акмеологиялық  өлшемдер  мен  көрсеткіштерді, 
олардың  адам  туралы  басқа  ғылымдарда  қолданылатын  өлшемдер 
мен көрсеткіштерден айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтау 
басты болып саналады. 
Өлшем  ретінде  болып  жатқан  өзгерістер  туралы  тұжырым 
жасауға мүмкіндік беретін сипаттамалар – бағалаудың, ой-пікірдің, 
көрсеткіштің  бағалануының  бірқатар  шамасын  атау  қабылданған. 
Акмеологиялық  өлшемдер  мен  көрсеткіштердің  мазмұны  ең 
алдымен,  мамандардың  кəсібилігімен  жəне  олардың  іс-əрекетінің 
нəтижелілігімен  байланысты  болады.  Акмеологиялық  өлшемдер – 
бұл  нəтижелі  іс-əрекеттің  сипаттамасы,  кəсіби  міндеттердің  зама-
науи құралдарын жəне мазмұнын меңгеру дəрежесінің сипаттамасы. 
Акмеологиялық көрсеткіштер ретінде кəсіпқойдың еңбек субъектісі 
ретіндегі сапаларының сипаттамасы алынуы мүмкін. 
Тиімділік  іс-əрекет  сапасының  жалпылаушы  өлшемі  болады 
жəне  нақты,  интегралды,  бөлшекті  көрсеткіштермен  сипатталатын 
жалпы жəне ерекше өлшемдерді (дəлдік, сенімділік, жылдам əрекет 
ету, тұрақтылық) қамтиды. 
Жылдам əрекет ету əдетте бірнеше тұғырларда қарастырылады, 
сондықтан  бұл  өлшемнің  өзгеше  көрсеткіштері  болады:  уақыттың 
дəлдігі;  ақпараттың  басқару  пішіні  бойынша  өту  уақыты;  шұғыл 
белгі  берілгеннен  кейін,  реттеудің  талап  етілген  деңгейіне  қол 
жеткізілетін  уақыт;  қарапайым  сенсомоторлы  реакция  уақыты. 
Белгілі  бір  көрсеткішті  қолдану  нақты  міндеттерге  байланысты 
болады. 
Дəлдіктің  көптеген  анықтамалары  бар,  мəні  бойынша  олар 
маманның  əрекетінің  ұсынылған  алгоритмге  сəйкестігінің 
көрсеткіштері  болып  табылады.  Сенімділіктің  анықтамалары  да 
бірнеше. Мысалы, маманның іс-əрекетінің сенімділігі ретінде, оның 
іс-əрекеттің  біршама  күрделену  жағдайында  талап  етілетін  жұмыс 
параметрлерін қолдау қабілеті алынады. 
Тұрақтылық – белгілі  уақыт  барысында  іс-əрекеттің  негізгі 
көрсеткіштерінің  нұсқалық  сипаттамасы  (мысалы,  ауысым  бары-
сында). Тұрақтылықтың көрсеткіші ретінде, белгілі уақыт кезеңінде 
іс-əрекеттің сапасына жетудің аясынан шықпау алынады. 
А.А.  Деркач  жəне  Н.В.  Кузьмина  акмеологиялық  тұғырдың 
аясында  «аса  жоғары  нəтижелерге  жетуге  сəйкес  келетін  немесе 
кедергі  келтіретін  факторларды  талдаудың»  қажеттілігін  атап 
көрсетеді. 
Педагогика  жəне  психологияда  факторлардың  мəнін  жəне 
мазмұнын  түсіндірудегі  бірнеше  тұғырлар  қалыптасты.  Н.В.  Кузь-
мина  жəне  А.А.  Реан  даралықтың  кəсіби  іс-əрекеттің  шыңдарына, 

86
87
яғни жоғары жетістіктерге өзіндік қозғалысын негіздейтін факторға 
объективті себеп ретінде анықтама берді. 
Ғалымдар факторлардың үш түрін айқындап көрсетеді: 1) объ-
ективті, адам əрекетінің шынайы жүйесімен жəне бірізділігімен бай-
ланысты; 2) субъективті, кəсіби іс-əрекеттің жетістігінің субъективті 
алғышарттарымен  байланысты  (мотивация,  бағыттылық,  қабі-
леттер,  креативтілік); 3) объективті-субъективті,  кəсіби  ортаны 
ұйымдастырудың  ерекшеліктерімен,  кəсіби  іс-əрекетті  басқарудың 
сапасымен байланысты. 
Акмеологиялық  заңдылықтар – тұрақты  байланыстар  жəне 
қатынастар.  Оның  үлгісі  ретінде  адамның  дарындылық  деңгейі, 
оның  кəсіби  шеберлікке  қозғалысы  арасындағы  байланыстар  мен 
қатынастар алынуы мүмкін. Бұл заңдылықтар адамды жəне оның іс-
əрекетін зерттейтін ғылымның жалпы объектісіне қарай объективті 
жəне субъективті болады. Объективтілік шынайы бар акмеологиялық 
жағдайлармен жəне факторлармен байланысты, ал субъективтілік — 
дара-тұлғалық алғышарттар жəне объективті факторларды тұлғалық 
мəнге «ауыстырумен» байланысты. 
Ғылым  дамуының  қазіргі  сатысында  қоғамда  болып  жатқан 
үдерістерді  түсіндіруге,  адамның  оны  алуан  түрлі  көріністерде  
игеруіне жақындаудың мүмкіндігі туралы мəселе қойылады. 
Акмеология – тиімді іс-əрекетте аса жоғары нəтижелерге жетуде 
адамның  дамуын  кешенді  зерттеумен  шұғылданатын  ғылым.  Ол 
дамудың  негізгі  принциптерінің  бірін – өркендеу  шыңын,  яғни 
болашаққа  ұмтылуды  қарастырады,  бұл  өз  кезегінде  тұлғаның 
мақсатты  болжауды  құруына  жəне  позитивті  əлеуметтік  идеалды 
қалыптастыруға ықпал етеді. 
Мамандардың  өздерінің  кəсіби  білімдері  мен  біліктерін  үнемі 
жаңартудағы,  кəсібиліктің  шыңына  жетудегі  бағыттылығында 
қабілеттері  мен  қажеттіліктерін  қалыптастыру – өзекті  заманауи 
мəселе  болып  саналады.  Аталған  мəселені  мақсатты  бағытталған 
тұрғыда, кешенді шешуге мүмкіндік беретін аса тиімді тұғырлардың 
бірі  ретінде,  акмелогиялық  тұғыр  алынады.  Аталған  тақырыпнама 
білім  беру  акмеологиясының  пəніне  қатысты,  оның  орталық 
міндеті  ретінде,  болашақ  мамандардың  əлеуетті    мүмкіндіктерін, 
кəсібиліктің  шыңына  жетуге  ұмтылыстарын  өзекті  ететін  жəне 
дамытатын тəсілдер мен жолдарды іздеу алынады. 
Мұнда  акмеологиялық  тұғыр  ұғымын  нақтылау  қажет. 
Акмеологияның  жəне  акмеологиялық  білімнің  құрылымының 
теориялық  негіздерін  қарастыруда,  акмеологиялық  тұғырдың 
келесі ұғымдар арқылы сипатталатынын атап көрсетеміз: жетілдіру 
үдерісінде  қасиет  болып  саналатын  жəне  реттеуші  функцияны 
атқаратын  нүкте  ұғымы;  нəтижеге  жетудің  шектеулі  нүктесі; 
дамудың жоғары (акме) жəне төменгі (кате) сатыларының шектеулі 
параметрлері; алдын ала құрылған нормативті нүкте ретіндегі даму 
сатысы, одан кейін дамудың келесі сатысы – дəлдік басталады. 
Адамның  философиялық  тұжырымдамасы,  əлеуметтік  синер-
гетика идеясы контексіндегі акмеологиялық тұғыр адам дамуының 
үдерістерін толыққанды мағыналауға көмек береді. Яғни, адамның 
Ежелгі  дүние  тарихындағы  іс-əрекет  нəтижесі  ретінде  нақты 
шыңдарға  жетудің  логикасын  акмеологиялық  талдауда  табады. 
Бұл  үдеріс  тиімді  іс-əрекетпен  шұғылданатын  адамға  тəн  болады. 
Адамзаттың  дамуының  акме-шыңдарын  түсінбейінше,  дамудың 
сапалық сипаттамасын анықтау қиынға соғады. 
Н.В. Кузьмина жəне Л.Е. Паутованың пікірінше, «білім беруде-
гі акмеологиялық тұғыр төмендегі тұрғыда зерттеу стратегияларын 
біріктіреді: 
–  Н.В.  Кузьмина  алғаш  қолданған  білім  беру  жүйелерін 
зерттеудегі жүйелі тұғыр;  
– Б.Г. Ананьев негіздеген адамды зерттеудегі тұтастық тұғыры; 
– функционалды жүйелер теориясы, онда жүйе құраушы фактор 
ретінде  П.К.  Анохин  құрастырған  жаңа  ортаға  шығудағы  соңғы 
нəтиже алынады. 
Сөз  жоқ,  іс-əрекеттің  белгілі  саласындағы  болашақ  маманның 
құзырлылығын  қалыптастыратын  ЖОО  жас  адамды  оның  кəсіби 
іс-əрекетінде  жəне  біртұтас  өмір  сүру  əрекетінде  əрі  қарай  шыңға 
жетуге  ықпал  ететін  құзырлылықтармен  қаруландыруы  қажет,  бұл 
өз  кезегінде  құзырлылықтың  мазмұнын  іріктеудегі  акмеологиялық 
тұғырдың  өзектілігін  күшейтеді.  Атап  өтетін  бір  жайт,  акмеология 
–  адам  туралы  ғылымдар  жүйесіндегі  пəнаралық  білім  саласы. 
Ол    педагогика  мен  психологияның  орнын  алмастырмайды,  ол 
аталған  пəндердің  жалғасы,  құрамдас  бөлігі  болып  табылады;  ол 
тиімді  іс-əрекетті  аса  жоғары  нəтижелерге  жетуде  адам  дамуын 
кешенді  зерттеумен  шұғылданады,  сонымен  бірге  дамудың  негізгі 
принциптерінің  бірі  ретінде – өркендеу  (шың)  принципін,  яғни 
болашаққа  ұмтылу  принципін  қарастырады,  бұл  өз  кезегінде 

88
89
тұлғаның  мақсатты  болжауды  құруына  жəне  оның  позитивті  əлеу-
меттік идеалды қалыптастыруына ықпал етеді. 
Педагогикалық  білім  беру  мазмұны,  болашақ  педагог-маман-
дарды  кəсіби  əрекетке  даярлаудың  қырлары,  педагогтардың  кəсіби 
қабілеттерін  қалыптастыру,  мұғалімдерді  даярлаудың  тарихына 
арналған зерттеулерді отандық ғалымдар Қ.Б. Сейталиев, Р.К. Бек-
мағамбетова,  А.Д.  Қайдарова)  жəне  т.б.  жүргізген.  Педагогтардың 
кəсіби  дарындылығын  дамыту  мəселесіне  Л.М.  Нəрікбаева,  ал 
болашақ  маманның  біліктілігін,  шығармашылық  əлеуетін  дамыту 
Б.А. Тұрғынбаеваның, зерттеу жұмыстары арналған. 
Кəсіби  даму  тұлғалық  дамумен  тығыз  байланысты.  Тұлғаның 
кəсіби  дамуының  объектілері  ретінде,  кəсіби  маңызды  сапалар 
мен  психологиялық  қасиеттер,  əлеуметтік-кəсіби  бағыттылық, 
құзыреттілік, атап айтсақ коммуникативті құзыреттілік алынады. 
«Коммуникативті  құзыреттілік»  феномені  «қарым-қатынас 
мəдениеті» (С.Л.  Братченко,  Ю.Н.  Емельянова,  Е.В.  Руденский), 
«сөйлеу мəдениеті» (Л.А. Введенская, Л.Г. Павлова, Б.Н. Головин), 
«тілдік қарым-қатынас мəдениеті» (О.М. Казарцева), «тілдік мінез-
құлық мəдениеті» (А.К. Михальская) ұғымдарымен теңестіріледі.
Қазіргі  заманғы  əлеуметтік  жағдайлар  жəне  əлеуметтік 
қажеттіліктер, қоғамның əрбір мүшесінің коммуникативті мəдение-
тін  қалыптастырудың  қажеттілігін  айқындайды.  Коммуникация 
адамның негізгі қажеттіліктеріне жатады, себебі ол адамның түсіну, 
əлеуметтік  жақындасу  жəне  өзара  əрекеттестік  мүмкіндіктерімен 
қамтамасыз  етеді.  Кез  келген  мəдени  даму  ақпараттық  алмасуға, 
ойлауға,  ұрпақтан  ұрпаққа  ақпараттар  мен  құндылықтарды 
жалпылауға,  беруге  негізделеді,  олар  өз  кезегінде  тұлғаның, 
əлеуметтік  топтардың,  біртұтас  қоғамның  өмірінің  мəдени  негізін 
құрайды.  Коммуникативті  құзыреттілік  əлеуметтік  жəне  кəсіби 
қабылданған деңгейде, тұлғалық өзара əрекет саласындағы білімдер, 
біліктер  жəне  дағдылардың,  түйінді  ұғымдардың  қалыптасуының 
деңгейін  көрсететін  адамзат  іс-əрекетінің  кез  келген  саласында 
мамандарды  даярлаудың  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып 
табылады. 
Педагогтің коммуникативті құзыреттілігінің басты көрсеткіште-
рі ретінде, қарым-қатынас пен мінез-құлықта рефлексиялау қабілеті, 
білімгерлердің интеллектуалды жəне эмоционалды күйлерін сезіну 
шеберлігі,  байланысты  қабылдау  жəне  құру  қабілеті,  оқушыларға 
белсенді жəне педагогикалық тұрғыда əсер ету шеберлігі алынады. 
Педагогтің  коммуникативті  құзыреттілігі  мəселесіне  зейін  аудару, 
білім беру жүйесінің болашағы жəне біртұтас қоғамның мəдениеті 
үшін  мазасыздану  сезімімен  туындады.  Өзінің  табиғаты  бойынша 
кəсіби  іс-əрекеті  коммуникативті  болатын  мұғалім,  үнемі  өзінің 
біліктерін  саналы  түрде  көрсетеді,  өзінің  коммуникативті  əлеуетін 
тиімді  қолдануды  көрсетеді.  Педагогикалық  өзара  əрекеттестіктің 
жетістігі,  педагогтің    сөйлеу  мəдениетінің  деңгейіне  байланысты 
болады,  оны  қалыптастыру  өз  кезегінде  кəсіби  қалыптасу  мен 
педагогтің  өзін-өзі  дамытуы  мен  өзін-өзі  тəрбиелеудің  маңызды 
міндеттерінің бірі болып табылады. 
Педагогтің  коммуникативті  құзыреттілігінің  маңызды  құ-
рамдасы  ретінде,  оның  эмоционалды  мəдениеті  алынады.  Эмо-
ционалды  өзін-өзі  реттеу  мəселесі – маңызды  психологиялық-
педагогикалық мəселелердің бірі. Оқытушының басынан өткеретін 
психологиялық  жүктемесі,  онда  кəсіби  күйзелістің  дамуына 
əкеледі,  соның  салдарында  «эмоционалды  жану»  синдромының 
қалыптасуына əкеледі. Жиі қайталанатын, жағымсыз эмоционалды 
күйлер  жағымсыз  тұлғалық  сапалардың,  қозудың,  тітіркенудің, 
мазасызданудың,  пессимизмнің,  агрессивтіліктің  пайда  болуына 
əкеледі. Бұл өз кезегінде педагогтің іс-əрекетінің тиімділігіне жəне 
білімгерлермен,  əріптестермен  өзара  қатынасына  жағымсыз  əсер 
етеді. «Эмоционалды  жанудың»  меңгерілген  синдромы  кəсіби 
жағымсыз  мінез-құлықтың  стереотипті  түрлерінің  қалыптасуына 
жəне  қарым-қатынас  үдерісінде  қоршаған  адамдармен  қысым  мен 
қолайсыздықты  құруына  əкелуі    мүмкін.  Осылайша,  педагогтің 
қазіргі  заманғы  білім  беру  үдерісінің  қатысушысы  ретіндегі 
коммуникативті  құзыреттілігіне  қойылатын  талаптар,  оның  эмо-
ционалды күйімен қарама-қайшылыққа түседі. 
Қоғамның қазіргі дамуы, ақпараттық технологиялар, өзінің ден-
саулығына қамқор болу шеберлігі, коммуникацияға түсу шеберлігі, 
кəсіби мəселелерді шешу білігі сияқты білім берудің қазіргі заманғы 
қоғамның сұранысына сəйкес сапаларын меңгеруін жүзеге асыруға 
қабілетті  тұлғаны  қалыптастырудың  тетіктерін  құрастырудың 
қажеттілігін туындатады. 
Қолданбалы  акмеологияда  тұлғаның  кəсібилігін  дамытудың 
факторы  ретінде,  оның  рефлексивті  ұйымдасуы  мен  рефлексивті 
мəдениетінің  деңгейін  арттырудың  мүмкіндіктерін  іздеуге  бағыт-

90
91
талған  зерттеулер  жетекші  орын  алады.  Рефлексивті  мəдениет 
кез  келген  маманның  жоғары  білікті,  кəсіби  еңбегінің  базалық 
компоненті болып саналады. Рефлексивті мəдениеттің даму деңгейі 
кəсібиліктің  деңгейін  тікелей  сипаттайды,  сондықтан  олардың 
арасында тығыз функционалды байланыстар болады. 
Бұл  рефлексивті  мазмұны  бар  кəсібиліктің  акмеологиялық 
детерминаттарын анықтаудың негізі болды: 
♦  тұлғаның  кəсібилігіне  жəне  іс-əрекетіне  қойылатын  талаптар 
жүйесінің объективті мазмұнын түсіну; 
♦ өзін-өзі дамытудың индивидтік сипатынан субъектілі сипатына 
өту; 
♦  іс-əрекет  пен  қатынастардың  дара-мағыналық  түсінуден  қо-
ғамдық-мəдени түсінуге алмастыру;  
♦ тұлғалық-кəсіби даму үдерісінде рефлексивті алмасудың маз-
мұнын ашу. 
Рефлексивті мəдениетті дамыту келесі нəтижелерге əкеледі: 
♦  дамушы  тұлғаның  рефлексивті-инновациялық  əлеуетін  бел-
сендіру; 
♦ тұлғаның кəсіби тəжірибесін қайта мағыналау; 
♦ кəсіби шығармашылыққа даярлықты арттыру; 
♦  кəсіби  іс-əрекеттегі  рефлексияның  өзекті  жəне  əлеуетті  өріс-
терін кеңейту. 
Мұның  бəрі  тұлғаның  креативтілігіне,  шығармашылық  шешім-
дердің санына жəне сапасына позитивті əсер етеді, салдарында соның 
нəтижесі ретінде іс-əрекеттің тиімділігін арттырады. Инновациялық 
іс-əрекет  кəсібиліктің  қажетті  шарты  ретінде  қарастырылады. 
Басқа  акмеологиялық  қасиеттер  сияқты,  рефлексивті  мəдениетті 
дамытудың негізгі əдістері ретінде алынады: 
♦ рефлексивті топтық практикумдар; 
♦ ойынды модельдеу; 
♦ кəсіби өсудің акмеологиялық тренингтері. 
Тұлғааралық  таным  мен  өзара  əрекеттестік  үдерісінде  тиімді 
қарым-қатынасқа ықпал ететін құралдардың бірі ретінде рефлексия 
алынады. Рефлексияның негізгі қызметі  – сыни талдау, логикалық 
негіздеу, дара жəне қоғамдық білімдерді жалпылама жүйелеу. 
Рефлексия  белгісіздіктің  жоғары  дəрежесі  жағдайында  əрекет 
етуге даярлықты; шешім қабылдаудағы икемділікті; өзінің тұлғалық, 
кəсіби  жəне  коммуникативті  тəжірибесінің  стереотиптерін  қайта 
мағыналау  қабілетін  жəне  т.б.  қамтиды.  Рефлексия  субъектінің 
ішкі психикалық актілері мен күйлерін өзіндік тану үдерісі ретінде 
қарастырады.  Субъект  топтық  өзара  əрекеттестікті  ұйымдастыру 
туралы;  басқа  адамның  ішкі  əлемі    мен  оның  əрекетінің  себептері 
туралы;  өзіндік  «Мені»  жəне  өзінің  мінез-құлқы  туралы;  тұлғамен 
əрекет  етудің  объектілері  мен  тəсілдері  туралы  рефлексиялай  ала-
ды. Коммуникативті аспектіде рефлексия тұлғааралық қабылдаудың 
маңызды құрамдасы ретінде қарастырылады. 
Коммуникация  үдерісі  адамға  өзіне  сырт  көзбен  қарауға, 
сөйлеудің,  ым-ишараның  жəне  мінез-құлықтың  ерекшеліктерін 
саналы  ұғынуға  мүмкіндік  береді.  Коммуникацияда  өзін-өзі  тану 
үдерісі – қабілеттер, қызығушылықтар, мотивтер жəне т.б. дамиды. 
Рефлексия адамның өзін барлық жетістіктері мен кемшіліктері-
мен қабылдауына, өзін жəне басқа адамдарды коммуникативті өзара 
əрекетте тануға, бірлескен іс-əрекетті ұйымдастыруды, эмоционалды 
қатынастарды құруға ықпал етеді. 
Сондықтан, адекватты коммуникативті бейнені құра отырып, оқу 
жəне  қайта  оқу  қажет.  Коммуникативті  мінез-құлықты  түрлендіру 
жəне  тұлғааралық  қатынастағы  тиімділікті  жақсарту  үшін,  оқу 
үдерісінде  ойын,  рөлдік  модельдеу,  психогимнастика,  жобалаушы 
сурет  салу,  пікірталас  жəне  т.б.  сияқты  оқытудың  топтық  əдістері 
қолданылады. 
Аталған  əдістердің  маңызды  ерекшелігі  ретінде,  танымдық 
үдерісті  эмоционалды  тұрғыда  ынталандырудың  үлкен  мүмкіндігі 
алынады. Жаттығуларға, ойындарға, пікірталастарға белсенді қатысу, 
коммуникативті үдеріс туралы білімді дамытады, логикалық тұрғыда 
ойлау,  салыстыру,  жалпылау  білігін  қалыптастырады.  Меңгерілген 
білімдер өзіндік тəжірибе ретінде қабылданады, сондықтан олар аса 
тұрақты, сенімдер категориясына өтеді. 
Акмеологияның  негізін  қалаушылардың  бірі  А.А.  Бодалев 
былай жазады: «Тəрбие адамды үздіксіз өзін-өзі дамытуға бағыттап, 
ынталандырған  жағдайда  ғана  шынайы  нəтижелі  болады». 
Акмеологиялық тұғырдың аясында  кəсіби өзіндік білім алу қабілеті 
акмеологиялық фактор ретінде болады.
Акмеологиялық факторлар  – қозғаушы күштердің сипатына ие 
болатын негізгі себептер, тұлғаның ілгері дамуы мен кəсібилігінің 
басты  детерминанттары.  Қазіргі  заманғы  ғылымның  анықтаған 
акмеологиялық факторлардың бірі ретінде, адамның өзін-өзі жүзеге 

92
93
асыруға  ұмтылысы  алынады.  Нəтижесінде,  кəсіби  өзіндік  білім 
алуды біз өзін-өзі жүзеге асырудың компоненті ретінде қарастыратын 
боламыз.  Принциптерге  негізделетін  білімнің  ерекше  синтезі 
ретіндегі  тұғыр  ұғымына    сүйене    отырып,  аталған  мəселедегі 
акмеологиялық тұғырдың кəсіби өзіндік білім алуға деген адамның 
қабілеттерін қалыптастырудың мақсатын, мазмұнын жəне əдістерін 
анықтайтын принциптер жиынтығы екендігін атаймыз. 
Акмеологиялық  тұғырдың  принциптері  ретінде  келесі  прин-
циптерді қарастырамыз:  
–  адам  өзін-өзі  жетілдірудің  субъектісі  ретінде  болады,  бұл  өз 
кезегінде  оның  мақсаттар  мен  эталондарды  таңдаудағы  жоғары, 
еркін дербестігін жəне белсенділігін қамтиды; 
–  тұлға  өзінің  табиғи  нышандарын  білуге  жəне  қолдануға, 
сонымен  бірге  мінездің  қажетті  белгілерін  дамыту  жолы  арқылы 
кемшіліктердің орнын толтыруға сүйеніп, белгілі іс-əрекетте жоғары 
жетістіктерге жетуге қабілетті; 
–  тұлғаның  өзіндік  дамытуға  бағдарлануы  «басқалардың  есе-
бінен» дамытуды білдірмейді, бұл даму қоғамдық мүдделерді ескере 
отырып қоғам үшін даму болып саналады. 
Болашақ  мамандардың  кəсіби  өзіндік  білім  алу  қабілетін 
қалыптастыруда, оларды кəсіби даярлау үдерісіндегі аталған прин-
циптердің  қалай  жүзеге  асырылатыны  туралы  мысал  келтіреміз. 
«Кəсіби  өзіндік  білім  алудың  негіздері»  модульды  курсының 
практикалық  сабақтарының  барысында,  білімгерлерге  іс-əрекеттің 
таңдаған  түрінде  кəсіпқойдың  акмеологиялық  моделін  құру 
ұсынылады.   
Акмеологиялық  модель – бұл  түпнұсқа-объектінің,  яғни  кəсіп-
қойдың  идеалды  бейнесінің  немесе  тұлғалық-кəсіби  дамудың 
эталонының мəнді қасиеттерін қайта жаңғыртатын объектілер мен 
белгілер жүйесі. 
Мұндай  модель  кəсіби  құзыреттіліктің  құрылымдық  бөлім-
шелерін,  тəжірибені,  біліктерді,  кəсібиліктің  акмеологиялық  ин-
варианттарын,  тұлғалық-кəсіби  сапаларды,  психологиялық  жəне 
акмеологиялық  мазмұны  бар  мотивацияларды  қамтуы  қажет. 
Бірінші  сатыда білімгерлерге студенттің  нақты таңдаған  кəсібінде, 
идеалды  кəсіпқойдың  сапалары  мен  қасиеттерін  көрсететін,  кез 
келген  қолайлы  формадағы  салыстырмалы  қарапайым  модельді 
құру  ұсынылады.  Келесі  болжам  жасалады:  білімгерлер  бұл 
модельді  өзінің  білімі  мен  ұғымдарының  негізінде,  сонымен  бірге 
біліктілік  сипаттамаларын,  кəсіби  стандарттарды,  алуан  түрлі 
ақпарат көздерін, танылған кəсіпқойлармен жеке кездесуде алынған 
ақпаратты қолдану негізінде жасауы мүмкін. 
Əрі  қарай,  акмеологиялық  модельдің  құрылымы  туралы 
білімін  толықтыра  отырып,  білімгерлер  өзінің  құрған  моделін 
жетілдіреді,  соның  негізінде  кəсіби  өзіндік  білім  алудың  бағ-
дарламасын  құрастырады.  Кəсіпқойдың  моделі  жəне  өзіндік 
білім  алу  бағдарламасы  жоба  түрінде  ұсынылуы  мүмкін,  ол  іс-
əрекет  нəтижесі  ретінде  өзіндік  білім  алу  қабілетінің  деңгейін 
бағалау  үшін  қолданылады.  Екінші  принцип – кəсіби  өзіндік 
білім  алу  үдерісі  адекватты  өзіндік  бағалау  негізінде  құрылуды 
қамтиды. Білімгерлердің өзін-өзі тану дағдыларын диагностикалық 
əдістемелерді,  рефлексияны  қолдану  арқылы  дамыту  қажет. 
Тұлғалық  саналы  ұғыну  мен  өзіндік  қабылдаудан  кейінгі  өзін-
өзі  тану  нəтижесінде  алынған  ақпарат,  кəсіби  өзіндік  білім  алу 
үдерісіне  жəне  мотивацияға  біршама  дəрежеде  ықпал  етуі  мүмкін. 
Студенттердің  өздері  құрастырған  кəсіпқойдың  акмеологиялық 
моделімен  тұлғалық-кəсіби  даму  деңгейін  салыстыру  негізінде, 
дамудың  қажеттілігін,  əдістері  мен  құралдарын  таңдауды  саналы 
ұғыну жүзеге асады. Мұның бəрі кəсіби өзіндік білім алудың жеке 
бағдарламасында көрініс табуы керек. 
Аталған  қабілетті  қалыптастыруда  акмеологияның  гуманистік 
принципін  қолдану,  маманның  кəсіби  өзіндік  білім  алуының 
қоғамдық  мүдделерді  есепке  алуға,  қамтамасыз  етуге,  өзінің 
кəсіби  білімдері  мен  біліктерін  толықтыруды  қоғам  мүддесі 
үшін  мəнін  саналы  ұғынуға,  тұлғалық  өсу  мен  дамуды  басқа 
қоғамдық  мүдделердің  есебінен  толықтыруға  жол  бермеуге  деген 
бағыттылықты  қамтиды.  Бұл  принциптерді  қолдану  жалпы  жəне 
кəсіби  пəндерді  оқытуда  акмеологиялық  технологияларды  ендіру 
жағдайында,  оқытушылардың  кəсібилігін  үнемі  арттыруда,  оқу 
жоспарына «Кəсіби өзіндік білім алудың негіздері»  модульды кур-
сын  енгізуде,  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  өзін-өзі  анықтау, 
өзін-өзі  дамыту  жəне  өзін-өзі  жүзеге  асыруды  психологиялық-
педагогикалық  қамтамасыз  етудің  мақсатты  бағдарламасын 
құрастыру мен өмірге ендіруде мүмкін болады. 
Акмеологиялық тұғыр бойынша кəсіби өзіндік білім алу қабіле-
тін қалыптастыру – кешенді жəне көпқырлы үдеріс болып саналады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет