Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73



бет26/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)


77-сурет. Вентури инжекторларын орнату желісі

масы 0.05 % болатын болса, онда 1 л (1000 грамм) судың құрамында 0.05% ертінді болу үшін 1000х0.05 % = 0.5 грамм тыңайтқышпен араластырылуға тиісті.

Ол үшін дозаторлардағы ерітіндінің пайыздық дəрежесін анықтаудан бастау керек. Мысалы, оның шамасы 1,5 % болса, онда 1 литр (1000 грамм) дозатор 1,5 % дайын аналық ерітіндіні бере алады, ал ол 15 грамм (15 грамм = 1000 грамм х 1,5 %) құрайды. Сонымен, фертигация арналған белгіленген тыңайтқыш ерітіндісін алу үшін, 15 грамм аналық ерітіндіде 0,5 грамм тыңайтқыш бо- луы керек. Сонда, аналық ертіндінің құрамын анықтауға болады: 0,5гр/15грх100=3.33%, яғни 300 грамм тыңайтқышқа 8700 грамм суды (8700 = 300 х 96,67% / 3,33%) қосу қажет.

Егер инжекторға кірістегі қысым 2,1 атмосфера жəне шығысын- дағы қысым 1,7 атмосфера болғанда, оның өткізу қабілеті 1080 л/са- ғатты құрайды, онда аналық ертіндіні беру көлемі 34 л/сағатқа тең болады. Ал 34 л 1080 л ерітіндіні алу үшін, яғни есептесек 1080000 гр х 0,07 %/100 % = 756 грамм – бір сағаттың ішінде фертигацияны жүргізу үшін осыншама ерітінді қажет. Онда аналық ерітіндінің құрамы мынаған тең болады 2,22% (756 гр / 34 000 гр х 100 =2,22 %). Қысымды реттеу қондырғысы – тамшылатып суғару жүйесін- дегі қысымды бір деңгейде ұстап тұруға жəне төмендетуге қызмет ететін қондырғы, оның мақсаты тамшылатып суғару желісінде артық қысымдардың жəне гидравликалық соққылардың пайда болуына жол бермеу, себебі олар тамшылатып суғару жүйесінің қондырғыларын



жəне бөлшектерін істен шығаруы мүмкін (78-сурет).



78-сурет. Қысым реттейтін қондырғы
Тамшылатып суғару кезінде су топырақ бетінен біршама биіктікке ілінген тамшылатқыштардың көмегімен өте майда мөлшерде (там- шы немесе əлсіз ағын түрінде) берілуі мүмкін. Мұндай тамшылатып суғару жүйелерінде тамшылатқыштар суғаруды жүзеге асыратын құбыр желісіне немесе бұрмаларға бекітіледі жəне үзіліссіз немесе үзіліспен қызмет атқарады.

Сондықтан егістік жерде ауылшаруашылық дақылдарының себу аралығында жер бетінде жататын былқылдақ түтікшелермен ташыла- тып суғару жүйелеріне қарағанда, құбыр желісіне немесе бұрмаларға ілінетін тамшылатқыштардан құрастырылатын суғару жүйесінің бірқатар ерекшеліктері бар. Құбыр желісіне немесе бұрмаларға бекі- летін тамшылатқыштардың негізінде құрастырылған тамшылатып суғару жүйесінің қағидалық үлгісі 79-суретте көрсетілген жəне оның құрамдық бөлігіне мыналар жатады: ылғалдану ошағы; ылғалдану сұлбасы, тамшылатқыштың өтімі, су беру орындарының саны жəне орналасу үлгісі, суды тамшылатқыштармен таратудың біркелкілігі, тамшылатқыштардың аудан бойынша орналасу үлгісі, ылғалдану ау- даны.

Мұндай тамшылатып суғару жүйелерінде (79-сурет) Молдавия-1, Молдавия-1А, Коломна-1 жəне Украина -1 тамшылатқыштарын пай- даланады.

Ылғалдану ошағы топырақ бетіндегі ылғалдандырылатын жердің аумағымен жəне ылғалдану сұлбасының тереңдігімен айқындалады. Олар топырақтың су-физикалық қасиеттеріне, суғару алдындағы ылғалдылығына, суғару ұзақтығына, булану қарқынына тəуелді (80-сурет). Тамшылатып суғару кезінде танаптың барлығы емес бір бөлігі ғана ылғалдандырылады.




13–1125

193



  1. сурет. Тамшылатып суғару жүйесінің қағидалық үлгісі (В.Ф. Носенко)

1 – су алу торабы; 2 – арын тудырушы торап; 3 – бас жапқыш; 4 – сүзгіш; 5 – су өлшегіш; 6 – монометр; 7 – тыңайтқыш енгізуге арналған қондырғы; 8 – байла- ныс арналары; 9 – тарату құбыр; 10 – ысырма; 11 – қашықтықтан басқарылатын жапқыш; 12 – суғару құбыры; 13 – тамшылатқыштар, 14 – суғару қажеттігін көрсететін көрсеткіш




80-сурет. Тамшылатып суғару кезінде топырақтың ылғалдануының сипаттық сұлбалары

а – механикалық құрамы жағынан ауыр топырақтарда; б – механикалық құрамы жағынан жеңіл топырақтарда;

1 – топырақ беті; 2 – тамшылатқыш; 3 – қажетті мөлшерден артық ылғалданған топырақ ошағы; 4 – қалыпты ылғалданған топырақ ошағы; 5 – жеткіліксіз ылғалданған топырақ ошағы; 6 – ылғалдану ошақтарының сұлбасы; Н – ылғалдану қабатының тереңдігі; В – ылғалдану қабатының диаметрі.
Тамшылатып суғару кезінде өсімдік тамырларына мөлшермен, əрі бірқалыпты беріледі, тамыр жүйесінің тыныс алуына кедергі келтірілмейді, оның артық ылғалдануына немесе керісінше, құрғап кетуіне жол берілмейді. Судың мөлшері жəне оны беру кезеңділі- гі оңай реттеледі. Бұдан бөлек тамшылатып суғару жүйек аралы-

ғындағы кеңістікті құрғақ қалдырады жəне сонымен қатар суғару кезінде өсімдіктерді аралап көруге ыңғайлы болады. Сонымен қатар, жер бетімен суғаруда 30-40 % жететін судың тасталуға кететін ысырабы жоққа тəн. Судың өсімдік тамыры орналасқан топырақ қабатынан төмен сүзілуге жəне булануға кететін ысырабы да шек- теледі. Жер бетіндегі ағынның болмауы жер бетімен, сондай-ақ жаң- бырлатып суғару кезінде топырақтың құнарлығына айтарлықтай зиян келтіретін ирригациялық эрозияны болдырмайды.

Тамшылатып суғарудың негізгі артықшылығы: су əдəуір үнемде- леді, нақты қажет топырақ ылғалдандырылады, жүйек аралығының құрғақ болуы механикаландырылған жұмыстарды кедіргісіз атқару- ға мүмкіндік береді, тегістеу қажеттілігі жойылады жəне тік беткей- лерді суғаруға болады, тыңайтқыштарды жəне улы химикаттарды сумен қосып беруге мүмкіндік береді, пайдалану мен жөндеу қара- пайым, жаңбырлатумен салыстырғанда энергия аз жұмсалады, кəріз орналастырудың қажеті жоқ.

Тамшылатып суғарудың негізгі кемшілігі: тамшылатқыш сапта- малардың саңылауларының тұз шөгіндісімен жəне түрлі қоспалармен бітелуі, сонымен қатар жүйенің ауданы үлкен болған жағдайда судың біркелкі таратылмауы, пластмассадан жасалған құбыр желілерінің кеміргіштермен зақымдануы.

Жиі тармақталған құбыр желісін орнату, тамшылатқыш, тамшы- латқыш-жаңбырлатқыштардың ұзындығының жəне санының көпті- гі, суды мұқият тазартатын құрылымның болуы тамшылатып суғару жүйесіне біршама мол қаржы жұмсауды талап етеді. Сондықтан тамшылатып суғаруды су қорлары тапшылығы сезілетін аймақтарда, тік беткейлі жерлерде, мол пайда түсіретін көпжылдық егістерге қолданған экономикалық жағынан тиімді.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет