Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


Бақылау сұрақтары:
1. «Педагогикалық жаңалық» ұғымына сипаттама беріңіз.
2. Педагогикалық технологиялар тарихын  айқындаңыз.
3. Педагогтың шеберлігі неде?
4. «Педагогикалық жүйе» түсінігін сипаттаңыз.
5.  Педагогикалық  технологиялардың  даму  динамикасын  сара-
лаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. 
– Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
3.  Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі 
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
4.  Селевко  Г.  К.  Современные  образовательные  технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
5.  Чупрасова  В.  И.  Современные  технологии  в  образовании. – 
Владивосток, 2000.
6. Беспалько В. П., Беспалько Л. B. Педагогическая технология: 
Новые методы и средства обучения// Политехнический музей, 1989. 
– C.3-53.

46
47
4. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
Жоспар:
4.1. Педагогикалық  технологиялардың негізгі мақсаттары.
4.2. Педагогикалық технологиялардың негізгі элементтері.
4.3. Педагогикалық технологиялардың құрылымы.
4.4. Педагогикалық технологиялардың негізгі алгоритмдері.
4.5. Педагогикалық технологиялардың принциптері.
4.6. Педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу шарттары.
4.7. Педагогикалық технологиялардың нəтижесінің жетістіктері.
4.1. Педагогикалық  технологиялардың негізгі 
мақсаттары
Бір  технологияның  өзі  мұғалімдердің  шеберлігіне  байланысты 
əрқилы  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Қазіргі  кезде  əдебиеттерден 
қазіргі  заманғы  білім  берудің  даму  бағыты  мен  технологияларын 
қамтитын  елуден  астам  педагогикалық  технология  қолданылып 
жүргендігі  мəлім.  Сондықтан  білім  беру  жүйесінде  қолданылатын 
педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттарын білу қажет.
Педагогикалық технология 
аттары, авторы
Мақсаттары
Ынтымақтастық педагогикасы
-  талап  ету  педагогикасынан 
қарым-қатынас 
педагогикасына 
өту;
-  балаға  ізгілік  тұрғысынан 
қарау, оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Білім берудегі ізгілендіру 
технологиясы.
Амонашвили  Ш. А.
- баланың жеке қасиеттерін ашу 
арқылы азамат етіп тəрбиелеу;
- баланың   жаны    мен    жүрегіне   
жылылық ұялату;
- баланың  танымдық     күшін   
қалыптастыру жəне дамыту.
Ойын арқылы оқыту 
технологиясы
- дидактикалық; 
- тəрбиелік; 
- дамытушылық; 
- əлеуметтендірушілік.
Проблемалық оқыту 
технологиясы
- білім, білік, дағдыға ие қылу;

өз 
бетімен 
əрекеттену 
əдістерін меңгеру;

танымдық 
жəне 
шығармашылық икемділікті дамы-
ту.
Тірек сигналдары арқылы 
оқыту технологиясы  
(В. Ф. Шаталов)

білім, 
білік, 
дағдыны 
қалыптастыру;
- жеке мəліметтерге қарамастан 
барлық баланы оқыту;
-  оқытуды  жеделдету  (орта 
мектепті 9 жылда аяқтау).
Түсіндіре басқарып оза оқыту 
технологиясы 
(Лысенкова С. Н.)
- білім, білік, дағдыны меңгерту;

мемлекеттік 
стандарт 
көлемінде білім беру; 
-  барлық  баланы  табысты 
оқыту.
Деңгейлік саралап оқыту 
технологиясы.
-  əр  оқушыны  оның  қабілеті 
мен  мүмкіндік  деңгейіне  қарай 
оқыту;

оқытуды 
оқушылардың 
əртүрлі  топтарының  ерекшелігіне 
сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Міндетті нəтижелерге 
негізделген деңгейлік саралап 
оқыту технологиясы.
-  əр  оқушыны  оның  қабілеті 
мен  мүмкіндік  деңгейіне  орай 
оқыту; 

оқытуды 
оқушылардың 
əртүрлі  топтарының  ерекшелігіне 
сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.

48
49
Бағдарламалап оқыту 
технологиясы (Б. Скиннер, 
Н. Краудер, В. П. Беспалько) 

ғылыми  негізде  түзілген 
бағдарлама  негізінде  оқытудың 
тиімділігін арттыру.
Оқытудың компьютерлік 
технологиясы
-  баланың    жеке    қасиеттерін  
ескере отырып оқыту;
-  ақпаратпен  жұмыс  істей 
білуді қалыптастыру жəне қатынас 
қабілетін дамыту;
-  жеке  басты  ақпараттық 
қоғамға даярлау.
Дидактикалық бірліктерді 
ірілендіру технологиясы 
(П. М. Эрдниев)
- математикалық 
білімнің 
оқушының  интеллектісін  дамыту 
мен  өзін-өзі  дамытуының  басты 
шарты  ретіндегі  тұтастығына  қол 
жеткізу.
Математиканы оқытудың 
есеп шығаруға негізделген 
технологиясы (Р. Г. Хазанкин)

пəндердің 
бірлігі 
мен 
тұтастығын  қамтамасыз  ететін 
тақырыптардың 
неғұрлым 
жетілген жүйесін жасау.
Өздігінен даму технологиясы 
(М. Монтессори).
-  барлық  оқушыны  стандарт 
деңгейінде оқыту;
-  балалардың  математикаға  де-
ген қызығушылығын туғызу.
-  балалардың  бойында  дарын-
дыларды  тəрбиелеу;
- жан-жақты дамыту;
- дербестікке тəрбиелеу;
-  бала  санасындағы    нəрселер 
əлемі мен ойлау əрекетінің бірлігі.
Дамыта оқыту технологиясы
(С. Выготский,
Д. Б. Эльконин,
Л. В. Занков,
В. В. Давыдов)
-  бала 
бойында 
еркіндік, 
мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш 
сезім,  дербестік,  адамгершілік, 
еңбексүйгіштік,  белсінділік,  т.б. 
қасиеттерді дамыту.
Дамыта 
оқытудың 
басты 
мақсаты:  баланы  оқыта  отырып, 
жалпы дамыту.
Л. В. Занковтың дамыта оқыту 
жүйесі
Д. В. Эльконин – 
В. В. Давыдовтың дамыта 
оқыту технологиясы.

жеке 
адамның 
жоғары 
дəрежеде дамуы;
- жан-жақты гармониялық даму 
үшін негіз жасау;
-  теориялық  ой  мен  сана 
қалыптастыру;

балаларда 
білім, 
білік, 
дағдыны  ғана  қалыптастырып 
қоймай, ой-əрекетінің əдістерін де 
қалыптастыру;
-  балалардың  оқу    əрекетіне  
ғылыми  таным логикасын енгізу.
В. М. Манахов технологиясы
-  оқытудың  тұтас  технология-
сын жобалау;
-  алға  қойған  мақсатқа  жетуді 
көздейтін  педагогикалық  үдеріс 
туғызу;
-  мұғалімге  нəтижені  талдап, 
түсіндіріп  бере  алатындай  жүйені 
таңдау жəне құру.
Жаңашыл  педагог  Ш.  Амонашвилиден  дамыта  оқыту  мен 
шəкірт  пен  ұстаз  арасындағы  қарым-қатынастың  жолдарын 
үйренуге болатын болса, С. Н. Лысенкованың тірек схемаларымен 
оза оқыту əдістерін үйренуге болады.
Белгілі  психолог  Выготский: «Оқыту,  білім  беру,  дамытудың 
алдында жүріп отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту үдерісі 
ғана баланың жеке басының дамуын үйлестіре алады» – дейді.
Өз  кезінде  Ж.  Аймауытов «... Сабақ  беру – үйреншікті  жай 
шеберлік  емес,  ол  үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  деп 
оқыту  үнемі  ізденіспен, «жаңадан  жаңаны»  жасайтын  іс-əрекет 
екенін айтқан еді. Сондықтан қай пəн барысында да тек оқулықпен 
шектелмей,  оқушының  да  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына 
көңіл  бөлу  қажеттігі  туындайды.  Мұғалім  үшін  ең  бастысы – 
сабаққа лайықты əдіс-тəсілдерді дұрыс таңдау. Сондықтан бастауыш 
мектепте  сабақтарды  индуктивтік,  дедуктивтік,  репродуктивтік, 
проблемалық,  көрнекілік  əдіспен  оқыту  тиімді  болып  табылады. 
Бастауыш мектепте сабақ түрлерін түрлендіріп сайыс сабақ, сынақ 
сабақ т.б. қайталау сабақ түрлерін топтық жұмыс, жеке оқушымен 
жұмыс, өздік жұмыс түрлерін қолдануға болады.

50
51
Мұғалім  оқушының  өз  бетімен  жұмыс  жасауына  ықпал  етеді. 
Мұндай  жағдайда  балаларды  «Кім  шапшаң?», «Ойлан  тап»,  т.б. 
ойындары  арқылы  да  ойлантуға  болады.  Ойын  баланың  досы, 
бала  кез  келген  уақытта  ойын  арқылы  өзінің  ойын  қорытындылап 
отырады.
Тұлға  дегеніміз  тұтастай  тұратын  құрылым  жəне  ол  біртұтас 
педагогикалық  үдеріспен  байланысты  (Ильин  В.  С.).  Демек  педа-
гогикалық  технология  да  осы  педагогикалық  үдерістің  басты 
белгісіне сəйкес болуы керек.
Педагогикалық  технология – педагогикалық  қолданбалы 
сипаты бар,  бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың 
практикалық  жалғасы.  Ол  классикалық  дидактиканы  дамытады, 
мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары;
ə)  оның  диагностикалық  мақсаттылығы,  аяқталғандық, 
əлеуметтік  жəне  табиғатқа  сəйкестілік,  барлық  үдерістердің 
қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.) 
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, 
əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника, 
қарым-қатынас,  аудиовизуальды  білім  беру  жəне  кибернетика 
элементтерінен тұратын пəнаралық конгломерат ретінде қарастырып 
отыр.
Педагогикалық  технология  саласындағы  теориялық  жəне 
практикалық  ізденушілерді  бір  жерге  топтастыру  айналасындағы 
қызмет  бағыттарын  анықтайды.  Бұл  жерде  ізденудің  шеберлігі – 
педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан 
тұрады. «Жаңа  педагогикалық  технология»  терминологиялық 
тіркесіне үңілсек, жер жүзінде когнативтік, эвристикалық, креативтік 
деп  аталатын  негізгі  үш  педагогикалық  технология  бар  екенін 
білеміз.
Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік 
қабілетін дамытуға байланысты.
Креативтік  технология  шығармашылық  ойды,  ұқыптылықты, 
қабілеттілікті дамытады.
Когнативтік  технологияда  қоғамымызда  осы  дəуірге  дейін 
жиналған білім атаулының бəрі, оқушыға жетерлік дəрежеде терең 
үйретіліп,  оны  оқушы  келешек  өмірімізде  пайдалана  алатындай 
жағдайға əкелу мəселесі назарға алынады.
«Жаңа 
педагогикалық 
технология» – əрбір 
сабақта 
пайдаланатын,  өте  қажетті,  сол  тақырыпты  оқушыға  жеткізудің, 
түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тəсілі.
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту 
формасын,  əдістерін,  технологияларын  таңдауда  көп  нұсқалық 
қағидасы  бекітілген,  білім  мекемелерінің  педагогтарына  өзіне 
оңтайлы  нұсқаны  қолдануға,  педагогикалық  үдерісті  кез  келген 
үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
«Білім  туралы»  Заңда  қабылданған  білім  беру  жүйесінің  жаңа 
моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне 
сəйкестендірілген.  Осы  заңның 8 бабында  білім  беру  жүйесінің 
басым  міндеті  ретінде  оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, 
ғаламдық,  коммуникациялық  желілеріне  шығу  деп  аталып  отыр. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияны  меңгеру  мұғалімнің 
интеллектуалды,  кəсіптік  адамгершілік,  рухани,  азаматтық 
келбеттерінің қалыптасуына əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-
тəрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
4.2.  Педагогикалық технологиялардың негізгі 
элементтері
Педагогикалық  технология  дұрыс  жобаланған  болу  үшін 
міндетті түрде төмендегі 5 элемент болуы қажет.
1.  Мақсат  қою.  Мұғалім  курстық  тараудың  көлемінде  оқу 
үдерісінің шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу 
нəтижесі оқу мақсаттарын құру. 2-5 минут аралығында болады.
2.  Болжау.  Оқушылар  білімін  болжау  дегеніміз – деңгейлік 
оқытуға бағытталып құрылған үздік жұмыс. Əрбір шағын мақсатқа 
сəйкес  болжау  жұмысы  болады  жəне  ол  шағын  мақсаттың 
орындалуын анықтайды. 
3.  Оқушылардың  сабақтан  тыс  өз  бетімен  орындайтын 
жұмыстары.  Деңгейлік  мөлшерде  саралап  алынған  тапсырмалар 
жиынтығы.
4.  Логикалық  құрылым.  Шағын  мақсаттық  мазмұны  мен  саны 
оқушылардың  даму  аймағын  жəне  уақыт  бойынша  əр  аймақтың 
ұзақтығын орындаумен аяқталады.
5. Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек: 

52
53
-  қарастырып 
отырған 
сұрақтарда 
мүмкін 
болатын 
қиындықтар;
-  оқушылардың көп жіберетін қателіктері;
-  оқушының  оқу  стандарты  талабының  деңгейіне  көтерудің 
педагогикаға тəн шараларының жүйесі.
4.3. Педагогикалық технологиялардың құрылымы
 Педагогикалық 
технология
Классификациясы
1.1. Пайдалану деңгейі 
бойынша
Жалпы  педагогикалық  жеке  пəндік 
жəне 
əдістемелік, 
жергілікті, 
модульді жəне тар əдістемелік.
1.2.  Философиялық негізі 
бойынша
Материализм 
жəне 
идеализм; 
ғылым, дін жəне табиғи жинақылық, 
гуманизм 
жəне 
антигуманизм, 
антрософия 
жəне 
теософия, 
прагматизм  жəне  экзастенциализм, 
еркін тəрбие жəне еркіндік.
1.3. Психологиялық 
дамудың жетекші 
факторлары бойынша
Биогендік, 
социогендік, 
психогендік, идеалистік.
1.4. Тəжірибені меңгерудегі 
ғылыми тұжырымдама 
бойынша
Құрамды-рефлекторлы.  Гештальд 
технологиялары  интериогаторлық, 
сугистивтік, 
нейтролингвистік 
бағдарламалары.
1.5. Жеке бас құрылымының 
бағыты бойынша
Ақпараттық  ББД.  Ықпалды  ақыл-
ой-əрекет  əдістері,  өзіндік  дамыту 
–  жеке  бастың  басқару  механизмі, 
сезімді-өнегелілік. 
Эстетикалық 
жəне  өнегелілік  қарым-қатынас 
аумағы,  қолданбалық  практикалық 
əрекет 
аумағы, 
эвристикалық, 
шығармашылық қабілеттілік.
1.6. Мазмұндық жəне 
құрылымдық сипаттамасы 
бойынша
Тəрбиелілік  жəне  оқытушылық, 
зиялы 
жəне 
діни, 
жалпы 
білім 
беретін 
жəне 
кəсіби 
бағыттағы,  гуманитарлық  жəне 
технократиялық,  салалы,  пəндік, 
монотехнология, политехнология.
1.7. Танымдық қызметі 
басқару түрлері бойынша
Классикалық лекциялық, оқытудың 
техникалық  құрылымымен  оқыту, 
консультант, 
репетитор, 
кітап 
бойынша 
оқыту, 
компьютерлік 
оқыту,  бағдарламалық  жаттығулар, 
топтық 
жəне 
саралап 
оқыту 
əдістерінің жүйесі.
1.8. Ұйымдастыру 
формалары бойынша
Сыныптық 
оқыту, 
баламалық, 
жекелей,  топтық,  ұжымдық  оқыту 
əдісі,  саралап  оқыту,  академиялық 
жəне отаулық.
1.9. Балаға ықпал жасау 
түрлері бойынша
Беделдік, дидактикалық орталықты, 
жекеше 
бағыттағы, 
ізгілікті-
дербестік,  ынтымақтастық,  еркін 
тəрбие.
1.10. Тəсіл, əдіс, құралдары 
бойынша
Догматикалық    жəне  репродук-
тивтік, 
түсіндірмелік-көркемдік, 
проблемалық  жəне  ізденушілік, 
шығармашылық,  диалогтық  ойын, 
ақпараттық, 
дамытушылық-
бағдарламалық 
оқыту, 
өзіндік 
дамытушылық.
1.11. Оқыту категориясы 
бойынша
Жаппай,  ілгерілету,  теңелту,  қиын-
дық,  дарындық,  технологиялары, 
виктимологиялық.
1.12. Жүйелердің 
бағыттылығы бойынша
Демократизация жəне гуманизация. 
Қарқындылық, 
əдістемелік 
жетілдіру,  табиғи  жинақтылық, 
баламалық, 
авторлық, 
басқару 
тиімділігі.

54
55
4.4. Педагогикалық технологиялардың негізгі 
алгоритмдері
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  мен  жұмыс  істеу 
үшін  төмендегідей  алғышарттар  қажет:  оқу  үдерісін  интен-
сивтенттіруді  жаппай  қолға  алу;  оқушылардың  сабақбастылығын 
болдырмау  шараларын  кешенді  қарастыру.  Оның  ғылыми-
əдістемелік,  оқыту-əдістемелік  ұйымдастырушылық  себептеріне 
үнемі  талдау  жасап,  назарда  ұстау,  жаңа  буын  оқулықтарының 
мазмұнын зерттеп білу, пəндік білім стандарттарымен жете танысу, 
білімді  деңгейлеп  беру  технологиясын  игеру  арқылы  оқушыларға 
білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту 
үдерісін  ізгілендіру  мен  демократияландыруды  үнемі  басшылыққа 
алу, өйткені оқыту-тəрбиенің негізі. 
Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі 
түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – мектепте жəне жоғары 
оқу  орындарында    оқыту.  Екінші – өмірде  оқыту,  өмірге  үйрету. 
Тəрбиелеу, оқыту – егіз ұғым.
Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты адаптивті, құрама 
блоктық, модельді болып бөлінуі. Осылардың əрқайсысына қысқаша 
тоқталайық.
1.  Сызықтық – оқу  материалдары  блокпен  беріліп,  бақылау 
жұмыстарымен кезектестіріліп отырылады. 
2.  Тармақтық – оқушылар  дұрыс  жауап  бермеген  жағдайда 
қосымша ақпарат сөздермен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын 
орындайды.
3. Адаптивті – өзінің меңгеру дəрежесіне қарай жаңа материал-
дың күрделілік дəрежесін өзі таңдау, сөздіктер мен анықтамаларды 
қолдана алу.
4.  Аралас  бағдарламада  сызықтық  тармақтық,  алгоритм 
бойынша есептеуді қолданады.
5.  Блок  түрінде  беру  бағдарламасы  оқушылардың  əртүрлі 
интеллектуалды  операцияларды  орындауында,  алған  білімдерін 
есеп шығаруда пайдалануына мүмкіндік береді.
6.  Модульді  оқыту – блоктық  оқытудың  жетілдірілген  түрі. 
Мұнда  оқушылар  модульдерден  тұратын  оқу  бағдарламасымен 
жұмыс істейді.
4.5. Педагогикалық технологияларды іске асыру 
принциптері
Жаңа  білім  беру  технологиясын  іске  асырудың  қажетті  шарты 
ретінде  мынадай  əдіснамалық  принциптерге  міндетті  түрде  баса 
көңіл аудару аса маңызды:
1. Мұғалімнің педагогикалық кəсіби қабілетіне сену принципі;
2.  Оқытудың  кез  келген  уақыты  аралығында  берілген  пəннен 
бастауыш сынып оқушысының кепілді дайындығы болу принципі;
3. Оқу үдерісінің модульдік жобалау принципі;
4. Бастауыш мектептегі кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті 
жойып,  бұрынғы  дəстүрлі  оқыту  көздерін  дұрыс  арақатынаста 
үйлесімді пайдалану принципі;
5.  Ұйымдастыру  жəне  оқыту  технологияларын  қолдану  мен 
қалыптастырудағы  мəліметтердің  дұрыстығы  мен  шындыққа 
сəйкесттік принципі;
6.  Бастауыш  мектептің  мұғалімдері  мен  оқушыларының  оқу 
үдерісіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;
7.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  жалпы  біліктілігінің 
нəтижесінде  пəндік  біліктілік  əдістерін  меңгеруді  жүйелі  түрде 
үйлестіру принциптері;
8.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияны  жобалаудағы 
мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;
9.  Əр  бастауыш  сынып  оқушысының  жалпы  білім  бойынша 
дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі. 
4.6.  Педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу 
шарттары
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиямен  жұмыс  істеу 
үшін төмендегі алғышарттар қажет:
оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың  сабақбастылығын  болдырмау  шараларын 
кешенді  түрде  қарастыру.  Оның  ғылыми-əдістемелік,  оқыту-
əдістемелік,  ұйымдастырушылық  себептеріне  үнемі  талдау  жасап, 
назарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пəндік білім 
стандартымен  жете  танысу,  білімді  деңгейлеп  беру  технологиясын 

56
57
игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде 
игертуге қол жеткізу;
оқыту  үдерісін  ізгілендіру  мен  демократияландыруды  үнемі 
басшылыққа алу.
Кез  келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру 
деңгейінің  жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен 
салмағы  сол  елдің  технологиялық  даму  деңгейімен  анықталмақ. 
Жалпы  қоғам  дамуы  мен  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға 
қойылғандығы  мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп 
тіреледі.  Экономикалық  күшті  дамыған  елдердің  тəжірибесі  білім 
беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым жəне мəдениеттің 
қарқынды  дамуының  негізгі  кілті  екендігін  көрсетіп  отыр. 
Ендеше  қазіргі  заманның  ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық 
технологиясын игеру міндетіміз.
4.7. Педагогикалық технологиялардың нəтижесінің 
жетістіктері
Педагогикалық  технологиялар  бірнеше  топтарға  бөлінетіні 
баршамызға  мəлім.  Осыны  толық  меңгерген  мұғалімдер  қазіргі 
заманғы педагогикалық технологияларды өз тəжірибелеріне тиімді 
ендіре алады.
Оқытудың  жаңа  инновациялық  технология  əдістерін  дəріс 
беретін  білімгерлермен  практикалық  сабақтар  жүргізу  барысында 
жиі  қолданып  отырамыз.  Инновациялық  технологияны  пайдалану 
барысында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан 
бастап  білімгерлерге  тақырыпқа  болжам  жасатып,  мақсат  қойып, 
сұрақ беріп жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады. 
Бұл  бағдарламада  мұғалімдерге  де,  білімгерлерге  де  міндеттер 
қояды.  Осы  міндеттерді  орындауға  мұғалім  өзінің  тақырыбы  мен 
сабақ арасындағы біріккен іс-əрекет ұйымдастырады. Мысалы, бұл 
бағдарламаны сабақтарда қолдану барысында оқушыларға:
1) еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2) ақыл-ойын дамытады;
3) шығармашылық белсенділігі артады;
4) тіл байлығы жетілдіріледі;
5) жан-жақты ізденеді;
6) өз ойын жеткізеді;
7) ұжымдық іс-əрекетке тəрбиелейді.
Анық  айтқанда,  сабақта  қолданатын  стратегиялар  көмегімен 
жеке  тұлға  ретінде,  жан-жақты  дамыған  шығармашылық  ойлау 
ретінде  білімді  меңгереді.  Педагогикалық  технологияларды  талдау 
барысында  алынып  отырған  технологияның  сабақтың  тақырыбы 
мен мазмұнына сай болуы жəне тиімді, жүйелі болуы ескеріледі. 
Қорыта келе, технологияның білім беру үдерісіне енуі білім беру 
тұжырымында  мақсатты  қалыптастыруға;  адамгершілік  ақыл-ой, 
психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштер негізінде 
қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  талдауға,  соны-
мен қатар дифференциалды оқыту жағдайында олардың тиімділігін 
бағалауға;  оқытудың  перспективалық  құралдарын  олардың 
негізінде  педагогикалық  технологияларды  құруға;  бұл  үдерістерді 
технологизация үдерістерін реттейтін тұтас мемлекеттік білім беру 
бағдарламасы мен стандарттары негізінде басқаруға ықпал етеді.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.  «Оқыту  бағдарламалары»  ұғымына  түсінік  беріп,  оқыту 
бағдарламаларының түрлерін саралаңыз.
2. «Эвристикалық  технология», «Креативтік  технология», 
«Когнативтік технология» түрлеріне сипаттама беріп, олардың бір-
бірінен ерекшеліктерін Венн диаграммасы бойынша салыстыру.
3.  Педагогикалық  технологиялардың  классификациясын 
айқындаңыз.
4.  Педагогикалық  технология  дұрыс  жобаланған  болу  үшін 
қандай  элементтер болуы керек жəне оларға сипаттама беріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет