ІІ. «Игеріп оқу» теориясы. «Игеріп оқу» теориясы дегеніміз
сыныптық оқыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу жəне дер
кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру
жəне көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың
оқулық нысанасы белгілеген өлшемге жету тұрғысындағы теория.
Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:
- оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу;
- оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың
жақсы үйренуіне көмектесу.
«Игеріп оқу» теориясы өте өнімді оқыту тəсілі болып саналады,
оның ең өзекті мəселесі – көп санды оқушылардың айтарлықтай
үйрету нəтижесіне жете алмауы олардың ақыл-парасат жағындағы
кемістігінен емес, қайта, өз ерекшеліктеріне сай келетін үйрену
уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп
оларды лайықты үйрету шарт жағдайымен қамтамасыз ете алғаны,
басым көпсанды оқушылар оқытқан нəрселерді игере алады,
оқытудың міндеті тек қана оқушыларға оқыған пəнін игеруге
қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.
«Игеріп оқу» теориясының іс жүзіндегі маңызын мынадай
бірнеше жақтардан көруге болады:
1. Мұғалімнің оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне
мүмкіндік береді. Əрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына
сендіреді, мұғалім де оқыту үміті, оқушы да оқу сенімі болады.
2. «Игеріп оқудың» сəтті болу-болмауы оның «кері байланыс пен
толықтыру» барыстарының сəтті орындалу-орындалмауына байла-
нысты. Блум: дəстүрлі сыныптық оқытудағы ең басты қайшылық
– біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл
қайшылық кей оқушылардың үйрену қызығушылығын жояды, ал
дербес оқытудағы «дер кезінде кері байланыс орнату, толықтыру,
үйренуді дұрыс жолға салуды» сыныптағы оқытуға шеберлікпен
қолданса, қызықты оқыту ортасы қалыптасып, біліміне қарай оқыту,
барлық оқушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту
сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды.
«Игеріп оқу», «Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теория-
сы анықтаған оқыту нысанасына сай жүргізіледі. Бұл мұғалімнің
оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу
барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге,
қателіктерден сақтануға немесе түзетуге, оқушылардың ұқсамаған
сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.
4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша
202
203
баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату
құралына айналдырады.
Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға қысым түсіру емес,
қайта, табысқа жетудің шаттығын сыйлайды.
5. «Игеріп оқу» теориясы оқушылардың үйрену барысындағы
жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, əсіресе оқуда нашар
оқушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дəмін татуға
көмектесуге ерекше мəн береді.
Нысаналы оқыту барысы
1. Байқап көру жəне толықтау барысы. «Байқап көру» дегеніміз
оқушылардың жаңа білімді үйренуге қажетті даярлық білімін
тексеріп көру деген сөз. Толықтау дегеніміз – байқап көру негізінде
анықталған кемшіліктерді түрлі формалармен (оқулықты оқыту,
өзара пікір алмасу, түсінік беру) толықтыру барысын көрсетеді.
Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа
білімді үйрену оқып кеткен білім негізінде, оқушының тырысып
үйренуі арқылы орындалады, басқаша айтқанда, белгілі бір жаңа
білімді игеру үшін, сөзсіз даярлық шарты болуға тиісті.
Блумның көзқарасы бойынша, оқушының игерген білімі
оның жаңа үйренуіне 50% (пайыздық) ықпал жасайды. Міне, бұл
оқушының үйрену нысанасына жету-жетпеуі оның алған біліміне
байланысты екенін көрсетеді.
2. Нысананы көрсетіп түсінік қалыптастыру. Нысаналы
оқытудың ең басты ерекшелігі оқыту нысанасын белгілеп, оны
оқыту мазмұнының темірқазығына айналдыру.
Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан кейін бүкіл
бір сағаттық оқу қимылы сол темірқазықтың төңірегінде өрбиді.
Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының оқыту жəне оқу
қимылының əрі шығар жері, əрі тиянақтар жері болады.
Мұғалім мен оқушыда ортақ нысанаға жету сезімі болғандықтан,
сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде реттеліп, оқыту мен
оқу өзара сəйкестік табады.
Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту
барысында жеке-жеке көрсетілуі қажет.
Нысананы қосымша тақтаға алдын ала жазып əкеліп көрсетуге
де, сабақ үстінде жазып көрсетуге де немесе бейнемагнитофон, ко-
доскоп арқылы көрсетуге де болады. Нысананы көрсету уақыты
əдетте 1-2 минуттан аспауы керек.
3. Нысанаға жету. Жаңа сабақ өткізу – сынып оқытуының ең
өзекті мəселесі. Ол алдын ала жоспарланады да, нысанаға мұғалім
мен оқушы болып ортақ қимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған əдетте
19-20 минуттай уақыт кетеді.
Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау жəне бағалау
сынды барыстар бүкіл оқыту кимылының негізі болады. Сондықтан
мұғалім оқыту барысында саналы түрде оқушыларды нысанаға
карай жетектеп, нысана төңірегінде үйренуді ұйымдастыру арқылы
нысанаға жету үшін белсенді түрде ортақ қимылдауы қажет. Бұл
нысаналы оқытудың дəстүрлі оқытудан басты айырмашылығы
болып табылады.
Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі – кері байланыс пен
толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып
отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сəтті жүргізілсе, оқыту
барысында жасалған əрбір қадамның нəтижелілігін тексеріп, мұғалім
мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.
Сондықтан кері байланыс пен толықтыру оқыту барысын
меңгеру мен үздіктендірудің маңызды құралы болып саналады.
Оқыту нысанасының нақты мазмұнына жету мəселесіне келетін
болсақ, оған жаңа сабақ өту барысында əр түрлі оқыту формаларын
пайдаланып жетуге болады. Мысалы, «түсіну» мазмұнында
оқушыларға оқуға тиісті мазмұнды көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы
«түсіну» нысанасына жетуге болады; «есте сақтау» мазмұнында
оқушыларға лайықты уақыт бөліп оқытып, одан соң сұрақ қойып
жауап алу арқылы «есте сақтау» нысанасына жетуге болады;
«игеру» мазмұнында оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды
мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап,
қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; «қолдану,
талдау жəне жинақтау» нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар
қою, жаттығулар мен есептер беру арқылы жетуге болады.
4. Оқушы өзінің алған білімін мұғалім көрсеткен нысанаға
салыстыру арқылы жүйелеп есте сақтайды.
Мұғалім бұл барыста оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен
жерін түзеуіне көмектеседі жəне оқулықтың қай бөлігін тиянақтап
оқу керектігін, қосымша қандай материал қарау керектігін көрсетеді.
Əдетте бұған минуттай уақыт беріледі.
204
205
5. Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру. Оқушылардың
нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім əр түрлі сұрақтар
қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқылықтар байқалса,
толықтырулар жасауы қажет. Əдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.
Тапсырма беру. Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан
алғаш білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін,
даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. Бұған əдетте 1-2
минуттай уақыт ажыратылады.
Қорыта келгенде, «Нысаналы оқыту технологиясы» қазіргі
заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп
үйрену жəне өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жақсы үйлеседі.
Бұл оқыту технологиясының дəстүрлі оқытудан басты ерекшелігі де,
басты айырмашылығы да осында.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Нысаналап оқыту технологиясын сипаттаңыз.
2. Блумның «Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы
мен «Игеріп оқу» теориясына қыскаша шолу жасаңыз.
3. Нысана түрлерін сипаттаңыз.
4. Нысаналы оқыту əдістемесін саралаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
Алматы, 2005.
2. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
4. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
5. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д.
Ушинского, 2002.
6, Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
7. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990.
12.3. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
(Ж. Қараев)
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан
бастап мектептің барлық сатысына, барлық пəндерге еніп, оқу
үдерісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту техноло-
гиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып,
іздену іс-əрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда
бірінші орында оқушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш
деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз»
деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық қарым-қатынас
достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға əділдігіне;
- білім көрсетудің əділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нəтиже.
Қоғам талабы да – нəтижелі оқушы даярлауда болып отыр.
Деңгейлеп оқыту түрлері. Қараевтің деңгейлеп, саралап оқыту
технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім
негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың
алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне жəне оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен
қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша əдебиет-
терді қолдана отырып жауап береді.
4) шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығарма-
шылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық
ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту əр оқушының
белсенділігін оятады.
206
207
Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы
оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? – деген
сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған
тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім
жүйесінде қолданылатын рейтинг – ұпай жинау əдісіне баулу.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында
ең негізділерінің бірі – жоғары интеллектуалды жастарды жан-
жақтылыққа тəрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің
көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан ұстаз-мұғалімдер қауымының
алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пəнді
тиімді ұғындырудың бірі – қазіргі заманғы педагогикалық технология
негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат
құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы
қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі
– деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының элементтерін қолдану
білім сапасын көтеруге ықпал етеді.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау əдісімен
бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен
кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмала-
рын орындауда қолданған тəсілдеріне талдау жасап, қателіктері
мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі
тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп,
мұғалмнен, сыныптастарынан қосымша материалдардан білім
жинайды.
Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар
сол деңгейді игергені үшін сəйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін -
5 ұпай, екінші деңгей үшін – 15 ұпай, үшінші деңгей үшін – 30 ұпай.
Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар-
ды, əрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап
көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі жəне дамыта оқыту принципі
орындалады. Нəтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен
дарынды қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.
Сонымен, əр деңгейдегі тапсырмаларды оқушы жанында ілулі
тұратын жалпы ведомосқа жəне өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс
дəптерлерінің соңындағы ведомосқа шеңбермен белгілеп отырады.
Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгей-
лерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жұмыс тудырады.
Бірақ оқушылардың өзара көмегіне жəне мұғалім тарапынан демеп
жіберуге жол беріледі.
Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау
болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар
үшін жинаған ұпайларды есептеумен аяқталады.
Жинаған ұпайларын оқушылар кестеде əр сабақтың соңында
нүктемен белгілеп отырады.
Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса,
график шығады. Ол – оқушының даму мониторингі деп аталады.
Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау
жұмысының алдында əр оқушының өткен материалды қандай
деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша
жұмыс жүргізеді.
Тақырыптық бақылау жұмысы да əр деңгейлі тапсырмалармен
беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, орындалады
жəне мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің
нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады.
Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылау мен сыртқы
бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму
мониторингтеріне белгіленеді.
Оқушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілетіне
қарай, тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті
сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушының даму деңгейі –
басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен-өзін салыстыру
арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты
көрсетеді.
Бағалау жүйесінің негізі болып оқушы білімнің ең төменгі
деңгейі алынады жəне ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі
талабына сəйкес келеді.
Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне
де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының
дұрыс орындауы міндетті.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен
тұрақты жəне жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының
ерекшілігі: жеке құрылымдарға бағдар беру; білім мазмұнының
208
209
сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау
түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:
- əрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын
меңгергенін қамтамасыз етеді;
- деңгейлеп оқыту əр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
- деңгейлеп оқыту əр түрлі категориядағы балаларға, олармен
саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
- деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш
деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық) , бағдарламалық,
күрделенген деңгей.
Оқытудағы саралау əдісінің əдістік негіздері
оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі
меңгеруі;
алынған нəтижені өлшеуге болатындығы;
оқу үдерісінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
дамыта оқытудың əдісі
Деңгейлеп-саралау негізіндегі педагогикалық технология
əдістемесі. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс
міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей
талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – білім алушыларды
«қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау, оқытудың
тиімділігін арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу.
Саралай оқыту əрекеті – білім алуға бағытталған əрекет.
Ол өз бетінше, əрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз
басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін
Б.Ананьев, Л.Выготский, А.Леонтьев, т.б. ғалымдар жасаған. Ал
бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу əрекеті В.Давыдов, Л.Занков, т.б.
зерттеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру
арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік
ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізі болып табылатын
əрекет, оқу əрекеті əрбір сабақтың өзегі деп түсінуі керек. Саралай
оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді
əрекеті арқасында репродуктивті емес нəтижеге жетеді.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясын пайдалану. Бастауыш сыныптар да жаңаша оқыту
даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені жаңаша
оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат
қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
бағалауға үйретеді.
Кез келген бастауыш сынып мұғалімі əр пəн бойынша оқу
модельдерін əзірлеп, əдістемелерін жинақтауы керек. Ол үшін:
- оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу;
-
деңгейлеп-саралап
оқытудың
тұлға
қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жəне оны дамытуға ықпалын анықтау;
- оқушылардың пəнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру
керек.
Егер деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тəрбие
үдерісіне енгізіп, ғылыми-əдістемелік құжаттармен, ұсыныстармен
қамтамасыз етілсе, онда дəстүрлі оқытудың төмендегідей
мəселелерін шеше аламыз:
- оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі;
- оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады
(үй тапсырмасы азаяды);
- оқушылардың оқу қызметтерінің нəтижелері əділ бағаланады;
- оқушыларда сəтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойыла-
ды;
- дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға
жағдайлар жасалады;
- танымдық үдерістерді, оқушылардың танымдық қабілеттерін
зерттеу əдістері жүйеленеді;
- олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық
жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.
Бастауыш сынып оқушыларының дербес ерекшеліктерін
анықтау үшін мұғалім алдымен, олардың ықылас-жігерін, ынтасын,
еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, жалпы білім деңгейін зерттеуі
керек. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін
анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне
диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық
тəжірибе жасау, ата-аналармен əңгіме жүргізу керек. Оқушылардың
жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе əңгіме, оқыған
материалды, т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мəселен,
үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру
талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға,
210
211
суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгерімдері төмендеріне нақты
сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту
үдерісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін
оқу-тəрбие жұмысында бастауыш сынып мұғалімі өзіне лайық əдіс
енгізеді.
Өзіндік əдісті жүзеге асыруда мына мəселелер көзделеді:
бастауыш сынып оқушыларының жеке ерекшеліктерін
зерттеп, типтік топтарға бөлу;
бастауыш мектептің оқу үдерісінің барлық сатыларында əр
түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тəрбиелеу жəне дамытудың
əдістемелігін жасау;
əр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың
жүйесін құру;
білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.
Бастауыш мектепте деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану
Деңгейлеп-саралап оқытудың негізінде сабақтың əр түрлі
кезеңдерінде оқушылардың оқу əрекетіне қойылатын келесі талаптар
анықталады:
Сабақтың схемасы. Жаңа материалды түсіндіру.
I кезең. Өткенді қайталау.
Əр түрлі қиындықтарға байланысты оқушылардың өзіндік
жұмысы.
Бірінші топ: тапсырманы түсінуде, талап ететін өзіндік
шығармашыл жұмысты орындайды; 2-ші жəне 3-ші топтардың
жұмыстарын бақылайды, қиыншылық туған жағдайда оларға
көмекке келеді; 2-ші жəне 3-ші топтар үшін қайталанған материал
бойынша қорытынды жеке тапсырмалар жасайды.
Екінші топ: өткен сабақта 1-ші топ оқушыларының дайындаған
тірек схемаларының ережелерін жасайды, үлгі бойынша жұмыс
жасайды; жаңа материалды меңгеруге қажетті ережелерді қайталай
отырып, 3-ші топ оқушыларының үй тапсырмаларын тексереді.
Үшінші топ: жатталған ережені тəжірибеде қолданады, алдыңғы
сабақта 1-ші жəне 2-ші топ оқушылары жұмыс істеген тірек
схемалары бойынша өз бетімен жұмыс істейді, жаңа материалды
түсіндіру үшін материалды қайталайды.
II кезең. Жаңа білімді тəжірибеде қолдану əдісіне байланысты
барлық топ оқушыларына мұғалімнің материалды фронталды
түсіндіруі (барлық топ жұмыс істейді).
III кезең. Барлық топ оқушыларының білімді меңгеру сапасын
анықтау жəне меңгерген материалды тəжірибеде қолдана білуі.
Бірінші топ: білімін кеңейту жəне тереңдетуде өзіндік жұмысы,
оқушылар өздерінің уақыты мен күшін керексіз қайталауға жұмсамау
керек.
Екінші жəне үшінші топ: тірек схемаларын қолданып, негізгі
сұрақтар бойынша жаңа материалды екінші рет түсіндіру.
Екінші топ: тірек схемасы жəне үлгі бойынша өзіндік жұмысы.
Үшінші топ: жаңа материалды түсіндіруі бойынша түзету:
1) оқулық бойынша теориялық жағдайы; 2) оқу жұмысының
дағдыларын меңгеру мақсатында мұғалімнің жетекшілігімен
тақырыптық жаттықтыру жаттығулары.
IV кезең. Өзіндік жұмысты орындаудың нəтижесін тексеру
үшінші топтан басталады, сосын екінші бірінші топпен аяқталады.
Жаңа тақырыпқа байланысты өзіндік тапсырманы үшінші топ екі
рет тыңдайды, бірінші топтың өзіндік жұмысының орындалуын
екінші жəне үшінші топ тыңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |