Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет2/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


Бақылау сұрақтары:
1.  «Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология»  пəнінің 
объектісі, пəні, мақсаты мен міндеттерін саралаңыз.
2. «Технология» ұғымын түсіндіріңіз.
3. «Педагогикалық  технология»  ұғымына  берген  педагог-
ғалымдардың түрлі пікірлерін сипаттаңыз.
4. «Педагогикалық технология» ұғымының мағынасын атаңыз.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Технология» ұғымын зерттеген ғалымдар
«Технология» ұғымы
Сипаттамасы
Педагогикалық  түсіндірме    сөздіктегі 
анықтамасы 
В. Даль анықтамасы
В. П. Беспалько анықтамасы
М. В. Кларкин анықтамасы
Б. С. Блум анықтамасы
т.б.
2. «Педагогикалық  технология»  ұғымына  анықтама  берген 
ғалымдар:
Педагогикалық технология» 
ұғымы
Сипаттамасы
Б. Т. Лихачев анықтамасы
В. П. Беспалько анықтамасы
И. П. Волков анықтамасы
В. М. Монахов анықтамасы
М. В. Кларкин анықтамасы
т.б.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Назарбаев  Н.  Ə.  Инновациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру 
арқылы  білім  экономикасына. /Л.  Гумилев  атындағы  Еуразия 
университетінде оқыған лекция. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр
2.  Назарбаев  Н.  Ə.  Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз! /
Қазақстан халқына Жолдау. – Егемен Қазақстан, 29 қаңтар 2011 жыл.
3. 2011-2020 жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасында 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.  – Астана, 2010.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы». – Астана, 
2007
5.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
білім беру стандарты. – Астана, 2006.
6.  ҚР  Президенті    Н.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 
халыққа жолдауы. – Астана, 14 желтоқсан 2012 ж.
7.  Селевко  Г.  К.  Современные  образовательные  технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
8.  Беспалько  В.  П.  Педагогика  и  прогрессивные  технологии 
обучения. – М., 1995.
9. Бабанский Ю. К., Поташник М. М. Педагогикалық процесті 
оптималдандыру   /сұрақтар мен жауаптар/. – Алматы: Мектеп, 1984.
10. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
//Қазақстан мектебі, 2001, №2.
11. Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. 
Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.
12. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. – 
Владивосток, 2000.

16
17
13. Таубаева Ш. Т., Барсай  Б. Т.  Оқытудың қазіргі технология-
лары. – Бастауыш мектеп. –  №3, 1999
14.  Өстеміров  К.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен 
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
15. Беспалько В. П., Беспалько JI. B. Педагогическая техноло-
гия: Новые методы и средства обучения // Политехнический музей. 
– 1989. – C.3-53.     
 2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
2.1.  Оқу-тəрбие  үдерісін  инновациялау – бүгінгі  күннің  өзекті 
мəселесі.
2.2. «Инновация» туралы жалпы түсінік.
2.3. Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері.
2.4. Инновацияның негізгі қағидалары.
2.5. Білім берудің инновациялық əдістері мен технологиялары.
2.6. Инновациялық əдістердің классификациясы.
2.7. Инновациялық технологиялардың өлшемдері.
2.1. Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің 
өзекті мəселесі
Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Ре-
спублика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар 
мен  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  білім  мазмұнын  жаңартумен 
қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық 
технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр.
Қазіргі  кезеңде  республиканың  білім  беру  жүйесінің  ең  басты 
мəселесі – қазақ  мектебі  түлегінің  білім  сапасының  деңгейін 
халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына 
сай  мемлекеттік  білім  стандартын  енгізу,  соған  сəйкес  кəсіби 
шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-
əдістемелік  бағытқа  ынталандыру,  жаңа  базистік  оқу  жоспары 
мен  жаңа  буын  оқулықтарына  көшу,  орта  білімді  ақпараттандыру, 
тағы  сол  сияқты  білім  беру  саласында  жүйелі  жұмыстар  атқару – 
еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз 
демекші,  бүгінгі  бала – ертеңгі  жаңа  əлем.  Демек  бұрыннан 
қалыптасқан  бағдарлама  мен  тəртіп  ол  үшін  ескірген,  тозған.  Ал 
қазір  ол  барлық  тұлғасымен  жаңа  тұрмысқа,  жаңа  оқуға,  жаңа 
қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп, 
ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын 
мектеп шаңырағы қажет. 

18
19
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, 
əлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  оқу-тəрбие 
үдерісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Себебі, 
білім    беру  парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарып, 
жаңа  көзқарас,  жаңаша  қарым-қатынас  пайда  болуда.  Келер 
ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің 
инновациялық  іс-əрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін 
меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. 
Елбасы  Н.  Назарбаевтың  «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  
деп аталатын Назарбаев Университетінде оқыған лекциясында білім 
сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нəрімен 
сусындататын  біздің  асыл  да  ардақты  ұстаздарымызға  да  үлкен 
міндеттерді  жүктегені  барлығымызға  мəлім.  Ендеше  келешекте 
Қазақстанның  ғарыштап  дамуына  өз  үлесін  қосатын  бүгінгі  ұрпақ 
ертеңгі  азамат  болғандықтан,  оқу-тəрбие  үдерісін  жаңартып,  білім 
сапасын арттыру – оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру 
саласында  төмендегідей  міндеттерді  шешу  көзделіп  отыр.  Олар: 
білім  сапасын  көтеру  компьютерлендіру,  интернет,  компьютерлік 
желі,  электронды  жəне  телекоммуникация,  электронды  оқулықтар 
даярлау.  Бұлардың  оқушылардың  қазіргі  заман  талабына  сай 
білім  алуына,  білік  сапасын  көтеруге  тигізетін  əсері  мол.  Жаңа 
электронды  оқулықтардың  дүниеге  келуімен  берілетін  білім 
мазмұны  да  өзгерері  сөзсіз.  Болашақта  əр  оқушы  компьютерлік 
технология  арқылы  интернет,  электронды  желі,  электронды  почта 
арқылы дүниежүзілік білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін 
білімді  толығымен  алуға,  қажетті  ақпараттық  мəліметтерді  ғылым 
саласына байланысты озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі 
жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан  Республикасы 2015 жылға  дейінгі  білім  беру 
тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай 
сапалы  білім  беру  жəне  ақпараттық  интеллектуалдық  ресурстарды 
өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму 
үстінде  болатын,  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдер 
қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Қоғамды ілгері дамытатын күш білім десек, болашақтың иегері – 
жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың қолында. 
Осы тұрғыда Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде елбасы 
Н. Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы 
білім  экономикасына» – атты  тақырыпта  оқыған  лекциясында: 
«Мұғалімдердің  жаңа  ұрпағы  білім  деңгейі  жөнінен  əлдеқайда 
жоғары  болуы  керек.  Ол  үшін  формацияның  педагогы  қажет,» – 
деген. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4.  Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5.  Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тəрбие  мен  білім  беруде 
мұғалімдердің  инновациялық  іс-əрекеттің  ғылыми-педагогикалық 
негіздерін  меңгеруі – маңызды  мəселелердің  бірі.  Ал  ғылым 
мен  техниканың  жедел  дамыған,  мəліметтер  ағыны  күшейген 
XXI  ғасырда  жан-жақты  дамыған  шығармашыл  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер 
ағыны  күшейген  заманда  ақыл-ой  мүмкіндігін  қалыптастырып, 
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты 
міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет 
жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық 
жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай 
білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа 
тəрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық 
технологияны  меңгеруге  үлкен  бетбұрыс  жасалуы  қажет.  Өйткені 
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру 
жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.
2.2. «Инновация» туралы жалпы түсінік
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған 
міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру 
жəне  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  меңгеру. 
Қазіргі  таңда  оқытушылар  инновациялық  жəне  интерактивтік 
əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы 
əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
«Инновация»  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған 
əртүрлі  анықтамалар  берген.  Мысалы,  Э.  Роджерс  инновацияны 

20
21
былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып 
табылатын  идея».  Майлс: «Инновация – арнайы  жаңа  өзгеріс.  Біз 
одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» – 
дейді.
Ендеше  «инновация»  ұғымы – педагогикалық  сөздік  қорнына 
ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», 
«жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген 
терминмен анықтайды.
«Инновация» деген сөз – латынның «novis» жаңалық жəне «іп» 
енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, 
жаңалық, өзгеру»  деген мағынаны білдіреді.
Инновация  термині  қазіргі  білім  берудің  теориясы  мен 
тəжірибесінде  кеңінен  қолданылып  жүр.  Бірақ  ғылымда  бұл 
терминнің  нақтылы  анықтамасы  белгілі  бір  категория  ретінде 
берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен 
терең  таныта  алмайды.  Инновацияны  «Білім  беру  жүйесіндегі 
жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
«Инновация» 
ұғымы 
ең 
бірінші XIX ғасырда 
мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет 
түрлерін  екінші  ел  мəдениетіне  енгізу  дегенді  білдіреді  жəне  бұл 
ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді 
дедік.  Яғни,  С.  Ожегов  сөздігіне  сүйенсек,  инновация  бірінші  рет 
шыққан
,
  жасалған,  жуық  арада  пайда  болған,  бұрынғының  орнын 
басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық 
болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір 
мемлекеттерде  (АҚШ,  Нидерланды)  бұл  термин  кең  тараған.  Ал, 
Арабия,  Жапония  тəріздес  мемлекеттерде  кезіктіру  мүмкін  емес. 
Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын 
анықтау  мақсатымен  ғылыми-педагогикалық,  техникалық,  саяси 
əдебиеттер  мен  баспа  беттерін  зерттей  келе,  Ресейде,  шетелдерде, 
ТМД  елдерінде,  Қазақстанда  «инновация»  ұғымына  көптеген 
анықтамалар берілгенін көреміз.
Қазақстанда  ең  алғаш  «Инновация»  ұғымына  қазақ  тілінде 
анықтама  берген  ғалым  Немеребай  Нұрахметов.  Ол  «Инновация, 
инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің 
жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  жəне  таратуға  байланысты 
бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.
Н. Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде, 
технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін 
басқаруда  көрініс  табады  деп  қарастырып,  өзінің  жіктемесінде 
инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке 
түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке-
дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық 
қамтитын).
«Инновация» сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, 
техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз 
«жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі 
жаңа  заманға  да  «жаңа,  жаңаша  өзгерудің»  мазмұны  терең  жəне 
анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес 
қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше 
пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
2.3.  Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері
Оқу-тəрбие 
үдерісінде 
инновациялық 
педагогикалық 
жаңалықтарды енгізудің ІV кезеңін бөліп көрсетуге болады: 
I  кезең:  Жаңа  идеяны  іздеу.  Ақпараттандыру  жəне  инно-
вацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу-тəрбие үдерісінде 
жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.
ІІІ  кезең:  Жаңалықтарды  енгізу.  Оқу-тəрбие  үдерісінде  инно-
вациялық əдіс-тəсілдерді пайдалану.
IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу-тəрбие үдерісінде енгізіл-
ген жаңалықтардың нəтижесін бағалау. 
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі 
кезде  Қазақстанда  білімнің  жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл  үдеріс 
педагогика  теориясы  мен  оқу-тəрбие  үдерісіне  нақты  өзгерістер 
енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру 
қызметіне  жаңаша  қарауды,  қол  жеткен  табыстарды  сын  көзбен 
бағалай  отырып  саралауды,  жастардың  шығармашылық  қабілетін 
дамытуды,  мұғалім  іс-əрекетін  жаңаша  тұрғыда  ұйымдастыруды 
талап етеді.
Жаңа 
педагогикалық 
технологиялар 
оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиямен  жұмыс  істеу 
үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

22
23
-   оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді 
түрде қарастыру.
Оның  ғылыми-əдістемелік,  оқыту-əдістемелік,  ұйымдастыру-
шылық  себептеріне  үнемі  талдау  жасап,  назарда  ұстау,  жаңа  буын 
оқулықтарының мазмұнын зерттеп-білу пəндік білім стандартымен 
жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы 
оқушыларға  білімді  мемлекеттік  стандарт  деңгейінде  игертуге  қол 
жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі 
басшылыққа алу қажет.
Оқытудың  инновациялық  технология  бойынша  əдістемелік 
жүйесі  сапалы  нəтижеге  жеткізуге  мүмкіндік  беретін  танымдық 
іс-əрекеттер 
түрлерінің 
мазмұнымен 
тікелей 
байланысты. 
Сондықтан  инновациялық  əдіс-тəсілдерді  оқыту  үдерісіне  енгізу 
барысында  танымдық  іс-əрекеттер  түрлерінің  мазмұнын,  белгілі 
деңгейде  белсенділігін  көздейді.  Осы  екі  үдерісінің  өзара  сапалы 
нəтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, 
шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыру  мақсатын  жүзеге 
асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері 
анықталады.
Инновациялық үдерістің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып 
жүзеге  асырудың  тұтастық  қызметі.  Инновация  білім  деңгейінің 
көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім  сапасын  арттырудағы  жаңа  инновациялық  технология-
ларды  оқып,  үйреніп,  сараптай  келе,  мынадай  тұжырым  жасауға 
болады:
-  оқушылардың  білім,  білік  сапасын  арттырудағы  жаңа 
инновациялық  технология  түрлері  сан  алуан,  оларды  таңдау  жəне 
одан  шығатын  нəтиже  оқытушының  кəсіби  біліктілігіне  тікелей 
байланысты;
- жаңа   инновациялық    технологияларды    енгізу    жүйелі     əрі    
мақсатты  түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысын-
да əрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі 
талапқа сай еместігі, əрі жетіспеуі, кадрлық əлеуеттің төмендігі көп 
кедергі жасайды.
Қазіргі  жас  ұрпақтың  саналы  да  сапалы  білім  алуының 
бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үдерісіне жаңа 
инновациялық  технологияларды  енгізу  екендігі  сөзсіз  түсінікті. 
Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен  қалыспай,  жаңа 
педагогикалық  инновацияларды  дер  кезінде  қабылдап,  өңдеп, 
нəтижені  пайдалана  білу – əрбір  ұстаздың  негізгі  міндеті  болып 
табылады.  Біздің  ойымызша,  оқу  орындарында  инновациялық 
басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру – міндет.
Қорыта 
келгенде, 
жаңа 
инновациялық 
педагогикалық 
технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
 - əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін 
мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
-  білім  мен  білігіне  сай  келетін  бағдар  таңдап  алатындай 
дəрежеде тəрбиелеу;
-  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
-  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
2.4. Инновацияның негізгі қағидалары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогокалық 
негізгі  қағидалары:  балаға  ізгілік  тұрғысынан  қарау;  оқыту  мен 
тəрбиенің  бірлігі;  баланың  танымдық  күшін  қалыптастыру  жəне 
дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; баланың 
танымдылық жəне шығармашылық икемділігін дамыту; əр оқушының 
даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Білім  беру  саласындағы  инновациялық  бағыттың  қажеттілігін 
анықтайтын  себептер  қазіргі  таңда  бүкіл  халыққа  белгілі  болып 
отыр. Оларға төмендегілер кіреді.
- білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының 
кредиттік  оқу  жүйесіне  көшуі  жəне  орта  білім  беру  жүйесінің 12 
жылдыққа өтетіндігі;
-  білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;
-  мұғалім  мен  оқушыға  қойылатын  талаптың  жаңа  тұрғыдан 
қарастыруды,  яғни  оқушы  тек  тұтынушы  ғана  емес,  ортақ  іс-шара 
субъектісі де.
Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық 
деңгейіне жету үшін Блум жүйесі пайдаланылады.

24
25
1-сурет. Білім жүйесінің сызбасы
Кесте
Білім жүйесінің түсініктері
Рет тəртібі
Оқушы іс-əрекеті
Білу
Тыңдайды,  қабылдайды,  есте  сақтайды, 
түсінеді, ойлайды.
Түсіну
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.
Қолдану
Ойланады, 
салыстырады, 
табады, 
талқылайды, ашады, іздейді.
Талдау
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, 
жаңа мəселені шешеді.
Топтау
Ойлап  табады,  құрастырады,  шығарады, 
байланыстырады.
Бағалау
Бағалайды,  талқылайды,  өз  талабын  
айтады.
Көптеген мектептер жаңа оқыту жəне тəрбиелеу үдерісін енгізе 
бастады. Алайда, мектептердің жылдам даму қажеттілігі талабы мен 
педагогтердің оны іске асырудағы білімнің жетіспеушілігі арасында 
алшақтық  байқалады.  Ал  білімді  меңгеру  деңгейіне  қойылатын 
талапты төмендегі сызбадан көруге болады.
 
                               ȱV              ɲɵԑɚɪɦɚɲɵɥɵԕ 
   
 
                    ȱȱȱ 
           ɷɜɪɢɫɬɢɤɚɥɵԕ  
 
           ȱȱ 
 
  ɚɥɝɨɪɢɬɦɞɿɤ 
     ȱ            ɨԕɭɲɵɥɵԕ 
 
 
1-сызба. Білімді меңгеру деңгейлері
Шығармашылық  деңгейге  жету  жолдары  оңай  емес.  Қазіргі 
технологияда  «миға  шабуыл»,  дебат,  модем,  жоба  жасату,  қорғату, 
оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі 
қолданылады.
2.5. Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлері
Инновациялық  əдіс-тəсілдерді  қолдануда  оқытушы  сабақты 
дайын  күйінде  бағалайды,  əрбір  білім  алушының  өзі  ізденіп, 
ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал 
оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-əрекетін бақылау 
жатады.                
Инновациялық  құбылыстар  білім  беру  саласында  өткен 
ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Əдетте 
инновация  бірнеше  өзекті  мəселелердің  түйіскен  жерінде  пайда 
болады  да,  берік  түрде  жаңа  мақсатты  шешуге  бағытталады, 
педагогикалық  құбылысты  үздіксіз  жаңғыртуға  жетелейді. 
Масырова  Р.,  Линчевская  Т. «Жаңару» (новшество)  дегенімізді 
былай деп түсіндіреді: «Жаңару – белгілі бір адам үшін əділ түрде 
жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан 
бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

26
27
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  Ш.  Қалановтың,  Ж.  Қараевтің, 
Ш.  Таубаеваның,  Қ.  Қабдықайыровтың,  С.  Лактикованың, 
М.  Жанпейісованың,  Ə.  Жүніспек  пен  Қ.  Нағымжанованың, 
С.  Көшімбетованың,  К.  Ж.  Бұзаубақованың,  Б.  Тұрғанбаева 
мен  А.  Əлімовтың,  т.б.  ғалымдардың  зерттеулерінде  оқытудың 
қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялары  жан-жақты 
қарастырылады. 
Бұл 
технологиялар 
теориялық 
тұрғыдан 
дəлелденіп, тəжірибеде жақсы нəтиже көрсетіп жүр. Қазіргі заманғы 
педагогикалық технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,  
шығармашылық  ізденісі,  өз  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі, 
еңбегін  шəкірттерінің  бағалауы,  пəндік  білім  сапасының  жоғары 
болуы ерекше орын алады.
Əдіскер  С.  Көшімбетова  өзінің  зерттеуінде  оқу-тəрбие 
үдерісінде  оқытудың  инновациялық  əдіс-тəсілдерін  қолданудың 
мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
-  ізгілендіру  технологиясында    педагогика  ғылымының  
алдыңғы    қатарлы    ғылыми  жаңалықтарды  тəжірибеде  «бала – 
субъект»,  «бала – объект»  тұрғысынан  енгізіле  бастайды  да,  ал  
ғылыми   білімдер «оның  тұрмысының  əлеуметтік  жағдайы  мен  
іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады;
-  ақпараттық    бағдарламалап      оқыту – оқытудың    мазмұнын  
пəнаралық  байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
-  қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
-  иллюстрациялы  түсіндірмелі  оқытуда  «адам-қоғам-табиғат» 
үйлесімдік  бағыттағы  дүниетанымында  жүйелі  саналы  мəдениет 
қалыптасады;
-  саралап      деңгейлеп      оқыту      технологиясында      оқытудың   
мазмұны      мен      əдістері  шығармашылық  ізденіс  іс-əрекет  жасау 
негізінде  адамның  инновациялық  қабілеттерінің  қалыптасуына 
бағытталады.
-  оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге 
келген жаңа қабілет;
-  дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үдерісінде ғылымның 
негіздерін  игерту  үшін  ізгілік,  адамгершілік    қасиеттерді  
қалыптастыра отырып,  жеке  тұлғаның  əлеуметтік-психологиялық  
жауапкершілігін арттырады.
Ал  жалпы  инновацияны  модификациялық,  комбинаторлық, 
радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық  инновация  –  бұл  бұрын  қолда  барды 
дамытумен,  түрін  өзгертумен  айналысу.  Бұған  В.  Ф.  Шаталовтың 
математикаға  жазған  тірек  конспектісі  жəне  оны  көптеген 
мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық  модификация – бұрын  пайдаланылмаған, 
белгілі  əдістеме  элементтерін  жаңаша  құрастыру.  Бұған  пəндерді 
оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі дəлел.
Радикалдық  инновация    білімге  мемлекеттік  стандарттарды 
енгізу  жатады.  Мемлекеттік  стандарт  білім  беруде,  негізінен, 
мөлшерлерді,  параметрлерді,  деңгейлік  жəне  сапалы  оқытудың 
көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазір  республика  оқу  орындары  ұсынып  отырған  көп 
нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі 
бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің 
əртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге 
негізделген  жаңа  идеялар,  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын, оқу 
мазмұны əрбір білім алушының жас жəне жеке дара психологиялық 
ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тəжірибеде  сынап  қараудың  маңызы 
зор.  Ғылыми-педагогикалық  əдебиеттерде  іс  жүзінде  анықталып 
табылған оқыту үдерісінің нəтижесін көретін əдіс-тəсілдері, түрлері 
көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.         

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет