Тамшылатқыштардың түрлері
Тамшылатып суғару жүйесінің негізгі бір құрамдық бөлігі жəне тікелей суғаруды іске асыратын, яғни су көзінен алынып тасы- малдау құбырлары арқылы егістік танаптарға жеткізілген су ағы- нын, топырақ қабатындағы ылғалға айналдыратын құрал – ол там- шылатқыш саптамалар.
Суғармалы егістік жүйесіне арналған тамшылатып суғару жүйе- лерін жобалағанда, ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін жəне табиғи жағдайын ескере отырып, əртүрлі там- шылатқыш саптамаларды пайдаланады.
T-Systems Іnternatіonal, Іnc. американдық компанияның интеграл- данған эмиттерлік Т-Таре тамшылатқыш таспасы көкөністік жəне көпжылдық дақылдарды суғаруға арналған (12-кесте).
12-кесте
Интегралдық эмиттерлі тамшылатып суғару таспасының ерекшелігі
Белгісі
|
Қабыр- ғаның қалың- дығы, мм
|
Диа- метрі, мм
|
Эмиттер- дің
арақа-
шықтығы, см
|
Жұмыс істеу қысымы
|
Су ағыны, л/ч 1.0 bar болғанда
|
Айлақ- тың саны, м
|
min
|
max
|
3D Tube 20
|
0.20
|
16
|
20
|
0.4
|
1.2
|
2
|
1000
|
3D Tube 30
|
0.20
|
16
|
30
|
0.4
|
1.6
|
2
|
1000
|
Су беру құбыры арқылы көптеген сүзгіш тесіктер (кіре берісінде) арқылы реттеу арнасы түседі (81-сурет) жəне оларды тарату құбы- рына жалғау желісі 82-суретте көрсетілген.
81-сурет. Т-Таре тамшылатып суғару таспасының құрылымы
сурет. Тамшылатып суғару таспасын тарату құбырына жалғау желісі
сурет. Golden Spray (Голден Спрау) тамшылатқыш-жаңбырлатқыш жұмсақ түтігінің жұмыс істеу көрінісі
сурет. Golden Spray (Голден Спрау) тамшылатқыш-жаңбырлатқыш жұмсақ түтігінің жалпы көрінісі
Əрбір таспа арнайы қатарлы су өткізгішпен жабдықталған, олар қатарларды бұзатын жəне өсімдіктердің жапырақтарының бүлінуіне əсерін тигізетін ағымдарсыз, судың тамшылап ағуын қамтамасыз етеді. Оның негізгі мақсаты – су өткізгіштер арқылы суды тікелей өсімдіктің тамыры жүйесіне беру, мұның басқа суғару əдістеріне қа- рағанда артықшылығы бар. Соның арқасында, топырақтың жыртыл- ған қабаты капиллярлық ылғал сыйымдылық деңгейінде тұрақты ылғалданған жағдайда болуын қамтамасыз етеді, яғни оның өзі өсім- дік қатар аралығының құрғақ болып тұрғандықтан, арамшөптердің саны жəне өсуі азаяды. Топырақ қабатының бос бетінен буланудың болмайтындығынан, топырақ қабыршықтары пайда болмайды жəне оның құрамы бұзылмайды.
Golden Spray (Голден Спрау) тамшылатқыш-жаңбырлатқыш жұм- сақ түтігі – суғару танаптарына мөлшерленген суды беруге арналған суды жаңбырлатқыш, ал оның диаметрі 60 мм, суғару ені 6,0 м, жұмыс істеу қысымы 0,5 атмосфера, түтікшенің қалыңдығы 2,0 мм, ұзындығы 200 м жəне суғару қарқыны 1,2 л/мин/м (83 жəне 84-суреттер).
Golden Spray (Голден Спрау) тамшылатқыш-жаңбырлатқыш жұмсақ түтігінің мінездемесі 13-кестеде берілген.
13-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |