Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет42/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

Тозаң қара күйе былай жұғады.
Қара күйенің споры толған 
қалташасы күн ашық жылы кезінде ауаның жылжуынан, масақтың 
бірімен-бірінің соқтығысуынан-ақ жарылып, тозаңдары шашылып, 


72
егістіктің үстінде тұман сияқты немесе кішігірім бұлт тəрізді ұшып 
жүреді де, сау масақтарға қонады, яғни оларға жұғады. Қара күйенің 
споралары ұшу кезеңі бидайдың балауса пісу кезеңіне тап болады. Осы 
балауса дəнге қонған қара күйе споры тез өніп, дəн қабыршағының 
астына түседі. Міне, осы кезде дəн толық пісіп, құрғап, қара күйе спо-
ралары да осы жерде, дəн қабыршағының астында қыстап қалады. 
Сондықтан бұған химиялық у дəрілер əсер ете алмайды. Тозаң қара 
күйемен тек қана ыстық суға салу əдісімен ғана күресуге болады. 
Тұқымдық астықты кішігірім дорбаларға салып, алдымен 50-60°С суға 
бір-екі минутқа салып, содан кейін 70-80°С суға салады. Сонда ғана 
қара күйенің споралары өледі. Бұл ауру азырақ жайылған. Оның себебі, 
ауру дəн жеңіл шөпек болады да, астықты тазалағанда тұқымдық 
астықтың қалдығымен бірге шығып кетеді. Споралар дəннің ішінде 
болғандықтан жанындағы сау дəнге де қауіпсіз, оған жұқпайды. Жазда 
тозаң қара күйемен ауырған өсімдікті анықтау өте оңай, ол өсімдік нəзік 
болады жəне ерте қурайды.
Қара күйе аурулары өте қатерлі. Кейде үлкен аумақтағы егістіктер 
түгелдей өнім бермей қалуы мүмкін. Қазіргі ГОСТ бойынша тамаққа 
арналған астықта 0,01 пайыздан артық қара күйемен зақымданған дəн 
болмау керек.
Қастауыш
– (спорынья) – сасық қара күйеге ұқсас ауру. Сондықтан 
да кейде қара күйе деп қате айтып та жүреді. Бұл аурумен көбінесе, 
қара бидай, аздап бидай ауырады. Бұл ауруды қара күйеден мынадай 
белгілеріне қарай айыруға болады. Масақтағы дəннің орнына қатты 
үлкен мүйізше өсіп шығады. Ол масақтың қауызынан шығып тұрады, 
дəннен ұзынырақ келеді. Қастауыш қатты. Сондықтан астықты орған 
жəне бастырған кезде үгітілмейді; астықты тазалаған кезде, оның 
мөлшері əлдеқайда үлкен болғандықтан, жақсы бөлінеді.
Қастауыш медицинада дəрі алу үшін арнайы егіледі. Ал егін 
шаруашылығында астыққа араласып кетсе, одан ұн тартып, нан 
пісірілетін болса, оны жеген адам іші-қарны бүрісіп, орысша «злая кор-
ча» деген ауруға шалдығады.
Қастауыштың мүйізшелерінің сырты қара немесе қара қоңыр 
болғанымен, ішкі құрылысы ақ болады. Астық қоймада көп жат-
са, қастауыштың улық күші бəсеңдейді. Сонда да стандарт бойын-
ша тамаққа арналған астықта 0,05 пайызға дейін ғана қастауыш 
қосындылары бар астық қорын пайдалануға болады, ал мал азығы 
ретінде пайдалану үшін 0,2 пайызға дейін қосындылары бар астықты 
пайдалануға болатыны көрсетілген.


73
Фузариоз.
Бұл өте кең тараған ауру. Фузариозбен 200-ге тарта 52 
тұқымдастыққа жататын өсімдіктер ауырады. Оның ішінде ең қауіптісі 
жəне көп тараған түрі дəнді дақылдар фузарийі. Ол көбінесе, бидай-
ды зақымдайды. Бұл аурумен ауырған бидайды «мас бидай» (орысша 
«пьянный хлеб» деген сөзден шыққан) деп атайды. Ауру өсімдіктің та-
мыры шіріп, басы салбырап тұрады, ауру бидайдың дəнінде қызғылт 
түсті шаң сияқты тозаң болады. Мұндай бидай улы болады. Адамның 
қалай уланатыны осы кезге дейін белгісіз. Егер мал жесе, құтырып 
кетеді. Тамаққа арналған астықта осындай дəн бір пайыздан асса, оны 
ұн тартуға немесе малға жем ретінде пайдалануға болмайды.
Аспергиллотоксикоз
. Aspergillus fl avus, A. fumigatus, A. niger, 
көгеретін грибтерден туатын ауру. Мұнымен уланған адам көбінесе, ал-
лергия мен тыныс алу органдарының ауруына душар болады. 
Пенициллиоисландиотоксикоз
. Бұл аурудың қоздырушысы Peni-
cillium islandicum. Бұл гриб бауырдың цирроз ауруын қоздырады.
Пенициллиорубротоксикоз. Мұның қозғаушысы P. rubrum. Көбі-
несе, жүгері дəні ауырады. Сондықтан Америкада көп тараған. 
Көбінесе, аллергия мен тыныс алу органдарының ауруына душар 
болады. 
Нигроспороз
. ТМД көлемінде, Украинада жүгері егістіктерінде жиі 
кездеседі. Ауру жүгерінің собықтары семіп қалады да, ондағы ауру дəн 
үгітіліп түседі. Ондай дəннің бетін ақ тозаң (грибницалар) қаптап жа-
уып тұрады. 
Жүгері, бұлардан басқа жүгері күйесі (кукурузная моль), 
диплодиоз

собықты көгертетін аурулармен ауырады. 
Сабанның сызықша даты – барлық дəнді дақылдарда кездеседі. 
Мұның қоздырушысы базидиалдық грибтер. Дəннің өзі ауырмағанмен, 
ол ұшық болып семіп, 1000 дəннің жəне бір литр дəннің массаларын 
өте төмендетіп жібереді. 
Қара ұрық
– көбінесе, қатты бидайды ауыртады. 
Ұн тəрізді шық аурулары 
Қазақстанда суармалы егіншілік аудандарда 
жəне жиі себілген егістіктерде жаңбыр көп жауған жылдары өршіп кетеді.
Егін шаруашылығында бұл көп тараған аурулардан басқа да көптеген 
аурулар кездеседі. 
Бактериоздар
. Бұл аурулардың қоздырушысы фитопатогендік 
бактериялар. Ол бактериялардың споры тұқымдық астықпен қыстап 
шығады. ТМД елдерінде бидайдың базальдық бактериозы, блек – чаф 
(қара қабық деген сөз), қоңыр бактериоз жəне басқа да көптеген түрлері 
кездеседі. 


74
Вирус аурулары 
– инфекциялық жұқпалы аурулар. Олардың 
қоздырушысы ұсақ, клетка сөліне араласып кететін вирустар. Дəнді 
дақылдар егістіктерінде 25-ке жақын түрі кездеседі. Қазақстанда бұл 
аурулар класынан қуыршақ бас, мозайкалық өрнек, хлороз сияқты 
түрлері кездеседі.
Гүлді паразиттер класына арамшырмауық, сұңғыла, марьянник, по-
гремок, стрига, тағы басқа да шөп тəріздіс паразиттер жатады.
Арамшырмауық
, (повилика) өте көп тараған. Мұның дүниежүзінде 
215 түрі бар. Одан 36 түрі ТМД елдерінде өседі. Олардың бəрі каро-
тинге жататын өсімдіктер. Олардың сабағы, жапырағы сары хлорофилі 
де, тамыры да жоқ. Тамырдың орнына басқа өсімдіктерге жабысуға 
арналған жабысқақ немесе еміздігі бар. Сабақтары жылан сияқты басқа 
көк өсімдіктерге оралып, жабысып, өзінің жабысқақ сорғыш органда-
ры арқылы көк өсімдіктің сөлін сорады, ал ол өсімдік өлген соң басқа 
өсімдікке жабысады. Сөйтіп жылжып кете береді. Осының арқасында 
өте тез көбейіп, сары киіз сияқты үлкен аумақты қаптап кетеді. Оған 
тірі өсімдіктің бəрі жем болады.
Арамшырмауықтың
жапырақтары ұсақ қабыршаққа ұқсаған, ұрығы 
ұсақ, қара, жылтыр, өте қауіпті у ұстайды. Ол улы зат кускутин деген 
у мен сапонин атты дірілдетіп-қалтыратқыш заттан тұрады. Адам не 
мал жесе, ішек-қарны тарылып, тартылып бүрісіп өледі. Бірақ астықты 
тазалағанда жеңіл жəне толық айырылады. Сондықтан ондай арамшөп 
дəні бар қалдықтар үш метр тереңдікке көміледі немесе жанармай 
құйып өртеп жібереді.
Сұңғыла
(көкгүлдер). Біздің елде сұңғыланың үш түрі кездеседі. Олар 
кəдімгі, бұтақты жəне мутель сұңғыла. Сұңғыла көбінесе, көң төгілген 
көкөніс, картоп егістіктерінде, аздап дəнді дақылдар егістіктерінде 
кездеседі.
Ол да арамшырмауық сияқты тамыры, хлорофилі жоқ өсімдік. 
Жапырақтары жəне сабағы жасыл емес көк түсті болады. Өзінің 
жабысқақ сорғыштары арқылы мəдени өсімдіктердің жер астындағы 
органдарына жабысып, оның сөлімен тамақтанады да, оны өлтіреді. 
Өсімдік көк түсті болғандықтан, оны орыс тілінде əдемі көк гүл деп 
те атап кеткен. Егер оны жұлғанда тамырымен жұлмаса, жерастында 
сорғыш органдары қалып қояды да, бір жұлынған өсімдіктің орнына 
бірнешеуі бір-ақ шығады.
Сұңғыланың тұқымы өте ұсақ, жылтыр болады да, астықты 
тазалағанда ол тез жəне оңай айырылады. Мұндай қалдықты құсқа да 
беруге болмайды. Тек 3 метр тереңдікке көміп, не өртеп жіберу керек. 


75
Марьянник
. Марьянник те алдыңғы екеуі сияқты, өзінің сорғыш ор-
ганы арқылы мəдени өсімдіктердің тамырына жабысып, оның сөлін со-
рады. Оның тұқымында ренантин дейтін улы зат бар. Ол ұнға қосылып 
кетсе, ұнда ащы дəм пайда болады да, адам организмінде миға шауып 
бас ауруы жəне басқа да нерв жүйелерінің науқастарына себепші бола-
ды. Мұндай ұннан пісірген нанды оңай танып алуға болады. Нанның 
бетінде күлгін түсті нүктелер пайда болады. 
Погремок
(қораз айдары). Погремоктың алдағы көрсетілген пара-
зиттерден айырмасы, оның тамыры да, жабысқақ сорғыштары да бар. 
Сондықтан өсімдікке жабысып та, ал жақын жерде өсімдік жоқ болса, 
өз тамыры арқылы жерден де қоректене алады. Оның дəнінде де ренан-
тин атты улы зат бар. Бұл өсімдікке, ол өнетін аудандардан астық алып 
келуге болмайтын карантин салынған. Ол Қазақстанда кездеспейді. 
Сондықтан да басқа жақтан алып келінетін астық, əсіресе, тұқымға 
арналған астық мұқият тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет