Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Шаталов В. Ф. Эксперимент продолжается. – М.: Педагогика,
1989.
2. Шаталов В. Ф Учить всех, учить каждого. – М.: Педагогика,
1989.
3. Шаталов В. Ф Педагогическая проза. – М.: Педагогика, 1989.
4. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. Алматы, 2005.
5. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
6. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
7. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
8. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П.Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К.Д.Ушинского, 2002.
9. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии.- М.:
Народное образование, 1998.
10. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990.
190
191
12. ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУ ЖƏНЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕГІЗІНДЕГІ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
12.1. Интербелсенді оқыту технологиясы.
12.2. Нысаналы оқыту технологиясы.
12.3. Деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев).
12.4. Деңгейлеп дифференциялау технологиясы.
12.5. Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко Ривин).
12.6. Топтық оқыту технологиясы.
12.7. Компьютерлік оқыту технологиясы.
12.1. Интербелсенді оқыту технологиясы
Мұғалім мен оқушының интербелсенді шығармашылығы
шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің
маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан əдістемелік инновациялар
оқытудың интербелсенді əдісімен байланыстырылған.
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің
қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып
табылады.
«Интербелсендінің»
негізгі
сипаттамалары
қандай?
Интербелсенді оқыту – бұл танымдық əрекеттің арнаулы ұйымдас-
тыру формасы. Ол толық айқындалған жəне мақсатын алдынала
болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы
өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу
барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын
жасау. Интербелсенді оқытудың мəнісі сыныптағы барлық оқушы
таным үдерісімен қамтылады, олар өздерінің білетін жəне ойлайтын
нəрселері арқылы түсінуге жəне қарсы əсер етуге мүмкіндік алады.
Таным үдерісінде, оқу материалын игеруде оқушылардың біріккен
əрекеттері мынаны білдіреді: əр оқушы өзіне тəн ерекше еңбегін
сіңіреді, білім, идея, əрекет ету тəсілдерін алмасу үздіксіз жүреді.
Сонымен қатар, бұл үдеріс өзара қолдау жəне қайырымдылық
атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды,
танымдық үдерістің өзін дамытады, оны əлдеқайда жоғары топтасу
мен еңбектесу дəрежесіне көтереді.
Сабақтағы интербелсенді əрекет өзара түсіністікке, өзара
əрекетке, қатысушының əрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге
алып келетін – ұйымдастыру жəне сұхбаттасып қарым-қатынас
жасауды дамытуды ұсынады.
Интербелсенділік бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің
басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту
барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі
жағдайды талдау негізінде күрделі мəселелерді шешуді, балама
көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды,
дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас
жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық жəне топтық
жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар
қолданылады, құжаттармен жəне түрлі ақпарат көздерімен жұмыс
жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Интербелсенді оқыту формаларына нені жатқызуға болады?
Бүгінгі күні əдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың
көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары
– «үлкен шеңбер», «аквариум», «миға шабуыл» (мозговой штур),
«дебаттар». Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде
алған тəжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір
мəселе толығымен талқыланатын болса ғана, интербелсенді оқыту
формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын
тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Талқыланатын
мəселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.)
сұрақтардан мəселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай
болу керек.
Интербелсенді оқу технологиясы (ИОТ) деп нəтижесінде оқу
əрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық,
эмоциялық жəне басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну
ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық əсерлі
танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім
мен оқушының іс-əрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру
тəсілдерін айтамыз.
Оқу үдерісін басқару жəне білім алушыларға дидактикалық
материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік жəне ақпараттық
коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы
жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз
192
193
ету, білімнің электрондық банкілері жəне оқытудың интерактивтік
мультимедиялық құралдары қолданылады.
ИОТ-сын пайдалану əр оқушының іс-əрекетін сабақтастыруға
(өзара əсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы,
мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар – оқушылар, топ
– топ, топ – оқушы), оның оқу əрекетін жəне тұлғалар арасындағы
танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге
болады:
пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады
(тыңдау жəне көру);
активті (белсенді) оқушы оқытудың «субъектісі» болып
шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-
практикалық жұмыс);
интербелсенді – inter (өзара), akt (əрекеттесу). Оқыту
барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап,
оның субъектілерінің бəрі өзара қатынасқа түседі. Əр оқушының
жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-
бірімен сөйлесу жəне өзара əрекеттесу барысында жүзеге асады.
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуация-
ларды моделдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мəселені бірлесіп
шешуді қарастырады. Оқу үдерісінің қандай да бір қатысушысын
немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару
сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл модельге адамгершілікпен,
демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интербелсенді
оқыту
–
бұл
танымдық
қызметті
ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол əбден нақты əрі болжамды
мақсаттарды білдіреді. Мұндай мақсаттардың бірі – тыңдаушы
өзінің ақыл-парасатының толымдылығын сезінетіндей қолайлы
жағдай жасау, бұл оқу үдерісінің өзін өнімді етеді.
Интербелсенді əдістер оқу қарым-қатынастары ортасын құрады,
ол:
ашықтықпен;
қатысушылардың өзара əрекеттестігімен;
қатысушылардың дəлелдерінің теңдігімен;
бірлесе білім жинаумен;
өзара бағалау мен бақылау мүмкіншілігімен сипатталады.
Негізгі интербелсенді əдістер
Шығармашылық тапсырмалар
Шағын топтарда жұмыс істеу
Үйретуші ойындар
Рөлдік ойындар, еліктемелер
Іскерлік ойындар жəне білім
беретін ойындар
Қоғамдық ресурстарды
пайдалану
Əлеуметтік жобалар жəне
аудиториядан тыс оқыту əдістері
Жаттығулар
Жаңа
материалды
зерделеу жəне
пысықтау
Интербелсенді
дəріс, көрнекі
құралдармен,
бейне жəне
дыбысты
материалдармен
жұмыс
Күрделі жəне
таласты
сұрақтар мен
мəселелерді
талқылау
«пікірлер
шкаласы
ұстанымын
ұстан»
Жобалау тəсілдері
«Жалғыз – екеулеп – бəрі бірге»,
«Карусель», «Теледидарлық
ток-шоу стиліндегі пікірталас»,
талқылау, симпозиум
Жаңа материалды зерделеу
жəне пысықтау
Интерактивті дəріс, көрнекі
құралдармен, бейне жəне
дыбысты материалдармен жұмыс
Мəселелерді шешу
«Шешімдер ағашы»
«Миға шабуыл»
«Шырмауды шешу»
«Келіссөздер жəне медиация»
Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара əрекетіне негіздел-
ген, оқу үдерісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын
оқыту үдерісін ұйымдастыру.
194
195
Интербелсенді оқыту технологиясына кіретіндер:
жұптасып жұмыс істеу;
ротациялық (ауыспалы) үштік;
карусель – Айналмақ;
миландыру /Мозговой штурм/;
броундық қозғалыс;
шағын топтармен жұмыс;
аяқталмаған сөйлем;
есептеу ағашы /Дерево решений/;
сығымдау əдісі /Метод пресс/;
өз атынан сот /Суд от своего имени/;
азаматтық тыңдау;
рөлдік /іскерлік/ ойын;
өз позицияңды ұстан;
дискуссия;
дебаттар.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде интербелсенді оқыту
технологиясын тиімді пайдалану.
Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі.
Əр бастауыш сынып мұғалімі өз бетінше сыныппен жұмыстың
жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ
қойып, оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу əдісін
сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы: бастауыш сынып оқушыларына «Карусель» деп
аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды. Екі сақина жасалады:
ішкі жəне сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған
оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар əрбір 30 секунд сайын ауысып
тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып
шығады жəне əрқайсысы өзінің дұрыстығына əңгімелесушінің көзін
жеткізуге тырысады.
Аквариум технологиясының мəні – бірнеше оқушы шеңбер
ішінде ситуацияны жасырады /разыгрывают/, ал қалғандары оларды
бақылап тұрып əрекеттеріне талдау жасайды.
Броундық қозғалыста бастауыш сынып оқушылары бүкіл сынып
ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып оқушылары бірдей 3 немесе 4 топқа
бөлінеді. Əр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті
тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын
ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.
«Өз позицияңды ұстан» – деп аталатын интеграцияның да
пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан
кейін бастауыш сынып оқушылары «Иə» немесе «Жоқ» деген
аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз
позицияларын түсіндіргені дұрыс.
Оқыту концепциясы мен технологиялары
Оқыту барысында, кем дегенде мазмұндық (нені оқыту),
үдерісуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар əрекетін
қалай белсенді етуге болады) жəне ұйымдастыру (оқушы мен
мұғалім əрекетінің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп
қарауға болады. Осы жақтардың əрқайсысына бірқатар концепция
сəйкес келеді.
Мазмұндық жағына – мазмұнды қарым-қатынас, оқу
материалын күрделендіру, оқу пəндерін кіріктіру /интеграция/,
дидактикалық бірліктерді ірілендіру жəне т.б.
Үрдісуалдық
жағына – программалау
концепциясы,
проблемалық, интербелсенді оқыту, т.б.
Мотивациялық – оқу барысын мотивациялық қамтамасыз ету
концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Ұйымдастыру – гуманитарлық педагогика идеялары,
педагогикалық еңбектестік концепциясы, оқу пəніне «шолу»
(М.П.Щетини),
орталықтандырылған
(концентрированные)
оқыту, т.б. Осы концепциялардың бəрі өз кезегінде технологиямен
қамтамасыз етіледі. Мысалы, прблемалық оқыту концепциясы:
проблемалы-сұхбатасып
оқыту,
проблемалы-тапсырмалық,
проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік, проблемалы-
модульдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.
Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай
ситуацияның жиі қолданылатыны жəне ыңғайлы түрі оқу ойындары
болып табылады. М. В. Кларин, Ю. С. Тюнников жəне басқалар
ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар
педагогикада оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын, жаттығу
мен өңделуін, əркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі əртүрлі
оқушыларды ойынға тең дəрежеде қатыстыру нəтижелерін
көрсететін мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойындарда барынша
эмоциялық-тұлғалық əсер ету, коммуникативті біліктілік пен
дағдыны қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты
196
197
мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп
оқушыларының жеке жəне тұлғалық сапаларын тəрбиелеуге
қолайлы.
ИОТ-сын қолданатын оқыту үдерісінің құрылымында мына
кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау
кезеңі. Мұғалім жұмыс тəртібін ұсынады, оқушылармен бірге
сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу
проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар,
қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім
сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, рөлдерге,
ойын бөлімдеріне, ұпай санау тəртібіне (ойын таблосы құрылады)
тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен
ақылдасады, ойын барысы жəне мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын үдерісінің өзі жүзеге асады.
Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға жəне бағытын
өзгертуге хақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының əрекетін
бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара
жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған
қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті: ойын əрекеттерін,
нəтижелерін, ұпай санауды бақылау жəне түсініспеушілік болған
жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе
өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нəтижесін талдау, талқылау жəне
бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында
эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз по-
зицияларын жəне шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды,
таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары,
идеясы туралы əңгімелейді.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе
спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке
қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интербелсенді режимдегі
теледидар сабақтары жатады.
Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бір формасы
Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты.
Оқыту үдерісінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды.
Келесі кезең жеке-топтық оқыту əдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына
қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды.
Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту əдіс қолданылып, ол
қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-
сабақтық жүйенің авторы ретінде Я.А.Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары
мынандай:
- оқудың негізгі бірлігі сабақ;
- оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
- мектептегі оқыту кезеңі;
- сабаққа қатысу бəріне міндетті;
- сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып
жəне бəріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
- оқыту барысын мұғалім басқарады.
Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы
үлгісі.
Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай
технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ əр ұстазда
түрліше болып шығады. Кез келген сабақтың анық мақсаты болуы
керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай
классификациялайды.
- жаңа сабақ өту;
- дағды мен біліктілігін қалыптастыру жəне дамыту;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
- оқыту жəне білімді жүйелеу;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау жəне коррекциялау;
- кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан
соң калай жəне қандай əдіспен жүзеге асыратынын анықтайды.
Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады,
кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.
Қорыта келгенде, бүкіл оқыту барысында оның əртүрлі
жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология
қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде
бұл жағдай əрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір
технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана практикада
қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-ң бүтіндік принципі
198
199
бұзылады: бұл үдеріс əртүрлі технолгиямен жан-жақты қамтылуды
талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда
əсерлі болады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Интербелсенді» ұғымына түсінік беріп, интербелсенді
оқыту технологиясына сипаттама беріңіз.
2. Интербелсенді оқыту формаларын атаңыз.
3. Интербелсенді оқыту технологиясындағы оқушының іс-
əрекетіне сипаттама беріңіз.
4. Интербелсенді оқыту технологиясын жүзеге асыру əдістерін
саралаңыз.
5. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде интербелсенді əдістерді
пайдалану əдістемесін өңдеңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Абдуллина Г. Интерактивті оқыту – таным белсенділігінің
қазіргі бағыты. – Ұлт тағылымы, 2009, №2.
2. Айтмамбетова Б. Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен
тəжірибелері /23 лекция/. – Алматы, 1991.
3. Аймухамбетова С. А. Интерактивтые методы учебной-
деятельности. – Қазақстан жоғары мектебі, 2010, №1.
4. Əлімов А. Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында
қолдану. Оқу құралы. – Алматы, 2009.
5. Əлімов А., Қосанов Б., Базарбекова Р. Орта мектептің 2
сыныбында интербелсенді əдістемені қолдану. Əдістемелік құрал. –
Алматы, 2010.
6. Бағиева Ш. М. Интерактивті əдістер – өмірлік дағдыны
қалыптастырудың тетігі. – Білім, 2007, №6.
7. Имрамзиева С. Д. Интерактивные технологии обучения. –
Қазақстан кəсіпкері. Ғылыми-əдістемелік жарнал. – 2009, №8.
8. Маджуга А. Г., Шоманбаева А. О., Кабылбекова З. Б. Теория и
практика интерактивного обучения. – Шымкент, 2004.
9. Рысбаева А. Қ. Педагогикалық процесс субъектілерінің
табысты іс-əрекетіне интерактивті оқытудың ықпалы. Оқу құралы.
– Алматы, 2008.
12.2. Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге
келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде
түрлі-түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дəстүрлі
оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы
сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-
əрекетін басты форма етіп отыр.
Іс-əрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара əсерлесіп
үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту
мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-
əрекетін мұқият жоспарлауға көшті жəне оқушыларды зерттеп
үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі əдістерін қолдануда.
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы
болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын
емес. Ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей қоймайтыны
сөзсіз.
Сондықтан қазіргі сыныптық оқытуға үйлесетін, оқушыларды
зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икемді.
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүниежүзі
бойынша тəлім-тəрбие саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған
технологиялардың бірі.
Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған
елдер өздерінің білім беру саласында кеңінен қолданады. Нысаналы
оқыту технологиясы АҚШ педагог жəне психолог Блумның «Тəлім-
тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «игеріп оқу» теориясы
негізінде қорытындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда, нысаналы оқыту дегеніміз оқыту мазмұнын
нысаналандыру, жүйелендіру, ғылымиландыру жəне оны игерудің
əдіс-тəсілдерін жүзеге асыру, сол арқылы оқыту сапасын жан-жақты
көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның
«Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «Игеріп оқу»
теориясына қысқаша тоқтала кеткен жөн.
I. «Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы. Адам
өмірінде істелуге тиісті қандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші
болмасын қандай да бір нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дəл
200
201
сол секілді оқыту жұмысы да белгілі оқыту нысанасына жетуді
мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі
тəрбиелеп отырған оқушының болашақта қандай жетістікке жетуін,
қандай адам болу керектігін алдын ала анықтап алуы қажет. Осы
тұрғыдан келіп, оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана,
сана-сезім саласындағы нысана жəне əрекет шеберлігі (қабілет)
саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.
Таным саласындағы нысана дегеніміз оқушының үйренген
білімін есте сақтау жəне қайталау барысындағы ақыл-парасат пен
қабілеттің калыптасу нысанасын, яғни білім алу мен қабілетті
дамыту жағындағы нысананы көрсетеді.
Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылық, мінез, құндылық
көзқарасы, сондай-ақ бейімділік қабілеті жағындағы нысананы,
яғни ақыл-парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы
көрсетеді.
Іс-əрекет шеберлігі саласындағы нысана дегеніміз – меңгеру
жəне əрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.
Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша
тəртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан
көрінеді, Ол бұны АҚШ-тың тəлім-тəрбие ісіне мұқият зерттеу
жүргізу аркылы қол жеткізді, əрі бұл еңбегі Блумның əлемдегі
атағын да асқақтата түсті.
Бұрын жұрт бір адамның үйрену жағдайын тексергенде оның тек
алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындағы
нысанасы бес жақты (түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау)
қамтиды, яғни оқушылардың əр түрлі қабілеттерін жетілдіру
нысанасын алға қояды.
Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінің білім беру саласы
осы көзқарасты ұстанып, оқушылардың қабілетін жан-жақты
тəрбиелеуді дəріптеп келеді. Білім теориясы оқушыны бағалаудың
ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.
Бұл өлшем мұғалімдердің өзара тəжірибе алмасу қызметі мен
бағалау қызметін де алға бастырады.
Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы орнатылды. Блумның
таным саласындағы оқыту нысанасы бүгінгі күні көптеген елде
оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |