Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш


психология-педагогикалық негіздемесі



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


психология-педагогикалық негіздемесі:
1. Іс-əрекет принципін жүзеге асыру. 
2. Оқу мен оқыту мотивациясын қалыптастыру.
3. Білімді жалпы жəне толық бақылау. 
4.  Оқу  ұжымындағы  психологиялық  жағымды  жағдайдың 
қалыптасуы.
5. Оқыту мен тəрбиенің бірлігі. 
6. Субъект-субъектік қарым-қатынастың жүзеге асуы.
Топтық  сабақтарда  мұғалім  мен  оқушы  жəне  оқушылар 
арасында  өзара  қарым-қатынастың  болуы  топтық  оқытудың 
маңыздылығын  көрсетеді.  Топтық  оқыту  кезінде  балалар  тыңдай 
білуге,  жолдастарының  пікірімен  санасуға,  жанжал,  тартыстарды 
шеше  білуге,  ортақ  мақсатқа  жету  үшін  бірігіп  əрекет  ету  арқылы 
өмірге  қажетті  дағдыларды  қалыптастырады,  оқу  үлгерімі  артады, 
өзін-өзі құрметтеу сезімін тəрбиелейді, сыныптағы достық ұлғаяды, 
мектепке  деген  қарым-қатынасы  өзгере  бастайды,  өзара  көмектің 
құндылығын мойындайды. 
Топтық оқытудың төрт типі белгіленген:
1. Жұптық оқыту.
2. Бірге отырған топтар.
3. Шағын командалар.
4. Бүкіл сынып үшін тапсырмалар.
В. К. Дьяченконың айтуы бойынша, оқыту дегеніміз оқушылар 
мен  мұғалімдер  арасындағы  қарым-қатынас.  Қарым-қатынас  түрі 
оқытудың  ұйымдастырушылық  формасын  айқындайды.  Қарым-
қатынас түрін жұптық, топтық, ауыспалы жұптық, жазбаша қарым-
қатынас  түрі  құрайды.  Ал  оқытудың  ұйымдастыру  формасына 
жұптық  (біреуі  екіншісін  оқытады),  топтық  (біреуі  бір  мезгілде 
бірнеше  адамды  оқытады),  ұжымдық  (əрқайсысы  əрқайсысын 
оқытады)  жəне  жекеше  формалары  жатады.  Оқытудың  ұжымдық 
түрі əр оқушы əрқайсысын оқытқан жағдайда дұрыс деп саналады. 
В. К. Дьяченко ұжымдық оқыту тəсілі мен топтық оқыту тəсілдерінің 
ерекшеліктерін төмендегі кесте арқылы көрсетеді.
Топтық жəне ұжымдық оқытуды салыстыру
Топтық оқыту тəсілі
Ұжымдық оқыту тəсілі
Ұйымдастырушылық:
Нақтылық
Нақтылық жоқ
Бір бала сөйлейді
Барлығы сөйлейді
Оқушылар 
қарым-қатынасы 
шектеулі
Оқушылар  бір-бірімен  қарым-
қатынас жасайды
Үнсіздік, тыныштық
Жұмыс барысындағы шу
Тұрақты жұмыс орны
Жұмыс орны ауысып отырады
Дидактикалық:
Кəсіби педагог оқытады
Оқушылар оқытады
Барлық 
материал 
бірден 
барлығына беріледі
Қарқын жəне материал əртүрлі
Өз бетінше жұмыстың аз болуы Толық өз бетінше жұмыс
Ынтымақтастық жоқ
Ынтымақтастық – оқыту негізі
Меңгеруі 
жəне 
қолдануы 
шашыраңқы
Максималды жақындатылған
Дамытушылық:
Оқушы – объект
Оқушы – субъект жəне объект
Балалардың 
қабілеттерінің 
теңестірілуі
Жеке ерекшеліктеріне 
байланысты 
Оқытудың жүйелілігі 
Аяқ астынан болуы
Ел  алдына  шығып  сөйлеуге 
үйренбейді
Ел  алдына  шығып  сөйлеуге, 
талдауға, дəлелдеуге үйренеді.
Түсіндіре алмайды
Педагогикалық 
қабілеттерін 
дамытады.

240
241
Тəрбиелік:
Əрқайсысы  өзі  үшін  жұмыс 
істейді.
Өзі  жəне  басқалар  үшін  де 
жұмыс істейді.
Ұжымдық емес қарым-қатынас  Ұжымдық қарым-қатынас
Топтық оқыту кезінде ережелерді анықтап, оларды үйрету керек. 
Ол үшін оқушыларға дайын ережелерді беру немесе өз беттерінше 
ережелерді  ойлап  шығаруды  ұсынған  жөн.  Бұл  ережелерді  толық 
талдау керек. Бес ережеден артық болмауы керек. Не істеу керектігі 
нақты  түрде  жазылғаны  дұрыс.  Ереже  көрнекті  жерге  жазылуы 
керек.  Белгіленген  ережелерді  ойынға  қатысушылардың  барлығы 
қатаң  орындауы  тиіс.  Шамамен  төмендегідей  ережелерді  ұсынуға 
болады:
- жылдам жəне шуылдамай бірнеше топ құрыңдар;
- қажетті материалдарды дайындаңдар;
- ақырын сөйлеңдер;
- жолдастарыңның айтқанын мұқият тыңдаңдар;
- өз тапсырмаларыңды көңіл қойып орындаңдар.
Балалар  алдарына  қойған  нақты  міндеттерден  басқа  сабақтың 
мақсатын да білуі керек. Балаларға көбірек тапсырма беру олардың 
жұмыстағы  қарқынын  өзгертуге  көмектеседі.  Тапсырманы  бөлген 
кезде  əр  оқушыға  оның  орындалу  уақытын  көрсету  қажет.  Жұмыс 
соңында  міндетті  түрде  балалардың  жұмыстарын  талдау  қажет. 
Жоғарғы  жетістіктерге  жету  үшін  ережелерді  оқып,  топта  жұмыс 
істеу  дағдысын  қалыптастырып,  жауапкершілікке  үйреніп,  топтық 
оқыту мен тапсырмалардың өзара сəйкестігіне назар аудару қажет. 
 
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.  Ұжымдық  жəне  топтық  оқыту  технологияларының  қазіргі 
кездегі жағдайын анықтаңыз.
2.  Ұжымдық  оқыту    мен  топтық  оқытуды  сын  тұрғысынан 
оқыту технологиясымен салыстырып, талдаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Дъяченко  В.  К.  Сотрудничество  в  обучении.  Просвещение, 
1991.
2. 
Коллективная 
учебно-познавательная 
деятельность 
школьников // Под.ред. И. Б. Первина. М.: Педагогика, 1985.
3. Лиймитес Х. И. Групповая работа на уроке. М.: Просвещение, 
1975.
4.  Миртов  А.  В.  Сочинение  в  школе.  Уроки  коллективного 
творчества // Литература в школе. – 2006.
5.  Поливанов  Н.  И.,  Ривина  И.  В.  Принципы  и  формы 
организации совместной учебной деятельности // Психологическая 
наука и образование. – 1996.
6. Дьяченко В. К.  Новая дидактика.  – М.: Народное образование, 
2001.
7.  Таубаева  Ш.  Т.,  Барсай  Б.  Т.  Оқытудың  қазіргі  технология-
лары. Алматы, 2005.
8. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
Алматы, 2004.
9. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
10.  Жүнісбек  Ə.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология 
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
11.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.П.Чернявская. – Ярославль:  изд-во  ЯГПУ  им.  
К. Д. Ушинского, 2002.
12. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
13. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990.
12.7. Компьютерлік оқыту технологиясы
Елбасы  атап  көрсеткендей  «Қазіргі  заманда  жастарға 
ақпараттық  технологиямен  байланысты  əлемдік  стандартқа  сай 
мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» – жас ұрпаққа білім беру 
жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен 
тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім  берудің  ақпараттандыру  үдерісі  бастауыш  сынып  
мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану 
саласына үлкен талап қояды.
Бəсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз қазіргі 
заманғы  педагогикалық  технологияға,  жаңа  өркениетті  дамуға 
байланысты басқа өркениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе 

242
243
жатқан  интерактивті  құралдарды  қолданып  отырмыз.  Бұл – біздің 
Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. 
Ғылыми  білім  беруде  интерактивті  тақтаның  мүмкіндігі  мол. 
Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне 
еркін бойлай алады.
Ақпараттық-коммуникациялық 
технология 
электрондық 
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді 
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті 
құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік 
оқыту  бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық  əдістемелік 
материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын  пайдалану 
арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның 
келешек 
ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскер  əрі  талантты, 
шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын  педагогикалық, 
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі əлемдік 
бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ə. Назарбаев Қазақстанның 
əлемдегі  бəсекеге  қабілетті 50 елдің  қатарына  кіру  стратегиясы 
атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бəсекеге 
нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса 
маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ  ғасыр – бұл  ақпараттық  қоғам  дəуірі,  технологиялық 
мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби 
мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір. 
Білім  беру  үдерісін  ақпараттандыру – жаңа  ақпараттық 
технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны 
бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-
тəрбие  үдерісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын 
жоғарылатуды көздейді. 
Біріккен  ұлттар  ұйымының  шешімімен  «ХХІ  ғасыр  –
ақпараттандыру  ғасыры»  деп  аталады.  Қазақстан  Республикасы 
да  ғылыми-техникалық  прогрестің  негізгі  белгісі – қоғамды 
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға 
сай 
қазіргі 
қоғамды 
ақпараттандыруда 
педагогтардың 
біліктілігін 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің 
біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру 
жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі – білім  беру  бағдарламаларын 
меңгеру үшін жағдайлар жасау керек», – деп көрсетілген. Солардың 
бірі  білім  беруді  ақпараттандыру  барысында  дидактикалық 
жəне  оқыту  құралы  болып  компьютер  саналады.  Сондықтан  кез 
келген  білім  беру  саласында  мультимедиялық  электрондық  оқыту 
құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық 
білім  негіздерін  беру,  логикалық-құрылымдық  ойлау  қабілеттерін 
дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру 
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық 
қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы – əлемнің 
жүйелік-ақпараттық  бейнесін  оқушылардың  шығармашылық 
қабілеттері  мен  құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы 
қалыптастыруды  көздейтін,  адамның  дүниетанымының  құрамдас 
бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың 
бір жолы.
Ақпараттық  бірлікті  қалыптастыру:  мектептің  материалдық-
техникалық  базасына;  ақпараттық  қоғам  саясатының  мақсаты  мен 
міндеттеріне;  оқушылардың  ақпараттық  мəдениетін  қалыптастыру 
жүйесіне;  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  меңгеру 
қабілеттеріне,  мұғалім  мамандардың  информатикадан  білім 
деңгейлерінің  сапасы  мен  шеберліктеріне,  оқу-тəрбие  бағытының 
ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тəуелді.
Қазіргі  уақытта  жаратылыстану-ғылыми  білім  беруде  сабақ 
барысында  интерактивті  құралдарды  қолдануда.  Интерактивті 
құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен 
жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Интерактивті тақта дегеніміз не?
Интерактивті 
тақта – бұл 
компьютердің 
қосымша 
құрылғыларының бірі жəне де дəріс берушіге немесе баяндамашыға 
екі  түрлі  құралдарды  біріктіретін:  ақпараттың  кескіні  мен 
қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше 
интерактивті  тақта  түрлері  бар.  Олардың  ішінде  білім  саласында 
қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard (Promethean компаниясы) – ACTIVstudio про-
граммасы  арқылы  іске  қосылады.  Бұл  құрылғы  компьютер, 

244
245
мультимедиялық  проектор  жəне  ақпараттарды  енгізуге  арналған 
активті қаламнан тұрады.
Активті қалам дегеніміз не? 
Aктивті  қалам – бұл  меңзерді  басқару  құрылғысы  жəне 
компьютер  мен  тақта  арасындағы  байланысты  іске  асырушы 
құрылғы.
ACTIVwand  указкасы.  Электронды ACTIVwand указкасының 
ұзындығы 54 см  тақтаның  жоғарғы  бөлігінен  кішкентайларға  да 
қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Жанында  орналасқан  батырма 
тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard 
–  интерактивті  тақтасында  жұмыс  жасаушыға  проектордың 
сəулесінен  астынан  шығуға  мүмкіндік  береді. «Оң  қол»  сонымен 
бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro. ACTIVpanelpro (Активпанель)  үлкен  аудито-
рияларда  қолдануға  өте  қолайлы,  онда  үлкен  экранға  проекцияға 
қолданады. ACTIVpanelpro арнайы  қарындаштың  көмегімен  дис-
плейде  жазылған  жазуларды  компьютер  арқылы  тақтадан  көруге 
мүмкіндік  береді. ACTIVpanelpro (Активпанель)  өте  жеңіл  зат, 
бөлмеден  бөлмеге  қиындықсыз-ақ  алып  жүре  беруге  болады,  ал 
проектор  болса  кескінді  үлкейтіп  көрсетеді. ACTIVpanelpro ДК 
басқарады,  сурет  салады,  жазу  жазады – бұл  ақпаратты  енгізетін 
құрылғыға жатады. 
ACTIVslate.  Радио  портты ACTIVslate панель  құрылғысы 
топпен  жүргізілетін  конференцияға  қатысушылардың  белсенді 
қатысуына  мүмкіндік  береді.  Конференция  немесе  презентация 
кезінде  аудиторияда  еркін  қозғалуға  болады ACTIVslateXR панель 
аудиторияның  кез  келген  жерінен  тақтамен  жұмыс  жасай  алады. 
ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан 
тұрмай-ақ тақтада жаза алады. 
ACTIVtablet.  ACTIVtablet  планшет  қарапайым  тышқанның 
қызметін  атқара  алады,  презентация  мен  конференция  материал-
дарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard 
көмегенсіз) 
компьютерде 
дайындауға 
мүмкіндік 
бетерін 
құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт  арқылы  қосылады, 
бағдарламаның  барлық  функцияларын  қолдануға  болады.  Арнайы 
батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote.  ACTIVote  тестілеу  жүйесі  конференцияның  барлық 
қатысушыларына  сұрақтарға,  бірнеше  берілген  жауаптардың 
нұсқаларынан  желісіз  радио  пульттің  батырмасын  басу  əдісімен 
жауап  беруге  мүмкіндік  береді.  Пульттың  көмегімен  ақпарат 
ACTIVboard  қабылдайды  жəне  де  өңделіп  конференция 
қатысушысының  жауабын  қабылдайды. ACTIVote қарапайым  тест 
жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене 
чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады. 
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест  дайындау  шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында 
флипчартта  мəтіндік  немесе  графиктік  түрде  тест  сұрақтары 
кітапханада сақталады да, тестің нəтижесі кесте немесе диаграмма 
түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нəтижесін EXСEL 
немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio  программасы.  ACTIVstudio PE программасы 
арнайы  презентацияларды  өткізуге  жəне  оны  сабақ  барысында 
қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard жəне 
ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio 
программасының  мүмкіндіктері  өте  көп.  Атап  айтқанда,  презента-
цияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, 
негізгі  кезеңдерді  көрсетуге,  көрсеткіштерді  қосуға,  қосымша 
ақпараттарды енгізуге жəне басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. 
Флипчарт. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын 
негізгі  жұмыс  аймағы.  Бұл  аймақта  презентацияны  құруға  жəне 
оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше 
флипчарттарды  бірден  ашып,  бір  флипчарттан  келесі  флипчартқа, 
объектілерге  сілтемелер  қоюға  немесе  объектілерді  бір  мезетте 
келесі  бетке  көшіруге  болады.  Флипчартты  басу  құрылғысынан 
шығаруға немесе əр түрлі форматтарда экспорттауға болады. 
«Активті  экран»  кешені  білім  үдерісінде  қолданылатын 
ақпаратты  көрсетуге  жəне  оны  компьютермен  басқаруға 
тағайындалған əмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті 
экран» 
бағдарламалық-техникалық 
кешенінің 
дидактикалық  мақсатта  пайдалану  барысында  олардың  негізгі 
қызметі – жалпы ақпаратпен кəсіби біліктілікті жетілдіру бағытында 
қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау жəне 
ойын  қысқа  жəне  түсінікті  түрде  жеткізе  білу  қабілетін  арттырып, 
өз  ойларын  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  құралдары 
көмегімен  жүзеге  асыруын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ете 
алатыны белгілі болды. 

246
247
Бағдарламалық-техникалық 
кешеннің 
құрамына 
кіретін 
интерактивтік  тақтаны  оқытушыға  сабақты  қызықты  жəне 
динамикалық 
түрде 
мультимедиялық 
құралдар 
көмегімен 
оқушылардың  қызығушылықтарын  тудыратындай  оқуға  мүмкіндік 
беретін  визуалды  қор  деп  те  атауға  болады.  Сабақты  түсіндіру 
барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мəтіндік, аудио, 
бейне  құжаттарды DVD, CD-ROM жəне  Интернет  ресурстарын 
қолдана  алады.  Бұл  кезде  мұғалім  қосымшаны  іске  қосу, CD-
ROM, Web-түйін  мазмұнын  қарастыру,  ақпарат  сақтау,  белгі  жасау 
тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу жəне 
т.б. əрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық 
бірнеше мəселелерді шешуге көмектеседі:
- Пəн бойынша базалық білімді меңгеру;
- Алған білімді жүйелеу;
- Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде 
əдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау жəне оқушылардың 
ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске 
қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін 
əдіс деп қарауға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі естігенінің 5 % жəне 
көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио- жəне видеоақпаратты 
бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. 
Қазіргі  кезде  сабаққа  дайындалу  барысында  мұғалім  сабақ 
мазмұны  оқушылар  үшін  танымдылығы  жағынан  қызықты  əрі 
жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу 
мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мəселелік-
бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім 
–  оқушы»  жүйесінде  ақпаратты  беруді,  өңдеуді  жəне  қайталауды 
жаңаша  ұйымдастыруына  мүмкіндік  береді.  Бірақ  мұның  барлығы 
жүзеге  асуы  үшін  мұғалім  компьютерлік  оқыту  технологиясы 
бойынша  білімдер  мен  іскерліктерді  игеруі  қажет.  Бұл  дайындық 
дифференциалды  болуы  тиіс.  Себебі,  əрбір  пəн  мұғалімдері  үшін 
компьютерді оқыту үдерісінде пайдалану əр түрлі сипатқа ие.
Ғылым  ғасырының  табалдырығынан  аттағалы  тұрған  қазіргі 
таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана 
отырып,  оқушылардың  шығармашылық  даралығын  қалыптастыру 
үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор 
екені байқалады. Оларға:
- бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейін, ынтасын 
жəне қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды 
меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру жəне оқыту үдерісіне 
интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;
-  оқытудың  жаңа  əдістері  мен  формаларын  (проблемалық, 
ұйымдастырушылық  іс-əрекетін  компьютерлік  ойындар  жəне  т.б.) 
сабақта жиі қолдану;
- проблемалық зерттеу, аналитикалық жəне модельдеу əдістерін 
қолдану арқылы классикалық əдістерді жетілдіру;
-  жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын  (жаңа  типті 
компьютерлер, 
телекоммуникация, 
виртуалды 
орта 
жəне 
мультимедия – технология,  интерактивті  құрылғылар)  пайдалану 
арқылы оқу үдерісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Сабақ  материалы Power Point презентациясы  немесе  мəтіндік 
ақпарат  түрінде  беріледі.  Сонымен  қатар,  материалдың  құрамына 
кесте,  диаграмма,  сурет,  басқарушы  батырмалар,  гиперсілтемелер, 
графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында 
тұрып жасырулы ақпаратты жəне объектілерді көрсете алады жəне 
өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, 
қажет  жағдайда  қайталап  қолдана  алады.  Интерактівтік  тақтамен 
жұмыс  істеу  барысында  жасалған  файлдар  белгілі  бір  форматпен 
сақталады,  сонымен  қатар PDF форматында  да  сақтап,  оқушыға 
электрондық  пошта  арқылы  жіберуге  болады.  Мұғалім  алдын  ала 
дайындаған  сабақты  оқушының  білімін,  біліктілігін,  дағдысын 
бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың 
барысында  тапсырманы  орындау  бойынша  ауызша  түсіндіру 
жүргізіледі,  интерактивтік  тақтаны  пайдалану  арқылы  теориялық 
материал  қайталанады.  Қажетті  жағдайда,  оқытушы  тақта  арқылы 
мысал  есепті  шығаруды,  графиктерді  құруды,  құрал-саймандарды 
қолдануды  көрсетіп  түсіндіреді.  Мұғалім  оқушыны  тақтаға 
шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу 
үшін бағыт береді жəне бақылап отырады.

248
249
Мұғалім  алдыңғы  сабақта  өтілген  материалды  ашып,  өткен 
сабақты  қайталай  алады.  Мұндай  əдістеме  сабақта  екпінді  түрде 
өткізуге  мүмкіндік  береді.  Тақтада  жұмыс  істеген  мұғалім  мен 
оқушының  орындаған  іс-əрекеттерін  есте  сақтап  келесі  сабақта 
қолдануға болады.
Сонымен,  интерактивтік  тақта  сабаққа  қатысушылардың 
барлығының  ойын  бір  ортаға  жинақтап,  қажет  ақпаратты  өңдеу 
арқылы  жалпыланған  ақпараттық  біліктілікті  қалыптастыратын 
тиімді  құрал  болып  табылады.  Алдын  ала  дайындалған  оқу 
материалдары – презентациялар, мəтіндік, графикалық ақпараттық 
объектілер – сабақтың  жақсы  өтуін  жəне  барлық  ақпарат 
түрлерін  қолдануды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен, «Активті  экран» 
кешенін  қолдану  арқылы  оқыту  үдерісінде  жаңа  дидактикалық 
мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Сабақта  уақытты  үнемдеу,  демонстрациялық  материалдар 
даярлау  мақсатында  интерактивті  тақтаны  пайдаланған  тиімді. 
Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. 
Ақ  тақта  режимі – ең  қарапайым  режим.  Ақ  тақта  режимін 
қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай жəне тақырыпқа 
қажетті  жерін  белгілеулермен,  негізгі  ұғымдарын  ерекшелеу  үшін 
түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде 
мазмұнды  суретті  пайдалануға  болады.  Тақтаның  бұл  қасиеті, 
мысалы  географиядан,  физика,  биологиядан  жəне  т.б.  пəндерден 
сабақ  жүргізгенде  ыңғайлы.  Фон  ретінде  географиялық  картаны, 
физикалық  аспаптардың  суреттерін  алуға  болады  жəне  сабақ 
барысында  қажет  болса  картаға  белгі  салуға,  жазуға  мүмкіншілік 
бар.
Екінші  режим – Offi ce  режимі.  Бұл  режим  сабаққа  қажетті 
дайындық  жұмыстарын,  яғни  материалдар  даярлауға  ыңғайлы. 
Сабаққа дайындық жұмыстары Word мəтіндік редакторының, Excel 
электрондық  кестесінің  құжаттары, Power Point презентациясы 
болуы  мүмкін.  Мысалы, Microsoft Word құралдарымен  төрт  түрлі 
мəтіндік  тапсырмаларды  қамтитын  құжат  əзірлеуге  болады.  Осы 
құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын 
немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тап-
сырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жа-
сырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның 
Offi ce режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Offi ce-нің барлық 
мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған 
құжатқа мəтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен 
емес  құжатпен  тікелей  жұмыс  жасаймыз.  Сонымен,  мұғалім 
оқушыны  тестілік  тапсырмаға  жазбаша  жауап  беруге  тақтаға 
шығарып,  оқушының  жауабын  дұрыс  жауаптарымен  салыстыра 
алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы) 
жəне  дайындалған  материалды  шаблон  ретінде  келесі  сабақтарды 
пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.
Сабақтарды  жүргізуде  өткен  материалды  қайталау  қажет, 
сондай  жағдайда  интерактивті  тақтаның  сілтеме  жасауға  арналған 
компонентін  қолдануға  болады.  Бұл  компонент  арқылы Microsoft 
Offi ce  құралдары  арқылы  құрылған  құжаттарға,  графиктік 
редакторлардың  немесе  программалау  ортасының  көмегімен 
құрылған  файлдарға,  интернет  беттеріне  сілтемелерді  ұйымдас-
тыруға мүмкіншілік береді.
Прожектор  жəне  Шторка  құралдары  экранның  белгілі  бір 
кішігірім аумағын көрсетуге арналған. 
Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға 
арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан 
болса,  оның  қажет  объектісін  ерекшелеп,  қалғанын  жауып  қоюға 
арналған. 
Шторка  экранның  бір  бөлігін  жауып  қоюға  арналған  (есеп 
шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға əзір белгісіз ақпаратты) 
жəне  материалды  оқу  барысында  мүмкіндігінше  тақтаның  қажет 
бөлігінде көрсету.
Қазіргі  уақытта  «қоғамды  ақпараттандыру», «білім  беруді 
ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп 
кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? 
Қоғамдық  ақпараттандыру  дегеніміз – ғылыми-техникалық 
прогресс  жетістіктерінің  күнделікті  тұрмысқа  ауқымды  енуінің 
нəтижесі, яғни адам өміріне іс-əрекеттің интеллектуалды түрлерінің 
жан-жақты  əсер  етуі  мен  рөлінің  жоғарылауына  байланысты 
объективті үдеріс.
Ол оқыту мазмұны, əдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін 
тездетеді. Бұл үдерістегі негізгі мəселе білім берудің мазмұны мен 
мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан 
қамтамасыз ету – өндірістік мəселе.

250
251
Қоғамды  индустрияландыру  кезеңінде  білім  беру  жүйесі 
алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға 
бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мəселе 
білім  берудің  негізгі  мақсатына  ауысады.  Мұндағы  негізгі  мақсат 
–  оқушының  қоршаған  əлем  жайында  табиғи  ғылыми  болжамын 
қалыптастырумен  жалпы  ізгілікті  адамгершілікке  дайындау  болып 
саналады.
Қазіргі  заман  мұғалімнен  тек  өз  пəнінің  терең  білгірі  болуы 
емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, 
саяси экономикалық білімділік жəне ақпараттық сауаттылық талап 
етілуде.  Ол  заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны 
құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп, 
оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиясын  шебер 
меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға 
ретінде ұлағатты саналады.
Компьютермен оқыту – оқушыны субъект дəрежесіне көтеретін, 
жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен 
білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру əрекеті.
Компьютермен  оқыту  технологиясындағы  мұғалімнің  оқыту 
қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:
- талдау-болжау қызметі;
- жобалау қызметі;
- коммуникативтік қызметі;
- дидактикалық қызметі;
- бақылау-түзету қызметі;
-  психологиялық  демеу  болу  қызметі;  ұйымдастырушылық 
қызметі.
 Компьютермен оқыту технологиясында оқушының өз бетімен 
білім  іздей  алатын  болуы – көзделетін  негізгі  нысан  ретінде 
қойылады. Компьютермен оқыту барысында білім алудың жасанды 
сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.
  Сол  табиғилықтың  өзі  компьютермен  оқытудың  гуманистік 
сипатын көрсетеді.
  Компьютермен  оқыту  технологиясында  үлкен  үш  кезең 
анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді. 
Мектептерде  компьютерлік  технологияны  қолданудың  негізгі 
жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша 
қажеті бар»? – деген сұрақты айналып өту еш мүмкін емес.
 Осы мəселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар педагогтар 
бастауыш  сыныптардағы  компьютер  тек  балалардың  назарын 
басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты 
пайдалану  бара-бара  оқушылардың,  егер  компьютер  қастарында 
болмаса, екі санды қоса алмайтын, қарапайым мəтінді оқи алмайтын 
жағдайға жеткізеді деген негізді бір қауіп білдіреді.
Компьютер мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныптағы 
теледидар  сияқты  дүниелер,  сондықтан  да  білім  беру  мен  оқу 
үдерісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар. 
Компьютерлерді  мектептің  оқыту  мазмұнына  енгізуге  қарсы 
салмақты  аргументтің  бірі – ақпараттық  технологияның  екпіндеп 
дамуы  мектеп  бағдарламасының  үнемі  жаңартылып  отырғанына 
қарамастан оның созылмалы аурудай артта қалуына əкеп соқтырады 
деп санайды.
Мына  бір  қауіп  пен  алаңдаушылыққа  да  назар  аударған  жөн: 
тек компьютермен қарым-қатынаста болған балалар гуманитарлық 
қызмет  түрлеріне  аса  қажет  сезімталдық  пен  мейірбандылықты 
жоғалтып  алып,  дəлдік  пен  қырағылыққа  ғана  құрылған  қарым-
қатынасқа бас ұрулары əбден мүмкін.
Ақпараттық 
технологияны 
пайдаланудың 
жағдайында 
оқушылардың  білімдерін  жетілдірудің  мүмкіндігі  кең,  соның 
бірі  оқыту  үдерісінде  электрондық  оқулықтарды  қолдану  болып 
табылады.
Заман  ағымына  қарай  күнделікті  сабаққа  видео,  аудио 
қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай 
нəтижелер  беруде.  Зерттеуіміз  көрсеткендей,  кез  келген  сабақта 
электрондық  оқулықты  пайдалану  оқушылардың  танымдық 
белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін 
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. 
Сондықтан  қазіргі  ақпараттандыру  қоғамында  электрондық 
оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық  оқулық  дегеніміз – мультимедиялық  оқулық, 
сондықтан  электрондық  оқулықтың  құрылымы  сапалы  жаңа 
деңгейде  болуға  тиіс.  Электрондық  оқулық  оқушының  уақытын 
үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген жəне оқушының 
ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Осы  принципті  басшылыққа  ала  отырып,  Ə.  І.  Тəжіғұлова  
«Кəсіптік  білімді  ақпараттандыру  жағдайында  электрондық 
оқулықтарды  құрастырудың  педагогикалық  принциптері»  деп 

252
253
аталатын  кандидаттық  диссертациясында  мынадай  мəселелерді 
қарастырған: 
кəсіптік 
білімді 
ақпараттандырудың 
қазіргі 
жағдайдағы  педагогикалық  мəселелерінің  жағдайын  жəне  даму 
тенденциясын  зерттеуді,  кəсіптік  білімді  ақпараттандырудың 
жағдайында 
электрондық 
оқулықтарды 
құрастырудың 
педагогикалық  технологиясын  негіздеу,  сондай-ақ  кəсіптік  білімді 
ақпараттандырудың  жағдайында  электрондық  оқулықтардың 
тиімділігін эксперимент арқылы тексеруді қарастырған.
Оқу үдерісінде соның ішінде, математикадан мəтінді есептерді 
шығару 
барысында 
компьютерлік 
технологияларды 
жəне 
электрондық  оқулықтарды  пайдалану  оқытудың  мотивациясын 
күшейтіп, оқушылардың сабаққа белсенді жəне қызыға қатысуына 
жағдай жасайды.
Электрондық  оқулықтар – ғылыми  негізде  дайындалған 
педагогикалық ақпараттық өнім.
Электрондық  оқулық  дайынаудың  тұжырымдық  негізі 
оқытудың  педагогикалық  теориясы  болып  табылады.  Сонымсн 
қатар 
электрондық 
оқулық 
дайындаудың 
педагогикалық, 
ұстанымдар  жүйесі  оқытудың  дидактикалық  жүйесіне  сəйксс 
келеді.  Электрондық,  оқулықтармен  жұмыс  істеу  əрбір  оқушының 
өз  мүмкіндігін  есепке  ала  отырып,  оқып-үйрену  ісін  жеке  дара 
жүргізуге жол ашады.
Электрондық  оқулық – оқу  пəнінің  негізгі  ғылыми  мазмұнын 
қамтитын  компьютерлік  технологияға  негізделген  оқыту,  бақылау, 
моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. 
  Электрондық  оқулық  жай  оқулықтарға  өте  тиімді  қосымша 
мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
-  кері байланысты іс жүзілік тез арада қамтамасыз етеді; жəне 
оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, 
электрондық, оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;
-  гипермəтінді  түсіндірулерге  өту  барысында  уақытты 
үнемдеуге көмектеседі.
Ең  бастысы,  электрондық  оқулықтарды  дайындаудың  бір 
жүйеге  келтірген  заңдылығы  болуы  керек.  Осыған  байланысты 
электрондық  оқулықтарды  дайындауда  мынадай  дидактикалық 
шарттарды ескерген жөн: 
-  белгілі  бір  пəнге  байланысты  дайындалатын  электрондық 
оқулықтың сол пəннің типтік бағдарламасына сəйкес болуы; 
-  электрондық  оқулықтар  курста  оқытылатын  тараулар  мен 
тақырыптарға қатысты дəріс мəтінін қамтитын негізгі зертханалық 
жəне  тəжірибелік  тапсырмаларды  орындауға  арналған  қосымша 
материалға қатысты анықтама, библиогрофиядан тұратын көмекші, 
аралық  жəне  қорытынды  бақылау  сұрақтарынан  тұратын  тест, 
материалдарды  дайындауда  пайдаланылған  əдебиеттер  тізімдері 
бөлімдерін қамтуы;
-  электрондық  оқулықтың  кəдімгі  оқулықтар  мазмұнын 
қайталамауын,  яғни  берілетін  тақырыпқа  қатысты  ақпараттың 
нақты, əрі қысқа берілуін ескеру;
- белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен 
артық болмау.
Сонымен, 
электрондық 
оқулықтар 
мен 
үйретуші 
бағдарламалардың  негізгі  ерекшеліктері – бұл  оқушыларға  өз 
бетімен  есеп  шығаруға,  ізденуге,  өз  жұмысының  нəтижесін  көріп, 
өз-өзіне  сын  көзбен  қарауына  жəне  жеткен  жетістіктерінен  лəззат 
алуға мүмкіндік беруі.
Бастауыш  мектепте  компьютерлік  технологияны  қолданудың 
қазіргі жағдайы. Қазіргі ақпараттық-қатынастық технологиялардың 
(АҚТ), мультимедиялық технологиялардың (ММТ) жəне интернеттік 
технологиялардың  (ИТ)  отандық  жəне  шетелдік  педагогикалық 
ғылымда жəне білім беру практикасының жетістіктерінің негізінде 
оқу,  тəрбие  үдерісінің  заңдылықтарын  зерттейтін  педагогика 
ғылымдарының саласы болып табылатындықтан, бастауыш  сынып 
оқушыларын компьютерлік технологияларды қолданып математика  
есептерін  өздігінен  шығару  біліктіліктерін  қалыптастыруды 
қамтамасыз  ететін  ғылыми  негізделген  жəне  педагогикалық 
тұрғыдан тиімді əдістемесін жасау қажеттігі туындайды. 
Бастауыш  білім  беру  жүйесін  ақпараттандырудың  негізгі 
мақсаты оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру. Осы 
мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мəдениетін 
қалыптастыруда жаңа əдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. 
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін 
білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: 
компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық 
жəне телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, 
электрондық  оқулықтарды  оқу  үдерісіне  тиімді  пайдалану  арқылы 
білім сапасын көтеру.

254
255
Білім беру саласын ақпараттандыру, оның ішінде бастауыштың 
оқыту  үдерісінде  ақпараттық-қатынастық  технологияларды  тиімді 
пайдалану  оқу  сапасын  жоғары  деңгейге  көтеруге,  оқушылардың 
терең,  мазмұнды  білім  алуларына,  мұғалімдердің  кəсіптік  іс-
əрекеттерін  дамыта  отырып,  оқыту  үдерісін  қызықты  жəне  тиімді 
ұйымдастыруға  жағдай  жасайтындығы  айқындалды.  Осыған  орай, 
мектептегі дəстүрлі сабақтардан өзге, жаңаша сабақтар ұйымдастыру 
қажеттілігі  жəне  мұғалімнің  қызметі  мен  рөлі  өзгеретіндігі 
байқалады.  Сондықтан  заман  ағымына  қарай  күнделікті  сабақта 
компьютерлік  технологияларды  қолдану  айтарлықтай  нəтижелер 
беретіндігі айқындалды.
Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  мəселесіне  байланысты 
шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдар жан-жақты еңбек етуде 
жəне осы мəселе бойынша  ғалымдардың бірнеше құнды еңбектері 
бар.
Мектеп  жасындағы  оқушылардың  дамуы  үшін  компьютерді 
қолдану  туралы  бұрыннан  белгілі    Массачусет  технологиялық 
институтында (АҚШ) С. Пейперттің  жұмысы болып саналады. Оның 
басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы 
негізінде  мектеп  жасындағы  жəне  мектепке  дейінгі  балалардың 
интеллектуалдық  қабілетін  дамыту  бойынша  зерттеу  жүргізілді. 
Жұмыс  негізіне  екі  идея  алынды: 1) интеллектуалдық  дамудағы 
маңызды өзгеріс мəдениеттілікті өзгерту арқылы ғана жүзеге асыуы 
мүмкін;  2) мəдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін сенімді жол 
-  компьютердің  жедел  қарқынмен  қолданылуы.  Осы  зерттеулердің 
нəтижесінің бірі – балалар үшін «ЛОГО» бағдарламасын түзу болды.  
Қазір бүкіл əлемде бұл бағдарлама педагогикалық тəжірибеде кеңінен 
қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең  таралып отыр.
Бізге  белгілі,  басқа  да  эксперименттік  зерттеулер 1980 жылы 
адам ресурстары жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымы мен Монтгомери 
(АҚШ,  Мэриленд  штаты)  округының  мұғалімдері  мен  əкімшілігі 
бірлесіп  жүргізген  жұмыс.  Оған 165 бастауыш,  толық    емес  орта 
жəне  толық  орта  мектептің  оқушылары  қатысқан.  Эксперимент 
үдерісі кезінде мына мəселелер қарастырылды: біріншіден, əр түрлі  
тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі  мүмкіндігін анықтау, 
екіншіден,  олардың  қол  жеткізген  табыстарын    компьютермен 
жұмыс  істеуі  шектеулі,  информатика  мен  есептеуіш  техникадан 
əзірлігі өте төмен  оқушылармен бағалау міндетін іске асыру. Осы 
зерттеулердің  нəтижелері  кейіннен  АҚШ-тың  басқа  штаттарында 
қайталанып, жүргізілді.
Ресейлік  ғалымдардың  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру 
мəселесі бойынша зерттеу еңбектеріне тоқталайық.
ТМД  елдерінде,  оның  ішінде  Ресейде,  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру  кең  көлемде  жүзеге  асуда.  Мысалы,  ақпараттық-
қатынастық 
технологияның 
негізін 
салушылардың 
бірі 
И. В. Роберт. Оның еңбектері ақпараттық-қатынастық технологияны 
бастауыш  мектептің  бастауыш  сыныптарында  қолданудың 
көптеген мəселелеріне байланысты. Ол еңбектерді талдай отырып, 
біз  компьютерлік  технологияны  бастауыш  сынып  оқушыларын 
математикалық  есептерді  шығаруға  үйретуде  компьютерлік 
технологияның  ететін  əсері  зор  екенін  анықтадық.  Екінші 
бір  ресейлік  ғалым  И.  Е.  Вострокнутовтың  еңбектері  оқыту 
барысында компьютерлік технологияны қолданудың педагогикалық 
принциптерін  жəне  ол  технологияны  оқушыларды  жекелеп  оқыту 
барысында қолданғанда қойылатын талаптарды анықтаған. 
Бүгінгі  күні  республика  көлемінде  де  ақпараттандыру 
мəселесімен  айналысып  жатқан    бірқатар  ғалымдардың  ғылыми 
мектептері бар. Олар:
- профессор Б. Б. Баймұхановтың еңбектерінде оқыту үдерісінде 
компьютерлік  технологияларды  енгізу  мəселелері  қарастырылды, 
осының  негізінде  оқыту  үдерісінде  əртүрлі  бағдарламалық 
құралдарды  қолданудың  əдістемесі  жасалған  (Б.  Д.  Сыдықов, 
Р. С. Шуақбаева, Р. Б. Бекмолдаева, А. Ө. Байдыбекова жəне т.б.);
-  профессор  Е.  Ы.  Бидайбековтың  еңбектерінде  студенттерді 
ақпараттық  технология  құралдарын  қолдануға  əдістемелік 
тұрғыдан  дайындау,  информатика  пəнін  оқыту  жəне  информатик 
мамандарды дайындау мəселелерімен айналысқан  (Ж. Қ. Нұрбекова, 
Г.  Ж.  Ниязова,  Ш.  Шекербекова,  А.  Ибашова,  Э.  А.  Абдукаримова 
жəне т.б.);
-  профессор  Ж.  А.  Қараевтың  еңбектерінде  ақпараттық-қа-
тынастық  технологияны  жалпы  орта  мектептің  оқу  үдерісінде 
пайдалану,  орта  жəне  жоғары  оқу  орындарында  информатиканы 
оқыту мəселелері қарастырылған (М. Б. Есбосынов, Ж. С. Сардарова,  
С. Т. Мұхамбетжанова, Б. Т. Абықанова жəне т.б.);
-  профессор  Г.Қ.Нұрғалиеваның  еңбектерінде  білім  беруді 
ақпараттандыру 
жағдайында 
электрондық 
оқулықтарды 

256
257
дайындаудың  педагогикалық  негіздері  мен  түрлі  оқыту  мақсатын-
дағы  бағдарламалық  құралдарды  жасау  мəселелері  қарастырылған. 
Білімді  ақпараттандырудың  педагогикалық  тұжырымдамасын 
Д. М. Жүсіпалиева, Ш. Т. Абишева, Ш. Х. Құрманалина, Г. Б. Ахметова, 
А. С. Қадырова, А. І. Тəжіғұлова жəне т.б. өз еңбектерінде анықтады.
Б.  Баймұханов,  Б.  Д.  Сыдықов  өздерінің  «Компьютерлік  оқу 
əдістемелік  кешенді  құрудың  негізгі  дидактикалық  принциптері» 
деп  аталатын  еңбектерінде  былай  дейді:  заманауи  ақпараттық 
технологияларды  пайдалану  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін 
ескере отырып білім берудегі дараландыру проблемаларын шешуде 
жаңа мүмкіндіктер ашады.
Н.  Е.  Исабек  зерттеу  жұмысында  студенттерді  компьютерлік 
графиканы кəсіби іс-əрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесін жасау 
жəне оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындаған.
Осы ғылыми еңбектердің ішінде орта мектептерде компьютерлік 
технологияны  қолдану  жəне  электрондық  оқулықтарды  пайдалану 
арқылы  білім  сапасын,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 
арттыру мəселелеріне байланысты бірқатар еңбектерге тоқталайық.   
Ж.  Қараевтың  пікірінше,  орта  мектептерде  оқыту  үдерісінде 
компьютерді  пайдаланғанда  түрлі-түсті  реңдегі  кестелерді, 
диаграммаларды,  қозғалыстағы  денелерді  сипаттауға,  үдерісті 
имитациялауға,  тіпті  оның  ағымын  математикалық  модельдеу  
арқылы  дəл  əрі  көрнекі  сипаттауға  болады.  Демек,  компьютерді 
пайдаланып,  оқытудың  мазмұнын  анықтауға,  дəстүрлі  техникалық 
құралдардың  шамасы  келе  бермейтін  кейбір  нəтижелерге  жетуге 
болады.
Э.  А.  Абдыкаримова    «Компьютерлік  модельдеудің  негізінде 
мектеп  физикасын  оқытудың  əдістемесі»  атты  кандидаттық 
диссертация  жұмысында  компьютерлік  модельдеудің  алатын  орны 
мен  рөлін  анықтап, «Атомдық  физика»  жəне  «Атом  ядросының 
физикасы»  тарауларындағы  құбылыстар  мен  үдерістердің 
компьютерлік модельдерін жасаған.
Р.  Б.  Бекмолдаева    жаратылыстану-математикалық  бағдарлы 
мектептерде  туынды  тақырыбын  компьютерлік  технологияны 
қолданып  оқыту  арқылы  оқушыларды  математикалық  анализдің 
ғылыми  негіздері  туралы  жүйелі  білімдермен,  біліктермен, 
дағдылармен қаруландыру жүзеге асатынын дəлелдеген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет