Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Досжанов  Б.,  Альменаева  Р.  Электрондық  оқулықтарды 
даярлау əдістері. – Алматы, 2002.
2.  Нұрғалиева  Г.  К.  Компьютер  əлемі. – «Ұлт  тағылымы» 
республикалық ғылыми-педагогикалық журналы. – №2,  2012.
3.  Апатова  Н.  В.   Информационные  технологии  в  школьном 
образовании. – М., 1999.
4.  Полат  Е.  С.,  Бухаркина    М.  Ю.  Новые  педагогические  и 
информационные  технологии  в  системе  образования.  Электронды 
оқулық– Академия, 2002.
5.  Ошанова  Н.  Т.  Білім  беру  жүйесінде  коммуникациялық 
технологиялардың  көмегімен  оқушылардың  дүниетанымдық 
көзқарастарын қалыптастыру. – Алматы, 2008. 
6. Түсіпова А. Ж. Компьютер – жаңа оқытудың технологиясы. – 
Алматы, 2012.
7. Абубаева  А. Электронды оқулықтарды пайдалану. – // Инфор-
матика негіздері,  №4, 2006. 
8. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. 
–//Қазақстан мектебі №6,  2006. 
9.  Аяжанов С. С., Сатымбекова  С. Б. Компьютерлік желілер. – 
Алматы, 2011.
10.  Соболева Н. Н. и др. Электронный учебник нового поколения. 
– «Информатика и образование  №6, 2002.
11.  Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. 
Алматы, 2005.
12.  Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. 
– Алматы, 2004.
13.  Өстеміров  К.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен 
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
14.  Жүнісбек  Ə.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология 
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
15.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.  П.  Чернявская. – Ярославль:  изд-во  ЯГПУ  им.  К.  Д. 
Ушинского, 2002.
16. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
17. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 
13. ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ƏДІСТЕМЕЛІК ЖЕТІЛДІРУ 
ЖƏНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕГІ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
13.1. Модульдік оқыту технологиясы.
13.2. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды  дамыту 
технологиясы.
13.1. Модульдік оқыту технологиясы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта  жаңғырту 
идеясы  алынған.
Оның  мазмұнына:
1)  оқытудың  жалпы  мақсатын  қою;
2)  жалпы  құрылған мақсатты нақтыландыруға  көшу;
3)  оқушылардың  білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) 
бағалау;
4)  оқыту    əрекеттерінің  жиынтығы  (бұл  кезеңде    жедел    кері  
байланыс негізінде түзету  жүргізілуі  тиіс);
5)  нəтижені  бағалау  енеді.
Осының  арқасында  оқу  үдерісі  «модульдік»  сипат  алып,  
құрылымы ортақ, бірақ мазмұны əр түрлі жеке блоктардан  жасалады.
Модульдік  оқыту    технологиясының  осы    нұсқасын    құруда  
толық    меңгеру  əдістемесінің  негізгі  шарттары,  құрылып  жатқан  
педагогикалық технологиялардың  негізгі  қағидалары ескерілді.  
Осыдан келіп  мұғалімнің оқу  үдерісін құрудағы  жұмысының 
өзгертуі    туындайды.  Толық  меңгеру  əдістемесінде  (Дж.  Блок, 
Л.  Андерсан  жəне    басқалар)  əрбір  оқу    біліктері    ауқымында  
мұғалімнің  қызметі  төмендегіше  құрылады:
1. Балаларды оқу  мақсаттарымен  таныстыру;
2. Сыныпты  берілген тарау (оқу  бірлігі)  бойынша жалпы  оқыту  
жоспарымен  таныстыру;
3. Оқытудағы  жүргізу  (негізінен  мұғалімнің  оқу  материалын  
өзі  баяндауы  түрінде);
4. Диагностикалық  тестіні ағымдағы  тексеру;
5. Тексеріс нəтижелерін  бағалау  жəне  тарау  мазмұнын толық  
меңгерген оқушыларды  айқындау;

270
271
6.  Толық  меңгере    алмаған    оқушылармен    түзете    оқытуды  
жүргізу;
7.  Диагностикалық    тест  өткізу    жəне  оқу    бірлігін    толық  
меңгерген  оқушыларды  айқындау.
Модульдік  оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының  аяғынан 
бастап  ағылшын  тілді  елдерде  дами  бастаған.  Оның  негізгі  мəні – 
сабақтың жоспары, ақпараттар банкі жəне сабақтың дидактикалық 
мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін əдістемелік нұсқаулардан 
тұратын жеке оқу бағдарламасын оқушылардың өзіне ұсынып, сол 
бойынша оларға өз бетімен жұмыс жасату. Педагогтың қызметі əр 
түрлі болған: ақпаратты игеруге көмектесу, кеңес беру, бағыт беріп 
оқушының жұмысын ұйымдастыру жəне бақылау.
Модульдік оқыту «модуль» сөзінен шыққан. Модуль – бұл белгілі 
бір функционалдық жүктемесі бар қандай да бір жүйенің өз алдына 
жеке бөлігі, бөлшегі. Оқыту теориясында функционалдық жүктеме 
болашақ маманның кəсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыруға 
қажетті  əрекеттердің  жəне  ақпараттың  белгілі  бір  «мөлшері» 
(«дозасы»)  болып  табылады.  Осы  айтылғандарды  ескере  отырып, 
модульге  мынадай  анықтама  беруге  болады: «Оқытушы  модуль 
–  бұл  оқу  пəнінің  танымдық  жəне  кəсіби  аспектілерден  тұратын 
мазмұндық бөлігінің жүйелі түрде аяқталған формасы, ол оқушының 
берілген модульді толық меңгеруі нəтижесінде қалыптасатын білім, 
білік, дағдыларын бақылап, тексерудің тиісті формасымен аяқталуы 
тиіс».
Модуль:
 ақпараттардың аяқталған блогынан;
 оқушы іс-əрекеті бағдарламасынан;
 бағдарламаны  табысты  жүзеге  асыру  бойынша  берілген 
мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
Модульдер  белгілі  бір  ережелерге  сəйкес  жасалады,  оларға 
мыналар жатады:
1) оқытудың мақсаттарын анықтау;
2)  қойылған  мақсаттарға  сəйкес  оқу  материалының  мазмұнын 
іріктеу жəне құрылымын жасау;
3) оқу (учение) нəтижесін бағалаудың критерийлерін дайындау;
4) өзін-өзі тексеруге арналған тексеру тапсырмаларын дайындау.
Модульдік 
оқыту 
кейбір 
философиялық, 
əлеуметтік, 
психологиялық  жəне  педагогикалық  теориялар  мен  тұжырымдарға 
негізделеді.  Оларға  ізгілендіру,  оқуда,  іс-əрекетте  жетістіктерге 
міндетті түрде қол жеткізу, жеке тұлғаға бағдарлай оқыту идеялары 
тəн.  Сондай-ақ  модульдік  оқыту  оқу  үдерісін  ұйымдастырудағы 
құрылымдық 
нақтылығымен 
жəне 
жоспарланғандығымен 
ерекшеленеді.
Оқу  үдерісінде,  бір  жағынан,  оқу  мазмұнын  жалпыға  ортақ 
көлемде  ұсыну,  барлық  оқушыға  бірдей  əдіс-тəсілдер,  құралдар   
қолдану,  уақытты      шектеу  мəселелері  мен  екінші  жағынан,  білім 
мазмұнын меңгерудің жеке тəсілдері, оқушылардың   əрқайсысының   
жеке  мүмкіндіктері,  қарқындары  арасында  қарама-қайшылық   
туатыны белгілі. Модульдік оқыту кезінде бұл қайшылықтарға жол 
берілмейді, «дəстүрлі емес оқыту» принциптеріне негізделген оқыту 
мазмұнын таңдау үшін қолайлы жағдай туғызады, əрбір оқушы өзіне 
оқу бағдарламасын таңдай алады.
Модульдік  оқытуда  басты  назар  оқушының  іс-əрекетіне 
бағытталады.  Модульдердегі  оқу  материалдарын  қандай  да  бір 
деңгейде  прагматикалық  деп  айтуға  болады.  Оқу  материалының 
прагматикалығы оның оқушыны ойлауға, оқуға, нұсқаларды таңдай 
жəне оларды талдай білу қабілетіне бағытталуынан көрінеді.
Модульдік оқыту теориясы оқу үдерісін оған қатысушы екі жақ-
тың əрқайсысы өзіне тиісті функцияларды атқаратын, яғни мұғалім 
– басқарушы, оқушы – өзін-өзі басқарушы болып табылатын оқушы 
мен педагогтың мақсатты белсенді əрекет ретінде қарастырады.
Модуль  нақты  дидактикалық  мақсаттарға  қол  жеткізуге,  оқу 
материалын  игеруге  байланысты  оқушының  өзіндік  танымдық  іс-
əрекетін  қалыптастыруға  бағытталған.  Оқыту  үдерісінің  бірлігі 
ретінде модуль мынадай функцияларға ие: мақсат қою, ақпарат көзі, 
дамыту  жəне  басқару.  Осы  функцияларға  сəйкес  əрбір  модульдің 
мазмұны  бір-бірімен  өзара  байланысты  төрт  блоктан  тұрады.  Бұл 
төмендегі кестеде көрсетілген.
 
 
 
 
 
 
 
Кесте 
Модуль функцияларының блоктармен сəйкестігі

Модуль функциялары
Модуль блоктары
1
Мақсат қою
Дидактикалык 
мақсаттар 
(оқушыларға 
арналған 
əрекеттің 
мақсатты 
бағдарламасына айналады)

272
273
2
Ақпарат көзі
Берілген  оқу  материалдарын 
меңгерудің  мүмкін  жолдары 
мен тəсілдері туралы ақпарат 
(оқытудың 
жоспарланған 
нəтижесіне  қол  жеткізуге 
көмектеседі)
3
Дамыту
Оқу 
материалдары 
(оқу 
элементтеріне құрылған)
4
Басқару
Тексеру жəне өзін-өзі тексеру
Сонымен, дидактикалық мақсаттар блогы мақсат кою функция-
сын атқарады, оқушыларға оқудың жақын көкжиектерін ғана емес, 
алыстағы, болашақта, өз бетімен өмір сүру табалдырығын аттағанда 
қол жеткізуі тиіс жетістіктерін сезіне білуге көмектеседі. Модульдік 
оқытудың  мақсаттары  оқушыларға  танымдық  іс-əрекет  барысында 
қандай  нəтиже  күтіп  тұрғанын  көрсетуі  тиіс.  Мұндай  жағдай 
оқушылардың оқу үдерісіндегі оң мотивациясын қалыптастырады, 
өзіндік əрекетін дамытады, белсенділігін қамтамасыз етеді. Оқушы 
өзінің  дамуының  болашағын  көзімен  көріп,  оң  нəтижелерге  қол 
жеткізудің жолдары мен тəсілдерін түсінгенде, ол оқу үдерісінің тең 
құқылы қатысушысы бола алады.
Модульдік  оқыту  өзінің  көпжылдық  өмір  сүрген  тарихында 
айтарлықтай  өзгерістерді бастан кешті. Оны қолданудың мақсаттары 
ғана өзгеріссіз қалды, олар: оқыту үдерісін жеке оқушыға бағыттау, 
оқу  іс-əрекетін  белсендіру,  оқушылардың  өзіндік  əрекетін  жəне 
мотивациясын арттыру.
1967  жылы  америкалық  педагогикалық  зерттеулер  институ-
ты орта білім беретін мектептерге арналған оқу пакеттерін дайын-
дауды қолға алды. Модульдік оқытудың негізін салушылардың бірі 
Дж.  Д.  Расселдің  пайымдауынша,  модуль  оқу  материалдарының 
тұжырымдық бір бірлігін қамтитын оқу пакеті болып табылады. Бұл 
пакеттің құрамына мыналар кірді:
-  қоршаған  орта  (заттар,  құбылыстар,  үдерістер,  құрылымдар 
мен сапалар əлемі) туралы түсініктердің тізбесі;
-  оқыту  мақсаттарының  тізімі,  осы  мақсаттарға  жетуге  байла-
нысты міндеттердің сипаттамасы;
-  біздің  жұмыс  дəптерлерімізге  ұқсас,  жеке  бөліктерге – 
модульдерге  бөлінген,  жеке  сабақтар  өткізуге  арналған  оқу 
құралдары:  мұндай  модульдер  білімі,  меңгеру  қарқыны  мен 
қабілеттері  əр  түрлі  оқушыларға  арналған  қиындығына  қарай 
бірнеше деңгейлі оқу материалдарын қамтиды;
-  əрбір  оқушының  оқуының  тиімділігін  тексеруге  байланысты 
жеке жұмысты немесе шағын топтағы жұмысты ұйымдастыру тура-
лы мұғалімдерге арналған əдістемелік нұсқаулар;
-  оқушының  өз  жұмысының  сапасын  бағалауына  арналған 
ұсыныстар.
Оқу  пакеттерін  оқушылар  өзінің  жеке  темпі  жəне  меңгеру 
мүмкіндігіне қарай орындайды.
Кеңес  педагогикасында  модульдік  оқыту XX ғасырдың  соңғы 
онжылдығында оқыту технологияларының өріс алуына байланысты 
дамыды. Көптеген зерттеушілер (В. П. Беспалько, О. В. Долженко, 
В. Л. Шатуновский, П. А. Юцявичене, т.б.) оқыту технологияларын 
құрылымдық-мазмұндық  жағынан  алдын  ала  жоспарланған  оқу-
танымдық  үдерістің  тəжірибеде  жүйелі  жəне  бірізді  түрде  жүзеге 
асуы  ретінде  қарастырады.  Олардың  ойынша,  модульдік  оқытуға 
осы анықтама анағұрлым сай келеді.
П. А. Юцявичене модульдік оқытудың мəні оқудың субъектісі, 
негізінен, модуль түрінде ұсынылған оқу материалдарымен өздігінен 
жұмыс істейтіндігінде деп көрсетеді. Жеке алынған модуль əрекеттің 
мақсатты бағдарламасын, ақпарат банкін жəне оқушылардың алдына 
қойылған мақсаттарға жетудің əдістемелік нұсқауын қамтиды.
Модульдік  оқыту  технологиясының    бір  ерекшелігі – оның  
білімді    меңгертуде,  жеке  тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  жəне 
танымдық  үдерістерін: яғни  жадының  алуан  түрлерін (есту,  көру, 
қимыл    жəне    т.б.)  ойлауды,  ынтаны,  қабылдау  қабілетін    арнайы  
жасалған  оқу  жəне танымдық жағдайлар арқылы тануға, сондай-
ақ  жеке  тұлғаның    қауіпсіздігін,  өзін-өзі  бекіту,  қарым-қатынас 
жасау,  ойын  танымдық  жəне  шығармашылық  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға;  белсенді  сөздік  қорын  (ауызша  жəне  жазбаша 
тілде) дамытуға бағытталуында.
 Бұл  технологияның  тағы  бір  ерекшелігі – дарынды  балалармен  
тұрақты жəне жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде.
Модульдік  оқытудың  мақсаты  оқушының  өз  бетінше  жұмыс 
істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген 
тəсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.
Модульдік оқыту іс-əрекет принципіне негізделген, оқушының 

274
275
кейде  ғана  емес,  жүйелі  түрде  белсенді  іс-əрекеті  болғанда  ғана 
білім мазмұны саналы меңгеріледі.
Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды 
оқу  мақсатына  бағыттайды,  оның  қабылдауына  жағдай  жасайды, 
балалардың өзін-өзі бақылау жəне бағалау жүйесін анықтайды, сол 
арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті оқыту үдерісін қамтамасыз 
етеді.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:
Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының 
көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында 
деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне 
септігін  тигізеді.  Өйткені,  ол  бүгін  басқалардың  көмегімен 
орындалған тапсырмаларды ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл 
аяқталады да, оқушы актуалды даму аймағына енеді. Осылай жаңа 
деңгейде келесі цикл бастау алады.
Модульдік  оқытуда  бұл  цикл  мұғалімнің  оқушыға  беретін 
көмегінің  мөлшері  мен  мазмұнын  саралап,  оқу  əрекетінің  əртүрлі 
формада  (жеке,  топтық,  тұрақты  жұптың  жəне  ауыспалы  құрамда) 
ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған.
Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері:
 іс-əрекеттегі нақтылық логика;
 белсенділік жəне оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі;
 жеке жұмыстың қарқыны;
 нəтижелерді салыстыру (аралық жəне қорытынды);
 өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау.
  Модульдік  технологияның  қарқындылығы,  интенсивтілігі 
оқыту  үдерісін  оңтайландыруды,  яғни  аз  күш,  аз  уақыт,  аз  құрал 
жұмсай отырып жоғары нəтижеге жетуді талап етеді.
Модульдік оқытудың принциптері:
 - модульдік принципі;
- оқыту мазмұнынан ерекше мəселелерді бөліп алу принципі; 
- қарқындылық;
- білім мен оның жүйесінің əсершілдігі мен жылдамдығы;
- болашақ міндеттерді саналы түсіну; 
- əдістемелік кеңестің жан-жақтылығы принципі;
-  теңбе-тең принципі. 
Бұл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты.
С.  И.  Ожегов: «Модуль    дегеніміз – қандай    да  бір  жүйенің,  
ұйымның  анықталатын  біршама  дербес  бөлігі», – деді.
Оқу    модулі    қайта    жаңғыртушы    оқу    циклі    ретінде    үш  
құрылымды    бөліктен:  кіріспеден,  сөйлесу    бөлімінен    жəне  
қорытынды  бөлімнен  тұрады.
 Əр  оқу  модулінде  сағат  саны  əр  түрлі  болады.  Бұл  оқу  
бағдарламасы    бойынша    сол  тақырыптар    тобына    немесе    сағат  
санына    байланысты.  Ғалымдардың  зерттеулерінде  7-12  сағаттан  
тұратын  оқу  модулінің  неғұрлым  тиімді  екені көрсетіледі.
Оқу  модулінің  ерекшелігі – жалпы сағат  санына  қарамастан, 
кіріспе жəне  қорытынды  бөлімдерге  1-2 сағат  беріледі.  Қалған  
барлық  сағат  сөйлесу  бөліміне  бөлінеді.
Психологтардың  пайымдауынша,  əрбір  дербес  тарауды 
(тақырыпты)  оқып-үйрену  үш  негізгі  кезеңнен:  кіріспе-
қызықтырушылық, операционолдық-танымдық жəне рефлексиялық-
бағалау  кезеңдерінен  тұруы  тиіс  (Л.  М.  Фридман).  Кіріспе-
қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.
Кіріспе    бөлімде      мұғалім    оқушыларды    оқу    модулінің  
жалпы    құрылымымен,  оның  мақсат-міндеттерімен  таныстырады. 
Сондықтан  мұғалім  осы  оқу  модулін  барлық уақытына  есептелген  
оқу  материалын  қысқаша  (10-20 минут  ішінде)  сызба,  кесте  жəне 
т.б.  белгілі  үлгілерге  сүйене  отырып,  түсіндіреді.
Технология  ауқымында    оқу    үдерісі  мынадай    бастапқы  
жағдайда    құрылады:  баланың  көптеген    тұлғалық    психикалық 
қасиеттері    оның    жеке    өзіндік,  өзін  қанағаттандыратын  қызметі 
барысында  айқындалып, қалыптасады. Технологияда бұған ерекше 
мəн    беріледі.  Танымдық    қызметіне    рахаттанып,  қанағаттану – 
əр    оқушының  соңында  жоғары  нəтижеге  қол  жеткізудің  маңызды  
факторларының бірі. Сондықтан да  сөйлесу  бөліміндегі  бағалар 
мен    бағалау    ынталандырушы    сипатта    болады.  Оқу    модулінің  
бұл  бөлімінде  оқу  еңбегінің нəтижесін  бағалауда «тəтті лимон» 
(оқушы  атқарған əрекеттің  құндылығын асыра  көрсету)  жəне  «көк 
жүзім» (оның  теріс нəтижесін құнсыздандыру) қағидалары кеңінен 
қолданылады (Р. М. Грановская, Ю. С. Крижанская).
Бұл  технологяның  маңызды  шарты – оқушылардың кез келген 
ғылыми  көздерді,  оқулықтарды,  оқу  құралдарын  пайдалануға  
болатындығы,  сондай-ақ    ұйымдастырушы,  көмекші,  кеңесші 
ретінде  мұғалімнен  жедел кеңес ала алатындығы.

276
277
Жоғарыда  атап  өткендей,  кіріспе-қызықтырушылық  кезең 
кіріспе  бөлімінде  іске  асырылады.  Бұл  кезеңде  оқушылар 
бағдарламаның  осы  тарауын  неге  жəне  не  үшін  оқып-үйренулері 
керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың 
негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.
Психологтар  дəлелдегендей,  білімді  неғұрлым  тиянақты 
меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі (мақсаттың қозғаушы, 
қызықтырушы күш болуы) аса маңызды. Ол үшін, психологтардың 
пікірінше,  мақсат  (нені  білу,  нені  үйрену),  оның  мағынасы  (бұл 
не  үшін  қажет)  нақты  айқын  белгіленіп,  мақсатқа  жету  тəсілдері 
көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда 
түсіндіруді  сызба  жəне  белгілік  үлгілер  түрінде  көрініс  тапқан 
əрекеттен  бастаған  тиімдірек  екенін  эксперимент  көрсетіп  отыр 
(Салмина 1981, 47).
Жадыны  жəне  келешекте  алынған  білімге  сүйену  мүмкіндігін 
қорғау  үшін,  психолог  Л.  В.  Шешневтің  пікірінше,  біріншіден, 
алғашқы  түсінбеушілік  сезімі  жадыда  сақталмауы  тиіс;  екіншіден, 
жады  меңгерілген  ұғымдар  мен  түсініктерді  қорғау  қапшығына, 
берік жабылған «орамаға» салып сақтауы жəне ұсынуы тиіс. Мұндай 
«орама» қызметін белгі (термин), белгілік жүйе атқарады.
Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
а)  оқушыларды  оқу  модулінің  жалпы  құрылымымен  жəне 
мазмұнымен таныстырады;
ə)  оқушылардың  осы  оқу  модуліндегі  танымдық  қызметінің 
мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, əсіресе бұл мақсаттар мен 
міндеттерді  əрбір  оқушының  «қабылдауына»,  түсінуіне  ерекше 
көңіл бөледі;
б)  тірек сызбаларға («орамаларға», белгілік үлгілерге) сүйене 
отырып,  модульдің  тұтас  тақырыбы  бойынша  оқу  материалын 
қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.
Сөйлесу  бөлімінде  əрбір  оқушының танымдық  қызметі  əр 
сабақта үш  күрделілік  деңгейде  берілген  оқу  материалын  таңдау,  
жазу,  көру    жəне    айту    мүмкіндігі    болатындай    етіп  құрылған.  
Сөйлесу  бөлімінде   алғашында  оқу  материалын  қайта  жаңғыртып,  
қарапайым  білік  пен  дағды  қалыптастыру  мақсатында, кейіннен  
алынған    білімді    талдау,  жинақтау    жəне    бағалау    мақсатында  
оқытудың  белсенді  формалары  қолданылады.
Сөйлесу  бөлімі  сабақтарының  ұйымдастырылу    формасы  
бойынша  əр  оқушы  өзінің  қалай  жəне  немен  шұғылдануы тиіс,  
сабақ  барысында    не    істеуі  керек  екенін  біледі,  өйткені  мұғалім 
балаларды  сабақтың  ережелерімен  (егер  ол  оқыта  үйрету  ойыны 
болса) немесе оның  құрылысымен  жəне  жүру  барысымен алдын 
ала  таныстырады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып-
үйренудің  екінші – операционалдық-танымдық  кезеңін  іске  асыру 
болып табылады.
Бұл  бөлімді  қарастырғанда  Л.  Фридманның  төмендегідей 
ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы 
түрлі  қызметінің  жүйесі  ретінде  қаралады.  Олар  оқушының 
қисынды  ойлау  қабілеттерін,  көзге  елестету  қабілетін,  жадын, 
шығармашылығын жəне т.б. дамытуға, яғни білім беруді мақсаттары 
болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2.  Оқуды      басқарудың      психологиялық      сенімді      түрі – ең 
алдымен,  оқушының  қажеттіліктерін,  қызығушылығын  дамытуға 
жағдай жасау.
3.  Оқуды  басқару  икемді  болуы  тиіс,  бұл  тек  оқушылардың 
іштей  өсіп  жүргенде  ғана,  балалардың  білім  дəрежесінің  артуына 
қарай мүмкін болады.
4.  Оқушылар  нақты  оқу  кызметінің  мақсаттарын  анықтауға 
тікелей  қатысуы  керек,  яғни  басқару  тұлғаға  бағытталған  болуы 
тиіс. Оқу үдерісін тұлғалық басқару дəрежесі оқушылардың өсуіне 
қарай  артып  отыруы  жəне  оқудың  жоғары  сатысында  жалпылама 
сипат алуы тиіс.
5. Оқу үдерісін басқару бастауыш сынып оқушыларының ішкі 
қуатына жəне мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Оқу  модулінің  сөйлесу  бөлімін  даярлағанда  мұғалім  оқу 
материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.
Мұнда  оқушылар  оқу  материалына  қайта  оралып,  пысықтап, 
бекітуі  үшін  оның  əр  сабақта  жеке  бөліктермен  берілетінін  есепке 
алу  керек,  бұл  беліктерде  қысқаша,  сиымды  түрде  тұтас  тараудың 
(тақырыптың) «мазмұны беріледі».
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың 
өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.

278
279
Мұнда  оқу  материалының  мазмұны  оқушылардың  өзара 
сөйлесуінің арқауы жəне құрушы болады.
Сөйлесу бөлімін құру қағидалары
Алғашқы  үш  əрекет-қадам  мұғалімнің  оқу  (ғылыми) 
материалының  мазмұнын  бөліп,  оқу  модулінің  сөйлесу  бөліміне 
орналастыруын құрайды.
 Сөйлесу  бөлімінің  жұмысы  төмендегідей  негізгі  қағида-
ларды есепке ала құрылады:
 Оқу материалын бір тұтас беру қағидасы.
 «өсу»  бағытымен  оқып-үйрену  қағидасы  (басында  шағын 
түрде, соңынан мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып,    
қосымша жаттығулар мен актілер енгізу аркылы). Бұл оқушының оқу 
материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып)   
бойынша пысықтауын білдіреді.
 Сөйлесу бөлімінің əр сабағында оқу модулінің тақырыбына 
«қайта  оралып  отыру»  қағидасы  (қайталаумен  шатастыруға 
болмайды!).  Іс  жүзінде  тақырыпқа  оқу  материалының  көлемі 
жағынан  да,  тапсырмалардың  күрделілік  деңгейі  тұрғысынан  да 
«өсу»  бағытымен  қайта  оралып  отыру,  меңгерілген  білімді  бекіту 
үшін  қажет.  Зерттеулер  көрсеткендей,  жады  ақпаратты  ұзақ  уақыт 
есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оны саналы түрде бірнеше 
мəрте (7 ретке  дейін)  қайта  оралып  отыру  кажет.  Мұндағы  басты 
мəселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, 
оны  адамның  өз  алдына  қойған  проблемаларын  шешудегі  құрал-
жабдығы ретінде пайдалану.
Сондықтан  модульдің  осы  бөлімінде  оқу  материалын  меңгеру 
– тек қажетті кұрал ғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету: қисынды 
ойлауды,  түрлі  құбылыстар  мен  фактілер  арасындағы  байланысты 
көре  білуді  дамыту;  ұғымдар  қалыптастырып,  оларды  ғылыми 
негіздеуге үйрену; интеллекті жəне креативтілікті (шығармашылық 
қабілетті)  дамыту  мүмкін  емес.  Бұл  бөлімде  оқу  үдерісіндегі 
оқушылардың  барша  танымдық  қызметінің  қорытындысы  болып 
табылатын  мақсатқа  жəне  оқушылардың  білімі  мен  білігінің 
мемлекеттік  білім  стандартына  сай  келуіне  қатар  қол  жеткізіледі 
(олардың caй немесе сай еместігін салыстыру оқу модулінің үшінші 
– қорытынды (бөлігінде жүргізіледі).
 Оқу  модулінің  сөйлесу (даярлық)  бөлімін құрудағы  мұндай  
тəсілдің оқушы  тұлғасын  дамытуға  жағымды  ықпал етеді.
3, 4-сабақтардан    бастап    оқушыларға    стандарт    талаптарына  
сай  сараланған  тапсырмалар  беріледі (І, ІІ  жəне  ІІІ деңгейлер).
Тақырыпта 
үш 
деңгейдегі («жеңілдетілген 
стандарт», 
«стандартты», «стандарттан жоғары») оқушыларға арналған топтық 
тапсырмалар ұсынылады. 
ІІІ  деңгей – білім  стандартының  талаптарына  сай  қарапайым 
білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмалар. 
ІІ деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімін қолдану жəне 
талдау деңгейіндегі тапсырмалар.
І  деңгей  –  шығармашылық  жəне  ізденушілік  сипаттағы 
тапсырмалар.  Қорытынды  бөлімде  барлық  оқушыларға  бірдей 
мемлекеттік білім стандартына сай тапсырамалар беріледі. 
І  деңгей  тапсырмалары  дарындылықтың    екі    түріне – 
интеллектуалдық  жəне креативтік дарынды  балаларға арналған.
Оқушылар  қандай    да    бір    деңгейдегі    тапсырмаларды  өздері  
таңдайды.  Тапсырмаларды  қарапайымнан  күрделіге  қарай  кезек 
–  кезегімен  орындау  міндетті    емес.  Оқушы    тапсырманы    өзінің 
орындау  мүмкіндігіне қарай  таңдауға  ерікті.
Оқу    модулінің    сөйлесу  (даярлық)  бөлімінің    тағы    бір 
ерекшелігі    бар.  Атақты  педагог  ғалымдардың  зерттеу  нəтижелері 
көрсеткендей,  оқудың белсенді  жəне  ойын  формаларын  кеңінен  
қолдану  оқушылардың  оқу  материалына  бірнеше  мəрте  (13-тен  
24 ретке  дейін)  қайта  оралып,  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді.
Оқу  модулінің  сөйлесу  бөлімінде  оқушылар  білімін  бағалаудың 
дəстүрлі    бес    балдық  (шын  мəнінде,  үш  балдық)  жүйесін    емес,  
тоғыз балдық  жүйені  қолданған дұрыс,  бұл  оқушыға  бір деңгей  
тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңіліне  қаяу  түсірмей  өтуіне  
мүмкіндік    береді,  өйткені  əр    деңгей    ауқымында  «өте    жақсы»,  
«жақсы»  немесе «қанағаттанарлық» баға алуға  болады.
Үшінші    «жеңілдетілген»  деңгей    тапсырмаларын    орындау  
білім  деңгейі  төмен  кейіннен  жоғарырақ  деңгей  тапсырмаларына  
көшуге  мүмкіндік    береді.  Тапсырмаларын    оқу    модулінің    орта  
кезінде-ақ  орындап  болған  оқушылар,  қалауы  бойынша  мұғалімге  
көмекші  бола  алады. Олар кеңесшілер,  жүргізушілер, т.б.  рөлдерді 
атқара  алады. Оқу  модулінің  сөйлеу бөлімі  оқушылардың  өзін-өзі  
оқытуына  жəне  өзін-өзі  бағалауына,  бірін-бірі  оқытуынан  жəне  
бірін-бірі  бағалауынан  құрылған.  Бұл əрбір  оқушы  үшін тек  ІІІ  

280
281
деңгейлік  тапсырмалар  ғана    емес,  олардың    үлгі  жауаптарын  да  
даярлау  арқылы  іске  асырылады.
Сөйлесу  бөлімі  оқыта  үйрету  ойындары  арқылы  жүреді. 
Мысалы: «Брейн-ринг», «Қарлы  кесек», «Білім  биржасы», 
«Акционер», т.б ойындар.
Оқу    модулінің  қорытынды    бөлімі – бақылау.  Егер    сөйлесу  
бөлімінің  барлық  сабақтарында  оқушылардың    бір-біріне    көмегі,  
бірін-бірі  оқытуы,  түрлі  ғылыми  көздерді  пайдалануы құпталынып  
келсе,  енді  қорытынды  бөлімінде  оқушы  өзінің  сөйлесу  бөлімінде 
алған  білімін,  білігі  мен  дағдыларын  ешкімнің  көмегінсіз  көрсетуі  
тиіс.
Оқушы    білімін    бақылаудың  формалары    ретінде  тестілік 
тапсырмалар,  бақылау  жұмыстары, сынақ,  шығарма  немесе  диктант  
оқу  пəнінің  ерекшелігіне  орай  қолданылып,  оқу  модулінің  осы  
қорытынды  бөлімінде  беріледі.
Оқушылардың    тақырып  немесе  тарау    бойынша    білімін,  
дағдысын  бағалауда  оқу  модулінің  қорытынды  (бақылау)  бөлімінде  
алған  бағалары  қойылады.
Егер    сөйлесу    бөлімінде    оқушыларға    үш    деңгейдегі 
(«жеңілдетілген»  стандарт, «стандартты», «стандарттан    жоғары»)  
тапсырмалар  ұсынылса, қортынды  бөлімде  барлық  оқушыларға 
бірдей мемлекеттік  білім  стандартына  сай  тапсырмалар  беріледі.
Оқушылардың    өз    бетінше    ізденіп    шығармашылықпен  
айналысуына  «Модульдік  оқыту»  технологиясы    тиімді.  Оның 
ерекшелігі  оқушының білімді өз бетінше  меңгеруге  ұмтылғандығы, 
алуан    түрлі  (есту,  көру)  арнайы    жасалған    оқу    жəне    танымдық  
жағдайлар    арқылы    дамытуға,  шығармашылық    қажеттілігін 
қанағаттандыруға,  сөздік  қорын    (ауызша,  жазбаша)  дамытуға 
бағытталады.
Мұғалім    бір    оқу  модуліне    бөлінетін    сағат  санын  анықтап 
алғаннан    соң,  оның    мақсатын,  мазмұнын    жəне    нəтижелерін,  
сондай-ақ  осы  модуль  сабақтарын  ұйымдастырудың  формасын  
ойластырып,  оқу  модулін  құрады.
Мұғалімнің  алдын  ала    жұмысы  төмендегідей  əрекет – 
қадамдардан  тұрады:
1-қадам:  Берілген    тарау,  блок    немесе  тақырып  бойынша  
бағдарламада  меңгерілуі  тиіс  деп көрсетілген  міндетті  білім, білік 
пен  дағдыларды,  сондай-ақ    оқыту    мақсаттары  мен  міндеттерін 
айқындау.
2-қадам: Берілген  модуль  бойынша  оқу  материалының  тұтас  
мазмұнын оқып-зерттеу.
 3-қадам: Берілген  модуль  бойынша  негізгі мағынаны  білдіретін  
түйінді    ұғымдарды,  тақырып    бойынша  негізгі  ақпарат    беретін 
рельефтік (код сияқты)  сөздерді  табу. Олардың  өзара  байланысы 
мен  өзара бағыныштылығын анықтау.
 4-қадам: Тұтас тақырып бойынша  тірек  сызбаларын құрастыру 
(анықталған түйінді  ұғымдар мен «кодтар» негізінде).
5-қадам:  Оқу    модулінің    тұтас    мазмұны    бойынша    тестілік  
тапсырмалар  құрастыру (15-20 тапсырма  шамасында).
6-қадам:  Берілген    модульдегі    оқу    материалының  тұтас  
мазмұны    бойынша  сынаққа  қажетті  сұрақтар    мен  тапсырмалар  
блогін құрастыру (оқу  пəнінің  өзіндік ерекшелігіне орай  сынақты  
диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға  болады).
7-қадам:  Сөйлесу    бөлімін  əзірлеу.  Оқытудың    белсенді  
формаларын таңдау.
Қазіргі  кезде  бастауыш  мектепте  оқытатын  мамандарға 
қойылатын  талап – қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялық 
əдістерді қолдана отырып, сапалы жəне терең білім беру, ойлау, есте 
сақтау, көру, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. 
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне 
байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы 
«Шеберліктің  белгісі – түрлі  əдісті  болу», – деген  өткен  ғасырда 
айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың əр кезеңдерінде түрлі 
əдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нəтижеге жетуге болады.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне жəне қабілет 
деңгейлерін  дамытуда  М.  Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту 
технологияның»  маңызы  ерекше  екені  мəлім.  Себебі  аталмыш 
технология  əдістері  оқушыларды  өз  бетімен  жұмыс  істеуге, 
қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені 
де бағалай білуге үйретеді.
Оқушының  оқу  жəне  танымдық  əрекеттерінің    белсенділігін 
арттыру – ең негізгі əдістемелік мəселе. Модуль арқылы оқыту осы 
мəселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. 
Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері мен 
қағидалары, белгілері бар.
Тиімді  белгілерінің  бірі – бастауыш  сынып  оқушысының  оқу 
белсенділігі.  Бұл  технологияның  бір  ерекшелігі  сабақтың  негізгі 

282
283
кезеңдерінің  бəрінде  оқушыларға  шығармашылық    жұмысты 
ұсынуға болады.
Сөздікпен  жұмыс  кезінде  оқушының  шығармашылығы, 
мүмкіндігіне  қарай  сөз  тіркесін,  сөйлемдерге  сөзжұмбақ,  ребус 
немесе  сканворд  құрастыру  мүмкіндігін  тудыру  болса,  жаңа  ма-
териалмен  жұмыс  істеген  кезде  өз  ойын  сызба  немесе  сурет,  тірек 
конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде 
өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап 
жазу арқылы беруге болады.
Бастауыш  мектептің  оқу  үдерісінде  модульдік  технологияны 
тиімді  пайдалану  оқушылардың  белсенділігін,  оның  ойлау,  есте 
сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамы-
тып,  қызығушылығын  арттырады.  Сабақ  формаларының  өзгеріп 
отыруы,  əсіресе  топтық  формалар  оқушылар  арасында  қарым-
қатынастың  нығаюына  ықпалын  тигізеді.  Оқушының  тапсырманы 
өзінің  орындау  мүмкіндігіне  қарай  таңдап  алуға  еріктілігі,  оның 
өз  күшін,  шама-шарқын  бағалай  білуге,  өзін  қауіпсіз  сезінуіне, 
қиындыққа дайын болуға жəне оны жеңуге тырысуына жетелейді. 
Сабақ  басында  бастауыш  сынып  оқушылары  оқу  мақсатымен, 
модульмен  таныстыру  қажет.  Сабақ  барысында  оқушылар 
оқу  мақсатын,  өзіне  қойылатын  талапты,  лексикалық  жəне 
грамматикалық  тақырыпты,  модульдің  мазмұнын,  жұмыс-үрдісін, 
нəтижесінің бағаланып жəне түзетіліп отыратынын біледі.
Əрбір  оқу  модуліндегі  сабақ  санының  ауытқуы  тақырыпқа 
байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеледі, себебі сөз 
қорының  молаюы  аз  мөлшермен  беріліп  қайта-қайта  жаңартылып, 
өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.
Сөйлесу  бөлімін  педагогика  жəне  психология  ғалымдарының 
жетістіктерін  басшылыққа  ала  отырып,  оқушылардың  қабылдау 
деңгейлері  мен  қабілеттеріне  қарай  ұйымдастыру  қажет. 
М.  Жанпейісованың  сөйлесу  бөлімін  құру  қағидаларына  сүйене 
отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез келген əрекет емес орындау 
əрекеті  екенін  ескере  отырып,  бастауыш  сынып  оқушысының 
танымдық 
қызметпен 
айналысуына, 
ақыл-ой 
жұмысына 
қанағаттануына  жағдай  жасау  керек.  Міндетті  түрде,  сабақ 
барысында, бастауыш сынып оқушысының іс-əрекетінің төрт түрін: 
тыңдау, оқу, жазу жəне əңгімелесуді қолдану тиімді. 
Модульдердің    нəтижелі  болуын  көздеп,  сөйлесу  сабағының 
түрін  өзгерте  отырып,  əртүрлі  белсенді  формаларды  пайдалану 
арқылы іске асыруға болады. Олар:
-  топтық;
-  жұптық;
-  жеке топтық;
-  ұжымдық
Сызба
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет