292
қатардағы дəннің барлығын мұқият қарап шығады. Толық шынылы
дəндерді санап шығады (олар жарық, мөлдір болып көрінеді), одан
кейін ұнды дəндерді санап шығады (олардан жарық өтпей қою қоңыр,
қараңғы болып көрінеді), қалған дəндерді жартылай шынылықты
дəндерге жатқызады.
7. Ылғал сағыздың мөлшері мен сапасын анықтау:
Сағыз дегеніміз – ақуыздар кешенінен тұратын,
суда ісінуі кезінде
байланысқан созылмалы массаны құрайтын зат. Оны қамырдан жуу
арқылы бөліп алады.
Қамырдан бөліп алынған сағызды ылғал сағыз деп атайды. Оның
құрамында 70 пайызға дейін су бар. Бидай дəнінің ішінде 14-тен 50
пайызға дейін ылғал сағыз болады. Егер бидайдағы ылғал сағыздың
мөлшері 28 пайыздан кем болмаса, ал сағыздың сапасы бірінші топқа
жатса, онда бұл бидай жоғары сағыздылықты деп саналады.
Ылғал сағыздың түсі ашық сұрдан қара сұрға дейін болуы мүмкін.
Ашық түсті сағыз сапалы болып саналады, өйткені сағыздың түсі қамыр
мен нанның түсіне əсер етеді. Ашық түсті сағыздың созылымдылығы
мен қайтымдылығы жоғары дəрежеде болады.
Сағыз созылымдылығы, қайтымдылығы жəне
байланыстылығы
сияқты маңызды физикалық қасиеттерге ие. Сағыздың бұл қасиеттерінің
көлемі мен шығымы үлкен, сапасы жоғары нан алуда маңызы зор.
Астық қабылдау кəсіпорындарындағы зертханаларда сағыздылықты
тек қана күшті жəне қатты бидай сорттарын қабылдау кезінде ғана
анықтайды. Ал бидай ұнының барлық сорттары үшін ылғал сағыздың
мөлшері мен сапасы нормаланған.
Ылғал сағыздың мөлшерін анықтау үшін шөп-шалаң қалдықтардан
тазартылған орта сынамадан массасы 50 г өлшенді алып, оны
зертханалық диірменде майдалайды. Майдаланған дəннің ірілігі
№38-капрон немесе жібек жіптен жасалған електің өтімі 40
пайыздан
кем болмауы керек.
Сағызды жуып алу стандарттарға сəйкес жүргізіледі.
Сағыздың сапасын ИДК-1 құрылғысында анықтайды. Құрылғының
көрсетуін шкаланың бір бөлігіне дейінгі дəлдікпен анықтайды. Сағыз
сапасын параллель екі анықтаудың арасындағы ауытқу құрылғы
шкаласының 5 бірлігі арасында болуы керек.
8. Бидай дəнінің жалпақ сары ала қоңызбен залалдануы:
Жалпақ сары ала қоңыз бидай шабындықтарын зақымдап,бидай са-
293
пасы мен мол өнімділігін төмендетеді. Ол ағаштар түбінде, жапырақтар
астында қысты өткізеді. Ерте көктемде ол өсімдіктің вегетативтік
бөліктерімен қоректенеді. Ол бидайдың дəл пісуі кезінде үлкен зақым
түсіреді. Бұл зиянкес бидай дəнінен бүкіл
эндоспермін сорып алып,
оны жеңілдетеді.
Залалданған бидайды елеген кезде, жалпақ сары ала қоңыз
сілекейінің ферменттері ұнда қалып қойып, өзінің белсенділігін арт-
тырады. Сөйтіп ондай ұнның наубайханалық қасиеті төмендейді.
Қамырды илеуден бастап, фермент ақуызға əсер ете бастайды. Сөйтіп
оның ашуы ұзаққа созылады. Көмірқышқыл газы мұндай қамырда
көпке дейін тұрақтамайды. Соның нəтижесінде
нан тығыз, аз қуысты,
жабысқақ жəне биіктігінің диаметріне қатынасы төмен болады.
Сыртқы түріне қарап үш белгі бойынша жалпақ сары ала қоңызбен
залалданғанын көре аламыз:
1. Дəннің үстінде тілініп созылған ақшыл-сары домалақтау келген
дақ, ортасында қара нүктесі бар.
2. Тура сондай дақ, бірақ ішке батырылған жəне нүктесі жоқ.
3. Тура сондай дақ, нүктесі жоқ, батырмалы жəне ұрық бөлігі əжімді
болып келген.
Жалпақ сары ала қоңызбен залалданған дəннің пайыздық мөлшерін
анықтау үшін, орта сынамадан 10 бүтін дəн бөліп алып, залалданудың
барлық түрін қосып,
таразыға тартып, бастапқы алынған өлшендіге
пайызбен есептейді. Таразыға тарту 0.01 г дəлдікке дейін жүргізіледі.
Мұндағы, Х – залалдану,
М – залалданған дəн массасы,г
10 – ауыстыру коэффициенті
63-кесте
Достарыңызбен бөлісу: