Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Өсімдікте қоректік заттардың ерте тоқтап



Pdf көрінісі
бет40/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

6.1. Өсімдікте қоректік заттардың ерте тоқтап 
қалуынан болатын зақымдар
Егер жазда егіннің өсіп тұрған кезінде ауа жəне жер қыртысының 
құрғақшылығы басталып кетсе, өсімдікке керекті су жəне оған еріген 
қоректік заттардың келіп жетуі бəсеңдейді немесе тіпті, тоқтап та 
қалуы мүмкін. Міне, осының салдарынан дəннің толысу үдерісі ке-
нет тоқтайды. Мұндай ыстық құрғақ жел соғуы Қазақстанда өте жиі 
кездеседі. Осының салдарынан фотосинтездің жүруі де нашарлайды, 
не тоқтап қалады. Бір сөзбен айтқанда, қуаңшылық болса, тек қана 
минералдық заттардың өсімдікке немесе дəнге жете алмай қалуы 
емес, ол органикалық заттар өздерінің синтезін дереу тоқтатуы да 
мүмкін. Оның себебі өсімдік тыныс алу кезінде ауаның булануы оған 
келіп түсетін судың мөлшерінен асып кетіп, ондағы жүретін фото-
синтез үдерісіне қатысуы бəсеңдейді немесе тоқтап қалады. Мұндай 
дəн ұшыққа айналады жəне онда эндоспермнің түгелдей байланбай 
қалуы да мүмкін.
Қазақстанның солтүстік облыстарында қыстың ерте түсуіне байланыс-
ты, жердің жəне ауаның ылғалдығы жоғары болғандығына қарамастан, 
өсімдікте судың булануы тоқтайды, осыған байланысты фотосинтез де 
тоқтайды. Осы себептен ұшық немесе шөпек дəннің көбейіп кетуі мүмкін. 
Мұндай көктей семіп қалған дəн көк түсті болады. 
Осы себептен пісіп жетілмей қалған дəн егер аяз бола қалса, үсікке 
шалынады. Үсікке шалыну дəннің ылғалдығына жəне пісу сатысы-
на байланысты болады. Піскен жəне пісуге жақындаған дəн үсімейді. 
Оның себебі онда судың көлемі аз, құрғақ заттардың мөлшері көп бо-
лады. Үсіктің өзі əртүрлі болады. Дəн тек аздап қана үсікке шалдыққан, 
шала үсіген немесе түгелдей үсіп кеткен болуы мүмкін. Осыларға бай-
ланысты олардың технологиялық қасиеттерді де əртүрлі болады. Ең ал-
дымен, дəннің өнімділігі жойылады, 1000 дəннің жəне бір литр дəннің 
массасы төмендейді, суға еритін минералдық заттардың саны көбейеді, 


70
амилаза ферментінің белсенділігі ұлғаяды да, дəннің қышқылдығы 
өседі. 
Үсікке ұрынған дəннің маңызы жуғанда еріп кетеді де, оның 
шығымы азаяды, сапасы да төмен болады, созылмайды, шашылып не-
месе еріп кетеді.
Мұндай астықтан ұн аз шығады, оның кебегі уатылып, ұнға 
қосылып, сапасын төмендетеді. Ұнның түсі қоңырлау болады. Егер 
ол ұннан нан пісірсек, оның көлемі өспей, көтерілмей қалады, түсі де 
қызармайды, шала піседі, тəттілеу қышқыл шөп татитын дəмі болады. 
Жазда құрғақшылық ұрған шөпек дəн кейде тек қана қауыздан тұрады, 
ал егер эндоспермі бола қалса, оның 1000 дəні мен бір литрінің массасы 
өте төмендеп кетеді, бірақ онда, аздап болса да ақуыз болады, ал одан 
шыққан сағызы өте қатты болып келеді, созылмайды. Егер ондай ұннан 
нан пісірсе, оның сапасы жаман болмайды, бірақ ұнның түсімі азайып, 
кебегі көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет