Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Барсай Б., Таубаева Ш. Т. Мұғалімнің педагогикалық
жаңалықтарын ұйымдастыру. – Алматы, 2007.
2. Тұрғынбаева Б. А. Біліктілікті арттыру жүйесінде
мұғалімдердің шығармашылық əлеуетін дамыту: пед.ғыл.докт.
...дисс. – Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2006.
3. Кенеш Ə. С. Болашақ мұғалімдердің əдістемелік дайындық
жүйесін дамыту. – Астана, 2003.
4. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда
белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. – Алматы, 2005.
5. Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. –
Қазақстан мектебі. – №4, 2005.
6. Тұрғынбаева Б. Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін
дамыту. – Қазақстан мектебі. – №8, 2004.
7. Тұрғынбаева Б. Оқыту барысында бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. – Алматы,
1998.
8. Ксензова Г. Ю. Перспективные школьные технологии. – М.:
Педагогическое общество России, 2000.
9. Лернер И. Я. Дидактические системы методов обучения. – М.:
Просвещение, 1981.
10. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
11. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
12. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. – Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
13. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
14. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология
негізі – сапалы білім. //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
116
117
8. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ ПƏНІНІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ
ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТЫЛАТЫН БАСҚА
ПƏНДЕРМЕН ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ
Жоспары:
8.1. Оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызы.
8.2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы
пəнаралық байланыстың философиялық негізі.
8.3. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы
пəнаралық байланыстың дүниетанымдық қызметі.
8.1. Оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызы
Оқулықтардағы негізгі интеграция, олардағы пəнаралық
байланыс. Туыстас пəндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982
жылы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді.
Оқу үдерісінде пəнаралық байланыстың маңызы зор, ол
байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін
«ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді
жəне қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.
Бірақ пəнаралық байланыс толық интеграция емес, оқу
үдерісіндегі интеграция оқу үдерісіндегі ерекше жүйе, яғни
жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Сондықтан бастауыш сыныптың оқу-тəрбие үдерісінде
пайдаланылатын
пəнаралық
байланыстың
педагогикалық,
психологиялық жəне философиялық негіздерін анықтайық.
Оқушының адам қасиеттеріне сəйкес бағыттылығы мен
тəжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру
қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығы мен тəжірибесіне
негіз болатын құраушының бірі – оның білімі. Білімнің өзін
мазмұндық жəне іс-əрекеттік тұрғыда қарастыру көптеген
зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыда оның өмір сүру
формасы – оқу-əдістемелік əдебиеттерде тіркелген.
Осыған сəйкес М.Скаткин жалпы білім беретін пəндерге
қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен
терминдер; əртүрлі нысандар мен болмыс құбылыстар арасындағы
байланыстарды жəне қатынастарды күнделікті болмыстық жəне
ғылыми фактілер; берілген пəндік саланың құбылыстарын түсіндіру
жəне болжау нысандарымен əдістерінің жиынтығын анықтау
жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми
жəне əлеуметтік идеялар; іс-əрекет тəсілдері, таным əдістері жəне
білім беру тарихы, ғылыми тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы
белгіленген өмірлік əр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар
жөніндегі білімдер деп қарастырған.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның
интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе
екендігі жөніндегі ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы,
алған білімді өмірмен, қоғамдық тəжірибесімен байланыстырудағы
құралдардың бірі – пəнаралық байланыстар. Пəнаралық байланыстар
өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген
мəселенің бірі ретінде де қарастырылды.
Зерттеулердің нəтижесіне сəйкес пəнаралық байланыстар
оқытудың қағидасы жəне білім берудегі міндетті элементі ретінде де
айқындалады. (В. Краевский, И. Лернер, А. Байсенбаева И. Зверев,
В. Максимов жəне т.б.).
И. Зверев пəнаралық байланыстарды толықтай көлемде
жүзеге асыру тəсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту
жəне тəрбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша
бұл мəселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пəнаралық
байланыстардың жалпы білім беруін функциялары оқушыларда
материя қозғалысының əр түрлі формаларының өзара байланысын
көрсететін əлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды
қарастырады. Пəнаралық байланыстардың тəрбиелеу функциясы
оқушыларда
диалектикалық-материалистік
дүниетанымдық,
өнегелік-эстетикалық идеалдарды дамытуда, талдап қорытылған
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.
Сондай-ақ пəнаралық байланыстар жастарды тəрбиелеу ісінде
жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едəуір мəнге
ие. Еңбекке баулу мен ғылым негізінде пəнаралық байланысы
мектеп оқушыларының белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында,
объективті ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде
пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едəуір ықпал етеді.
Ол сананың, сезім мен мінез-құлық əрекетінің бірлікті жүзеге
асуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы педагогикалық технология
118
119
пəні мен ғылым негіздері пəндерінің байланысы политехникалық
функцияны жүзеге асырады. Бұл функция еңбек үдерістерінің
жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру – экономикалық
ұстанымдарын ашуға көмектеседі.
В. Скакун өз жұмысында қазіргі заманғы педагогикалық
технология курсындағы пəнаралық байланыстарды: зерттейтін оқу
материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастыратын
жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту əдістері мен құралдары
бойынша, оқушыларды тəрбиелеу жəне дамыту əдістерімен
құралдары бойынша деп ажыратады. Пəнаралық байланыстардың
оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі əлеуметтік-
педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.
Қорыта келе, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы
пəнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:
1. Оқу пəндері арасындағы өзара байланыстың дамуына жағдай
туғызады.
2. Ғылыми дүниетанымның қалыптастыруы білім мазмұнының
барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
3. Пəнаралық байланыс жан-жақты тəрбие беру жүйесінің
барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
4. Пəнаралық байланыс педагогикалық əрекеттің ғылыми тиімді
ұйымдастырылуына көмектеседі.
8.2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы
пəнаралық байланыстың философиялық негізі
Қазіргі кезде қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
курсындағы пəнаралық байланыс проблемасын педагогикалық,
психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық
тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық
деңгейде қарастырылған В. В. Давыдов, Д. Зверев, Р. Г. Лемберг,
В. Н. Максимова, т.б. болды.
Пəнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде
барлық заттың құбылыстардың бірімен бірінің өзара байланыс-
тылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-
бірі байланыста болады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы
оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа
рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Адамды биологиялық жəне əлеуметтік құбылыстардың бірлігі
ретінде қарастыру оны тұлға деп түсінуі философия ұғымына
жатады. Тұлға нақты тарихи ұғым. Тарихтың барысында адам мен
қоғамның арақатынасы елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Осыған
байланысты адам тұлғасының нақты мазмұны да өзгереді. Тұлға
белгілі бір қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның
негізгі үш жағы бірігуінің нəтижесі.
1. биогенетикалық нышандар;
2. əлеуметтік қатынастар:
3. психоəлеуметтік қасиеттердің тұтаса бірігуінің нəтижесі.
Қазіргі кезде тұлғаның мəні жайында екі негізгі концепциялық
көзқарас бар:
1. тұлғалық адамның функциялық сипаттамасы;
2. тұлғаның əлеуметтік мəніне қарай сипаттамасы;
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы
философия ғылымы тұлғаны атқаратын рөліне қарай сипаттамай,
мəніне қарай сипаттау, бұл ұғымның мазмұнын тереңірек ашып
көрсетіп, адамның өзіндік санасын, мінез-құлқы мен ерік күшінің
қайнар көзін, белсенді іс-əрекеттің субъектісі екенін анықтап
береді. Тұлға – адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің
жеке адам шоғырлануының көрінісі, дүниені танып, білудің жəне
өзгертудің құқығы мен міндеттерінің эстетикалық, этикалық жəне
басқа əлеуметтік нормалардың шоғырланған бөлігі. Тұлға əрдайым
əлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады. Ғылым мен
техника дамыған сайын əлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының
барлығы табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы.
Адам, табиғат, қоғам – біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мəнінде
бір-бірімен байланысты қабылдау таным үдерісі арқылы жүзеге
асады. Адамзаттың қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған
табиғи ортаның қасиетті шарттарының, жағдайлардың болуына
байланысты.
Философия мен ғылымның танымдық мүмкіндіктеріне тарихи
талдау жасап, адамның білім системасында философияның алатын
орнын анықтау ғылым мен философияның шыққан тегі, түп тамыры
бар екенін көрсетеді. Философия мен қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар курсындағы білімнің арақатынасында үш негізгі
тарихи кезеңді аңғаруға болады:
120
121
1. Ертегілердің алғашқы біртұтас білімдерінің жиыны барлық
пəндерді қамтитын философия деп аталады; бұл алғашқы білім,
ғылым бастамаларын да философия бастамаларын да қамтыды.
2. Білімдердің мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың
қалыптасып біртұтас жиынынан бөлініп шыға бастауы; бұл үдеріс
көптеген ғасырлар бойы, əсіресе 17-18 ғасырларда жылдамдата
жүрді;
3. Бірқатар ғалымдардың теориялық тарауларының қалыптасып
олардың біртіндеп интеграциялануы, бірігуі.
Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге
нақтылы шындықты түсіну кезінде көшті. Адамгершілік, батырлық,
байлық сияқты философиялық категориялар орныға бастады.
Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану-сезіну мен
түйсінуге сүйсініп, қоршаған орта заттарын көру, ауызша айту,
эмоциялық бейнені қабылдау тұрғысында жүзеге асты. Қазіргі
заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық
байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың,
құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы
тұжырымдалған білімдерде болатындығын өмір көрсетіп отыр.
Негізінен, оқу пəндері əр ғылымның логикасына сүйенетіндік-
тен, олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып, бөлектенбейді.
Сондықтан ғылымның міндеті – дара байланыстылықты танып-
білу. Ең бастысы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
курсындағы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті
мақсаты – диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге
асыру. Бұл міндет бір пəннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан
əрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды
түсіндірумен
шектелмей,
қазіргі
заманғы
педагогикалық
технологиялар курсындағы пəнаралық байланыс негізінде білім
беруді көздеуді жолға қою қажет. Қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар курсындағы пəнаралық байланысын, кезінде
материалдың өзара байланысының бір-біріне тигізетін ықпалын,
ортақ, негізгі тенденцияларын, əлеуметтік, экономикалық рухани
ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру ортақ заңдылықтарын
ашуды көздеуі тиіс. Оқушылардың меңгерген білімдері сайып
келгенде, əрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік
құндылық бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы керек.
Қазіргі талап бойынша қоғам, табиғат, адам арасын пəнаралық
байланыста оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденіске, ұлы педагог,
ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады.
Философ М. Орынбеков Абай философиясының негізгі адам
проблемасы екенін ашып көрсеткен. Абайдың уағыздағыны – адам
бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік, өзін-өзі
бақылау, ұяттылық, парасаттылық. Абай аңсаған адам тəрбиесі үнемі
оқу-ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болып келеді.
Əсіресе, қазіргі таңда жеке тұлға тəрбиесін жоғары деңгейге
көтеру Абай шығармалары мен ой-пікірлеріне соқпай өту мүмкін
емес. Бастауыш сынып оқушыларына білім мен тəрбие беруде бұл
өлеңдердің алатын орны ерекше. Осындай тəлім-тəрбиені мұғалімдер
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы сабақ
өту үдерісінде пəнаралық байланыс негізінде қалыптастыру арқылы
оқушыларға жеткізе алады.
Абай философиясы қазақ халқының мүліктік, дүниелік
байлығынан гөрі рухани байлығын дəріптеген. Ғұлама ақын тұлға
арасындағы қарым-қатынасты, тіл байлығын, ақылдылық пен
тапқырлықты, əділеттілікті уағыздаған. Философиялық тұрғыдан
алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның
көзқарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасау
арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі адам мен қоғам
арасындағы жаңа байланысты тудырып, олардың дүние туралы
көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр. Көзқарастың қалыптасуы
мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады.
Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
тұлғасын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы
пəнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философия,
педагогика, психология жəне жеке пəн əдістемелерінің де бір-бірімен
байланыс бар. Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы
білімнің бір-бірімен байланыстылығын философтар да ерекше атап
көрсетті. Мұғалімнің көздейтін мақсаты – оқушыларға берілетін
ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пəнаралық байланысын сақтап
отыру. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы
пəнаралық байланыс кезінде оқушылардың ойының тиянақталуына,
қиялдауына ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін
арттыруға жағдай жасалады. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың
шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда білім мазмұнының
122
123
тиімділігі, оқытудың тиімді əдістерін іздестіру жолдары пəнаралық
байланысты күшейтуге себебін тигізеді.
8.3. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
курсындағы пəнаралық байланыстың дүниетанымдық
қызметі
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы
пəнаралық байланыс – түрлі оқу пəндерінің арасындағы өзара
байланысын айқындау шарты жəне білім беру мен оқыту
талаптарының бірі. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
курсындағы пəнаралық байланыстың қажеттігі дүниенің бірлігін
бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру
міндеттерінен туындайды. Ол оқу пəндерінің топтары деңгейінде
табиғаттың, қоғамның, адамдардың өзара əрекеті жөніндегі
жетекші жəне жалпылама қағидаларды қамтиды. Оқу пəндерінде
қарастырылатын аталмыш қағидалар оларды білім беру мазмұнының
біртұтас жүйесінде біріктіреді. Бұл жерде қазіргі заманғы
педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық байланыстың
дүниетанымдық қызметі маңызды рөл атқарады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы
пəнаралық байланыс негізінде білімдер жүйеге келтіріледі,олардың
беріктігі қамтамасыз етіледі. Пəнаралық байланыс бірқатар оқу
пəндеріне ортақ негізгі қағидалар, ұғымдар, деректер, ғылыми
таным əдістері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы
пəнаралық байланысты жүзеге асыру барысында оқу материалының
қайталанбауы, тиімді орналасуы, мұғалімдердің бірлесе жұмыс
істеуі сияқты бірқатар педагогикалық ұйымдастыру мəселелері
шешіледі.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мəселелердің бірі –
біртұтас педагогикалық үдеріс кезіндегі сабақтарда пəнаралық
байланысты жүзеге асыру. Пəнаралық байланыстың ең негізгі
дидактикалық міндеті – оқыту үдерісінде білім беру, тəрбие беру,
дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пəнаралық
байланыс идеясы тарихи дамуда дəлелденіп, қазіргі педагогика
ғылымының, оның ішінде қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар курсындағы пəнді оқыту əдістемесінің басты
мəселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пəнаралық байланыс
– қазіргі заманғы ғалымдардың бірігу тенденциясы жағдайында
мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты
болып табылады.
Қазіргі педагогика ғалымында қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар курсындағы дидактикалық ұстанымдар білім
мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі.
Сол себепті оқыту үдерісіндегі пəнаралық жəне əр пəннің пəнішілік
байланыстылық ұстанымының да өздік маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдерінің пен бойынша
пəнаралық білімдері мен іскерліктерді игеруі – оқу үдерісін
пəнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы
пəнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен
дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар
дəлелдеген. Оқу үдерісі нəтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды
оқушының ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен
дағды пайда болды. Профессор Т. Сарыбаев оларды бірнеше топқа
бөлді.
1. Интелегентік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс
істеу, т.б);
2. Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек
құралдарымен істей білу, т.б);
3. Спорттық икемділік пен дағды;
4. Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу үдерісінің барысында оқушылар танымдық, тəжірибелік
мақсатты – бағдарлы іс-əрекеттермен шұғылданады. Осы іс-
əрекеттердің нəтижесінде оқушылар пəнаралық байланыс іскерлігі
қалыптасады.
А. Бейсенбаева «Пəнаралық іскерлік» ұғымын былай
тұжырымдайды:
«Пəнаралық іскерлік оқушылардың бір пəннен меңгерген
білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пəндерді меңгеруде
пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды». Бұл пəнаралық
іскерлік бастауыш сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше
қалыптасып дамиды. Яғни, пəнаралық іскерлік бастауыш сынып
124
125
оқушыларында жас ерекшеліктеріне сəйкес жəне олардың өзіндік
даму сипатына орай жасалады.
Бастауыш мектепте бейнелеу пəнін оқытудағы пəнаралық
байланыс, негізінен, бес пəннің байланысын қажет етеді. Ол
пəндерге музыка, еңбекке баулу, қазақ тілі, ана тілі, математика
жəне дүниетану жатады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Бастауыш мектептің оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың
маңызын сипаттаңыз.
2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы пəнаралық
байланыстың философиялық негізін айқындаңыз.
3. Бастауыш мектепте оқытылатын пəннің кез келген тақырыбы
бойынша пəнаралық байланыс қалай жүзеге асатындығын саралаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
– Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
2. Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии
обучения. – М., 1995.
3. Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до фило-
софии. – М.: «Сентябрь», 1996.
4. Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред.
Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.
5. Кукушкин В. С. Общие основы педагогики. – Ростов-на-Дону,
2000.
6. Левитес Д. Г. Практика обучения современные образовательные
технологии. – М., 1998.
7. Селевко Г. К. Авторские программы, педагогические
технологии, инновационные школы. – Ярославль: Изд-во ИПК
ПиРРО, 1997.
8. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –
Владивосток, 2000.
9. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ПƏНДЕРІНІҢ
НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА
СИПАТТАМА
Жоспар:
9.1. Бастауыш білім беру парадигмасы.
9.2. Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды
пайдалану мүмкіндіктері.
9.3. Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы
педагогикалық технологиялары.
9.1. Бастауыш білім беру парадигмасы
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды
дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Тəуелсіз ел тірегі – білімді
ұрпақ екенін ескерсек, бастауыш білім – үздіксіз білім берудің
алғашқы басқышы. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері
жас жеткіншектерді оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды кеңінен қолдана отырып, білімді терең жəне жан-
жақты игерудің жолдарын, əр пəннің ғылыми негіздерін меңгерту
мəселелерін, шəкірттің ойлау қабілеті мен шығармашылық əрекетін
дамыту сияқты ең ұтымды əдіс-тəсілдерді қолдану қажеттілігі
туындайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді
дамытудың негізгі үдерісі мамандар даярлау сапасын арттыру,
қарқынды
ғылыми-зерттеу
қызметімен
ықпалдастырылған
инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру
жəне техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі
білім беру саласындағы басты мəселе: əлеуметтік педагогикалық
ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің
тиімді жаңа əдістерін іздестірумен жəне оларды жүзеге асыра алатын
болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты – білім
алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға
болып қалыптасуына мүмкіндік жасау.
126
127
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты
мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін
халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына
сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби
шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-
əдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары
мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру,
тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару –
еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз
демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан
қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал
қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп,
ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын
мектеп шаңырағы қажет.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие
үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі,
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мəселелердің бірі.
Елбасымыз Н. Ə. Назарбаевтың «Қазақстан дамуының басты
бағыты» атты жолдауында: «Білім беру реформасы табысының
басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген
азаматы əлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман
болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде
əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол
жеткізуге тиіспіз», – деп атап көрсетіп, білім сапасын арттыру үшін
жауапты да ауқымды жұмыстар жүргізу керектігін айтқан. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесі дамытудың
мемлекеттік тұжырымдамаларында «Кез келген білім бағдарлама-
ның табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кəсіби
шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарында биік деңгейде
жүзеге асыруға ықпал етеді, ал кəсіби дəрменсіздігі құлдыратады», –
делінген. Елбасының «Ұлттық бəсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте
оның білім деңгейімен айқындалады», – деген байламы бүгінгі
мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан
халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп
жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен
бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді,
олар бейбіт, айбынды, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі əлемге əйгілі
əрі өз елінің патриоты болады», – деп көрсетілгендей, ертеңгі келер
күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға апаратын құдіретті күш-білімге тəн. Жас мемлекетіміздің
болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып,
олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған
негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мəселесі.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар:
білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік
желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар
даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім
алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа электронды
оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері
сөзсіз. Болашақта əр оқушы компьютерлік технология арқылы
интернет, электронды желі, электронды пошта арқылы дүниежүзілік
білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін, білімді толығымен
алуға, қажет ақпараттық мəліметтерді, ғылым саласына байланысты
озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі жағдайымен
танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай
сапалы білім беру жəне ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды
өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму
үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Болашақ ұрпаққа сапалы да саналы білім беру – қоғам талабы.
Жас ұрпақты осындай азамат етіп тəрбиелеу үшін оқу үдерісіне
көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізілуде. Ол өзгерістер
мен жаңалықтарды жүзеге асыратын ұстаздар қауымы. Мұның
өзі ұстаздарға асқан жауапкершілік пен ізденісті, білім беру
көкжиегіндегі жаңалықтарды еркін меңгере отырып, əлемдік
128
129
білім кеңістігіне енуге батыл қадам жасай алатындай болуды
талап етері сөзсіз. Ол үшін білім беру саласында оқытудың білім
технологиясын меңгерудің қажеттілігі туындайды. Ол мұғалімнің
интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық жəне
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына əсерін тигізеді.
Оқыту технологиясын таңдап іріктеу оқушының оқу-танымдық іс-
əрекетін басқарудың бір буыны десек, оны жүзеге асыратын – бүгінгі
мектеп мұғалімі.
Қоғамды алға апаратын күш – білім десек, болашақтың иегері
– жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың
қолында. Осы тұрғыда Назарбаев Университетінде елбасы
Н. Ə. Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты
лекциясында: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен
əлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы
қажет», – деген. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңының
7-тарау 5-бабында педагогикалық қызметкерлердің құқықтары мен
міндеттері айқын көрсетілген. Заңды құрметтей отырып, педагог
қызметкерлер өз міндеттері мен жауапкершілігіне сергек қарауы
қажет. Оқушы білімінің санасы, тəрбиесінің нəтижесі ұстаздың
кəсіби шеберлігі мен интеллектуалдық байлығына тіреледі. Беделді
ұстаз – мектептің жүрегі де тірегі. Оған жетудің бір ғана жолы: білім
мен білігіңді оқу арқылы толықтырып отыру.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың
рухани, ғылыми жəне шығармашылық қабілеті жоғары болған
жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген
мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Білімнің айрықша
басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан
туындайды. Өресі биік, білімдар адамдар мемлекеттің экономикалық
даму деңгейін айқындайды.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі — маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым
мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген
XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны
қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Дəстүрлі оқыту əдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт
деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тəжірибесі
көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған əдістемелік жүйенің
оқыту үдерісінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі
туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |