Тозаңдатып ылғалдандыру
Тозаңдатып суғару – ауылшаруашылық дақылдар орналасқан егістік танаптарда, оңтайлы мөлтек ауа райын құруға пайдаланыла- тын негізгі суғару тəсілі. Шамамен, 1,5-2,0 сағат аралығында диа- метрі 300-500 мм мөлшердегі өте майда жеке тамшыларды шашы- рату арқылы егістікті өңдеп отырады. Бір гектарға бір рет суғару кезіндегі берілетін су өнімінің шығыны – 104-140 л. Мұндай суға- ру тəсілі өсімдіктің ыстығын 6-12°С төмендете алады. Бұл тəсіл ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін күрт арттырады, су шығынын айтарлықтай қысқартуға (40-50 пайызға) жəне өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Əсіресе, топырақ қабатының ылғалдылығы жоғары болған құрғақшылық кезеңде өте тиімді. То-
заңдатып суғаруды, сонымен қатар далалық аймақтардағы аңы- зақта суғармалы жəне суғарылмайтын егістік жерлердегі өсімдік- тердің жойылып кетуінен сақтайды. Суғаруға пайдаланып жүрген жаңбырлатқыш машиналардың жəне тұрақты жүйелердің негізінде ауаның ағынының қуатын пайдалану арқылы тозаң жасай алатын қондырғылар арқылы тозаңдатып суғарудың техникалық құралдарын дайындауға болады.
Тозаңдатып суғару үшін жылжымалы, жартылай тұрақты жəне тұрақты жүйелерді пайдаланады. Жылжымалы жүйелерде ТОУ түрлі машинаны (тозаңдатқыш қондырғы «ТОУ-Шохина» пайдаланады. Бұл техникалық құралдарды табиғи су көздері жақын орналасқан үлкен емес алқаптарда пайдалану ұсынылған. Төртбұрышты танаптың жағында, машинаның жүру жолы танаптың су көзіне перпендикуляр бағытының жартысына тең болуы керек жəне машина жалғанған сыйымдылықтағы су көлемі таусылғанша белгілі бір жылдамдықпен жүріп отыруға тиісті. Тұман жасайтын ТОУ-7 қондырғысы екі негізгі бөліктен: жоғарғы жылдамдықтағы ауа ағынын туғызушы генератордан жəне су таратушы қондырғысы бар аппараттан тұрады. Суды белсенді бүрку қашықтығы желдің жылдамдығы жəне бағытына қарай 70-тен 150 метрге дейін аралық- та өзгеріп отырады. ТОУ-7 тозаңдатқыш қондырғысының ылғал- дандыру мөлшері 800 л/га, қамту алқымының радиусы 100 м жəне ұзындығы 500 метрге тең. Танаптың ішінен 100 метрден ені 2,5- 3,0 метр жол қарастырылады жəне ол желдің бағытын есепке ала отырып, қарастырылуы қажет. «ТОУ-Шохина» тозаңдатып суғару жүйесінің желісі 67-суретте көрсетілген.
Тозаңдандыратын жаңбырдың қарқындылығын (ρ) мына өрнек арқылы анықтауға болады:
Q ,
b(s l )
мұнда, Q – бүріккіштің тозаңдатқыш арқылы шығатын су өтімі, л/с; l – ылғалдандырылатын танаптың ені, м; s – агрегаттың 1 минутта өтетін жолының ұзындығы, м; b – агрегаттың алым ені, м.
Тозаңдатқыштар арқылы берілетін су мөлшері (Q):
Q = b · m · V /600,
мұнда, m – суғару мөлшері, л/га; V – бүріккіштің қозғалу жылдамды- ғы, км/сағат.
Бүріккіштегі жұмыс істеп ақаба тозаңдатушылардың қажетті са- нын (n) келесі өрнек арқылы анықтаймыз:
n = Q/ q0,
мұнда, q0 – бір тозаңдатқыш арқылы шығатын су мөлшері, л/мин.
Бүріккіштің ылғалдандырылатын танаптың ұзын бойымен қозға-
луының ұзақтығы (t):
t = l / v,
мұнда, l – ылғалдандырылатын танаптың жалпы ұзындығы; (l =
=10000 · w/m· b), м; w – бүріккіш сыйымдылығындағы су көлемі, л;
v – бүріккіштің қозғалыс жылдамдығы, км/сағат.
Бүріккіштің бір өтуінде жасалатын тозаңдалған жаңбыр қабаты (h): h = Q / b·v (мм/мин). Бүріккіштің жұмыстық жүрісінің саны (no): no= 10000 · w/l·b· n. Бүріккіштің бір сыйымдылығындағы сумен жалпы жұмыс істеу ұзақтығы (T): T = t · no. Ылғалдандырудағы ауы- сым өнімділігі (wa):
wa = wo · ta · ka / ni,
мұнда, wo – сағаттық өнімділік, га/сағат; ta – ауысым ұзақтығы, са- ғат; ka – бүріккіштің ауысым кезіндегі жұмыс уақытын пайдалану көрсеткіші; ni – бір күнде орындалатын ылғалдандырудың саны.
67-сурет. Тозаңдатып суғару жүйесінің желісі
1 – сораптау бекеті (арынды суғару желісі); 2 – суды жеткізу құбыры; 3 – бас құбыр; 4 – тарату құбыры; 5 – басқару қалқаны; 6 – басқару желісі; 7 – суғаруды басқару тетігі; 8 – суғару құбыры; 9 – тозаңдату саптамасы; 10 – ерітінділердің кіруін тежейтін түйін; 11– сыйымдылық; 12 – тозаңдату танаптары; 13 – сүзгіш)
Бір мезгілде жұмыс істейтін бүріккіштер саны (N): N = F / wa, мұнда F – ылғалдандырылатын танаптың ауданы, га.
Топырақты іштен суғару
Топырақ қабатының ішімен суғару – жер бетінен белгілі терең- дікке төмен орналастырылған ылғалдандырғыштардың жүйесінен су топырақтағы өсімдіктің тамыры орналасқан қабатына тікелей түсетін суғару тəсілі. Ол үшін топырақтың айдалған қабатының астында бір-біріне жақын орналасқан су өткізгіш құбыр – ылғалдандырғыш немесе тышқан ініне ұқсаған топырақ қабатындағы жасанды құбыр секілді желілер пайдаланылады. Тамшылатып суарғаннан бұл тəсіл бойынша суды өсімдіктің тамыры орналасқан топырақ қабатына жер бетінен емес белгілі бір тереңдікке орналасқан ылғалдандыру түтігі арқылы беретіндігі арқылы ерекшеленеді.
Суды ылғалдандыру түтігіне кіші арынмен (10 метрге дейін) арынсыз жəне ауа жоқ (вакум) кезінде беруге болады. Осыған бай- ланысты топырақ қабатымен суғару жүйесі арынды, арынсыз жəне ауасыз деп бөледі.
Топырақ қабатымен суғару кезінде топырақты 5-10 тəулік аралық мерзіммен ылғалдандырып отырады. Сонымен соңғы кезде шығын болған суды үздіксіз толтырып отыратын ауасыз жүйенің пайда бо- луына қарамастан топырақ ішімен суғару топырақ қабатына судың үлкен қорын жасау қағидасына негізделген.
Топыраққа судың қорлануы, негізінен гидростатикалық арынның (немесе ауасыздандыру) жəне топырақтың сору күшінің əсерінен жүзеге асырылады. Топырақ ішімен суғарған кезде механикалық қуа- ты шығынды болдырмау үшін егістік танаптың орналасқан жерінің топырағының ылғалдануы, оның суды бойына тарту мүмкіншілігін (саздақ жəне құмдақ топырақтар) ескере отырып анықтайды (68-су- рет).
Суғару суы құбырдың айналасындағы топыраққа таралады, оның осінен алыстаған сайын ылғалдану дəрежесі топырақтан төмендей бастайды. Сонымен қатар гравитациялық күштің əсерінен суғару суының біраз бөлігі есепке алынған топырақ қабатынан төмен ағып кетеді де, суғармалау суының пайдасыз шығын болуына алып келеді. Бұл құбылыс көбінесе жеңіл топырақтарда кездеседі.
Топырақтың ішкі қабатымен суғару дақылдарды жабық топырақта өсіру үшін тиімді. Табиғи жағдайда оны суғару үшін
су тапшы аудандарда топырақ беттерін су шайып кеткен жерлерде жəне төкпе суларды суғаруға пайдаланғанда қолданылады. Топырақ қабатының ішімен суғару жер беті бір қалыпты, еңештігі 0,01- ден аспайтын жағдайда өте пайдалы. Сонымен қатар топырақтың механикалық құрамы орташа мен ауыр болғаны жəне тұзданбаған жөн.
68-сурет. Ылғалдандырғыштардан ылғалдың таралу сұлбасы
а – кеуекті ылғандандырғыштан су беру; б – түйіскен жерлердегі тесіктер арқылы суды арынмен беру; в – топырақты іштен ылғалдандырғыш
1 – түтік-ылғалдандырғыш; 2 – түтіктің қабырғасындағы тесік; 3 – полиэтилендік; 4 – судың топыраққа шығуы; 5 – топырақ беті; 6 – топырақты іштен ылғалдандырғыш; 7 – топырақтың ылғалдану нұсқасы
69-сурет. Топырақты іштен суғару жүйесінің сұлбасы
1 – су көзі; 2 – сорғы бекеті; 3 – тазалау қондырғысы; 4 – таратқыш құбырлар;
5 – суғару құбыры; 6 – құдық-тіректер; 7 – суды бұру жəне аэрациялық құбырлар;
8 – ылғалдандырғыш құбырлар
Топырақ қабатының ішімен суғару жүйесі (69-сурет): су көзінен, бас сағалы құрылымнан, тыңайтқыштарды дайындайтын тораптан, өлшеу жəне автоматтандыру жабдығынан, суғару желісінен, жолдар- дан жəне тағы басқа қондырғылардан тұрады.
Тазарту құрылымдарының орны үлкен, олар суды механикалық қоспалардан толық тазартуға тиісті. Суғарудың сапасына қойылатын талаптар өте қатаң: судың лайлығы 0,04 г/л аспау керек, қатты бөл- шектердің ірілігі 1 мм аз болуға тиісті, ал судың тұздылығы 1 г/л төмен болуы қажет.
Суғару желісі орынды танаптық су таратқыштардан төменгі арынды суғармалау, ылғалдандыру жəне ақаба суды тастайтын құ- бырлардан тұрады. Олар əрқайсысына сай гидротехникалық құры- лымдармен жабдықталады.
Топырақ қабатының ішімен суғаруға су көзі ретінде жер бетіндегі жəне жер асты суларын, сонымен қатар төкпе суды да пайдалануға болады.
Топырақ қабатының ішімен суғару тəсіліне мынадай талап-тілек- тер қойылады: ылғалдандырғыштың ұзын бойының көлбеу еңештігі 0,01 үлкен болмауы керек; топырақ тұзданбаған, ылғалдың көтерілу жылдамдығы жеңіл, орташа жəне ауыр болып, оның қарқыны 0,5 мм/ минут кіші болғаны жөн; ылғалдандырғыштың орналасу тереңдігі – 0,4 пен 0,6 метр аралығында жəне оның ең жоғарғы ұзындығы 250 метрден болғаны тиімді.
Жаппай себілетін дақылдарда ылғалдандырғыштың арақашықты- ғы топырақтың ірілік құрамы бойынша жеңіліне – 1 метр, орташа- сына – 1,5 метр жəне ауырына – 2 метр болу қажет. Топырақтың жыртылған қабатынан төменгі жағы жоғарғы дəрежеде су сіңіретін құмдақ жəне жеңіл саздақ топырақтарда ылғалдандырғыштар бо- лады, олардың арақашықтығын 2 метрге дейін ұзартып, арнайы полиэтелендік жабдықтардың үстіне орналастырады.
Бақшалар мен жүзімдіктер үшін ылғалдандырғыштардың арақа- шықтығын, олардың орналасу қатарының арақашықтығына тең етіп қабылдайды.
Ылғалдандырғыштың саңылаулары есептелген арынға сай, оның бірлік ұзындығындағы қажетті су өнімінің шығынын қамтамасыз ету керек. Ылғалдандыру құбырындағы диаметрі 1-2 мм дөңгелек тесіктерді 50-100 метрден жəне жырық тесіктерді, оның ұзындығы 40 мм дөңгелек етіп, əрбір 200-400 метр қашықтықтан қояды.
Топырақ қабатының ішімен суғару тəсілінің техникалық құрам- дық бөлшектеріне: бірлік суғару мөлшері, суғару мөлшерін беру ұзақтығы, есептелген меншікті су өнімінің шығыны жатады.
Бірлік суғару мөлшері (e) – бұл құбыр – ылғандандырғыштың айналасындағы топырақты ылғалдандырудың есептік пішінін жасау үшін қажетті судың мөлшері:
e = 0.628 · H · b · (βнв – βо),
мұнда, H – ылғалдандыру қабаты, м; b – ылғалдандыру пішінінің ені, м.
Суғару тəртібіне суғарудың дəстүрлі тəсілдеріндегі көрсеткіштер- ді анықтау секілді суғару мен суғармалау мөлшері, суғару арасының ұзақтығы жəне суғарудың мерзімі кіреді.
Суғару мөлшері мына өрнек арқылы анықталады:
m = 0.628 · H · b · (βнв – βо) · l/n
мұнда, l – ылғалдандырғыштың ұзындығы; n – бір гектар жердегі ылғалдандырғыштың саны.
Ылғалдандырғыштың ұзындығын мына өрнек арқылы анықтауға болады:
l = qy / Vt · χ,
мұнда, q y – ылғалдандырғыштың басындағы үлестік өтім, м3/с; Vt – судың топыраққа сіңу жылдамдығы, м/с; χ – ылғалдандырғыштың ылғалдану көлбеуінің ұзындығы, м.
Ылғалдандырғыштың арақашықтығы:
B 2 0.43 qo / Kô 1.3(0.2 0.3)Wíâ Kn / qy ,
мұнда, qo – ылғалдандырғыштың бір саңылауынан өтетін су мөл- шері, м3/с; Kф – топырақтың сүзілу көрсеткіші, м/с; Wнв – топырақтың шекті ылғал сыйымдылығы, %; Kn – топырақтың өткізгіштік əлеуетінің көрсеткіші; γ – топырақтың тығыздығы, г/см3; qy – ылғалдандырғыштың бір метрінің үлестік өтімі, м3/га.
Ылғалдандырғыштың меншікті өтімі: qy = V t · b · l, мұнда, b жəне
l – қанығу аймағының ені жəне ұзындығы, м.
Ылғалдандырғышқа су беру ұзақтығы: tn = m · F/ qy · N, мұнда, m
– суғару мөлшері, м3/га; F – суғарылатын тілімнің ауданы, га; qy – ылғандырғыштың басындағы өтім, м3/с; N – ылғалдандырғыштың саны.
Су ағысының есептік жылдамдығы: Vp Vn / 3 , мұнда, Vn=
Qn· w – жолдық жəне тоқтамсыз өтімдерге сай жылдамдық, м/с; w – ылғалдандырғыштың көлденең қимасының ауданы, м2.
Ылғалдандырғыштың жолдық Qn = qo· x · No жəне тоқтамсыз
өтімі Qm= qy · Qn, мұнда, x – ылғалдандырғыштың басынан бергі қа- шықығы, м; No – ылғалдандырғыштың бір метр ұзындығындағы саң- лаулардың саны.
Топырақ қабатының ішімен суғарудың артықшылығы: суғармалы ауданның жоғары жерді пайдалану көрсеткіші (ЖПК), топырақтың құрамының сақталуы, топырақ бетінде қабыршақтың болмайтын- дығы, егістікті қалыңдату, топырақ қабатының ылғалдылығын екі жақтан реттеу, суғару мен тыңайтқыш беруді бірге жүргізу, топырақ қабатын жылы сумен немесе жылу электр бекетінің төкпе суымен жылыту, суғаруды толық автоматтандыру.
Топырақ қабатының ішімен суғарудың: топырақ түріне байла- нысты шектелуі, суғару суының сапасына қойылатын қатаң талап, жоғары бағасы, мөлтек ауа райын қалыптастыру мүмкіншілігінің төмендігі, өсімдіктің сабағын жəне жапырағын ылғалдандыру мүм- кіншілігінің болмауы, жоғары сапалы құбырды қажет етуі сияқты кемшіліктері бар.
Мұндай кемшіліктеріне қарамастан болашақта, қоғамдық өндіріс күшінің өсуіне байланысты тамшылатып жəне топырақ қабатының ішімен суғару, жеке шаруашылық қожалықтарында кеңінен пайда- ланылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |