Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш


Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы
Дайындық кезеңі.
1. Ойынды дайындау.
- сценарийін дайындау;
- жоспар құру;

72
73
- жалпы сипаттау;
- мазмұнын меңгеру;
- материалмен қамтамасыз ету.
2. Ойынға кіріспе:
- проблемалық мақсат қою;
- шарттарын білу;
- топ құру;
- рөлдерді бөлісу;
- регламент белгілеу;
- жалпы түсінік беру;
- тиісті консультация беру.
Ойынды жүргізу кезеңі.
1. Топтық жұмыс:
- əдебиеттермен жұмыс;
- тренинг;
- ойлану;
- ойыншылармен жұмыс.
2. Топ аралық жұмыс, пікірталас:
- топтардың жұмыстарын баяндауы;
- нəтижені қорғау;
- пікірталас туғызу.
Талдау жəне қорытындылау кезеңі.
-  ойынға қорытынды жасау;
-  талдау, рефлексия;
-  баға жəне өзіндік баға;
-  қорытындылау, жинақтау;
-  ұсыныстар беру.
С. Н. Лысенкованың технологиясы
Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық-
жеделдете оқыту
Мақсаты:  білім,  білік  дағдыны  қалыптастыру,  стандартқа 
бағыттау. Оқушылардың барлығын табысты оқыту.
Ерекшелігі:
1. 
педагогикалық ынтымақтастық;
2. 
тұлғалық қарым-қатынас;
3. 
оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігі;
4. 
материалдардың сабақтастығы;
5. 
саралау, тапсырманың əр оқушыға жеткізілуі;
6. 
білетін оқушы арқылы білмейтін оқушыны оқыту;
7. 
түсінбегенді қайта түсіндіру, қателесуден қорықпау.
Əдістемелік ерекшелігі:
-  үйге  тапсырма  жаңа  материалдар  бойынша  тек  əркімнің 
өзіндік жұмыс орындау үшін тиімділігіне қарай беріледі;
-  ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;
-  ата-аналардың өзара əрекет жасауы;
-  оқу жылдарының аралық байланысы;
-  мұғалімге  оқушыны  үйретуге,  ал  оқушының  үйренуіне 
мүмкіндік берілуі.
Тəрбиелік мəні:
-  мейірімділік;
-  өзара көмек;
-  ұйымшылдық;
-  табысқа жетуге ұмтылу; 
-  толық дербестілік.
Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік  оқыту – білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз 
бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  əдісі  мен  тəсілдері 
бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік  технология  дамыта  оқыту  идеясына  негізделген 
оның мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін 
дамыту,  оқу  материалын  өңдеудің  жекелеген  тəсілдері  арқылы 
жұмыс істеуге үйрету.
Бұл  технологияның  ерекшелігі – тұлғаның  танымдық  үдерісін 
дамытуға бағытталған.
Модульдің көптеген анықтамалары бар:
-  модуль – біліктілік  мінездемесінің  талаптарына  жауап 
беріп,  мамандық  бойынша  оқу  пəндерінің  жиынтығын  ұсынатын 
мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлесі;
-  модуль – пəнаралық  əдістемелік  ұйымдастыру  құрылымы 
болып, əр түрлі оқу пəндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір 
мамандықты  меңгеруді  жəне  оқу  үдерісіне  пəнаралық  қатынасты 
қамтамасыз етеді;
-  модуль – бір  ғана  оқу  пəнінің  шеңберіндегі  ұйымдастыру 
əдістемелік құрылымының бірлігі.

74
75
Модульдің құрылысы
Модуль бес бөліктен тұрады:
I  бөлігі – тақырыппен  таныстыру,  негізгі  түсініктердің, 
анықтамаларын беру жəне алған білімдерін бекіту.
II бөлігі – теория бойынша сынақ өткізу.
III бөлігі – сынақ-практикум өткізу (сынақ, бақылау).
IV бөлігі – тереңдетіп білім беру жəне оқушылардың қабілеттерін 
дамыту.
V бөлігі – бақылау жұмысы (деңгей бойынша).
Оқу модулі үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу жəне 
қорытынды бөлім.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы 
(Эрдниев технологиясы)
Мақсаты: математикалық білімнің оқушылардың интеллектісін 
дамыту  мен  өзін-өзі  дамытудың  басты  шартын  қамтамасыз  ететін 
тақырыптардың  неғұрлым  жетілген  жүйесін  жасау  /тақырыпты 
ірілеп, топтап өтеді/.
Ерекшелігі:
1.   Өзара  байланысты  амал  операциялар,  тақырыптар,  бір  мез-
гілде беріледі.
2.   Есеп  құрастыру,  шығару,  практикалық  жұмыстарды  жүргізу 
бірлікте қамтамасыз етіледі.
3.   Тура есептерді кері есептермен байланыстыру.
4.   Жүйелі де тиянақты білім беру.
5.   Берілген тапсырманы баланың ойлау қабілетін дамытуға ық-
палын қамтамасыз ету.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау 
технологиясы
Сын  тұрғысынан  ойлау – сынау  емес,  шыңдалған  ойлау.  Бұл 
деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына 
ғана  тəн  деп  ойлау  аса  дұрыс  түсінік  емес.  Жас  балаларың  да  бұл 
жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес 
ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кез келген ұстазға сапалы 
сабақ  беруге  мүмкіндік  береді.  Атақты  қытай  ойшылы  Конфуций 
«танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тəжірибе, 
ең  мəртебелісі – ойлау»  деген  екен.  Демек,  сол  əдіс-тəсілдерді 
меңгертіп,  ішінен  қажеттісін  таңдау  арқылы  əр  сабақтың  мақсат-
міндеттерін  тиімді  де  оңтайлы  жолмен  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 
мол.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында 
мына мəселелерге назар аударылады:
1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай 
жасау. 
2.  Қиялын  дамыту  үшін  «менің  ойымша»  деген  жауапқа 
дағдыландыру.
3.  Тіл  байлығын  дамыту  үшін  қалайда  жауапты  соңына  дейін 
тыңдау.
4.  Жеке  тұлға  ретінде  «мен»  деген  рөлін  көтеру,  өз  пікірін 
қалыптастыру.
Бұл жүйенің бір ерекшелігі – кез келген ақпараттың жан-жақты 
ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Екінші бір ерекшелігі 
– білім көбіне жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде 
игерілетіні.
Дамыта оқыту жүйесі сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамы-
ту» бағдарламасының да негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері 
дамытып-тəрбиелей  отырып,  шығармашыл  тұлға  қалыптастыруға 
бағытталған.
СТО бағдарламасы балаларға мынандай мүмкіндіктер береді:
1. Мұғалімге тəуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін 
өздері басқаруға;
2.  Білім  қажеттілігі  мен  маңыздылығын  түсініп,  қажетті  іс-
əрекетті белсене жəне өз бетінше орындауға;
3. Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, 
іздеп тауып, белсене орындауға;
4. Білім мен мəдени құндылықтарды игеру ісін топтасып жəне 
ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға;
5. Құр мəлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін 
ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге;
6. Ой өрісі ғана емес жəне əлуметтік жағынан өздерін-өздері да-
мытып тəрбиелеуге жетелейді.

76
77
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ (Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы)
Бұл  технологияның  негізгі  мақсаты – оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлайға үйрету. 
Демек,  жаңа  нəрсе  ойлап  табу,  сол  арқылы  жетістікке  қол  жеткізу 
деп түсіну керек. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, 
шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Шығармашылық ойлау 
деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дəлдігі алынады. 
Осы  технологиямен  жұмыс  істеу  барысында  тез  ойлап,  жылдам 
шешім  қабылдауға  шорқақ  балалар  жыл  аяғында  шапшаң  жауап 
беруге  үйреніп,  тапқыр,  қызықты  шешімдер  құруда  жетістіктерге 
жете бастайды.
 Дамытушылық мақсаттағы ойындар.
1.   «Ол  не?»  (сипаттама  бере  білуге  үйрету)  оқушы  өзінің 
əкелген затына ауызша сипаттама береді.
Мысалы:  Менің  затым  дөңгелек.  Ол  секіреді.  Резеңкеден 
жасалған. Үлкені, кішісі болады. Оны балалар өте жақсы көреді.
2.  «Қарама-қарсылықты шешу».
Бір  қарағанда  жағымсыз  болып  көрінетін  кейбір  оқиғалардың 
«пайдалы» жағын көруге тырысу. Мысалы: «Төбелес».
Жақсы  жақтары:  өзімді  қорғадым;  əлсіз  досымды  қорғадым; 
күшті екендігімді дəлелдедім; шындық үшін күрестім.
Жаман  жақтары:  киімімді  жырттым;  бетім  көгерді;  ата-анам 
ұрысты; жыладым; досыммен араздастым.
3.  Шығармашылық деңгейді көтеруге берілетін тапсырмалар. 
Бір-біріне қосылмайтын, жалғаспайтын заттармен объектілерді 
байланыстыруға берілетін тапсырмалар.
1.   Сиқырлы дəрі ішіп, көзге көрінбейтін болып қалған тышқанды 
мысық ұстау үшін не істеуі керек деп ойлайсың?
Жауаптың үлгісі: – Ол үшін мысық еденге ұн сеуіп қоюы керек, 
сонда ізі түсіп қалады.
-  Төбеден ұнды себелеп тұруы керек.
-  Үлкен-үлкен  дəндермен  тамақтандыру  керек.  Сонда  үлкейіп 
көрінеді, т.б.
4. Ой шабуылы (Дүниетануда).
– Жаңбыр, қар, кемпірқосақ – бұлар шын табиғи құбылыстар. 
Енді фантастикалық табиғи құбылыс ойла.
                                                  
ɌɊɂɁ 
ɋɢɦɜɨɥɢ- 
ɤɚɥɵԕ 
ɚɧɚɥɨɝɢɹ 
Ⱦɚɦɵɬɭ-
ɲɵɥɵԕ 
ɦɚԕɫɚɬɵɧ- 
ɞɚԑɵ   ɬɚɩ- 
ɫɵɪɦɚɥɚɪ 
Ɉɣ ɲɚɛɭɵɥɵ 
Ɍɿɪɟɤ 
ɤɨɧɫɩɟɤɬɿ 
Ɂɚɬɬɚɪɞɵ 
ɫɚɥɵɫɬɵ- 
ɪɭԑɚ ɛɟɪɿɥ-  
ɝɟɧ ɬɚɩ- 
ɫɵɪɦɚɥɚɪ 
ɛɿɪ ɡɚɬɬɵ 
ԧɡɝɟɪɬɭ, 
ɠɚԙɚɪɬɭ 
(ɞɢɚɥɨɝ) 
ɫɢɩɚɬɬɚɭ 
Ԕɢɹɥɞɚɭԑɚ , 
ɮɚɧɬɚɡɢɹɥɚɭ
ԑɚ ɛɟɪɿɥɟɬɿɧ 
ɬɚɩɫɵɪɦɚɥɚɪ 
ɀɚԙɚ ɛԝɣɵɦ 
ɨɣɥɚɩ 
ɲɵԑɚɪɭ 
Ɇɨɪɮɨɥɨ-
ɝɢɹɥɵԕ 
ɬɚɥɞɚɭ 
Ɏɚɧɬɚɡɢɹ- 
ɥɵԕ 
ɚɧɚɥɨɝɢɹ 
ɗɦɩɨɬɢɹ 
ɋɢɧɟɬɢɤɚ 
Дамыта оқыту технологиясы
Қазіргі кезеңде республиканың  білім беру жүйесінің ең басты 
мəселесі – қазақ  мектебі  түлегінің  білім  сапасын  халықаралық 
деңгейге  жеткізу.  Ол  үшін  мектептерде  білім  берудің  мақсаты 
мен  мазмұны  өзгереді.  Соған  сəйкес  білім  беру  жүйесінде  жаңа 
педагогикалық технологиялар пайда болды. Солардың ішінде жеке 
интелектуалдық жəне психикалық дамытуға негізделген Занковтың, 
Давыдов пен Элькониннің «Дамыта оқыту» идеясы.
«Дамыта 
оқыту» 
идеясы 
көрнекті 
ұлы 
педагогтар 
Песталоццидың,  Ушинскийдің  еңбектерінен  бастау  алады.  Дамы-
та  оқыту  деп  оқытудың  дəстүрлі  иллюстративті-түсіндірмелі  түрін 
ауыстыратын, белсенді іс-əрекетке негізделген оқыту түрін айтамыз. 
Дамыта  оқыту  жеке  тұлғаны  деңгейі  мен  ерекшеліктеріне 
бейімделе  отырып,  дамудың  заңдылықтарын  ескереді  жəне 
қолданады.
Дамыта  оқыту  жүйесі  тұлғаны  барлық  қасиеттерін  тұтас 
дамытуға негізделген.
Дамыта  оқыту – күрделі,  құрылымды,  біртұтас  педагогикалық 
жүйе.  Оның  нəтижесінде  əр  оқушының  өзін-өзі  өзгертуші  субъект 
дəрежесіне  көтерілуі  көзделіп,  оқыту  барысында  соған  лайық 
жағдайлар  жасалады.  Дамыта  оқытудың  дəстүрлі  оқытудан 
айырмашылығы – көздеген  мақсатында,  мəнінде,  мазмұнында, 
дамытудың  негізгі  факторында,  мұғалімнің  рөлі  мен  атқаратын 
қызметінде,  əдіс-тəсілінде,  оқушының  білім  алу  белсенділігінің 
түрін де, оқу үдерісінің сипатында танып білу үдерісін ұйымдастыру 

78
79
жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде. т.б. 
Дамыта оқытудың мазмұны теориялық ойлаудың дидактикалық 
тұрғыдан түзілген. Дамыта оқыту оқушының алдына саналы түрде 
белгілі  бір  мақсат  қойып,  оған  жетуін  ұйымдастыратын,  мақсатты 
түрде  бағытталған  оқу  іс-əрекеті  арқылы  жүзеге  асады.  Дамыта 
оқудағы негізгі нəрсе – берілетін білімнің өзектілігі. Дамыта оқытуда 
оқушы іс-əрекетінің толыққанды субъектісіне  айналады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.  Педагогикалық  технологиялар    қандай  белгілеріне  қарай 
жинақталады?
2. Педагогикалық технологиялардың қай түрін жақсы білесіз?
3. Өзіңіз білетін педагогикалық технологияның идеялары, əдіс-
тəсілдері туралы əңгімелеңіз.
4.  П.  М.  Эрдниев  пен  С.  Н.  Лысенкованың  технологиясының 
айырмашылықтары  мен  ұқсастығын  Венн  диаграммасы  бойынша 
салыстырыңыз.
5. М. Монтессори технологиясының ерекшелігі неде?
6. Педагогикалық технология түрлерін сипаттаңыз.
Технология атауы
Технология сипаттамасы
Дамыта оқыту технологиясы
т.б.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Ксензова Г. Ю. Перспективные школьные технологии. – М.: 
Педагогическое общество России, 2000.
2.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.  П.  Чернявская. – Ярославль:  изд-во  ЯГПУ  им.  
К. Д. Ушинского, 2002.
3.  Рысбаева  А.  Қ.,  Қоңырбаева  С.  С.  жəне  басқалар.  Жоғары 
оқу  орындарындағы  білім  мазмұны  жəне  оқыту  технологиялары. /
Дəрістер жинағы/. – Алматы: Полиграфия-Сервис К, 2010.
4.  Селевко  Г.  К.  Авторские  программы,  педагогические 
технологии,  инновационные  школы. – Ярославль:  Изд-во  ИПК 
ПиРРО, 1997. 
5. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 
6.  Чернявская    А.  П.,  Байбородова  Л.  В.,  Харисова  И.  Г., 
Белкина В. В., Серебренников Л. Н., Гаибова В. Е. Образовательные 
технологии:  Учебно-методическое  пособие. – Ярославль:  Изд-во 
ЯГПУ им. К. Д. Ушинского.
7.  Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. – 
Владивосток, 2000.

80
81
6. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Жоспар:
6.1. Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы.
6.2. В. М. Монаховтың технологиялық картадағы аксиомалары.
6.3. Технологиялық карталау негізі.
6.4. Технологиялық карта бойынша жұмыс істеу ережесі.
6.5. Ізгілікті бағыттағы базалық технологиялық карталар.
Қазіргі  заманғы  ғылыми  техникалық  прогрестің  өте  шапшаң 
қарқынмен дамуы жəне ақпарат көлемінің əр 3-5 жылда 2 еседей өсіп 
отыруы, əсіресе ой еңбегін жəне оқыту үдерісін айрықша сапалық 
түрде жетілдіруді талап етіп отыр.
Мұндай  дүниежүзілік  күрделі  проблеманы  шешудің  бір 
жолы,  жастарға  үздіксіз  білім  берудің  жаңа  түрлері  мен  əдіс-
тəсілдерін  тауып,  олардың  өздігінен  білім  алуын  қамтамасыз  ету 
болып  табылады.  Ондай  жаңа  оқыту  тəсілдерінің  бірі  академик 
В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы.
Көптеген мұғалімдер технология мазмұнын жете түсінбейді, оны 
əдістемеден ажырата алмайды. Егер əдістеме көбінесе оқу үдерісін 
ұйымдастыру  жəне  өткізу  жөніндегі  ұсыныстардың  жиынтығы 
болса,  педагогикалық  технологияның  өзіне  тəн  ерекшелігі  бар. 
Біріншіден,  технология – бұл  соңғы  нəтижеге  берілетін  кепілдік; 
екіншіден, технология – бұл болашақ оқу үдерісінің жобасы. Өзінің 
педагогикалық технологиясында В. М. Монахов мынандай анықтама 
береді:  педагогикалық  технология – оқу  үдерісін  жоспарлаудың 
жүйелік  əдісі;  оқытудың  тиімді  түріне  жету  мақсатында,  адам  мен 
технология  ресурстарды  олардың  арақатынасын  ескере  отырып 
бүкіл оқытушымен білімді меңгеру үдерісін жүргізу, оны бағалау. 
Ғылыми тұрғыдан негізделген В. М. Монаховтың педагогикалық 
технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі.
1. Оқу үдерісін жобалау кезеңі.
2. Осы жобаны іске асыру кезеңі.
Бірінші  кезеңде  мұғалім  оқу  материалын  шағын  мақсаттар 
жүйесі  ретінде  көрсетеді.  Бұл  шағын  мақсаттарға  жету-жетпеуін 
жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады. 
Болжамнан  оқушылар  жақсы  өтуі  үшін,  мұғалім  оқушыларға  өз 
бетімен  жұмыс  істеуге  алдын  ала  тапсырмалар  береді.  Екінші, 
яғни  жобаны  іске  асыру  кезеңінде  мұғалім  оқу  үдерістің  нақтылы 
жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу үдерісін 
жобалаудағы негізгі объект – оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының 
көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24 
сабаққа дейін болуы мүмкін.
6.1. Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы
Технологияда  оқу  үдерісін  жобалаудың  толық  жəне 
бөлшектелген  көрінісін  технологиялық  картадан  көруге  болады. 
Технологиялық  карта 5 бөліктен  тұрады:  мақсат  қою,  болжам,  үй 
жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.
Технологиялық  картаның  əр  бөлшектері  қандай  жұмыс 
атқаратынын қарастырайық.
1.  Мақсат  қою.  Берілген  тақырыпқа  қойылатын  білім 
стандарттарының  талабын  жүзеге  асырып  жүрген  бағдарлама 
мазмұнын  талдай  отырып,  шағын  мақсаттар  қарастырылады. 
Тақырыптар  көлеміне  жəне  оның  күрделілігіне  байланысты 
шағын  мақсаттар  саны 2-ден 5-ке  бейін  болуы  мүмкін.  Арнайы 
технологиялық ұйғарым бойынша əр шағын мақсатқа сəйкес өзіндік 
жұмыс құрастырылады.
2.  Болжам.  Бұл  өзіндік  жұмыстардың,  яғни  болжамның, 
ерекшелігі  мынада:  тексерудің  жəне  оқушылардың  жетістіктерін 
бағалаудың  қарапайымдылығы.  Болжам  екі  түрлі  тапсырма-
дан  тұрады:  білім  беру  стандарты  деңгейіндегі  тапсырма  жəне 
тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1- жəне 2- тапсырмалары стан-
дарт деңгейімен сəйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы» 
деген бағаға сəйкес, 4-тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сəйкес 
тапсырмалар беріледі.
3.  Үй  тапсырмасын  мөлшерлеу.  Егер  үй  тапсырмасын 
мөлшерлегенде  біраз  ақаулар  жіберілсе,  ол  болжам  кезінде  көзге 
бірден  түседі.  Мұғалім  осыған  сəйкес  түзету  жүргізуі  керек.  Үй 
жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.
1- деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.
2- деңгей. Болжамның 3-ші тапсырмасына.
3- деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сəйкес болуы керек.

82
83
4. Логикалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты əр шағын 
мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, бол-
жамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлай-
ды. Яғни, мұғалім өзінің əдістемелік тұжырымдарына сүйене оты-
рып, оқу үдерісін тұтас жəне логикалық көрнекті модельге көшіреді.
5. Түзету. Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:
1) Жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін 
қиындық.
2) Оқушылардың жұмысында жиі жіберілетін қателіктер.
3)  Оқушыларды  стандарт  деңгейіне  жеткізетін  педагогикалық 
əдістер жүйесі.
Технологиялық карта нəтижесі əр болжамнан кейін тексеріліп, 
талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.
Оқу  үдерісін  педагогикалық  технология  тұрғысынан  жобалау 
жекелеме  тараулардың  технологиялық  карталарынан  құралады. 
Технологиялық  картаның  құрамды  бөліктерін  жəне  олардың 
атқаратын қызметтерін қарастырайық.
1.  Технологиялық  карта  негізі  жоғарыда  айтып  өткеніміздей 
мақсат  қоюдан  басталады,  яғни  тақырыпқа  байланысты  шағын 
мақсаттарды анықтау.
Мақсатты нақты жəне анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі 
сұрағын анықтай білу, мұғалімнің əдістемелік шеберлігін көрсетеді. 
Қойылатын мақсат мұғалімге жəне оқушыға ұғынықты түрде ықшам 
əрі  түсінікті  болуы  қажет.  Қойылған  мақсат  бойынша  мұғалім 
болашақ оқу үдерісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін 
оның  білімі  мен  біліктілігіне  қойылатын  талаптар  жүйелі  түрде 
берілуі керек.
Ілгеріде  қойылатын  мақсат  саны  тақырып  көлеміне  қарай 2-5 
аралығында болуы керек дегенбіз. Оның себебі мақсат ұсақталып, 
көбейген  сайын  оның  нақтылығы  азайып  алғашқыларының  мəні 
жойыла бастайды.
Мақсат  қою  технологиясы  жəне  педагогтың  əдістемелік 
жұмысының  мақсаттылығы  оқу  тақырыбындағы  əрбір  сабақтың 
мəнділігін арттырады, сабақтың нəтижелігіне жəне мазмұндылығына 
мұғалімнің,  сол  сияқты  оқушының  да  жауапкершілігін  арттырады, 
осы сабақтағы берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай 
түседі,  ал  бұның  барлығы  жобалаудан,  технологиялық  картадан 
басталады.
2.  Берілген  тақырыпты  мақсаттарға  бөліп  алғаннан  кейінгі 
жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін 
болжау жұмысын құру.
Біз  бірінші  рет  оқушыға  жеке  тұлға  ретінде  қараймыз,  себебі 
оқушы өз деңгейін өзі таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай 
болжаудағы  қажетті  тапсырмалар  мөлшерін  таңдап  алады.  Болжау 
деп  отырғанымыз  оқушылардың  қойылған  мақсатты  меңгеруін 
анықтауға арналған өздік жұмыс.
6.2. В. М. Монаховтың болжауды құру аксиомалары
В.  М.  Монаховтың  педагогикалық  технологиясы  бойынша 
болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:
1-аксиома. Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандар-
ты (программа) деңгейіндегі тапсырма, жоғары деңгейдегі тапсырма.
2-аксиома.  Стандартты  ӨЖ  төрт  тапсырмадан  тұрады:  алғашқы 
екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі жоғары деңгейде.
3-аксиома. ӨЖ-тың жалпы түрі:
1) білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма;
2) білім беру стандарты талаптары деңгейдегі тапсырма;
3) «Төрттік» баға деңгейіндегі тапсырма;
4) «Бестік» баға деңгейіндегі тапсырма.
4-аксиома.  Алғашқы  екі  тапсырма  қиындығы  жөнінен  бірдей, 
оқушыларға түсінікті əрі қарапайым болуы керек.
5-аксиома.  Білім  беру  Заңына  (əрбір 3 оқушы  стандарт  деңгейіне 
жетуге міндетті, одан əрі ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па, əлде 
əрі қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз еркі) 
сəйкес кез келген оқушы тапсырманы берілген тəртіп бойынша жəне 
екінші  тапсырма  орындалмай  тұрып  үшінші,  сол  сияқты  төртінші 
тапсырманы орындауға болмайды.
6-аксиома. «Төрттік» бағаға берілетін №3 тапсырма алғашқыларға 
қарағанда қиынырақ болу керек. Тапсырманың қиындығы болжана-
тын мақсаттың мазмұнына байланысты.
7-аксиома. «Бестік» бағаға берілетін №4 тапсырма №3 тапсырмаға 
қарағанда қиындау болуы керек.
Міне,  осы  аксиомалар  талаптары  толық  сақталғанда  болжау 
жұмысының тапсырмалары алдыға қойған мақсатқа толық жеткізеді.
Осы 
аксиомаларға 
нақтырақ 
түсініктемелер 
берейік. 

84
85
3-аксиомада  болжамдағы  тапсырмалар  саны  көрсетіледі.  Онда 
білім  беру  стандарты  талаптары  деңгейіндегі  тапсырма  саны  екеу 
екені айтылған. Оның себебі «егер оқушы алғашқы екі тапсырманы 
ешқандай  қатесіз  орындаса,  онда  оның  білімі  «мемлекеттік 
талаптарына» сай келеді жəне ол сынақтан өтті деген белгі алуына 
толық мүмкіндігі бар. Егер тапсырманың екеуі де орындалмаса, онда 
оқушы  түзету  (коррекция)  тобына  түседі.  Егер  екі  тапсырманың 
біреуі дұрыс, ал екіншісі қате болса, онда ол оқушының да сынақтан 
өтуге  мүмкіндігі  бар,  егер  ол  технологиялық  картадағы  «Сабақтан 
тыс өз бетімен орындайтын тапсырмалар» бөлігіндегі тапсырманың 
стандарт деңгейіндегі жаттығуларын толық орындаса.
Келесі  кезекте  «бестік»  деңгейін  анықтайды,  яғни  №4 
тапсырманың  үлгісін  құрады. «Бестік»  немесе  ең  жоғары  деңгей 
тапсырмасы  оқушылардың  ойлау,  есте  сақтау  дағдыларын, 
жылдамдығын  тексеру  мақсатында  болу  керек.  №3  тапсырманың 
(«төрттік»  баға  деңгейінің  талаптары)  қиындығы  стандарт  пен 
жоғары  деңгейдің  арасындағы  аралық  деңгей  болып  шығады. 
В. М. Монахов эксперименттік зерттеу нəтижелерінің қорытындысы 
бойынша «төрттік» деңгейдегі бағаның оқу орнының түріне қарай 
мынадай  мөлшерін  ұсынады:  егер  гимназия  немесе  лицей  болса, 
онда  «төрттік»  бағаның  деңгейі  «бестік»  бағаның  деңгейіне,  ал 
жалпы орта білім беретін орта мектепте «төрттік» бағаның деңгейі 
стандарттың деңгейіне жақындатып алу тиімді болады.
3.  Оқушылардың  сабақтан  тыс  өз  бетімен  орындайтын 
тапсырмаларын  мөлшерлеу  бөлігі.  Бұл  бөліктің  практикалық 
мақсаты – оқушылардың  болжау  тапсырмаларына  дайындығы 
болады.
Адамгершілік  мақсаты – оқушыға  бірінші  рет  «білім  туралы» 
Заңға сəйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беріледі, яғни қойылатын 
баға деңгейіндегі тапсырмалар жиынтығын таңдау.
Негізгі мақсат – артық тапсырмадан арылу.
Мұнда  да  қойылған  мақсаттар  санына  байланысты,  əрбір 
мақсатқа  үш  деңгей  бойынша  тапсырмалар  жиынтығы  беріледі. 
Технологиялық  жобаның  авторы – сабақтан  тыс  өз  бетімен 
орындайтын  тапсырмаларды  мөлшерлеу  бөлігінде  оқушыға 
тексеру жұмысы кезінде өзінің таңдаған деңгейіндегі бағаны алуға 
кепілдік  беретін  тапсырма  көлемін  орындап  дайындалуды  ұсыну 
керек. Технология бойынша оқыту үдерісі кезінде де əдеттегі үйге 
берілетін  тапсырмадан  бас  тартуға  болмайды.  Үй  тапсырмасының 
əрқайсысын деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейін орындауды 
таңдауын  оқушылардың  өз  еріктеріне  беру  қажет.  Технологияның 
үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара 
тығыз  байланысты,  олардың  əрқайсысы  екіншісінің  мазмұнын 
толықтырып  отырады.  Мақсаттың  саны  мен  мазмұны,  онда 
анықталған  оқушыларды  дамыту  міндеттері  тақырыпты  оқытудың 
логикалық  құрылымын  құрайды.  Мұнда  əрбір  мақсатқа  жетудің 
уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі жəне көмекші құралдары 
анықталады, оқушыларды дамыту бағдарламасы құрастырылады.
Уақытпен  есептелген  ұзақтық  қойылған  мақсатқа  жетуге 
жеткілікті болатын тақырыпқа берілетін сағат санымен анықталады. 
Əдеттегі  күнтізбелік  жоспарлаудан  айырмашылығы,  мұғалім  оқу 
үдерісінің субъективті жағдайларға байланысты болатын сабақтың 
үйлесімді  үдемелілігін  кəсіпкерлік  шеберлігі,  сыныптың  білім 
деңгейі  жəне  көмекші  құралдарды  қарастыру  өзара  байланыста 
болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін жəне негізгі тақырыпты 
өту  барысында  қажет  болатын  қосымша  ұғымдардың  тізбесін 
анықтауды қажет етеді. Біздің жұмысымызда көмекші құрал ретінде 
қайталау  тақырыптары  алынған.  Қайталау  тақырыптары  жаңа 
ұғымды  енгізу  барысында,  оның  түсінікті  болуы  үшін  жəне  жаңа 
ұғымды  ілгеріде  өткен  ұғымдармен  байланыстыру  үшін  қажет. 
Сыныптағы  оқушылардың  жеке  ерекшеліктеріне  байланысты  оқу 
үдерісінің  логикалық  құрылымына  оқушылардың  ойлау  қабілетін, 
есте сақтау, сөйлеу мəнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.
Технологиялық  ең  соңғы  «Түзету» (коррекция)  бөлігін 
қарастырайық.  Бұл  бөлік  сынақтан  өтпеген,  яғни  білім  дəрежесі 
мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған. Бұл 
бөлікте негізі үш жағдай қамтылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет