Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет279/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

№28-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Сусымалы құрама жем көрсеткіштерін 
техникалық талдау»
Жұмыстың мақсаты:
Сусымалы құрама жемнің сапа көрсеткіштерін анықтау əдістемелерін 


379
оқып, өз бетінше құрама жем сапасын анықтауды үйрену жəне оның 
стандартқа сəйкестігі туралы тұжырым жасау. 
Тапсырма:
1. Сапа көрсеткіштерін анықтау;
2. Қорытынды жасау.
Құрал-жабдықтар:
1. Таға тəрізді магнит;
2. Қалақшалар, шпательдер;
3. 20х20 см шыны ;
4. Електер диаметрі 2,0 мм: 3,0 мм, 5,0 мм жəне №08;
5. Өлшендіге арналған ыдыс;
6. Техникалық таразы;
7. СЭШ-3М кептіргіш шкафы;
8. Бюкстер;
9. Эксикатор.
Жұмысты орындау жоспары:
1. Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау.
2. Ылғалдылығын анықтау.
3. Зиянкестермен залалдануын анықтау.
4. Металломагниттік қалдықтарды анықтау.
5. Ұсақталған өнімнің ірілігін анықтау.
6. Ұсақталмаған бүтін тұқымдар мөлшерін анықтау.
7. Тұжырым. 
Жұмыстың орындалуы:
1.
Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау;
Түсі мен сыртқы түрін анықтау.
Құрама жемнің сыртқы түрі мен түсін адамның сезім органдары 
арқылы анықтайды. 20 г құрама жемді тегіс ақ бетке жайластырып, ара-
ластыра отырып табиғи жарықта нағыз өзінің түсі мен түрін анықтайды
Құрама жемнің түрі _______________________________________
Құрама жемнің түсі ________________________________________
Иісін анықтау:
100 г өлшендіні ақ қағазға төгеді. Иісін күшейту үшін фарфор 
ыдысына салып, шынымен жабады да, алдын ала қайнатылған сулы 


380
моншаға қояды. Ыдыс пен өлшендіні 5 минут аралығында қыздырады 
да, кейіннен иісін анықтайды.
Құрама жем иісі ___________________________________________
2. Ылғалдылығын анықтау
Ылғалдылығын анықтау үшін əрбірі 5 г болатын екі өлшендіні алып, 
оны алдын ала өлшенген бюкстерге салып, кептіру шкафына қояды. 
Оларды шкафта 130 градус температурада 40 минут бойы кептіреді. 
Кейін бюкстерді алып шығып, 15-20 минут бойы эксикаторда суытады. 
Суытылған бюкстерді өлшеп:
ܹ ൌ
݉
ଵି
݉

݉

כ ͳͲͲ
формуласы арқылы ылғалдылықты есептейді.
Мұндағы, m

– өлшенді массасы, г
m

–кептіргенге дейінгі бюкс пен өлшенді массасы, г
m

– кептіргеннен кейінгі бюкс пен өлшенді массасы, г
Орта нəтижені 0,01 дəлдігімен жазады. Егер екі параллель 
анықтаулар нəтижелерінің арасындағы ауытқу 0,2%-дан жоғары болса, 
онда ылғалдылықты анықтау қайта жүргізіледі.
Нəтижелерді жазу
W
1
= ________________________%.
W
2
= ________________________%.
Нақты ауытқу = ______________
Рұқсат етілген ауытқу _________
W
орт
= (W

+ W
2
)/2 = ___________
3.Залалдануын анықтау:
Залалдануын анықтау үшін 1 кг өлшендіні диаметрі 2 мм жəне 
сымтемірлі № 08-електерде қолмен немесе рассевте елейді.
Електердің сырғымаларын жұқа қабатпен жаяды да, 1 кг өнімдегі 
зиянкестердің түрлері мен санын анықтайды. 
Төменгі електің өтімін шынының немесе парақтың көмегімен 
қалыңдығы 1-2 мм етіп жаяды. Жайылған өнімнің бетін лупамен мұқият 
қарайды. Өнім бетінде төмпешіктердің пайда болуы құрама жемнің 
зиян кестермен залалданғанын білдіреді.
1 кг құрама жемде анықталған зиянкестер:
Зиянкестердің саны _____________________________________дана
Зиянкестердің түрі _________________________________________


381
4. Металломагниттік қалдықтарды анықтау:
Металломагниттік қалдықты бөлу ПВФ құралы арқылы немесе 
қолмен анықтайды. Металломагниттік қалдықты бөлу ПВФ құралымен 
анықтағанда 1 кг құрама жемді экран арқылы өткізеді. Содан кейін 
құрылғының қақпағын алып, магнит блоктарынан экранды суырып 
алады, ал металлмагнит қалдықтарын ақ қағаз үстіне қағады.
Ал қалдықтарды қолмен бөлу кезінде 1 кг құрама жем өлшендісін 0,5 
см қалындығымен тегістейді, содан кейін таға тəрізді магнитпен өнім 
қабатының үстінен ұзына бойына жəне көлденең бірнеше рет ұнның 
барлық бетін қамтитындай етіп жүргізеді. Металлмагнит қалдықтарын 
полюстерден ақ қағаз үстіне бөледі.
Металлмагнит қалдықтарын өнімнен бөлуді 3 рет қайталап, содан 
кейін аналитикалық таразыда өлшейді. Металлмагнит қалдықтарының 
кейбір түрлерін өлшегіш тордың көмегімен ПИФ құрылғысында 
анықтайды.
Металлмагнит қалдықтарының мөлшері ____________________ 
5. Ірілігін анықтау:
Құрама жем түріне қарай стандарт талаптарына сəйкес алынған 
електерде (диаметрі 3,0 мм жəне 5,0 мм) 5 минут уақыт ішінде массасы 
100 г өлшендіні елейді. Əрбір електің сырғымасын өлшеп, бастапқы 
өлшендіге пайызбен есептейді.
Нəтижелерді жазу
Диаметрі 3,0 мм електің сырғымас_____________г ____________%.
Диаметрі 5,0 мм електің сырғымасы____________г ____________%.
6. Ұсақталмаған бүтін тұқымдар мөлшерін анықтау:
Мəдени жəне жабайы өсімдіктердің бүтін тұқымына жемістік жəне 
тұқымдық қабықтары бұзылмаған тұқымдарды жатқызады. 
Бүтін тұқымдарды майдаланған өнімнің ірілігін анықтағаннан 
кейін ғана қарастырады. Алынған тұқымды фракцияларымен өлшеп, 
нəтижесін пайызбен шығарады. Улы тұқымдарды бөлек қарастырады. 
Мəдени жəне жабайы өсімдіктің бүтін тұқымы: ______________,%, 
соның ішінде: 
жабайы өсімдіктер тұқымы ______________, %;
мəдени өсімдік тұқымы _________________, %.


382
117-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет