71
қорының сапасын жояды. Көбінесе, мұндай қара күйемен ауырған би-
дай өсімдіктерінің дəнінде маңызы азайып, ол іріп кетеді.
Қатты немесе сасық қара күйе
– өте тарап кеткен дəн ауруы. Бұл
аурумен барлық дəнді дақылдар ауырады. Ауру өсімдіктің масағы
барбиып тұрады. Масақ піскен кезде оның ішіндегі дəндерінің
эндоспермі жəне ұрығы болмайды. Олардың орнына қара күйе спора-
лары толған қалташа тəрізді, іш жағындағы сайы түзеліп
кеткен шар
тəріздес ісінген қара көк масса пайда болады. Дəннің қабыршақтары
өте жұқарып əрең тұрады. Осы кезде жел соқса немесе құстар шыбын-
шіркейлер тисе болды жарылып кетіп, ішіндегі споралары шашылып
кетеді. Тəжірибе жүзінде көбінесе, егін ору,
оны бастыру кезінде олар
ұсатылып, жанындағы басқа сау астыққа жұғады, оны былғайды. Осы
жұққан дəндердің ішкі жағындағы сайларында, жоғары жағындағы
сақалшасында споралар орналасып қалады. Мұндай дəннің түсі көкшіл
тартып тұратын болғандықтан, оны «көгілдір дəн» деп атайды, ал
егер
өте көп былғанса «былғанған дəн» деп те атап жүр. Сондықтан осы егіс
даласындағы өскен бас дəн аман болғанмен, оны үсінде көптеген спо-
ралар болып, егер оны тұқымға пайдалана қалсақ, бүкіл егістік ауруға
ұшырап, түсім бар қабілетін жояды. Қорыта келгенде,
сасық қара
күйенің споры дəннің сыртында қыстап шығады. Көктемде дəн өнген
кезде қара күйенің споры тұқыммен бірдей өнеді де, жас өсімдіктің
ішіне кіреді, одан барып сабағының ішімен астықтың балауса пісу
кезеңінде жас дəннің ішіне кіреді де, ондағы барлық қоректік зат-
тарды түгел жеп,
өзі тез өсіп-өніп, көбейіп, споралары піседі. Сүйтіп
дəннің ішкі көлемін түгел толтырып, қара күйе қалташасына айналады.
Мұндай ауру өсімдік нəзік болып, өспей қалады, сау өсімдіктерден ер-
терек қурайды. Ондай ауру өсімдіктерді далада айқындау өте оңай.
Бұл аурумен тек қана улы заттарды қолдану арқылы күресуге бола-
ды. Қазіргі кезде ТМТД, гексохлорин сияқты у дəрілермен себу алдын-
да тұқымды дəрілейді, содан кейін ғана себуге болады.
Тозаң қара күйе.
Тозаң қара күйемен де барлық дəнді дақылдар ау-
ырады. Мұның да өсіп-өркендеу циклі сасық қара күйінің
өсіп-өну
цикліне ұқсас. Оның да споралары астық қорымен бірге қоймаларда
қыстап шығады. Сасық қара күйенің споры дəннің сыртында жа-
бысып тұратын болса, ал тозаң қара күйенің споры дəн ұрығының
айналасындағы қабыршақтардың астында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: