Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш


 Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


15.2.  Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы
Дамыта  оқыту  идеясы  ТМД  елдерінде  əжептеуір  қолданыс 
тауып  келеді.  Қазіргі  кезде  Мəскеуде  дамыта  оқыту  халықаралық 
қауымдастығы  жұмыс  істейді.  Қауымдастықтың  президенті – 
академик В.П.Зинченко. 
Эльконин  мен  Давыдовтың  дамыта  оқыту  жүйесі  бойынша 
Мəскеудің  психология  институтының  зертханасы  іргелі  жұмыс 
атқаруда.  Оның  меңгерушісі – дамыта  оқыту  жүйесінің  іргетасын 
салушылардың  бірі  Эльконин  Данил  Борисовичтің  ұлы,  ізбасары 
профессор Эльконин Борис Данилович. 
Бұл  ғылыми  бастама 1959 жылдан  бері  ғалымдар  назарында. 
Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі 
ғалымдар пікірлеріне назар аударайық. 
Академик  В.  П.  Зинченко  осы  ізденісті  жүйенің  негізгі  көңіл 
аударар бағыты – теориялық ойластыру деп санайды жəне бұл құрғақ 
дəмсіз  білімдер  болмау  керек.  Керісінше,  ол  қоршаған  əлемнің 
көрінісі  болып,  сана-сезіммен  түбегейлі  қабылданып,  түп-түбіріне 
дейін дейін танып-білінуі тиіс. 
Профессор  Б.  Д.  Эльконин  пікірі  бойынша:  дамыта  оқыту 
жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең 
жəне көріп-білудің жаңа тəсілін игергендер көзге түседі, яғни дүние 
жəне  адамтану  үдерісі  баланың  сол  үдеріспен  толық  шұғылдануы 
жəне  қызығу  таныту  жағдаятында  пайда  болады.  Қазіргі  заманғы 
жаңашыл  жағдайларда  жаңашыл  міндеттер  туа  бастайды,  соның 
негізгісі – дамыта  оқыту  педагогикасын  қалыптастыру,  яғни 
дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, 
дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру. 
В.  С.  Лазаревтің  ойы  бойынша,  дамыта  оқыту  бөлек  бір 
сыныпта  болуы  мүмкін  емес,  ол  үшін  əбден  жаңа  типті  мектеп 
қажет,  сондықтан  педагогтерді  ғана  дайындамай  басқарушыларды 
да арнайы даярлау қажет. 
Орта  мектепте  дамыта  оқыту  бағытымен  іргелі  түрлендіруді 
Ю. В. Громыков қолдайды, бірақ  оның пікірінше, бөлек сыныптарда 
ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар. 
А.  Б.  Ворнцовтың  пікірі  бойынша,  дамыта  оқыту  жүйесіне 
енген  мұғалім  тұлғасы  да  өзгереді.  Оның  сөйлеген  сөзі,  келбеті, 
белсенділігі,  жауапкершілігі  жай  мектеп  мұғалімдеріне  қарағанда 
ерекше жетіледі. 
Қазіргі  кезде  дамыта  оқыту  мектебін  қалыптастыру  жер-
жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мəскеу, Санкт-
Петербург,  Харьков,  т.б.  қалаларында  Давыдов  пен  Элькониннің, 
Л.  В.  Занковтың  дамыта  оқыту  жүйесі  оқу-тəрбие  үдерісінде 
қолданылып  жүр.  Бірақ,  біздің  елде,  əсіресе,  қазақ  мектебінде  бұл 
игі іс айтарлықтай əлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде 
уақыттың  көбі  баланы  жалықтырып  жіберетін  баяндау,  түсіндіру, 
үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының 
нəтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін 
осылай  істе  деген  ұстаным  бойынша  танымал  жəне  тəжірибелік 

316
317
міндеттерді  шешуге  бағытталған  жалпы  заңдылықтар  мен 
интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім 
берген  үлгілерді  ұғынбастан  орындау  негізінде  құрылып  жүргені 
жасырын емес. 
Дамыта    оқыту  технологиясы    балаға    өз    бетінше    ойланып 
қорытынды жасай  білуге, сыртқы  ортамен  қарым-қатынас  жасауды  
үйренуге  машықтандырады,  теориялық    мəселелерді    практикада  
қолдана  білуге  баулиды, шығармашылық  ізденіс əдістерін  игеруге  
көмектеседі.
Əлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л. С. Выготский-
дің  идеяларына  негізделген  В.  В.  Давыдов  пен  Д.  В.  Эльконин 
жəне Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің 
идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика 
факультеттерінде оқытылады. 
Бұл  бағдарлы  идеялар  бүгінгі  білім  беру  аясында  қолдауын 
табуда.  Бірақ  жалпы  білім  беру  мектебінде  іске  асыру  көптеген 
қиындықтар  тудыруда.  Өйткені,  ұсынылған  əдістемеліктер  мен 
технологиялар  көбіне  дербестік  сипатта,  сондықтан  кез  келген 
мектепте  əр  түрлі  ерекшелікті  балалар  арасында  қолдануын  таба 
алмай жүр.
Сонымен  қатар  оқушы  тұлғасын  дамыта  оқытудың  мақсаты 
ма, əлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік 
берілмеген жəне тұлға дамытудың өзіне тəн түрлі-түрлі көзқарастары 
бар.  Біздің  елде  білім  беру  мекемелері,  мектеп  мұғалімдері  жəне 
көптеген  педагогика  ғылымының  зерттеушілері  тəлім-тəрбие  беру 
үдерісінің  негізгі  мақсатын  оқушы  тұлғасын  дамыту  деп  таниды. 
Бірақ  тұлға  дамуы  туралы  ізденістегі  психологтардың  айтуы 
бойынша,  əр  адамның  дамуы  өз  қолында,  оны  сырттан  əсер  етер 
күшпен  дамытуға  болмайды,  тек  оңтайлы  ықпал  жасауға  болады. 
Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. 
Оқушы  тұлғасын  дамыту,  ол  оның  толық  өзіндік  өсуінің,  өзіндік 
қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. 
Сондықтан  мектеп  мақсаты  баланың  табиғи  күштері  мен 
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып 
табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру 
үдерісін  ұйымдастырудың  түрлі  əдістері  мен  амалдарын  анықтап, 
жүзеге асыру қажет. 
Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту – білім беру мекемесінің əрбір 
сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте жəне мектептен тыс 
іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар  болашаққа болжаған 
оқушы  тұлғасын  өзіндік  жетілдіруіне,  өзіндік  қалыптасуына 
жеткізетін  амал.  Оқушы  тұлғасының  дамуы  түсінігіне,  оның 
қалыптасуына,  біртұтастығына  жəне  бөлек  бөліктеріне  позитивті 
өзгерістер енеді. 
Дамыта  оқыту  тікелей  баланы  (субъекті,  объекті)  жан-жақты 
дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға 
негізделеді.
15.3 Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей: 
-  оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, 
тəрбиелей алады;
-  баланың  қабілетін,  дарынын  дамытуға  ықпал  жасайды 
(іскерлігі, машығын дамыту емес);
 Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – 
ақпарат беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық 
жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мəселе, жағдаятты 
шешу  арқылы  қалыптасады.  Демек,  мұғалім – оқушы  іс-əрекетін 
ұйымдастырушы, бағыт беруші  ғана.
Дамыта оқытудағы басты іс-əрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас.
Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастыру-
шы,  бағыт  беруші  балалардың  іс-əрекеті,  ынтымақтастығын  бір 
бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы. 
Білім 
деңгейін 
шығармашылық 
деңгейге 
көтеруде 
шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.
Дамыта  оқыту  идеясы  бойынша  оқушыға  оқу  мақсаттарын 
қоюда,  шешуде  ешқандай  дайын  үлгі  берілмейді.  Мақсатты  шешу 
іштей  талқылау,  сосын  жинақтау  арқылы  жүзеге  асады.  Мұғалім 
–  сабақ  үдерісін  ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде. 
Шешім  табылған  кезде  əркім  оның  дұрыстығын  өзінше  дəлелдей 
білуге  үйретіледі.  Əр  оқушыға  өз  ойын  білдіріп,  пікір  айтуға 
мүмкіндік  беріледі,  жауаптар  тыңдалады.  Əрине,  жауаптар  барлық 
жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, əр бала жасаған еңбегінің 
нəтижесін бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін 
қорытындылауға үйренеді. 

318
319
Осындай  негізде  құрылған  іс-əрекеттер  бір-бірімен  тығыз 
байланысты:  Қажеттілікті  анықтау,  оның  мотивін  шығару,  мақсат 
қою,  мақсатқа  жету  жолдарын  ашу,  мақсатқа  жету  үдерісі  (əрекет, 
операциялар), нəтижесін шығару. 
Бүгінгі  кезде  жоғарыда  жазылған  барлық  сипаттаушы 
қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа 
ынталанған  мектептер  бар  (В.  А.  Карковский,  Е.  А.  Ямбург, 
А. Н. Тубельский, т.б. мектептері).
Сонымен  жалпылап  айтқанда,  оқушы  тұлғасының  дамуына 
ықпал  жасайтын  сабақтар  үлгісінің  бəріне  жүктелетін  міндеттер 
жүйесі төмендегідей: 
-  оқушылардың  базалық  білім,  ептілік,  дағдыларын  (білім 
беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
-  оқыту  үдерісінде  оқушының  теориялық  жəне  өнімділік  ой 
құрастыру əрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
-  оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мо-
тивациясын дамыту; 
-  оқу  материалын  игеруде  жəне  оқу  іс-əрекеттерінде  жете 
ұғынуға талпындыру;
-  белгілі бір мəселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, 
серіктестігін ұйымдастыру;
-  көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану; 
-  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарының  ізденісті-зерттеу 
түрлерін ұйымдастыру;
-  оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
-  оқыту  барысында  əр  түрлі  шапшаңдықпен  жəне  əр  түрлі 
көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу; 
-  дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану; 
-  жаттығу  сабақтарын  сапалы  ұйымдастыру  (коммуникация-
лық жаттығулар, зейін, ес, ойлау жəне т.б. жаттығулар).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дəстүрлі білім беру жүйесінде 
де  оқушы  дамуына  жəрдемдесетін  кейбір  қажетті  қасиеттер  бар. 
Олар:
-  мектепте  жəне  əрбір  сыныпта,  оқу  тобында  мұғалімдер 
мен  оқушылардың  күш-жігерлерін  біріктіретін  оңтайлы  жағдай 
тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
-  оқушы  мен  мұғалімнің  қарым-қатынасы  əрекеттестік 
ұстанымымен  жеке  тұлғалық  түсінушілік  негізінде  жүзеге 
асырылуы; 
-  оқыту  үдерісінде  репродуктивтік  жəне  шығармашылық 
іс-əрекеттер  оқушылардың  жеке  бас  ерекшеліктерімен,  уақытша 
жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы; 
-  оқыту деңгейінің анықталған бір ізділікті-біртіндеушіліктің 
болуы;
-  оқу  материалы  бөлек-бөлек  пəндерге  бөлінуі  жəне  соған 
қоса кіріктірілген курстардың да болуы;
-  оқушылардың  шығармашылық  мүмкіншілігін  тудырып, 
қабілеттерінің  жан-жақты  дамуына  ынталандыруды  көздеген  əр 
түрлі əдіс-тəсілдерінең кең қолданылуы;
-  оқушылар əжептəуір уақыт аралығында, мысалы, белгілен-
ген  бір  тұрақты  топтарда  сабақтасуы.  Бұл  топтардың  ішінде  аз 
санды  топтар  қалыптасып  уақытша  қызметтесуінің  мүмкіндігі 
жəне жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
-  балалардың  эмоционалды-сезімділік  жəне  абстрактілі, 
логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
-  үкіметтің 
білім 
беру 
саласындағы 
стандарттары 
бəріне  бірдей  екендігін  естен  шығармай,  жалпы  білім  беруді 
кемсітпей,  оқыту  үдерісінде  əрбір  оқушының  қажеттіліктері  мен 
қызығушылықтарының ескерілуі;
-  оқу  жоспарларында  міндеттелген  жəне  таңдап  оқитын 
пəндердің үйлесімді қосылуы;
-  оқушылардың  танымдық  қызығушылықтарын  арттырып 
жəне білім алу нəтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
-  оқушылардың  өздерінің  жетістіктерін  өздеріне  талдатып, 
өздік бағалау əрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Қазір  біздің  елдің  мектептерінде  осының  бірталай  баптары 
игерілу  үстінде.  Олар:  мектептерде  өзіндік  басқару  ұйымдары, 
топтық жұмыс істеу əдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың 
санының көбеюі, т.б.
Балама  мектеп  идеяларын  дəстүрлі  мектепке  енгізудің 
қажеттілігінің  негізгі  дəлелі  білім  беру  мақсатының,  бағытының 
өзгеруінде  жатыр,  яғни  ол  таза  əлеуметтік  бағытталған  мақсаттан 
тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуында. 
Осының барлығын іске асыру үшін кəсіби шеберлігін шыңдауға 
шаршамайтын,  ұстаздықтан  жалықпайтын,  жаңалықтан  жаны 
шошымайтын,  танымгер,  өз  ісіне  құштар,  яғни  деонтологиялық 
əлеуеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу, тəрбиелеу 

320
321
– аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уəзипа 
– деп, ақылшы ақын М. Əлімбаев айтқандай, əрбір ересек адамның 
сана-сезімінде  салмақты  орын  алуы  тектік  қорымызды  сақтауға 
жетелеуші алғышарт деп ойлаймыз.
Дамыта    оқытуды  ұйымдастыру,  балаға  ақыл-ой  əрекетін 
меңгеруге  жағдай  жасау  деп  қарастыру  керек.  Дамыта  оқыту 
сабақтағы  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  ерекше 
қарым-қатынас.  Мұғалім  бұл  жағдайда  дайын  білімді  түсіндіріп 
қоюшы,  бағалаушы  емес,  танымдық  іс-əрекетті  ұйымдастыратын 
ұжымдық  істердің  ұйытқысы.  Тек  осындай  оқыту  ғана  баланың 
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
     
15.4.  Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру
Дамыта 
оқытуда 
баланың 
ізденушілік-ойлау 
əрекетін 
ұйымдастыру  басты  назарда  ұсталады.  Ол  үшін  бала  өзінің  бұған 
дейінгі  білетін  амалдарының,  тəсілдерінің  жаңа  мəселені  шешуге 
жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның 
білім  алуға  деген  ынта-ықыласы  артады,  білім  алуға  əрекеттенеді. 
Сабақ  мұндай  жағдайда  төмендегідей 3 құрамдас  бөліктерден 
тұратын болады. 
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Жауаптарды тыңдағанда əр оқушының өз ойын, пікірін айту 
мүмкіндіктері
Бұл – үшеуі  дамыта  оқытудың  Д.  Б.  Эльконин-В.  В.  Давыдов 
жасаған  жүйесінің  негізгі  компоненттері.  Оқушы  алдына  оқу 
мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу 
іштей  талқылау,  сосын  жинақтау  арқылы  жүзеге  асады.  Мұғалім 
сабақ  үдерісін  ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде  шешім 
табылған  кезде  əркім  оның  дұрыстығын  өзінше  дəлелдей  білуге 
үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, 
жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола 
бермес.  Дегенмен  əр  бала  жасаған  еңбегінің  нəтижесімен  бөлісіп, 
дəлелдеуге  талпыныс  жасайды,  жеке  тəжірибесін  қорытындылауға 
үйренеді.
Дəстүрлі  оқыту  əдістемесі  негізінде  метафизикалық  (сандық, 
мазмұндық) əдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде 
диалектикалық  (интенсивті,  сапалық,  мəнділік)  əдіснамасы  жатыр 
деп айтуға болады. Дəстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға 
қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю 
керек  деген  көзқарасқа,  ал  дамыта  оқыту  бала  бойындағы  табиғи 
қабілеттерді,  ойлауды,  жаңа  белестерге  көтеруді  мақсат  тұтатын 
принциптерге негізделген. Дəстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, 
ал  дамыта  оқыту  дербес  жұмыс  істеуге,  алған  білімді  пайдалана 
білуге үйретеді. 
Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің 
салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық 
үдерісттің 
компоненттері
Мазмұнындағы басымдылық
Дəстүрлі 
иллюстрациялық 
түсіндірме əдісі
Дамыту оқыту
Мақсат
Оқушыларда 
білім, білік, дағды 
қалыптастыру
Байқампаздығын, 
ойлауын, практикалық 
əрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, 
тақырыптар, дəлелдер
Заңдылықтарды, 
теорияларды, 
ұғымдарды, 
ережелерді қорыту 
Оқытудың 
формалары
Жеке, топтық, 
фронтальді
Бірлескен ұжымдық 
іс-əрекет
Оқыту əдістері
Ауызша түсіндіру, 
көрнекілік, 
практикалық
Проблемалық 
баяндау, ізденушілік, 
зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нəтижесін 
мұғалімнің бақылауы, 
бағалауы
Өзін-өзі бақылау, өзін-
өзі бағалау, рефлекция
 
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің 
маңызы зор.
Біріншіден – дамыта  оқытуда  білім  даяр  күйінде  берілмейді, 
оған оқушы өз оқу əрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы 
ізденіс  кезеңінде  жаңа  ақпарат  жайлы  не  білетіндіктерін  ортаға 
салып, мəселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы 

322
323
мəселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы 
сабаққа  деген  қызығушылықтары  оянады,  ішкі  түрткілері  пайда 
болады. 
Екіншіден – дамыта  оқытуда  оқушы  жоғары  қиындықтағы 
мəселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. 
Əр  оқушының  өзінің  деңгейіне  дейін  дамуға  қол  жеткізе  алады. 
«Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды 
танымдық əрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. 
Үшіншіден – оқушының  жеке  басын  дамытатын  басты  құрал 
–  ол  өзінің  əрекеті.  Сол  себепті  дамыта  оқытудағы  оқыту  əдістері 
оқушыны  белсенді  жұмыс  жағдайына  қоя  отырып,  мəселелерді, 
қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. 
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нəтижелі болуы оқушы 
мен  мұғалімнің  арасындағы  жаңаша  қарым-қатынасы  арқасында 
ғана  өз  жемісін  береді.  Сол  себепті  дəстүрлі  жүйедегі  əміршілдік 
стиль  бұл  жерде  тиімсіз,  оқушы – «орындаушы», «мұғалімнің 
тасасындағы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дəлелдей, 
дəйектей  алатын,  сонымен  қатар  басқаның  да  ойын  тыңдап, 
көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.
Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқытуда 
негізінен  «Дамыта  оқыту»  технологиясы  басшылыққа  алынады. 
Себебі қазіргі оқулықтар «Дамыта оқыту» технологиясына негізделе 
жазылған. 
Сондықтан  əрбір  бастауыш  сынып  мұғалімі  «Дамыта  оқыту» 
технологиясындағы  сабақтың  құрылымын,  əдіснамалық  негіздерін 
толық  меңгеріп,  өз  іс-тəжірибесінде  шығармашылықпен  қолдана 
білуі тиіс.
Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Бұл  кезең – оқу  міндеттерін  (ОМ)  қою  кезеңі.  Дəстүрлі 
педагогикалық  үй  тапсырамасын  тексеру  барысының  орнына 
алынған бұл кезең іштей екі құрылымға бөлінеді.
Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу. Оқушыларды 
жаңадан  түсіндірілетін  тақырыпқа  логикалық  бірізділікпен  алып 
бару  үшін  өткен  сабақтың  материалымен  тығыз  байланыстыра 
отырып жаңа тақырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы 
өзектендіріледі.
Оқушылардың  барлығын  бірдей  деңгейге  жеткізіп  алу  үшін 
мұғалім  алдын  ала  оқушылардың  есіне  түсіретін,  толықтыратын, 
бірдей мəреге жеткізетін тетік сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды.
Оқу міндеттерін (ОМ) айқындау.
 Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар 
легі  арқылы  мұғалім  оқушылардың  өздеріне  ОМ  анықтауға 
басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа 
қарай бет бұруына жағдай жасайды-дағы, жаңа тақырыпты танып-
білу мотивациясын қалайды.
Негізінде  осы  екі  құрылым  арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма 
орындалады.  Соның  ең  соңғысында  оқушыға  сұрақ  қойылады 
немесе тəжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады?
Өйткені  оқушыға  соңғы  тапсырма  мүлде  таныс  емес, 
Шындығында,  бұл  сұрақ  өткеннен  туындап  тұрады.  Ал  мұғалім 
өткен мен əлі өтілген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ 
қою арқылы оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызады.
Проблемалық  жағдаяттар  туғызу – сабақтың  ең  күрделі  де 
маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сəттің айқын өтілуіне 
үлкен мəн бере қарау керек.  Өйткені басты тетік осы проблемалық 
жағдай  туғызуда  жатыр.  Жаңа  тақырыптың  сəтті  меңгертілуі  осы 
түйінделген проблемалық, жағдаяттың қалай жəне қандай мазмұнда 
жасалғандығына тікелей байланысты.
Мұғалімге біз бұл сəтті былайша түсіндірер едік. Оқушылардың 
білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар 
арқылы  біртіндеп  тереңдей  берген  проблемалық  жағдаят  туғызу 
сəтін мұғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек.
Оқушылардың  осы  сəтті  сезінуі  мұғалімге  олардың 
таңғалысымен, кез болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен 
танылады. Мұндай ерекше сəтті туғызуда бастауыш сынып мұғалімі 
сол пəннің ішкі заңдылықтарын тауып ала білуі керек жəне мұғалім 
сол сəтті өзінің эмоционалдығын қоса жұмсауы керек.
 Туындаған проблемалық жағдаят оқушыларды осыны туғызған 
себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы 
сөзі мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық. Ізденімпаздық 
қабілеттерін  оятып,  іске  қосуға  күшті  фактор  ретінде  қызмет 
атқарады. 
XХІ  ғасыр  Педагогикалық  технологияның  бір  түрі – сын 
тұрғысынан  дамыта  оқытуда  баланың  ізденушілік  зерттеушілік 
əрекетін ұйымдастыру алға қойылады.
Ол  үшін  бала  өзінің  бұған  дейінгі  білетін  амалдары  мен 

324
325
тəсілдерінің  жаңа  мəселені  шешуге  жеткіліксіз  екенін  түсінетідей 
жағдайда болуы керек. Содан барып оның білім алуға ынта-ықыласы 
артып, əрекеттенеді.
 Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:
 1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
 2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
 3. Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу.
  Бұл  үшеуі  дамыта  оқытудың  Д.  Б.  Эдьконин,  В.  В.  Давыдов 
жасаған жүйесінің негізгі компонеттері.
Оқушыларға  ешқандай  дайын  үлгі  берілмейді.  Мақсатты 
шешу,  талқылау  мен  жинақтау  арқылы  жүзеге  асады.  Ал  мұғалім 
тек  ұйымдастырушы-бағыттаушы.  Шешім  табылған  кезде  əркім 
оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға 
өз ойын. Пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Жауаптары тыңдалады. 
Əрине, жауап үнемі дұрыс бола бермес.
Дамыта  оқыту  жүйесінің  тағы  бір  ерекшелігі – сынып 
оқушыларын  жақсы-жаман  деп  бөлмей,  олардың  жетілуі,  дамуы 
үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс.
Əр  оқушының  өз  қабілеті  жеткен  жерге  дейін  еңбек  етуі 
ойластырылған.  Сол  арқылы  ол  өзін  дамыта  алады.  Мұғалім  мен 
оқушының арасында жақсы қарым-қатынас туады. Ол үшін баланың 
жауабы  мұқият  тыңдалып,  дұрыс  мақталып,  қатесін  ептеп  түзету 
керек. Сын тұрғысынан дамыта оқыту сынақ емес, ой-өрісті шыңдау.
XXI  ғасыр  білімділер  ғасыры  болмақ.  Білімділерді  аялап 
тербетер, баптап өсірер тəрбие керек.
Еліміздің  қоғамның  экономикалык,  саяси-мəдени  дамуына 
үлес  қосатын,  əлеуметтік  цивилизацияға  көтертетін,  қарасатын, 
денсаулығы мықты азаматты тəрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар 
қауымының бүгінгі тандағы басты міндеті.
Сондықтан  мұғалімнің  алға  қойған  маңызды  міндетінің  бірі – 
талабы  таудай  жеке  тұлғаны  іздеп  табу.  Оны  өсіру.  Əр  оқушыдан 
қабілетін  танып-біліп,  дамытып,  адам  дəрежесіне  жеткізу  үшін 
жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі  педагогика  теориясына  елеулі  өзгерістер  еніп,  жаңа 
көзарастар  пайда  болды.  Əрі  білім  беру  құрылымында  қазіргі 
заманғы педагогикалық технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз – қандай да болсын істегі, шеберліктегі, 
өнердегі адамдардың, ал педагогиакалық  технология – педагогика-
лық  мақсатқа  қол  жетудегі  қолданылатын  барлық  қисынды  ілім 
амалдары  мен  əдістемелік  құралдардың  жүйелі  жиынтығы», – деп 
түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық  технология  тəжірибеде  жүзеге  асатын 
педагогикалық  жүйенің  жобасы.  Ал,  педагогикалық  жүйе  дара 
тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған.  Белгілі  бір  мақсатқа  жету 
жолындағы арнайы педагогикалық, ықпалды ұйымдастыруға қажетті 
өлшем. Байланыстардың əдістердің, құралдардың жиынтығы.
Олай  болса,  дəл  қазір  бізге  осы  педагогикалық  технологияны 
дамыту, оның практикада пайдалану шарттарын білуіміз керек.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.  Бастауыш  мектептің  оқу-тəрбие  үдерісінде  дамыта  оқыту 
технологиясын  пайдалану  мүмкіндіктерін  айқындап, 3 сыныптың 
математика  сабағын  проблемалық  технология  арқылы  өткізудің 
сабақ жоспарын əзірлеңіз.
2. Дамыта оқыту технологиясының негізгі шартын анықтаңыз.
3. 
Дамыта 
оқыту 
технологиясының 
дəстүрлі 
оқыту 
технологиясынан айырмашылықтарын саралаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет