Тамшылатып суғару жүйесі
Тамшылатып суғару дегеніміз – топырақ қабатына немесе бетімен орналасқан арнайы тамшылатқыш-қондырғылармен, тыңайтқыш- тармен араластырып суды өте кішкентай мөлшерде жəне қатаң түрде өсімдіктің тамырына бағытталып, белгілі ұсынған мөлшерде беруге болатын тəсілді айтады. Тамшылатқыштағы су өнімінің шығыны 0,2-10 л/сағат жəне арыны 8-28 м шамасында болуы керек.
Тамшылатып суғару кезінде, əсіресе өте құрғақ аймақтарда жəне су көздерінде қажетті мөлшерде су қорының болмаған жағ- дайында булануға шығын болатын суды үнемдеу арқылы суғармалау мөлшерін азайтуға болады, сонымен қатар жер бетіне күрделі тегіс- теуді қажет етпейді жəне топырақ қабатында жоғары дəрежеде ауа алмасуын сақтайды.
Тамшылатып суғару жүйесінің құрылымдық нұсқасы ондағы негізгі құрылымдық бөлшек болып табылатын шамшылатқыштар-
дың жұмыс атқару үдерісіне тікелей баланысты, яғни бірінші түрінде көлбеу тамшылатқыш түтіктер бойларында ирек майда түтікшелер орналасқан, екінші түрінде – арынды ағынмен жұмыс атқаратын тамшылатқыш-жаңбырлатқыш түтіктер жəне үшінші түрі – өте май- да мөлшерде тамшы немесе əлсіз ағын беретін арнайы саптамалар.
Тамшылатқыш жəне тамшылатқыш-жаңбырлатқыш түтікшенің негізінде құрастырылған тамшылатып суғару жүйесіне суғару көзі, тыңайтқыш дайындау жəне тарату түйіні, сүзгіш бекет, бас құбыр, қысымды реттеу қондырғысы, тарату құбырлары, жалғау бөлшектері жəне бекіту бөлшектері кіреді (70-сурет).
70-сурет. Тамшылатып суғару жүйесінің негізгі құрамдық желісі
Тамшылатып суғару жүйесі қосымша, оның жұмысын басқаруға арналған автоматтандырылған бақылау жəне басқару жүйесімен су шығынын өлшеуге арналған қондырғы.
Тарату құбырлары – тарату түйіндері арқылы танаптарда орна- ласқан жаңбырлатып суғаруға арналған түтікшелерге немесе қо- ректену құбырларына су тарататын құбыр. Тарату құбырларына қабырғасының қалыңдығы 3,7-4,5 мм ПВД пайдаланады, ал басқа құбырлардың түрлерін пайдаланғанда, арнайы оларды жалғауға қа- жетті бөлшектермен қамтамасыз ету керек.
Тарату құбырлары негізінен бөлімшелік құбырлардың орта шені- не жалғастырылады жəне олар барлық уақытта өсімдіктер орналас-
қан қатарға перпендикуляр орналасады. Танаптардың ұзындығы үлкен болғанда жəне суғару түтікшелерінің бойындағы топырақтың біркелкі ылғалдануын қамтамасыз ету үшін суғармалы егістік та- наптарды жер бетінің ең жоғарғы деңгейіне орналастырады жəне оларды жердің көлбеу еңештігіне байланысты жобалауға болады. Бас құбырлардың ұзындығын қысқарту жəне гидродинамикалық шығынды азайту үшін, тарату құбырларын танаптың ортасына не- месе шетіне орналастыруға болады. Мұндай тарату құбырларын ор- наластыру желісі танаптардың ауданы үлкен болған жағдайларда да пайданылады (3-, 4-танап).
Танап – бөлімшелік құбырлардың бір түйіннен қоректенетін, бір тарату құбырынан су алатын жəне бір мезгілде суғарылатын егістік жер.
Бір бас құбырларға біріктірілген, кезекпен суғарылатын танаптар көп болуы мүмкін, бірақ кезекпен суғарылатын танаптардың саны сегізден жəне бір танапты суғарудың ұзақтығы 100 минуттан аспауы керек.
Бас құбыр – сүзу бекетінен бөлімшелік немесе тарату құбырла- рына су жеткізіп беретін құбыр. Ол əртүрлі диаметрден тұратын құбырлардан құрастырылуы мүмкін, бірақ барлық уақытта кезекпен суғарылатын тек қана бір топ танаптарға ғана суды жеткізіп беруге тиісті.
Бас құбыр, сүзу бекетінен тарату түйіндеріне дейін, негізінен жолға параллель немесе ыңғайлы жерге орналастырылады жəне жер бетінен 0,15-1,5 м тереңдікте орналасқаны жөн. Қажет болған жағ- дайда сүзу бекеттерінің алдында тыңайтқышпен қоректендіру бекеті жəне су көзіне қосылған сораптау қондырғысы орналастырылады. Бас құбыр, сүзу бекеті, қоректендіру түйіні жəне сораптау бекеті су- ғару желісінің бойына орналастырылуға тиісті (70-сурет).
Бас жəне тарату құбырлары тамшылатып суғару жүйесінің қуа- тына байланысты таңдалып алынады жəне олардың диаметрлері əртүрлі жəне əртүрлі заттардан орындалған болуы керек. Негізінен тамшылатып суғару жүйесінің бас, бөлімдік жəне тарату құбырлары үшін ПВХ заттарынан жасалған құбырлар пайдаланылады жəне оларды бір-бірімен байланыстыру үшін əртүрлі компрессорлық муфта (бөлшектерді қосатын қысқа түтік) жəне су ағынын бұрып жіберетін бөлшектермен жабдықталған (71-, 72-сурет жəне 11-кесте).
11-кесте
Тамшылатып суғару жүйесіне пайданылатын ПВХ құбырларының мінездемесі
Құбырдың түрі
|
Құбырдың белгісі
|
Құбырдың диаметрі, мм
|
Қабырғасының ұзындығы, мм
|
1 м құбырдың бағасы, тн
|
Бас құбыр
|
ПВХ РN6
|
315
|
7.7
|
170
|
Бөлімшелік құбыр
|
ПВХ РN6
|
200
|
4.9
|
252
|
Тарату құбыры
|
ПВХ РN6
|
160
|
4.0
|
252
|
Достарыңызбен бөлісу: |