Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Капустин  Н.  П.  Педагогические  технологии  адаптивной 
школы: Уч. пособие. – М.: Академия, 1999.
2. Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. 
Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.
3. Ксензова Г. Ю. Перспективные школьные технологии. – М.: 
Педагогическое общество России, 2000.
4.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.  П.  Чернявская. – Ярославль:изд-во  ЯГПУ  им.  
К. Д. Ушинского, 2002.
5.  Селевко  Г.  К.  Авторские  программы,  педагогические 

58
59
технологии,  инновационные  школы. – Ярославль:  Изд-во  ИПК 
ПиРРО, 1997.
6.  Селевко  Г.  К.  Современные  образовательные  технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
7.  Хуторской    А.  В.  Эвристическое  обучение:  Теория,  мето-
дология, практика. – М., 1998.
8.  Чупрасова  В.  И.  Современные  технологии  в  образовании. – 
Владивосток, 2000.
9.  Таубаева  Ш.  Т.,  Барсай  Б.  Т.  Оқытудың  қазіргі  технология-
лары. – Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
10.  Өстеміров  К.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен 
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
11.  Жүнісбек  Ə.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология 
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
12. Беспалько В. П., Беспалько JI. B. Педагогическая техноло-
гия: Новые методы и средства обучения // Политехнический музей. 
– 1989.
5. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІ
Жоспар:
5.1.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялардың 
пайдалану қызметі бойынша топтастырылуы.
5.2.  Білім  беру  жүйесінде  қолданылатын  қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологиялардың негізгі ұстанымдары.
5.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың 
пайдалану қызметі бойынша топтастырылуы:
І.  Педагогикалық  үдерісте  жеке  тұлғаның  бағыты  негізінде 
педагогикалық технология.
 Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы.
 Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.
 Амоношвилидің ізгілік технологиясы.
 Ильиннің жүйесі.
ІІ. Оқушының іс-əрекетіндегі белсенділікті арттыру негізіндегі 
педагогикалық технология.
 Ойын технологиясы.
 Проблемалық оқыту технологиясы.
 Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.
 Оқыту  материалдарын  тірек  сызбалар,  тірек  конспектілері 
жəне модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы (Шатта-
лов).
ІІІ. Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жəне басқару негізіндегі 
педагогикалық технология.
 Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.
 Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы (Лысенкова).
 Деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев).
 Деңгейлеп дифференциялау технологиясы.
 Міндетті нəтиже негізінде деңгейлі-дифференциялап оқыту 
технологиясы (Фарсов).
 Бала  қызығушылығы  арқылы  дифференциялап  оқудың 
тəрбиелік технологиясы (Закатова).
 Жекелей оқыту технологисы (Инге Унг жəне Шадриков).
 Бағдарламалық оқыту технологисы.

60
61
 Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко, Ривин).
 Топтық оқыту технологиясы.
 Компьютерлік оқыту технологиясы.
ІV. Дидактикалық білім көтеру жəне материалды педагогикалық 
технологиялар.
 Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (Эрдниев).
 Ақыл-ой іс-əрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру 
технологиясы (Валович).
 V. Жеке пəндік педагогикалық технологиялар.
 Сауаттылыққа  ерте  жəне  дамыта  оқыту  технологиясы 
(Зайцев).
 Сатылай талдап оқыту технологиясы (Оразақынова).
 Бастауыш  мектептің  жалпы  оқу  білігін  жетілдіру 
технологиясы (Зайцев).
 Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы.
 Математикалық  есептер  шешу  негізіндегі  педагогикалық 
технология (Касаткин).
 Сабақтың  тиімді  жүйелік  негізіндегі  педагогикалық 
технология (Оқунев).
 Жанпейісованың модульдық оқыту технологисы.
 Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту 
технологиясы.
VІ. Альтернативті педагогикалық технология
 Вольдорф педагогикасы (Штэйнер).
 Еркін еңбек технологиясы (Ферт).
 Ықтималдық білім технологиясы (Лобок).
VІІ. Табиғи байқағыштық технологиялар.
 Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тəрбиелеу.
 Өзіндік дамыту технологиясы (Монтессори).
VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.
 Дамыта оқыту жүйесі.
 Жеке  тұлға  бағытындағы  дамыта  оқыту  жүйесі  (Якиман-
ская).
 Дамыта оқыту технологиясы (Давыдов, Эльконин).
 Өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Семеко).
 ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары.
 «Жүректен жүрекке» 
5.2. Білім беру жүйесінде қолданылатын қазіргі заманғы 
педагогикалық технологиялардың негізгі ұстанымдары
Ғылыми-педагогикалық  зерттеулерге  жасалынған  талдау  жаңа 
педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге 
мүмкіндік берді.
Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде 
қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
Бүгінгі  таңда  республикадағы  жəне  аймақтағы  экономикалық 
нарықтық  қатынастардың  қалыптасу  жағдайында  еліміздің 
əлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, 
оның  ішінде  мектепте  оқыту  мазмұны  мен  оқытудың  қазіргі 
технологияларын жетілдіру өзекті мəселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында (1999) 
білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  ұстанымдарының 
бірі – жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі жəне педагог 
қызметкерлер  оқушылардың  мемлекеттік  білім  беру  стандартында 
көзделген  деңгейден  төмен  емес  білім,  білік,  дағды  алуын  қамта-
масыз  етуге,  олардың  жеке  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуы 
үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.
Дəстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт 
деңгейінде  толық  меңгеруіне  кепілдік  бермей  отырғандығы 
оқушылардың білім жетістіктерінің нəтижелерінен көрініс табуда.
Осыған  орай,  оқу-тəрбие  үдерісін  жетілдірудің  қазіргі 
технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы 
білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Қазіргі  кезде  мектептің  оқу-тəрбие  үдерісінде 50-ден  астам 
педагогикалық  технологиялардың  қолданылып  жүргені  мəлім.  Бұл 
технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес. 
Сондықтан, мектептегі əрбір пəнді оқыту технологиясын таңдап, 
іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының 
білім  жетістіктерін  арттыруға  болады.  Мұнда  оқушының  əрекеті 
технологияны  қабылдауы,  ынтасы,  құштарлығына  көңіл  бөлінуі 
тиіс.
Бастауыш  сатыда  «Математика»  пəні  бойынша  оқушылардың 
оқу  жетістіктерінің  өлшеуіштер  тəсілдері  ретінде  деңгейлік 
тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. 
Оқушының  дайындық  деңгейін  саралау  оқушының  жеке 

62
63
танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тəсілі ретінде қарастырылуы 
тиіс.  Тапсырмаларды  білімді  қабылдауға  бағдарланған  іс-əрекеттік 
модель ретінде қарастыруға болады.
Оқытудан  күтілетін  нəтижелер  тізбесін  негізге  ала  отырып, 
əртүрлі  деңгейдегі  тапсырма  түрлерін  ауызша  тексеру,  жазбаша 
тексеру,  тапсырма  беру,  жауапты  талдау  тапсырмалары,  бір  ғана 
дұрыс  жауабы  бар  тапсырмалар,  ашық  жəне  еркін  жауабы  бар 
тапсырмалар,  түрлі  практикалық  сипаттағы  тапсырмалар  түрінде 
қарастыруға болады.
Тапсырмалардың  мұндай  түрлері  оқушының  іс-əрекеттік – 
компетенттік тəсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі 
білім алуға тəрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Əртүрлі  əдістерді  қолдану  жəне  оқушылар  бірін-бірі  тексеру 
арқылы  есептің  дұрыстығына  көз  жеткізулеріне  болады,  дамыта 
оқыту технологиясы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, 
В.  В.  Давыдов)  дамыта  оқыту  жүйесі  жеке  тұлғаны  жеделдете 
қарқынды,  барлық  сапалармен  сəйкестікте  жан-жақты  дамытуға 
бағытталған,  оқытудың  модульдік  технологиясы  (В.  М.  Монахов) 
оқу үдерісін мақсатты жобалап, құруға болады. 
Оқытудың  компьютерлік  технологиясы  компьютермен  жұмыс 
істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс 
істеу,  жекелеп  көмек  көрсету,  проблемалық  оқыту  технологиясы, 
тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясы  (В.  Ф.  Шаталов) 
теория  жəне  практиканы  блок  түрінде  топтау,  тірек-схема,  тірек-
конспект  түрінде  берілген  теориялық,  материалдарды  сыныпта 
меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып, оза 
оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын 
ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде 
тапсырма беру жəне т.б.
Республикадағы  ауыл  мектептерінің  оқу-тəрбие  үдерісінде 
деңгейлеп  оқыту  технологиясы  (Ж.  Д.  Қараев)  жүйелік  негізде 
оқыту  технологиясы  (Г.  Г.  Ғалиев),  шоғырландырып-қарқынды 
оқыту технологиясы (Қ. А. Əбдіғəлиев, Н. Н. Нурахметов), блоктық-
модульдық  технологиясы  (М.  Н.  Жанпеисова)  қолдау  табуда. 
Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында 
оқу-тəрбие  үдерісін  ұйымдастыруда  жүйелік  негізде  оқыту  мен 
шоғырландырып  оқыту  технологияларының  оқыту  сапасын 
арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.
Оқу-тəрбие  үдерісінде  қолданып,  айтарлықтай  нəтиже  беріп 
жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың 
алдын  ала  оқыту,  Хазанскиннің  есептер  шығару,  Палтышевтың 
физиканы  есептеп  шығару,  Шаталовтың  интенсивті  оқыту  (тірек 
сигналдарын  пайдалану  арқылы),  Эрдниевтің  мəселелік  оқыту 
оқытудың белсенді əдісі, т.т.
Ал,  соңғы  жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясымен 
Дьяченконың  оқытудың  ұжымдық  тəсілі,  сондай-ақ  про-
фессор  Қараевтің  оқытуды  дифференциялау  жəне  білім  беру 
демократияландыру  мен  ізгілендіру  ұстанымдарына  негізделген 
жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген 
мектептерінде қолданылып жүр.
Мəселен,  Л.  Б.  Эльконин,  В.  В.  Давыдовтың  бірлесе  жасаған 
«Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты əрі мынадай 
ұстанымдардан құралады:
Жоғарғы деңгейдегі қиындыққа оқыту
Теориялық білімнің жетекші рөлі
Оқу материалын жеделдете оқыту 
Оқу үдерісін оқушының сезінуі
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу 
  Л.  В.  Занковтың  оқыту  жүйесінде  оқушы  өзін  емін-еркін 
сезінеді,  оның  əлеуметтік  мүмкіндігі  мен  дербестігінің  дамуына 
жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы 
жаңаша 
қарым-қатынастың 
іргетасы 
қаланады. 
Мұғалім 
түсіндіруші,  оқытушы  тұрғысында  емес,  оқушының  оқу  əрекетін 
ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.  Б.  Эльконин  мен  В.  В.  Давыдовтың  зерттеулері  оқу  əрекеті 
жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады.
Осыған  орай,  соңғы  кезде  оқытудың  əр  түрлі  педагогикалық 
технологиялары  жасальнып,  мектеп  өміріне  енгізілуде.  Олар: 
С. Н. Лысенкованың алдын ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту 
(тірек  сигналдарын  пайдалану  арқылы),  Эрдниевтің  ірі  блоктан 
оқыту, мəселелік оқытудың белсенді əдісі, т.б.
Ал  соңғы  жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясымен 
В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі сондай-
ақ, профессор Ж. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру 
ұстанымдарына  негізделген  жаңа  педагогикалық  компьютерлік 
технологиясын еліміздің көптеген мектептерінде қолданып жүр.

64
65
Мектептерде  жүргізіліп  жатқан  қазіргі  тəжірибелік-сынақ 
жұмыстарының  басты  міндеті  жаңаша  оқытудың  педагогикалық 
технологиясын оқыту үдерісіне енгізу болып табылады.
Д.  Б.  Эльконин  мен  В.  В.  Давыдовтың  зерттеулері  оқу  əрекеті  
жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылы-
мы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу 
амалдары, оқу операциялары.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияның  мақсаты 
бойынша  «оқытуды  ізгілендіру»  қажет.  Бұл  үшін  оқу  құралдары 
оқушының өздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай болуы 
керек.
Əрбір  педагогикалық  технология  жеке  тұлғаның  өзін-өзі 
дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, 
қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жəне өзін-өзі 
дамытуда  қолайлы  жағдай  жасауға  қажетті  объективті  əдістемелік 
мүмкіндіктерін қамтиды.
Қазіргі  кезеңде  қолданылып  жүрген  жаңа  педагогикалық 
технологияның  негізіне  жататындар – əрбір  оқушының  жеке 
жəне  дара  ерекшеліктерін  ескеру;  оқушылардың  қабілеттері  мен 
шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, 
іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, 
білім  беруді  ізгілендіру  технологиясы,  проблемалы  оқыту 
технологиясы,  тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясы, 
түсіндіру,  басқарып  оқыту  технологиясы,  деңгейлік  саралап  оқыту 
технологиясы,  міндетті  нəтижеге  негізделген  деңгейлеп  саралап 
оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту 
технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы
Мақсаты: 
талап 
ету 
педагогикасынан 
қарым-қатынас 
педагогикасына  өту.  Балаға  ізгілік  тұрғысынан  қарау.  Оқыту  мен 
тəрбиенің бірлікте бірлігін қалыптастыру.
Ерекшелігі:
1.  мұғалім де, оқушы да субъект болады;
2.  басымдылық көрсетілмейді;
3.  бірлік одақта қызмет етеді;
4.  мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды;
5.  балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау;
6.  қоршаған орта педагогикаланады.
Білім беруді  ізгілендіру технологиясы  
(Ш. А. Амонашвили бойынша)
Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясының  негізін  қалаған 
Ш. А. Амонашвили.
Мақсаты:  баланың  жеке  қасиетін  аша  отырып,  азамат  етіп 
тəрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық 
күшін  қалыптастыру  жəне  дамыту,  білімін  кеңейтуге,  тереңдетуге 
жағдай жасау. 
Ерекшеліктері:
1.  ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
2.  бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлы-
ғын қалыптастыру;
3.  əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;
4.  рухани жетілдіру;
5.  ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
6.  ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
7.  оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.
Проблемалық оқыту технологиясы
  Проблемалық  оқыту  технологиясының  негізгі  мақсаты – 
оқушыны  өз  бетімен  ізденуге  үйрету,  олардың  танымдық  жəне 
шығармашылық икемділіктерін дамыту.
  Проблемалы  оқыту  технологиясының  ерекшелігі  де 
оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы 
қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу. 
  Себебі,  оқушы  материалдарды  сезім  мүшелері  арқылы 
қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру 
мақсатында меңгереді.

66
67
 
 
Ⱥԕɩɚɪɚɬ 
Ʉԧɦɟɤ 
ɉɟɞɚɝɨɝɢɤɚɥɵԕ 
ɩɪɨɛɥɟɦɚɥɵԕ 
ɫɢɬɭɚɰɢɹ 
 
Ɇ 
ԝ 
ԑ 
ɚ 
ɥ 
ɿ 
ɦ 
ɉɪɨɛɥɟɦɚɧɵ ɲɟɲɭ 
        
ɉɪɨɛɥɟɦɚ:  
(ɛɟɥɝɿɫɿɡɞɿ ɦɨɣɵɧɞɚɭ) 
ɉɫɢɯɨɥɨɝɢɹɥɵԕ 
ɩɪɨɛɥɟɦɚɥɵԕ  
ɫɢɬɭɚɰɢɹ 
ɀɚԙɚ ɛɿɥɿɦ, 
ɛɿɥɿɤ, ɞɚԑɞɵ  
Ɉɣɵɧ ɞɚɦɵɬɭ 
Ɉ 
ԕ 
ɭ 
ɲ 
ɵ 
ɀɚԙɚ ɛɿɥɿɦ, ɛɿɥɿɤ, ɞɚԑɞɵ ɨԕɵɬɭ ԕɵɡɦɟɬɿɧɿԙ 
ɦɚɡɦԝɧɵ
Тірек сигналдары бойынша оқыту технологиясы
(В. Ф. Шаталов бойынша)
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған 
В. Ф. Шаталов.
  Мақсаты:  əр  оқушының  білім,  білік,  дағдыны  қалыптастыру, 
жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  барлық  балаларды  оқыту, 
жеделдете оқыту.
Принципі:
-  үздіксіз  қайталау,  кезеңдік  бақылау,  ірі  блоктар  бойынша 
оқыту, тірек сигналдарын пайдалану, əрекет негізіне бағыттау;
-  жекелей əрекет жасау;
-  ізгіліктілік;
-  күш түсірмей оқыту;
-  түзету,  жетістікке  жетелеу,  болашағын  ашу,  өсуге  ұмтыл-
дыру;
-  жетістіктің жариялылығы;
-  тəрбие мен оқытуды байланыстыру.
Технологияның мазмұндық ерекшелігі:
1.  материалдар ірілендіріп беріледі;
2.  блоктық түрде беріледі;
3.  оқу  материалын  тірек  сызбалары – конспектілеу  арқылы 
беру;
4.  берілетін  ақпаратты,  ойды  айқын  бейнелейтін  тірек 
конспектісі.
Ұжымдық оқыту технологиясы
Мақсаты:  əр  оқушының  қабілетін  дамыту,  еңбек  етуге  баулу 
ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тəрбиелеу. Өзін-
өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.
Ерекшелігі: 1. Жекелей  оқыту. 2. Жұптық  оқыту. 3. Топтық 
оқыту.  4. Ұжымдық.
Оқушы-оқушы, оқушы-оқытушы, оқушы-үйретуші міндеттерін 
атқарады.
Талаптары:
-  Əр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек.
-  Өзінің  ғана  емес,  басқаның  да  еңбегіне  жауапкершілікпен 
қарау.
-  Өзі оқи отырып өзгені оқыту.
-  Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.
Технологияның жүргізілу кезеңдері:
1. Тапсырмаларды даярлау кезеңі:

берілген тапсырмамен танысу;

шағын бөлімдерге бөлу;

əр бөлімдерге ат қою;

жоспар құру;

жоспарға сүйене отырып, текст мазмұнын меңгерту;

тексеру сұрақтарын даярлау.
2. Тапсырман екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:
- тақырыптың мақсаты не?
- жоспармен таныстыру;
- мазмұнын түсіндіру;
- бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу.
3.  Өз  бетінше  жаттығу  жазу,  тəжірибе  жасау,  есеп  шығару, 
шығарма жазу, түсінгенін баяндау кезеңі.
Тəрбиелік мəні:
1. өзін-өзі басқару;
2. өзіне-өзі қызмет ету;
3. жауапкершілікті сезіну;
4. басқаның еңбегін бағалай білу;
5. ұқыптылық;
6. белсенділік;
7. адалдық;

68
69
8. байқампаздық;
9. зейінділік;
10. ынтымақтастық;
11. ұжымдық;
12. бірі бəрі үшін, бəрі бірі үшін принципінің орындалуы.
В. Т. Кабуш технологиясы
Тəрбиеленуді ізгілендіру жүйесі.  (Т. М. Мəжікеевтің  құрасты-
руы бойынша)
Мақсаты:
1.  Оқушылардың  бойында  өзін-өзі  жетілдіру,  қабілетін, 
қызығушылығын  дамыту  жəне  өзін-өзі  тану  қажеттіліктерін 
қалыптастыру.
2.  Адам + қоғам мүшесі + тұлға + азамат тізбегін жүзеге асыру.
3.  Азаматтық  тəрбие,  əлем  мəдениетін,  құқықтық  мəдениетті 
қалыптастыру.
Тұжырымдамалық негізі:
1.  Тəрбиенің ізгіліктілік жүйесі.
2.  Тəрбиенің адамгершілікті жəне демократиялық сипаты.
3.  Тəрбиеннің  мақсаты + оқушылар  қызметі + ізгіліктілік 
қызметін жүзеге асыру.
4.  Ынтымақтастық-еңбектестік-серіктестік-достық  жəне  олар-
дың постулаттары.
Мазмұнының ерекшелігі:
1.  Жанұялық тəрбие беру.
2.  Жалпыадамдық мораль жəне мəдениетке тəрбиелеу.
3.  Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
4.  Өзіне дұрыс қарым-қатынас орнату.
5.  Азаматтық жəне ұлттық, əлеуметтік мəдениетке жетелеу.
6.  Өмірге қабілеттендіру.
Əдістемелік ерекшелігі:
1.  Тəрбие негізгі рөл атқарады.
2.  Болжаған жетістікке жету жолында үздіксіз, тізбекті жұмыс 
жүргізіледі.
3.  Кез келген балаға сенімділікпен қарау.
4.  Күштеусіз, зорлықсыз тəрбиелеу.
5.  Тұлғаны өзіне-өзінің дұрыс карым-қатынасын орнату.
6.  Еркіндік.
7.  Шығармашылыққа жетелеу.
8.  Ізгілікті ойлауға үйрету.
Деңгейлеп  саралап оқыту технологиясы
Деңгейлеп  саралап  оқытуда  негізделген  технология  дамыта 
оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Өйткені  ол 
оқушының  ойлауын,  елестету  мен  есте  сақтауын,  ынтасын 
белсенділігін дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Мақсаты: əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне 
қарай оқыту. Оқытуды оқушының əр түрлі топтарының ерекшелігіне 
сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Ерекшелігі:
1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекіте 
түседі, əлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дəрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Міндетті  нəтижелерге  негізделген  деңгейлеп-саралап  оқыту 
технологиясы  мынадай  ерекшеліктерімен – білімнің  базалық 
деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген 
тапсырманың  саралануы,  тапсырма  оқушының  күші  жететіндей 
жəне  қолайлы  болуы  шарт,  білімнің  базалық  деңгейі  оқытудың 
қазіргі заманғы педагогикалық технологиясының механизмі ретінде 
оқушының  бірте-бірте  өрістей  дамуына  мүмкіншілік  жасау  тиіс, 
оқушыға  оқу  деңгейін  таңдауға  ерік  беру,  оқушы  өз  мүмкіндігіне 
орай  тек  міндетті  деңгейден  кем  емес  білім  алуға  еріктілігімен 
сипатталады.
Саралап оқыту технологиясы
Саралап оқыту – бұл:
-  оқу үдерісінде мұғалімдердің, оқушылардың білімдерін есепке 
ала отырып, жұмыс істеуі;
-  əр  түрлі  топтарды  оқыту  үдерісінде  жалпы  дидактикалық 
жүйенің бөлімі;
-  когнитивтік  ерекшеліктерін  есепке  алу  мақсатында  əр  түрлі 

70
71
мектептер мен сыныптар, топтар үшін оқытудың жағдайларын құру.
Оқу  үдерісін  саралау – педагогикалық  жүйелер  қатарында 
өзіндік  айқын  мақсат  көздейтіндігімен  ерекшелеп  те  аталып  жүр. 
Саралап  оқыту  əдісі  оқу  үдерісінің  белгілі  бір  білігін  қамтитын 
саралап  оқытуды  ұйымдастырудың,  құралдары  мен  əдістерінің 
жиынтығы болып табылады. Оқыту жүйесінің кез келгенінде қандай 
да болсын оқушыларды саралауы жүзеге асып отырады. Сондықтан 
саралап оқыту əдісінің өзі əр түрлі əдістемелік құралдарды қолдану  
арқылы енген.
Сипат бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
-  жас ерекшелігі бойынша;
-  жынысына байланысты;
-  қызығушылығы бойынша;
-  ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;
-  тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
-  денсаулық деңгейі бойынша.
Мақсаты:  əркімді  мүмкіндігіне  сай  оқыту.  Əр  түрлі  топтағы 
оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.
Ерекшелігі:
-  үлгерімі  жақсы  оқушыға  көңіл  бөлініп,  нашар  оқушыларға 
көмектесу мүмкіндігі туады;
-  қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
-  жақсы  оқитын  оқушының  тереңірек  білім  алуына  жағдай 
туады;
-  оқушылар қабілеті артады;
-  əлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
-  деңгейлері  бірдей  оқушыларды  оқыту  мен  тəрбиелеуде 
қиындық кездеспейді.
Сынып ішілік саралау.  Балалардың дамуы, қабілеті, қабылдауы 
əркелкі  болғандықтан,  бір  сыныптың  өзінде  үздіктер,  жақсы 
оқитындар  жəне  нашарлар  пайда  болады.  Сондықтан  мұғалім 
балалармен  сабақ  жəне  оның  барлық  кезеңдерді  жаңа  материалды 
түсіндіру,  ұсыну,  сабақты  қорытындылау,  қайталау,  білім,  білік, 
дағдыны  тексеру  барысында  саралау  жұмысын  жүргізеді.  Жаңа 
материалды  түсіндіру  кезінде  мұғалім  мынадай  мəселелерге  көңіл 
аударады.
І.  Ең  басты  негіз,  ядро – білім  мазмұны,  пəннің  теориялық 
мəні,  тірек  мəліметтері.  Алғашқы  деңгей  əрбір  тақырыптың  ең 
негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, толық болғанмен, сол 
тақырыптың  білуге  міндетті  тұтас  бейнесін  береді.  Бұл  базалық 
деңгей ретінде қабылданған.
ІІ.  Қосымша  мəліметтер  алғашқы  деңгейде  алған  білімді  одан 
əрі  кеңітіп,  дəлелдеп,  тиянақтайды,  негізгі  мазмұнын  нақтылайды, 
ұғымдардың не үшін қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгей 
мəліметтер көлемін арттырып, негізгі материалды тереңірек түсінуге 
көмектеседі.
ІІІ.  Дамытушы  мəліметтер – материалды  біршама  тереңдетіп, 
оған логикалық негіз береді, болашақ шығармашылықпен қолдануға 
жол  ашады.  Бұнда  бала  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  дағдыланады. 
Мұғалім  бүкіл  сыныпқа  берілетін  материалды  екінші  деңгей 
көлемінде  оқушылар  білім  мазмұнын,  ең  болмағанда  бірінші 
деңгейде  (стандарттық  деңгей)  меңгеруі  міндетті  екенін  ескере 
отырып,  өз  бетімен  жұмыс  (барлық  материалды  қамтитындай) 
арқылы қорытындыланады.
Үшінші  деңгей  өз  бетімен  орындалатын  жеке  тапсырмаларды 
жалпылама қайталауды меңгеруді толықтырады.
Өз бетімен жұмыс үшін дидактикалық материалдың үш нұсқасы 
іріктеледі.
І. Нұсқа міндетті білім деңгейіне сəйкес келеді.
ІІ.  Нұсқа  оқулықтан  есептер  мен  жаттығулар  қосымша 
ұсынылады.
ІІІ.  Нұсқа  көмекші  оқу-əдістемелік  əдебиеттерден  алынған 
тапсырмалардан тұрады.
Қандай  деңгейдегі  тапсырманы  таңдау  оқушылардың    өз 
еріктеріне беріледі. Сөйтіп, барлық оқушылар үшін білімнің базалық 
минимумы  қамтамасыз  етіліп,  сонымен  қатар  əр  жеке  тұлғаның 
шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашады.
Білімді тексеру кезінде саралау тереңдеп, кеңейіп, əр оқушының 
жеке табысқа жетуін есепке алуға ауысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет