2.6. Инновациялық əдістердің классификациясы
Оқытудың
инновациялық
əдістерінің
классификациясы
мынадай топтарға бөлінеді:
1. Қатысушы саны бойынша;
2. Ұйымдастыру жері бойынша;
3. Оқу-танымдық қызметі бойынша;
4. Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша;
5. Компьютерді қолдану принципі бойынша.
Енді осылардың əрқайсысын жеке-жеке қарастырайық.
1. Қатысушы саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық, триада
жəне диада болып бөлінеді.
28
29
29
2. Ԝɣɵɦɞɚɫɬɵɪɵɥԑɚɧ ɠɟɪɿ ɛɨɣɵɧɲɚ
3. Ɉԕɭ-ɬɚɧɵɦɞɵԕ ԕɵɡɦɟɬɿ ɛɨɣɵɧɲɚ
ɂɦɢɬɚɰɢɹɥɵԕ
ɂɦɢɬɚɰɢɹɥɵԕ ɟɦɟɫ
Ɉɣɵɧ
Ɉɣɵɧ ɟɦɟɫ
Ɉԕɭ ɨɣɵɧ
Ɉɣɵɧ ɪԥɫɿɦɞɟɪɿ ɠԥɧɟ
ԥɞɿɫɬɟɪɿ
ȱɫɤɟɪɥɿɤ ɨɣɵɧ
Ɉɣɵɧɧɵԙ ɠɚԑɞɚɣɵ
Ȼɟɥɫɟɧɞɿ ɪɟɠɢɦɞɟɝɿ
ɬɪɟɧɢɧɝ
Case-study
ɌɊɂɁ
Ɉɣɵɧ ɪԥɫɿɦɞɟɪɿ ɠԥɧɟ
ԥɞɿɫɬɟɪɿ
Ȼɟɥɫɟɧɞɿ ɪɟɠɢɦɞɟɝɿ
ɬɪɟɧɢɧɝ
Ɉɣɵɧɧɵԙ ɠɚԑɞɚɣɵ
ȱɫɤɟɪɥɿɤ ɨɣɵɧ
Ɇԥɫɟɥɟ ɛɨɣɵɧɲɚ ɞԥɪɿɫ,
ɞԥɪɿɫ-ɩɪɟɫɫ-
ɤɨɧɮɟɪɟɧɰɢɹ
Ⱥɭɞɢɬɨɪɢɹɥɵԕ
Ⱥɭɞɢɬɨɪɢɹɥɵԕ
ɟɦɟɫ
ɀɨɥɫɚɩɚɪɥɵ
ɗɤɫɤɭɪɫɢɹɥɵԕ
4. Ԕɚɬɵɫɭɲɵɥɚɪɞɵԙ ɿɫ-
ԥɪɟɤɟɬɬɟɪɿɧɿԙ ԛɥɝɿɥɟɪɿ ɛɨɣɵɧɲɚ
Ԥɪɟɤɟɬɬɟɪɞɿԙ ɠԥɧɟ ɩԥɧɞɟɪɞɿԙ ԥɪ-
ɬԛɪɥɿ ɛɟɥɝɿɥɟɪɿ ɛɨɣɵɧɲɚ
ɫɚɪɚɩɬɚɦɚ ɠɚɫɚɭ
ɇɵɫɚɧɞɚɪɞɵ ɠɨɛɚɥɚɭ ɠԥɧɟ
ɤɨɧɫɬɪɭɤɰɢɹɫɵɧ ɠɚɫɚɭ
Ʉԧԙɿɥ ԕɚɛɿɥɟɬɬɿɥɿɝɿɧɿԙ, ɨɣɥɚɭ
ɬɟɡɞɿɝɿɧɿԙ ɞɟɦɨɧɫɬɪɚɰɢɹɫɵ ɠԥɧɟ
ɬɪɟɧɢɧɝ ɚɪԕɵɥɵ ɞɚɦɵɬɭ
Ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤ-ɩɫɢɯɨɥɨɝɢɹɥɵԕ, ɛɚɫ-
ԕɚɪɭ, ɡɟɪɬɬɟɭ ɠԥɧɟ ɢɧɠɟɧɟɪɥɿɤ-
ɠɨɛɚɥɚɭ ɟɫɟɩɬɟɪɿɧ ɲɵԑɚɪɭ
Ʉɟɥɿɫɩɟɭɲɿɥɿɤ, ɛɚɫԕɚɪɭ
ɠɚԑɞɚɣɥɚɪɵɧɞɚԑɵ ԥɪɟɤɟɬɬɟɪɞɿԙ
ɬɚɤɬɢɤɚɫɵɧ ɬɚɥɞɚɭ
Ԕԝɪɵɥɵɦɞɚɪɞɵ ɠԥɧɟ ԛɞɟɪɿɫɬɟɪɞɿ
ɨԙɬɚɣɥɚɧɞɵɪɭ
30
31
2.7. Инновациялық технологиялар жəне олардың
өлшемдері
Педагогикалық
инновациялар
мағынасына,
мазмұнына,
нəтижесіне қарай екі түрге бөлінеді:
- білім беру жүйесіндегі инновациялар;
- оқу
тəрбиелеу
жұмысының
жоспарлары
мен
бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын
инновациялар.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің
ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын
меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет.
Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының
белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында
да əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру
барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады.
Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы
қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне
негізделген əдістер.
Отандық дəстүрлі педагогика тəжірибесінде оқыту əдістері үш
топқа бөлінеді:
Олардың өздері төмендегідей топтамаларға бөлінеді:
XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кəсіби
бейімделуін қалыптастыру мəселелері – кезек күттірмейтін өзекті
қоғам талабы. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға
даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
жасалды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа
инновациялық
педагогикалық
технологияларды
қолдануға
даярлықты қалыптастыру мына өлшемдер арқылы жүзеге асады:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптас-
тыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру,
құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кəсіби
шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы
көруі, ұрпақ тəрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кəсіби
жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-
əрекетке ұмтылу əрекеттері кіреді.
Мазмұндық
өлшемдеріне
болашақ
маманның
жалпы
мəдениеттілік дайындығы мен мəндік əдіснамалық дайындығының
32
33
деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас
білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары,
мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен
қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үдерістің теориялық
негіздерін жəне жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін
меңгеруі, педагогикалық іс-əрекет теориясының негіздерін білуі,
білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда
инновациялық іс-əрекеттің көбіне нəтижелі болатындығын сезіне
алуы жатады.
Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға
бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана
алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық
педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері
болашақ маманның білімгер мəртебесінен оқытушы, ұстаз
мəртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік
іс-əрекетті жүзеге асырудың жаңа əдіс-тəсілдерін пайдалана
алуларымен ерекшеленеді.
Танымдық өлшемдері болашақ маманның əлеуметтік кəсіби
қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кəсіби жүзеге
асырудың нəтижелі əдіс-тəсілдерін пайдалануымен, инновациялық
педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді.
Оған болашақ маманның əлеуметтік кəсіби қоршаған ортаны біліп
тануы, кəсіптік білімін өз тəжірибесінде қолдана білуі, инновациялық
педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.
Іс-əрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кəсіби
іс-əрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы жəне
педагогикалық қарым-қатынастық үдерісті тиімді жүзеге асыра
алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пəнін жете меңгеруі,
біртұтас оқу-тəрбие үдерісінің психологиялық, педагогикалық
негіздерін білуі, педагогикалық үдерісті жоспарлап, жүзеге асыра
алуымен өлшенеді.
Технологияның өлшемдері оқытудың əдістемелік мақсаттары,
оқыту үдерісі, оның міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нəтижесін
болжай алуы жəне психологиялық-педагогикалық білімдерді
меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-
тəрбие үдерісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен
ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас
педагогикалық үдерісті диагностикалай алуы жəне сабақтың
нəтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны
таңдай алуы қажет.
Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті,
шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-
ізденушілігін дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми
зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге,
жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық əдіс-тəсілдерді
қолдануға өзіндік (авторлық) жаңалықтар, өзгерістер енгізумен жəне
жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Осы аталған көрсеткіштердің əсерінен білім, кəсіп, іскерлік, іс-
əрекет, игеру, нəтиже құралады. Білім жалпы, кəсіби, техникалық,
арнайы білім болып бөлініп кəсіппен ұштасады. Ал кəсіп – мамандық
таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кəсіп иесі болу үшін
іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кəсіп, тəжірибе, ізденушілік,
өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін
іс-əрекетті меңгеру қажет. Іс-əрекет əрекеттен, операция, қимыл-
қозғалыстан тұрады. Барлық үдеріс байланыса орындалғаннан соң
нəтиже көрсеткіші пайда болады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Инновация» ұғымына түсінік беріп, инновацияның түрлерін
сипаттаңыз.
2. Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлеріне сипаттама
беріңіз.
3. «Инновациялық технологиялар» ұғымына сипаттама беріп,
инновациялық технологиялардың өлшемдерін саралаңыз.
4. Инновацияның көлемділігі нені тудырады?
5. Хонерин инновацияны қандай түрлерге жіктейді?
6. Владимир Мужич, Зита Главашкина инновацияларды қалай
бөледі?
7. 5-6 сұрақтар бойынша анықталған инновация түрлерін кесте-
ге сипаттап жазыңыз.
Инновация түрі
Сипаттамасы
Ұсынылатын əдебиет:
1. Бұзаубақова К. Ж. Инновациялық технология. – Алматы,
2009.
2. Кларин М. В. Инновации в мировой педагогике. – Рига:
Эксперимент, 1998.
34
35
3. Оқытудың инновациялық əдістемелері мен технологияларын
жоғары оқу орындарында қолдану тəжірибесі. Оқу-əдістемелік
құрал. – Құрастырушылар: Тұрғынбаева Б., Əлімов А. Қ. – Алматы,
2011.
4. Цукерман Г. А. Инновации в мировой педагогике. – Рига:
Эксперимент, 1998.
5. Инновационное обучение: Стратегия и практика. /Под ред.
Ляудис В. Я. – М., 1994.
6. Роджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі,
№4, 2006
7. Нағымжанова Қ. М. Инновациялық оқыту жағдайларындағы
мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. –
Өскемен, 1999.
8. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын
көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
3. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ГЕНЕЗИСІ МЕН ТАРИХИ ДАМУЫ
Жоспар:
3.1. Педагогикалық технологияның даму генезисі.
3.2. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы.
3.1. Педагогикалық технологияның даму генезисі
Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, əдістер, технологиялар
ғана емес, педагогикалық үдеріс элементтерінің бірлігінің немесе
жеке элементтерінің білім беру мен тəрбиелеудегі белгілі міндеттерді
тиімді шешу жолы болып табылады.
Технологиялардың пайда болуы ең алдымен əртүрлі теориялық
жəне тəжірибелік іс-əрекет аймақтарына техникалық прогрестің
енуімен байланысты. А. С. Макаренко бүкіл əлемдік танымал
«Педагогикалық поэмасында»: «Біздің педагогикалық өндірісіміз
ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, əрқашан
рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті
ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері
жоқ: технологиялық үдеріс, операциялар есебі, конструкторлық
жұмыстар, құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер,
теріске шығару», – деген.
Оқыту үдерісін технологияландыру туралы пікірді осыдан
400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан, оның пікірінше, оқыту
«технологиялық» болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені
оқытса да оқу үдерісі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат
қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды
қолданудың ережелерін табу маңызды болды.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық
құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда «білім берудегі
технология» термині пайда болды. Бұл көбіне оқу үдерісінде
техниканы пайдалануға байланысты да болды.
60-шы жылдарда америкалық жəне батыс Европалық білім
берудегі реформаларға байланысты «оқу үдерісінде межеленген
білім нəтижесіне қалай жетуге болады» – деген мағынасын беретін
«педагогикалық технология» термині пайда болды. Ал дидактикалық
36
37
технологияның мəселелері біздің заманымыздың екінші жартысында
техника мен технологияның қарқынды дамуы нəтижесінде пайда
болды. Оқыту технологиясы, яғни, кеңірек айтқанда педагогикалық
технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру əдістері мен құралдарының
табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола
алатын əлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып
табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен
дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мəні
түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мəселесіне
арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев,
Т. Т. Галиев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын
техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген түсініктен бастап
педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін
түрліше пікірлер айтылған.
М. П. Сибирская бойынша «əдістеме» мен «технологияның»
салыстырмалы сипаттамасын қарастырады.
Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту əдістемесі
жəне тəрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер
«əдістеме» ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың
əдістері жəне тəсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік
белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез келген
педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог
маманның іс-əрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді
шешіледі.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы
алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін
оқытудың əдіс, құрал жəне түрлерінің жүйесі болып табылады.
Қажетті мазмұнды, тиімді əдістер мен құралдарды бағдарлама мен
қойылған педагогикалық міндетке сəйкес іріктей білу мұғалімнің
педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан
«технология» technе – өнер, шеберлік жəне logos – ғылым, заң, яғни
технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге
болады.
Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын
жəне маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогика-
лық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-
педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның
бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны
болғанын айқындайды.
И. Г. Песталоццидің педагогикалық маңызды мəселенің бірі
«Əрбір арнайы даярланған мұғалім кез келген оқушыны оқытып,
тəрбиелей алатындай білім берудің «тетігін» жасауы қажет
деуін оқытуды технологияландыру деп түсінген жөн. Сондай-ақ,
жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысындағы С. Т. Щацкийдің,
Н. И. Попованың, В. Н. Сорокин-Росинский технологиялары соны
құбылыстар деуге тұрарлық. Əр түрлі тұжырымдамалық негізге
құрылған мұндай технологиялар ортақ жалпы педагогикалық
ұстанымдарды басшылыққа алды. Олар: əр бала өмірін жəне
еркіндігін құрметтеу, оқушы тұлғасын шығармашылықпен дамыту,
оны əлеуметтік мəнді əрекеттерге қатыстыру нəтижесінде əржақты
дамыған тұлға қалыптастыру ұстанымдары.
Ю. Н. Кулюткин кəсіпкер ұстаздың іс-əрекетіндегі «мөлшерлік
шығармашылық белсенділікті» арақатынасы мазмұны мен мəнінен
бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер «іс-
əрекеттің немқұрайлы іс-əрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың
шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа
педагогикалық ойлар жəне оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі»,
– дейді.
М. С. Левит: «Кəсіби жұмыс технологиясын меңгермеген педагог,
оқытудың стратегиясы мен тактикасы жайлы білімді қайдан алу
керек екенін білмейді. Тек жоғары дəрежедегі шығармашылықпен
ғана берілетін еркіндік сезімін түсіне алмайды», – деген екен.
В. П. Беспальконың айтуынша, əрбір іс-əрекет не технология,
не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология –
ғылым негізінде құрылған. Өнерден бəрі басталады, технологиямен
аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге
болмайды. Экспромтқа қарама-қарсы, интуиция бойынша əрекет
етуден жоспарланған технологиялық іс-əрекетке көшу болып
табылады.
Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы
жылдардың басына жатқызады жəне оны алғашында американдық,
ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады.
Шетелдегі педагогикалық қазіргі заманғы технологияларды
зерттеуде неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл,
Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдниев, Н. П. Раченко,
Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики жəне басқалардың
ғылыми еңбектерінде көрсетілген.
38
39
Бастапқыда көрсетілген педагогтер оқыту технологиясы, оқу
технологиясы жəне педагогикалық технология арасында өзгешелік
қоймады. «Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға
байланысты қолданылады, ал оқу технологиясы өзі техникалық
құралмен оқытуды түсіндіреді. Бүгін педагогикалық технологияны,
педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты, педагогтің
зерттеу іс-əрекеті ретінде немесе алдын ала жобаланған
педагогикалық үдерістің тəжірибеде тұрақты жəне жалғастырмалы
шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы
мұндай көріністер былай анықталады:
- өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы жəне бай
тəжірибесі бар мамандардың əр түрлі таңдаулы педагогикалық тех-
нологияларды дайындау мүмкіндіктері;
- мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау
мүмкіндіктері, мұғалім жəне оқушылар іскерліктерінің өзара
мүмкіндіктерімен жəне шарттарымен байланысты.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық іскерліктердің
жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау жəне нақты өндіру. Сонымен,
педагогикалық үдеріс белгілі жүйе қағидаларында құрылатын
болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы жəне ішкі болып
бөлінеді. Осы қағидаларды жалғастырмалы орындау олардың
объективті қарым-қатынасында жəне педагогтің тұлғасын толық
көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қоршаған орта мен оның қарым-қатынастарына қатысты
балаға ғылыми негізделген əсер ету. Н. Е. Щуркова бұл жағдайда
педагогикалық технология тек қана тəрбиелік жұмысқа қатысты
болады жəне өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды.
Педагогикалық технология бұл көзқарастан – табиғи жəне тепе-тең
педагогтің іс-əрекеті жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды.
Психологиялық-педагогикалық жəне оның жоғары руханилығы
деңгейінде қазіргі заман мəдениетімен байланыста болады.
Педагогикалық
технологиялар,
оқыту
технологиялары
(дидактикалық технологиялар) жəне тəрбиелеу технологиялары
ретінде қарастырылуы мүмкін. В. В. Ликан бұл технологиялардың
неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:
- технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның
негізінде автордың белгілі əдіснамалық философиялық ұстанымы
жатады. Осылайша, білім беру үдерісінің технологиясы жəне жеке
тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;
- педагогикалық іс-əрекеттердің технологиялық тізбегі опе-
рациялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы
қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сəйкес тізбектеледі;
- диалогтық қарым-қатынас адами жəне технологиялық
мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау жəне саралау қағидаларын
негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара
қарым-қатынасты іс-əрекетін технология қарастырады;
- педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез
келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал екінші жағынан қарағанда
барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік
стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;
- педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі бо-
лып табылатындар – диагностикалық процедуралар, іс-əрекеттер
қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері жəне ережелер, белгілі
ұстанымдар.
Педагогикалық
технология
педагогикалық
шеберлікпен
өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы
меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология жəне шеберлік
қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық
технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің
тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана
технология əр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны
іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі
жəне кəсіби іскерлігі көрінеді.
Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру əдістемесімен
салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-əрекетін ұйымдастыру
тəсілдері жəне мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық
білім маңыздылығын жəне оқыту үдерісінің қасиеттерінің жалпы
оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті
бақылауын қажет етеді.
3.2. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы
Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын
тəрбиелеу рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін
қадірлейтін ұрпақ болашақ тірегі бола алады.
40
41
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тер-
бетер, баптап өсірер тəрбие керек. Ұрпақ тəрбиесі – ел алдындағы
маңызы зор міндет.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мəдени дамуына үлес
қосатын, əлемдік инновацияға көтерілетін білімді де мəдениетті,
парасатты, денсаулығы мықты азамат тəрбиелеп шығару – мектептің,
ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тəрбиесі қай
кезде де халықтық мəселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары
бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған
аса маңызды міндет – талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару.
Ал еш нəрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны
педагогикада дəлелденген.
Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты бастауыш
сыныптан бастап жүргізу керектігі айдай анық.
Жеке тұлға қалыптастыруда əр оқушының қабілетін танып,
біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дəрежесін көтеру керек
жəне жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мəдениетті
көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы
намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-əрекеттерге сын көзбен
қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз
ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тəрбиелеу.
Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша əдіс-
тəсілмен жүргізуіміз керек. Бірақ мектептің түрін өзгерткеннен
(гимназия, лицей, т.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.
Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы баланың
талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тəрбие,
салт-дəстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға
қалыптастыруға бағытталу керек.
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп,
білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім
беру құрылымында қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
өмірге келуде.
Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
алдымен жете меңгерген, одан соң оны оқу мазмұнына балалардың
жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайдаланудың
маңызы зор. Педагогикалық технология ұғымы іс-тəжірибемізде
жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі,
шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык
технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық
құралдарының жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті – деп
В. Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тəжірибеде
жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы
педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан
əдістер құралдарының жиынтығы.
Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны
дамыту приктикада пайдалану. Педагогикалық технологияның
негізі – саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы білімді меңгеру деңгейін
төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей – міндетті деңгей,
қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.
Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім
берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда,
педагогикалық технология – оқушының шығармашылықпен терең
ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен
тəрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Мектептің ескі құрылысы мен білімнің жаңа мазмұны
арасындағы қарама-қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап,
білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін
адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тəрбиелеу.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру
деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен
салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы педагогикалық
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп
тіреледі.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің тəжірибесі экономи-
ка, ғылым мен мəдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті
екендігін көрсетіп отыр, ендеше қазіргі заманның ақпараттық
технологиясын меңгеру міндетіміз.
42
43
Оқыту технологиясы – бұл оқытудың тиіміділігін арттыру
мақсаты мен білім беру үдерісін зерттеу негізінде оқу үдерісін
жүзеге асыру жəне бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тəсілі. Оқыту
технологиясы педагогикалық əдістерге негізделген.
1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық
технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология» дегені-
міз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық
жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын
əдіс-тəсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
Педагогикалық технология – оқыту үдерісін жобалау,
ұйымдастыру формасымен анықталады.
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері – қойылған
мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үдерісін
құрастыру жəне оны жүзеге асыру. Оқытылатын пəн мазмұны,
мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-əрекеті, оқушының ішкі
даму үдерісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық
технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанның тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында
орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан
үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың
жəне бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үдерісін
технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
XX ғасырдың 80-жылдары Ресейде жаңашыл – мұғалімдер топ-
тары қалыптасады, олардың əрқайсысы баланы оқыту, тəрбиелеу
жəне дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы
нəтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері
болады. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тəсілдерін жеңілдету
жəне жандандыру, танымдық іс-əрекеті (сүйеніш кескіндер,
сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу жəне т.б.
аса айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер
позициясының бағытын авторитарлықтан демократиялыққа, ізгілік
бағытқа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға болады, бұл
жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.
Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен
Ш. А. Амонашвилиді – бастауыш сынып оқушыларын эксперимен-
талды жаңашалап оқытуды атау керек. Ш. А. Амонашвили өзінің
эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасының
жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы оқытудың
бір реттік əдістемесі оның педагогикалық іс-əрекетінің өзіндік
қорытындысы, оның негізгі идеясы «О начальной ступений
образования, построенного на принципах гуманно-лияностной
педагогики» деген еңбегінде баяндалған.
Академик М. П. Иванов – коммунарлық тəрбие əдістемесінің
ұжымдық істің əдістемесінің авторы қазіргі жағдайда
А. С. Макаренконың идеясын дамыта түскен жаңашыл педагог.
Жаңашыл педагогтың тəжірибесіндегі басты əдістемелік ерекшелігі
ұжымдық еңбек ісіндегі тұлғаның субъективтік позициясы.
Кеңес одағының Халық мұғалімі В. Ф. Шаталов дəстүрлі класс-
сабақ тəсілімен оқытудың əлі де болса ашылмай жатқан орасан
зор қорын көрсетіп, оқытудың интенсивтендірудің технологиясын
жасап, практикаға енгізеді.
В. Ф. Шаталовтың əдістемелік жүйесі əрбір оқушыны оқу іс-
əрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты
тəрбиелеуге, əрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің
күші мен қабілетіне сенімділігін нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл-педагог И. П. Волков шығармашылықты дамытатын
оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырды. Осыған сай
тұлғаның қабілеттілігі баланың оқудан тыс іс-əрекетінің еркін болуы
негізінде бірізді қалыптасады.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қазақ тілі
пəнінің мұғалімі Қ. О. Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық
педагогиканы жүзеге асырады. Ынтымақтастық педагогикасын
адамгершілік педагогикасы ретінде қарастырады. Қазіргі білім
беру технологиялары санатындағы дамытатын жетілдіретін оқу
технологияларын көрсеткен жөн (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов,
Л. В. Занков, Г. С. Альтшуллер жəне т.б.).
Республика мектептерінде 1989 жылдан бастап атаулы
мектептерді ашу кезеңі басталады. Олардың ішінде, СССР халық
мұғалімі, қазақ тілі мен əдебиет мұғалімі Айтқалиев Құсайын
Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнер
мектебі, биология пəнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьеваның
мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина Яковлеваның
мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен
əдебиет пəндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі.
Республикалық деңгейдегі атаулы мектептердің мақсаты тұлғаның
44
45
өзін-өзі көрсетуге, оқытудың бірегейлі жəне тиімді «технологиясын»
іздеуге қолдау жасау болады.
Морин Монтессордың (1870-1952) мектебі ақыл-ойды
саусақтардың өте нəзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мəнерлі
ырғақтарымен интенсивті сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға
негізделген. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік «Элко»
корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептің
оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан
бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мəдениеті,
ерікті қозғалыс пəндерінен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пəндер
макеттендіру, модельдеу, хор, бал билері, гүл өсіру, сахна өнері
көбірек өткізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тəрбиелеу
деңгейі жеке бағаланады.
С. Ферне (1896-1996) мектебінің əдістемелік тəсілдері
біздің республикамызда, əсіресе бастауыш кластарда көптеген
мектептерде қолданылады. С. Ферненің əдістемесі баланың өзінің
жеке тəжірибесіне негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тəн
қабілетті оның өзі, өз бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл
тұжырымдаманың практика жүзінде жүзеге асуына «ерікті тестер»
мен «мектеп типографиясы» қызмет етеді.
Инновациялық мектептер дəстүрлі жəне сонымен қатар жаңа
міндеттерді қазіргі деңгейге сай шеше алатындығын дəлелдейді,
оқушы тұлғасының мəдени, адамгершілік дамуының негізі
болатындығын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |