71-сурет. Тамшылатып суғару жүйесіне пайдаланылатын ПВХ құбырларының түрлері
72-сурет. ПВХ арынды құбырының құрылымы
ПВХ арынды құбырынан тамшылатып суғару жүйесінің желісін құрастырудың тізбелік сұлбасы 73-суретте көрсетілген.
Тарату түйіні (ТТ) – танаптарға суды беруді жауып жəне ашып отыратын орындау механизмі (71-сурет). Тарату түйіні электромаг- ниттік қақпақша, шар тəрізді қақпақша, вентиль-қақпақ немесе ысырма. Олар барлық уақытта бас жəне тарату құбырларының ара- сына орналастырылады.
Тамшылатқыш суғару түтіктері өсімдіктер қатарының бойына
орналастырылады. Оларды біртегіс көлбеу немесе көлбеу еңештігі үлкен емес жерлерге орналастырған ыңғайлы жəне тарату құбырла- рынан 100 м қашықтықтың арасындағы көлбеу еңештігі 3 м-ден аспағаны, яғни жердің көлбеу еңештігі (<3%. Жалпы, бір-бірінен 0,4 м аралықта екі қатар орналасқан өсімдіктердің арасына тамшы- латып суғару түтіктері орналастырылады.
73-сурет. ПВХ арынды құбырын құрастыру желісі
Алдыңғы штуцер немесе штуцер – кесілген дроссель (құбырдан өтетін суды реттегіш қалпақ) – кез келген жаңбырлатып суғаруға арналған түтікшені тарату құбырына немесе қоректену құбырына жалғайтын бөлшек. Олар тығыздағышпен бірге болады. Олардың орнына мөлтек шүмектерді пайдалануға болады (74-сурет).
Торлы сүзгіштер тек қана тазарту үшін қиыршық сүзгіштен кейін ғана орналастырылады (75 а-сурет). Олар тұлғадан жəне өте майда тордан құралған сүзгіш бөліктен судың құрамында майда органикалық бөлшектер болған жағдайда тұрады. Суды тазарту деңгейі сүзгіш тордың өлшемдеріне байланысты, ал суды өткізу ша- масы оның ауданына байланысты. Сүзгіштер толып қалған жағдайда оны кері ағынмен тазартады.
Қиыршық сүзгіштер органикалық жəне органикалық емес бөл- шектерден тазалауға арналған (75 б-сурет).
Сүзгіш ретінде пайданылатын құмдар, өздерінің үлкен меншікті сүзгіш беттері арқылы қалқып жүрген бөлшектерді ұстап қала алады
74-сурет. Тамшылатып суғару жүйесінің бөлшектері
Достарыңызбен бөлісу: |