Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет212/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

136-сурет. Аскохитоз

Жапырақта ауру белгісі алғаш қоңыр түсті, кейін бозарған ірі дақ түрінде білінеді де шытынап, үгітіледі. Жапырақ шетіне қа- рай орналасқан дақтар бір-бірімен қосылып, ұлғайып, үстінде түсі қара, майда пикнидалар пайда болады. Ауру жапырақтар төменгі- лерінен бастап қурайды.


Сабақта алғаш суланған ақшыл-сұр түсті пикнидалары бар дақтар байқалады, кейде олар кеуіп, жарылады. Ауруға шалдық- қан ұлпалар жұмсарып, талшықтанып, ыдырап, бетіне сүт тəрізді немесе ашық қоңыр түсті шырыш (экссудат) бөлінеді. Қоздырғыш өсімдік сабағының кез келген бөлігін залалдап, соның салдарынан ол қурап жойылады.
Ауру жеміс «ыстыққа піскен» кейіп алып, бірақ қатты күйін сақтап, пикнидалармен жабылып, түсі қарайып, қурайды. Кейде же- міс үстінде диаметрі 3-5 мм ойық жара пайда болады.
Антракноз. Ауру қоздырғышы – Colletotrichum lagenarium El- lis et. Halsted саңырауқұлағы (137-сурет). Бұл қоздырғыш барлық көкөніс жəне күнбағыс дақылдарын залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшелері өте жіңішке, көп клеткалы, өсімдіктің субэпидермалды ұлпаларына тарайды. Қылтаңды кейде қылтаңсыз төсеніш (ложе) үстінде қоздырғыштың конидиялы спора тасушылары түзіледі.
Конидия тасушылар түссіз, бір клеткалы, тығыз қабатпен орнала- сады. Конидиялары түссіз, бір клеткалы, массада түсі қызғылт, піші- ні цилиндр тəрізді, тік немесе сəл иілген, көлемі 11-20 х 3,5-6,5 мкм. Тіршілікке қолайсыз жағдайда саңырауқұлақ склероций түзеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет